О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Хорватия о международных автомобильных перевозках пассажиров и грузов Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Хорватия Республикасының Yкiметi арасындағы Жолаушылар мен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы
Загребте 2006 жылғы 11 шiлдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Хорватия Республикасының Yкiметi арасындағы Жолаушылар мен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiм ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Хорватия Республикасының Yкiметi арасындағы Жолаушылар мен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдары туралы КЕЛIСIМ
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Хорватия Республикасының Үкiметi,
екi ел арасындағы сауда және экономикалық қатынастарды дамытуға үлес қосуға ниет бiлдiре отырып,
нарықтық экономика шеңберiнде автомобиль көлiгi саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға толық шешiмдiлiкте бола отырып,
қоршаған ортаны және адамдарды қорғау, энергияны тиiмдi пайдалану, жол қауiпсiздiгi және жүргiзушiлердiң еңбек жағдайын жақсарту мәселелерiне алаңдаушылық бiлдiре отырып,
көлiктегi интермодальдықты дамытуға бағыт алып,
автомобиль көлiгiн дамытудың қандай өзара пайда әкелетiнiн ұғына отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Қолдану саласы
1-бап. Қолдану саласы
Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар аумақтары арасындағы, олардың мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы транзитпен, сондай-ақ үшiншi елдерге/елдерден Тараптардың бiрiнiң аумағында құрылған тасымалдаушылар жүзеге асыратын жүктер мен жолаушылардың халықаралық автомобиль тасымалдарына қатысты қолданылады.
Осы Келiсiм Тараптардың басқа да халықаралық шарттық мiндеттемелерiнен туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
Бап 2. 2-бап. Айқындамалар
2-бап. Айқындамалар
Осы Келiсiмде пайдаланылатын терминдердiң мынадай мәндерi бар:
Тармақ 1
1. "Тасымалдаушы" - Тараптардың бiрiнiң аумағында құрылған және жолаушылардың немесе жүктердiң тасымалдарын жүзеге асыруға құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға.
Тармақ 2
2. "Көлiк құралы" - автомобиль, тiркемесi бар автомобиль, автомобиль тартқышы немесе жартылай тiркемесi бар автомобиль тартқышы, олардың iшiнен, ең болмағанда автомобиль немесе автомобиль-тартқыш Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнде тiркелген және, ол жолаушылардың немесе жүктердiң тасымалы үшiн ғана пайдаланылады және соған арналады.
Тармақ 3
3. "Тасымал" - егер тiптi көлiк құралы, тiркеме немесе жартылай тiркеме жолдың бiр бөлiгiнде поездбен немесе кемемен тасымалданса да, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралының жол жүруi.
Тармақ 4
4. "Каботаж" - Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң тасымалдаушысы екiншi Тарап аумағы шегiндегi екi пункт арасында жүзеге асыратын жолаушылардың немесе жүктердiң тасымалы.
Тармақ 5
5. "Тарап мемлекетiнiң аумағы" - тиiсiнше Қазақстан Республикасының аумағы және Хорватия Республикасының аумағы.
Тармақ 6
6. "Құрған ел" - шегiнде тасымалдаушы және көлiк құралы тiркелген Тарап аумағы.
Тармақ 7
7. "Болу елi" - тасымалдаушы сол аумақта құрылмай тасымалды жүзеге асыратын және оның көлiк құралы да осы аумақта тiркелмеген Тарап аумағы.
Тармақ 3
3. "Автобус" - Тараптардың бiрi аумағында тiркелген, өзiнiң конструкциясы мен жабдықталуы бойынша жолаушыларды тасымалдау үшiн жарамды және оған арналған, жүргiзушiнiң орнынан басқа тағы сегiз отырғызу орны бар көлiк құралы.
Тармақ 9
9. "Тұрақты жолаушылар тасымалы" - белгiлi бiр бағдар бойынша, алдын ала белгiленген және жарияланған қозғалыс кестесi мен тасымал үшiн тарифтерге сәйкес жолаушылар тасымалданатын тасымалдар. Осындай тасымалдар процесiнде жолаушылар алдын ала белгiленген аялдамаларда отыруды және шығуды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. "Қайықты тасымалы" - жолаушылардың алдын ала құрылған топтарын тура және керi бағыттарда жөнелтудiң белгiленген орнынан барудың белгiленген орнына қайталанатын рейстер арқылы тасымалданатын тасымалдар. Тура бағытта жол жүрудi орындайтын жолаушылардан тұратын әрбiр топ жөнелту орнына келесi керi рейспен тасымалданады. Жол жүру басталатын орын және жол жүру аяқталатын орын деп әрбiр жағдайда, 50 км радиусындағы жақын жерлермен бiрге тиiсiнше жөнелту орны және бару орны түсiнiледi.
Қайықты тасымалдар сериясындағы алғашқы керi қайту рейсi және тура бағыттағы соңғы рейс бос түрде орындалады.
Тармақ 11
11. "Тұрақты емес тасымалы" - тұрақты жолаушылар тасымалы анықтамасына да, қайықты тасымал анықтамасына да жатпайтын тасымалдар. Тасымалдардың жиiлiгi немесе саны олардың тұрақты емес тасымалдар ретiндегi жiктелуiне әсер етпейдi.
Тармақ 12
12. "Бақылау құжаты" - Осы Келiсiмнiң 14-бабында аталған Бiрлескен Комиссиямен келiсiлген үлгiге сәйкес келетiн автобустарға арналған жол парағы.
Тармақ 13
13. "Рұқсат" - Тараптардың құзыреттi органдары беретiн, екiншi Тарап аумағында тiркелген көлiк құралдарына рұқсатты берген Тарап аумағына немесе аумағы арқылы жол жүрудi жүзеге асыруға құқық/мүмкiндiк беретiн құжат.
Тармақ 14
14. "Транзит" - бiр Тарап аумағында тiркелген көлiк құралымен екiншi Тарап аумағы арқылы жолаушыларды және/немесе жүктердi тасымалдау.
Тармақ 15
15. "Қауiптi жүк" - оларға тән қасиеттерге және ерекшелiктерге байланысты тасымалдау, тиеу, түсiру және сақтау кезiнде техникалық құралдардың, жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауыруына және қоршаған ортаға зиян келтiруге себеп болуы мүмкiн жүк.
Тармақ ii. II. Жолаушылар тасымалы
II. Жолаушылар тасымалы
Бап 3. 3-бап. Тұрақты тасымалдар
3-бап. Тұрақты тасымалдар
Тармақ 1
1. Тараптар аумақтары арасындағы немесе олардың аумақтары арқылы транзитпен тұрақты жолаушылар тасымалы Тараптардың құзыреттi органдары беретiн рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Рұқсатқа өтiнiм тасымалдаушы құрылған мемлекеттегi құзыреттi органға берiлуге тиiс, ол екiншi Тарап құзыреттi органына жiберiледi. Егер құзыреттi орган өтiнiмдi мақұлдаса, рұқсат тасымалдаушы құрылған мемлекеттiң құзыреттi органына жiберiледi.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiмнiң 14-бабына сәйкес құрылған Бiрлескен Комиссия өтiнiм қандай нысанда берiлуге тиiстiгiн және бұл ретте қандай қосымша құжаттар талап етiлетiнiн шешедi.
Тармақ 4
4. Рұқсаттарды Тараптардың құзыреттi органдары өзара келiсiм бойынша бередi.
Тармақ 5
5. Рұқсатты беру немесе беруден бас тарту шешiмi үш ай iшiнде қабылданады.
Тармақ 6
6. Рұқсатты қолданудың ең көп мерзiмi - бес жыл. Олар көлiк құралдары қанағаттандыруы тиiс экологиялық стандарттар мен қауiпсiздiк нормаларын қоса алғанда, тасымалдау шарттарын белгiлейдi.
Тармақ 7
7. Тасымалдау шарттарын өзгерту және тасымалдарды тоқтату мәселелерi осы Келiсiмнiң 2 және 3-параграфында көзделген рәсiмге сәйкес шешiледi.
Тармақ 8
8. Егер тасымалдауға қажеттiлiк болмаса, тасымалдаушы, оған дейiн үш ай бұрын рұқсат берген құзыреттi органдарға және клиенттерге хабарлама жiбере отырып, оны тоқтата алады.
Бап 4. 4-бап. Тұрақты емес және қайықты тасымалдар
4-бап. Тұрақты емес және қайықты тасымалдар
Тармақ 1
1. Тараптар аумақтары арасындағы және олардың аумақтары арқылы транзитпен тұрақты емес және қайықты жолаушылар тасымалдары Тараптардың құзыреттi органдары беретiн рұқсаттар жүйесiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Осы Келiсiмнiң 14-бабына сәйкес құрылған Бiрлескен Комиссия тасымалдарды жүзеге асыратын осы бапта келiсiлген көлiк құралдары жауап беруi тиiс техникалық, экологиялық стандарттарға және қауiпсiздiк стандарттарына қойылатын талаптарды келiседi.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-параграфына ерекшелiк ретiнде төменде санамаланған тасымалдар болу елiнiң аумағында рұқсаттарды талап етпейдi:
Тармақша 1
1) "жабық есiкпен" жол жүру, яғни жөнелту пунктiнен басталатын және аяқталатын жол жүрудiң барлық уақытында бiр автокөлiктi пайдаланумен, сол жолаушылармен тасымал;
Тармақша 2
2) жолаушыларды екiншi Тарап аумағына жөнелту мемлекетiнiң аумағына бос қайтып келе жатқан автокөлiк құралымен тасымалдау;
Тармақша 3
3) жолаушыларды екiншi Тарап аумағына нақ осы тасымалдаушының алдын ала әкелуi шартымен, оларды құрылған Тарап аумағына тасымалдау үшiн жолаушыларды жинау мақсатында екiншi Тарап аумағына жолаушыларсыз жол жүру.
Тармақ 3
3. Тиiстi рұқсат берiлетiн жағдайларды қоспағанда, рұқсатты талап етпейтiн рейске қосымша жолаушыларды отырғызуға тыйым салынады.
Осы Келiсiмнiң 14-бабына сәйкес құрылған Бiрлескен Комиссия тұрақты емес жолаушылар тасымалдарының басқа да санаттарына рұқсат беру жүйесiнен босатуға бастамашылық жасауы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Рұқсатқа өтiнiм болу елiнiң құзыреттi органдарына берiлуге тиiс.
Осы Келiсiмнiң 14-бабына сәйкес құрылған Бiрлескен Комиссия өтiнiм қандай нысанда берiлуге тиiстiгiн және бұл ретте қандай қосымша құжаттар талап етiлетiнiн шешедi.
Тармақ 5
5. Рұқсатты талап етпейтiн және автобустармен жүзеге асырылатын тұрақты емес тасымалдар бақылау құжатымен қамтамасыз етiлу тиiс. Осы Келiсiмнiң 14-бабына сәйкес құрылған Бiрлескен Комиссия бақылау құжатын пайдалану шарттарын және оның мазмұнын белгiлейдi.
Бап 5. 5-бап. Жолаушылар тасымалдары үшiн жалпы ережелер
5-бап. Жолаушылар тасымалдары үшiн жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Рұқсаттарды басқа тасымалдаушыларға беруге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Жолаушыларды каботаждық тасымалдауды жүзеге асыруға тыйым салынады.
Тармақ iii. III. Жүк тасымалдары
III. Жүк тасымалдары
Бап 6. 6-бап. Рұқсат беру жүйесi
6-бап. Рұқсат беру жүйесi
Тармақ 1
1. Тараптардың бiрiнiң аумағында құрылған тасымалдаушылар рұқсат беру жүйесi бойынша:
Тармақша 1
1) екi Тарап аумақтары арасында тасымалдарды;
Тармақша 2
2) транзиттiк тасымалдарды;
Тармақша 3
3) егер бағдар көлiк құралы тiркелген елдiң аумағы арқылы өтсе, екiншi Тарап аумағындағы пункт пен үшiншi елдiң аумағындағы пункт арасындағы тасымалдарды жүзеге асыра алады.
Тармақ 2
2. Егер бағдар тiркеу елiнiң аумағы арқылы өтпесе, екiншi Тарап аумағындағы пункт пен үшiншi елдiң аумағындағы пункт арасындағы тасымалдар арнайы рұқсатпен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Жүктердiң каботаждық тасымалдарына болу елiнде берiлген арнайы рұқсатпен ғана рұқсат етiледi.
Тармақ 4
4. Осы Келiсiмнiң 14-бабына сәйкес құрылған Бiрлескен Комиссия рұқсаттардың басқа да түрлерiн белгiлейдi. Қажет болған кезде ол тасымалдарды рұқсатсыз жүзеге асыру туралы ұсыныс беруi мүмкiн.
Бап 7. 7-бап. Рұқсатты талап етпейтiн тасымалдар
7-бап. Рұқсатты талап етпейтiн тасымалдар
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмнiң 6-бабында аталған рұқсаттар мыналар үшiн талап етiлмейдi:
Тармақша 1
1) тiркемелердi қоса алғанда, жүкпен жалпы рұқсат етiлген салмағы (ЖЖРС) 6 тоннадан аспайтын немесе тiркемелердi қоса алғанда жол берiлетiн пайдалы жүктемесi 3,5 тоннадан аспайтын көлiк құралымен тасымалдар;
Тармақша 2
2) егер әуе тасымалдау шарттары өзгерген жағдайда, әуежайлардан/әуежайларға жеткiзiлетiн жүктердi тұрақты емес тасымалдау;
Тармақша 3
3) зақымдалған және iстен шыққан көлiк құралдарын тасымалдау және жөндеу автокөлiк құралдарының қозғалысы;
Тармақша 4
4) басқа елде зақымдалған немесе iстен шыққан басқа жүк автокөлiк құралын ауыстыру үшiн бос жүк автокөлiк құралының қозғалысы және бос жөнделген автокөлiк құралының қайта оралуы;
Тармақша 5
5) шұғыл жағдайларда, атап айтқанда, табиғи апаттарда көмек көрсету үшiн арналған дәрi-дәрмектердi, медициналық жабдық пен жарақты тасымалдау, сондай-ақ гуманитарлық көмек;
Тармақша 6
6) жәрмеңкелер мен көрмелерге арналған заттарды және өнер туындыларын тасымалдау;
Тармақша 7
7) театр, музыкалық, кинематографиялық, спорт және цирк қойылымдары мен көрмелер, сондай-ақ радиохабарларды, кино және теледидар түсiрiмдерiн жазу үшiн коммерциялық емес мақсатта керек-жарақтарды, жабдық пен жануарларды тасымалдау;
Тармақша 8
8) қайтыс болғандардың денесi мен мәйiтiн тасымалдау;
Тармақша 9
9) почта тасымалдары.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiмнiң 14-бабына сәйкес құрылған Бiрлескен Комиссия қажет болғанда рұқсатты талап етпейтiн тасымалдар тiзiмiн кеңейтуге бастамашылық жасау мүмкiн.
Бап 8. 8-бап. Жүк тасымалдары үшiн жалпы ережелер
8-бап. Жүк тасымалдары үшiн жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Екi Тараптың құзыреттi органдары жыл сайын рұқсат бланкiлерiнiң келiсiлген санымен алмасады.
Жүктердi тасымалдауға арналған рұқсаттар келесi күнтiзбелiк жылдың 31 қаңтарына дейiн күшiнде болады.
Тармақ 2
2. Рұқсаттарды басқа тасымалдаушыларға беруге тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Рұқсат бiр ғана көлiк құралына пайдаланылуы мүмкiн.
Автомобиль көлiк құралдарын құрастыру үшiн рұқсат беру және рұқсат талап етiлмейтiн жағдайларды айқындау үшiн айқындауыш фактор болып табылады.
Тармақ 4
4. Осы Келiсiмнiң 14-бабына сәйкес құрылған Бiрлескен Комиссия рұқсаттардың квотасын, санатын және оларды пайдаланудың одан арғы шарттарын белгiлейдi.
Тармақ iv. IV. Жалпы ережелер
IV. Жалпы ережелер
Бап 9. 9-бап. Салықтар мен баждар
9-бап. Салықтар мен баждар
Тармақ 1
1. Жүктердiң, жолаушылар мен багаждың халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын және Тарап аумағында тiркелген және екiншi Тарап аумағында уақытша болатын көлiк құралдары осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес көлiк құралына иелiк етуге, оны тiркеу мен басқаруға қатысты барлық салықтардан босатылады.
Тармақ 2
2. Көлiк құралының жұмыс iстеуiне арналған көлiк құралына өндiрушi орнатқан кәдiмгi бактағы жанар май (жүк көлiк құралдары үшiн 200 литрден аспайтын және автобустар үшiн 600 литрден аспайтын), сондай-ақ жағар май материалдары мен қосалқы бөлшектер болу елiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес барлық кедендiк баждардан босатылады.
Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер елден шығарылуға тиiс, ал ауыстырылған бөлшектер шығарылуға немесе тиiстi Тараптың кеден өкiлдерiнiң қатысуымен жойылуға тиiс.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiмнiң шарттары бойынша жүзеге асырылатын тасымалдар үшiн болу елiнде автожол желiсiн немесе көпiрлердi пайдаланғаны үшiн алынатын жол алымдары, төлемдер мен басқа да баждар алынады. Баждар мен басқа да алымдар кемсiтусiз негiзде екi Тарап елдерiнiң тасымалдаушыларынан алынады.
Бап 10. 10-бап. Салмақтық өлшемдер мен көлемдер
10-бап. Салмақтық өлшемдер мен көлемдер
Тармақ 1
1. Автокөлiк құралдарының жол берiлетiн ең ауыр салмағы, оське жүктемесi және көлемдерi тiркеу құжаттарында көрсетiлген өлшемдерден, сондай-ақ болу елiнде қолданылатын жол берiлетiн ең көп шектерден аспауға тиiс.
Тармақ 2
2. Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүгi бар көлiк құралдарын болу елiнде пайдалану алдын ала өтiнiм берiлген арнайы рұқсатпен ғана рұқсат етiледi.
Бап 11. 11-бап. Жабдық және басқа да сипаттамалар
11-бап. Жабдық және басқа да сипаттамалар
Тармақ 1
1. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдары, енгiзiлген түзетулердi ескерумен, 1957 жылғы 30 қыркүйектегi Қауiптi жүктердiң халықаралық жол тасымалы туралы еуропалық келiсiмнiң (ҚЖТТШ) талаптарына сәйкес жарақталуға және жабдықталуға тиiс.
Тармақ 2
2. Көлiк құралдары экипаждарының жұмыс режимi мен демалысын бақылау үшiн пайдаланылатын жабдық, енгiзiлген түзетулердi ескерумен, 1970 жылғы 1 шiлдедегi Халықаралық автомобиль тасымалдарын орындайтын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты еуропалық келiсiмнiң (ЕСТР) ережелерiне сәйкес болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде қауiпсiздiктiң және атмосфераға тастандылардың стандарттарына жауап беретiн автокөлiк құралдарын пайдалануға ықпал етуге мiндеттенедi.
Бап 12. 12-бап. Бақылау
12-бап. Бақылау
Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес рұқсаттар, бақылау және өзге де құжаттар, сондай-ақ көлiк жүк қағазы, жол парақтары, сақтандыру сертификаттары, оқығаны туралы сертификаттар және Тарап мемлекеттердiң халықаралық келiсiмдерге сәйкес талап ететiн барлық өзге де құжаттар көлiк құралында болуға тиiс және уәкiлеттi тұлғалардың талабы бойынша көрсетiлуге тиiс.
Бап 13. 13-бап. Тасымалдаушылардың мiндеттемелерi мен бұзушылықтары
13-бап. Тасымалдаушылардың мiндеттемелерi мен бұзушылықтары
Тармақ 1
1. Тараптар мемлекеттерiнiң тасымалдаушылары және олардың көлiк құралдарының экипаждары екiншi Тарап аумағында бола отырып, осы елде қолданылатын ұлттық заңнаманы сақтауға тиiс.
Тармақ 2
2. Тараптар мемлекеттерiнiң тасымалдаушылары осы Келiсiмнiң ережелерiн бұзған жағдайда аумағында бұзушылық болған Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органдары өз елiнiң процессуалдық iс-әрекетiне залалсыз, бұл туралы екiншi Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасында көзделген шараларды қабылдайтын осы мемлекеттiң құзыреттi органдарын хабардар етедi. Ерекше күрделi жағдайларда болу елiнiң құзыреттi органдары тасымалдаушы құрылған елдiң құзыреттi органдарының шешiмiн күте отырып, бұзушылық жасаған тасымалдаушыға өз елiнiң аумағына кiруге уақытша тыйым салуы мүмкiн. Екi Тарап құзыреттi органдары бiр-бiрiн қабылданған шешiмдер туралы хабардар етедi.
Бап 14. 14-бап. Бiрлескен Комиссия
14-бап. Бiрлескен Комиссия
Тараптар мемлекеттерi осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау және туындайтын даулы мәселелердi шешу үшiн Тараптар мемлекеттерi құзыреттi органдарының өкiлдерiнен тұратын Бiрлескен Комиссияны құрады.
Бап 15. 15-бап
15-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң осы Келiсiмдi қолдану жөнiндегi құзыреттi органдары:
Қазақстан Республикасында: Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi;
Хорватия Республикасында: Теңiз, туризм, көлiк және даму министрлiгi.
Осы бапта көрсетiлген құзыреттi органдар өзгерген жағдайда құзыреттi органдардың атаулары екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша хабарланады.
Тармақ v. V. Қорытынды ережелер Келiсiмнiң күшiне енуi және қолданылу мерзiмi, сондай-ақ оған өзгерiстер енгiзу
V. Қорытынды ережелер Келiсiмнiң күшiне енуi және қолданылу мерзiмi, сондай-ақ оған өзгерiстер енгiзу
Бап 16. 16-бап
16-бап
Осы Келiсiмге тараптар екiжақты келiсiм бойынша дипломатиялық арналар бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бап 17. 17-бап
17-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм Тараптардың осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi барлық мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар бойынша алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады. Әрбiр Тарап жазбаша хабарлама арқылы осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтатуға құқылы. Бұндай жағдайда осы Келiсiм осындай хабарлама алған күнiнен бастап үш ай өткеннен кейiн қолданысын тоқтатады.
Осыны растау үшiн тиiсiнше өкiлеттiк берiлген төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.
2006 жылғы 11 шілдеде Загреб қаласында әрқайсысы қазақ, хорват, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Хорватия Республикасының
Үкіметі үшін
Осымен 2006 жылғы 11 шiлдеде Загреб қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Хорватия Республикасының Үкiметi арасындағы Жолаушылар мен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмнiң бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлiгінің
Халықаралық құқық департаментінің
Басқарма Бастығы