Об утверждении Межправительственного Соглашения по сети Азиатских автомобильных дорог Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азия автомобиль жолдары желiсi жөнiндегi үкiметаралық келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ l
1. 2003 жылғы 18 қарашада Бангкок қаласында жасалған Азия автомобиль жолдары желiсi жөнiндегi үкiметаралық келiсiм бекiтiлсiн.
Тармақ 2. АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖЕЛIСI ЖӨНIНДЕГI ҮКIМЕТАРАЛЫҚ КЕЛIСIМ
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖЕЛIСI ЖӨНIНДЕГI ҮКIМЕТАРАЛЫҚ КЕЛIСIМ УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР Азиядағы және Азия мен көршiлес өңiрлер арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдарын ынталандыру және дамыту қажеттiлiгiн TYCIHE ОТЫРЫП, Азия автомобиль жолдары желiсiн қалыптастыру және пайдалануға енгізу iсiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясына мүше елдердiң арасындағы ынтымақтастықты НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясының мүшелерi арасындағы байланысты нығайту және халықаралық сауда мен туризмдi дамыту үшiн тиiмдi халықаралық интермодальды тасымалдарды тәжiрибеге енгiзудi ескере отырып, Азия автомобиль жолдарының желiсiн халықаралық тасымалдар мен қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкес дамыту қажет екендiгiн ҰЙҒАРА ОТЫРЫП, Азиядағы және Азия мен көршiлес өңiрлердiң арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдарын жоспарлау, дамыту және жетiлдiру бойынша бiрлесiп күш жұмсауды ЖАЛҒАСТЫРА ОТЫРЫП, төмендегiлер туралы УАҒДАЛАСТЫ:
Бап 1. 1-бап
1-бап Азия автомобиль жолдары желiсiн бекiту Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң мемлекетiшiлiк бағдарламаларының шеңберiнде орындауға ниеттенiп отырған, сипаттамасы осы Келiсiмге I-қосымшада халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының бағыттарын дамытудың үйлестiрiлген жоспары ретiнде келтiрiлген төмендегi "Азия автомобиль жолдары желiсi" деп аталатын, ұсынылып отырған автомобиль жолдарының желiсiн бекiтедi.
Бап 2. 2-бап
2-бап Азия автомобиль жолдары желiсiн белгiлеу І-қосымшада сипатталған Азия автомобиль жолдары желiсi өзiнiң басым бөлiгiнде бiрден артық қосалқы өңiрдi кесiп өтетiн жолдарды қоса алғанда, Азияға өтетiн халықаралық маңызы бар бағыттарды; қосалқы өңiрлер бойынша өтетiн бағыттар, соның iшiнде оларды көршiлес қосалқы өңiрлермен қосатын және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясына мүше мемлекеттер бойынша өтетiн тас жолдардың бағыттарын қамтиды.
Бап 3. 3-бап
3-бап Азия автомобиль жолдары желiсiн дамыту Азия автомобиль жолдары желiсiнiң бағыттары осы Келiсiмге II-қосымшада келтiрiлген жiктеуге және жобалау нормаларына сәйкес келтiрiледi.
Бап 4. 4-бап
4-бап Азия автомобиль жолдары желiсiнiң бағыттарын белгiлеу
Тармақ 1
1. Азия автомобиль жолдары желiсiнiң бағыттары сипаттамасы осы Келiсiмге III-қосымшада келтiрiлген жол белгiсiмен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiмге III-қосымшада сипатталған белгiге сәйкес келетiн жол белгiлерi 6-баптың ережелерiне сәйкес тиiстi мемлекетке қатысты осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап, Азия автомобиль жолдары желiсiнiң барлық бағыттарында бес (5) жыл iшiнде орнатылады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Осы Келiсiмге қол қою және оған қатысушының мәртебесiн алу рәсiмi
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясына мүше болып табылатын мемлекеттер қол қою үшiн Шанхайда, Қытайда 2004 жылғы 26 сәуiрден бастап 28 сәуiрдi қоса алғанға дейiн, сонан соң Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерiнде Нью-Йоркте 2004 жылғы 1 мамырдан бастап 2005 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейiн ашық.
Тармақ 2
2. Бұл мемлекеттер:
Тармақша а
а) соңғы қол қою;
Тармақша б
б) олардан кейiн бекiту, қабылдау немесе бекiту жүргiзiлетiн бекiту, қабылдау немесе бекiту шартымен қол қою; немесе
Тармақша с
с) қосылу арқылы осы Келiсiмге Қатысушы бола алады.
Тармақ 3
3. Бекiту, қабылдау, бекiту немесе қосылу тиiстi нысанда жасалған құжатты Бiріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
Бап 6. 6-бап
6-бап Осы Келiсiмнiң күшiне енуi
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм кем дегенде сегiз (8) мемлекеттiң үкiметi 5-баптың 2-тармағына сәйкес Келiсiммен байланысты болуға келiскен күннен бастап тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Келiсiмнiң күшiне ену шарттары қанағаттандырыла бастаған күннен кейiн соңғы қол қойған немесе бекiту, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған мемлекеттiң әрқайсысына қатысты Келiсiм, ол соңғы қол қойған немесе ол осы құжатты сақтауға тапсырған күннен бастап тоқсан (90) күн өткеннен кейiн осы мемлекет үшiн күшiне енедi.
Бап 7. 7-бап
7-бап Азия автомобиль жолдары жөнiндегi жұмыс тобы
Тармақ 1
1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясы Келiсiмдi жүзеге асыру барысын қарау үшiн және кез-келген ұсынылған түзетулердi қарау үшiн Азия автомобиль жолдары жөнiндегi Жұмыс тобын құрады. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтiк комиссиясына барлық мүше - мемлекеттер Жұмыс тобының мүшелерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Жұмыс тобы өзiнiң кеңестерiн екi жылда бiр рет өткiзедi. Сондай-ақ кез-келген Тарап хатшылыққа хабарлама жолдау арқылы Жұмыс тобының арнайы кемiнде үштен бiрi хатшылық хабарлаған күннен бастап төрт (4) айлық кезең iшiнде өтiнiшпен өздерiнiң келiсетiндiгi туралы хабарласа, Жұмыс тобының арнайы кеңесiн шақырады.
Бап 8. 8-бап
8-бап Осы Келiсiмнiң негiзгi мәтiнiне түзетулер енгiзу рәсiмi
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмнiң негiзгi мәтiнiне осы бапта көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiмге түзетулердi кез-келген Тарап енгiзе алады.
Тармақ 3
3. Хатшылық кез-келген ұсынылып отырған түзетудiң мәтiнiн Азия автомобиль жолдары жөнiндегi Жұмыс тобының барлық мүшелерiнiң арасында Жұмыс тобының оны қабылдау ұсынылып отырған кеңесiне дейiн кемiнде қырық бес (45) күн бұрын таратады.
Тармақ 4
4. Азия автомобиль жолдары жөнiндегi Жұмыс тобы түзетудi қатысқан және дауыс беруге қатысқан Тараптардың үштен екi көпшiлiгiмен бекiтедi. Хатшылық бекiтiлген түзетудi қабылдау үшiн оны барлық Тараптар арасында тарататын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жолдайды.
Тармақ 5
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес қабылданған түзету оны Тараптардың үштен екiсi қабылдағаннан кейiн он екi (12) айдан соң күшiне енедi. Түзету күшiне енердiң алдында бұл түзетудi қабылдамайтындығы туралы хабарлағандарды қоспағанда, барлық Тараптарға қатысты күшiне енедi. Осы бапқа сәйкес қабылданған түзетудi қабылдамайтындығы туралы хабарлаған кез-келген Тарап бұдан кейiн кез-келген уақытта мұндай түзетудi қабылдайтыны туралы құжатты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсыра алады. Түзету бұл мемлекетке қатысты көрсетiлген құжатты сақтауға берген күннен кейiн он екi (12) айдан соң күшiне енедi.
Бап 9. 9-бап
9-бап Осы Келiсiмге I-қосымшаға түзетулер енгiзу рәсiмi
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмге І-қосымшаға түзетулер осы бапта көзделген рәсiмге сәйкес енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Халықаралық шекаралық өткелдердi өзгертпейтiн iшкi трассаға қатысты түзетулердi қоспағанда, кез-келген Тарап түзетулердi тiкелей мүдделi көршiлес мемлекеттермен кеңескеннен және консенсус қамтамасыз етiлгеннен кейiн ұсына алады.
Тармақ 3
3. Кез-келген ұсынылған түзетудiң мәтiнiн хатшылық Жұмыс тобының барлық мүшелерiнiң арасында оны қабылдау ұсынылған Жұмыс тобының кеңесiнен кем дегенде қырық бес (45) күн бұрын таратады.
Тармақ 4
4. Түзетулердi Азия автомобиль жолдары жөнiндегi Жұмыс тобы қатысқан және дауыс беруге қатысқан Тараптардың көпшiлiгiмен бекiтедi. Бекiтiлген түзетудi хатшылық барлық Тараптардың арасында оны тарататын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жолдайды.
Тармақ 5
5. Осы баптың 4-тармағының ережелерiне сәйкес бекiтiлген түзетулер, егер хабарланған күннен кейiн алты (6) ай iшiнде мүдделi Тараптардың бiр де бiреуi бұл түзетуге қарсылығы туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарламаса, қабылданған болып саналады.
Тармақ 6
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес қабылданған түзету осы баптың 5-тармағында көрсетiлген алты (6) ай өткеннен кейiнгi күннен бастап үш (3) айдан соң барлық Тараптар үшiн күшiне енедi.
Тармақ 7
7. Тiкелей мүдделi Тараптар болып мыналар есептеледi:
Тармақша а
а) Азия автомобиль жолдарына жаңа бағыт енгiзiлген немесе көп бөлiгiнде бiр қосалқы өңiрден артық аумақ арқылы өтетiн қолданыстағы бағыт өзгерген жағдайда, осы бағыт аумағы арқылы өтетiн Тарап; және
Тармақша б
б) қосалқы өңiрлер iшiндегi Азия автомобиль жолдарына жаңа бағыт енгiзiлген немесе қолданыстағы, соның iшiнде көршiлес қосалқы өңiрлердi қосатын бағыттар және мүше-мемлекеттер арқылы өтетiн бағыттар өзгерген жағдайда, аумағы арқылы осы бағыт немесе көп бөлiгiнде бiр қосалқы өңiрден артық аумақты қиып өтетiн Азия автомобиль жолдарының бағыты өтетiн, онымен осы жаңа немесе өзгеруге жататын бағыт қосылатын, тапсырыс берген мемлекетпен шекаралас кез келген Тарап. Осы тармақтың мақсаты үшiн оның аумағында теңiз қатынасының соңғы пункттерi орналасқан, көп бөлiгiнде бiрден артық қосалқы өңiрдi қиып өтетiн Азия автомобиль жолдары бағытында немесе жоғарыда көрсетiлген бағыттарда орналасқан екi Тарап шектесетiн болып есептеледi.
Тармақ 8
8. Осы баптың 5-тармағы бойынша келiспеушiлiктердi қарау үшiн хатшылық Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына түзету мәтiнiмен бiрге түзетуге тiкелей мүдделi Тараптардың тiзбесiн де бередi.
Бап 10. 10-бап
10-бап Осы Келiсiмге II және III-қосымшаларға түзетулер енгiзу рәсiмi
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмге II және III-қосымшаларға түзетулер осы бапта көзделген рәсiмдерге сәйкес енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Түзетулердi кез-келген Тарап ұсынуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Ұсынылатын кез-келген түзетудiң мәтiнiн хатшылық Жұмыс тобының барлық мүшелерiнiң арасында, оны қабылдау ұсынылған Жұмыс тобының мәслихатынан кем дегенде қырық бес (45) күн бұрын таратады.
Тармақ 4
4. Азия автомобиль жолдары жөнiндегi Жұмыс тобы түзетулердi қатысқан және дауыс беруге қатысқан Тараптардың көпшiлiгiмен бекiтедi. Хатшылық қабылданған түзетудi барлық Тараптардың арасында тарататын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жолдайды.
Тармақ 5
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес қабылданған түзету, егер хабарлама жiберiлген күннен кейiн алты (6) ай iшiнде Тараптардың үштен бiрiнен кемi өзiнiң түзетуге қарсылығы туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарласа, қабылданған болып саналады.
Тармақ 6
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес қабылданған түзету осы баптың 5-тармағында көрсетiлген алты (6) ай өткеннен кейiнгi күннен бастап үш (3) айдан соң барлық Тараптар үшiн күшiне енедi.
Бап 11. 11-бап
11-бап Ескертпелер 14-баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келiсiмнiң кез-келген ережелерiне қатысты ескертпелерге жол берiлмейдi.
Бап 12. 12-бап
12-бап Келiсiмнен шығу Кез-келген Тарап Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша хабарлама жолдау арқылы осы Келiсiмнен шыға алады. Шығу Бас хатшы бұл хабарламаны алған күннен бастап бiр (1) жыл өткеннен кейiн күшiне енедi.
Бап 13. 13-бап
13-бап Осы Келiсiмнiң күшiн тоқтату Егер Тараптардың саны қандай да бiр үздiксiз он екi айлық кезең iшiнде сегiзге (8) жетпесе, осы Келiсiм күшiн жояды.
Бап 14. 14-бап
14-бап Дауларды реттеу
Тармақ 1
1. Екi немесе одан көп Тараптардың арасындағы осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты, дауласқан Тараптар келiссөз немесе консультациялар арқылы шеше алмаған кез-келген дау, арасында дау пайда болған Тараптардың кез-келгенiнiң өтiнiшi бойынша бiтiстiруге жатады және дауласқан Тараптар таңдаған тиiсiнше бiр немесе бiрнеше делдалдарға берiледi. Егер бiтiстiру туралы өтiнiш берiлген күннен бастап үш (3) ай iшiнде дауласқан Тараптар делдал немесе делдалдар таңдауға қатысты келiсiмге келмесе, бұл Тараптардың кез-келгенi дауды шешу соған берiлетiн бiр делдал тағайындау туралы өтiнiшпен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына шағынуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес тағайындалған делдал немесе делдалдардың ұсынымының мiндеттi күшi болмайды, алайда тиiсті дауласқан Уағдаласушы Тараптар қайта қарау үшiн негiз болады.
Тармақ 3
3. Арасында дау пайда болған Тараптар өзара келiсiм бойынша делдал немесе делдалдардың ұсынымын мiндеттi күшi бар ретiнде қабылдауға алдын-ала келiсуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтары дауласқан Тараптар өзара келiскен дауды реттеудiң басқа шараларын жоққа шығаратын ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.
Тармақ 5
5. Кез-келген мемлекет соңғы қол қою немесе бекiтiлген грамоталарды, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру кезiнде осы баптың бiтiсуге қатысты ережелерiмен өзiн байланысты деп санамайтындығы туралы ресми қосымша түсiнiк беруi мүмкiн. Басқа Тараптар осындай қосымша түсiнiктi сақтауға берген кез-келген Тарапқа қатысты осы баптың бiтiсу жөнiндегi ережелерiмен байланысты болуларын тоқтатады.
Бап 15. 15-бап
15-бап Осы Келiсiмдi қолданудағы шектеулер
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмнiң ешқандай ережесi Тараптардың қайсысына болмасын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен үйлесiмдi және ол өзiнiң iшкi немесе сыртқы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi деп санайтын қалыптасқан жағдаймен шектелетiн шаралар қабылдауға кедергi келтiретiн ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.
Тармақ 2
2. Тарап оның бюджеттiк немесе қаржыландырудың басқа нысандары болған жағдайда және өзiнiң заңдары мен нормативтiк кесiмдерiне сәйкес осы Келiсiмге сай Азия автомобиль жолдары желiсiнiң дамуы үшiн барлық мүмкiн күштерiн салады.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiмнiң ешқандай ережесi Тараптардың қайсысының болмасын тауарлар мен жолаушыларды оның аумағы арқылы өткiзуге рұқсат беруге мiндеттеме қабылдауы ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.
Бап 16. 16-бап
16-бап Тараптарға хабарлама Осы Келiсiмнiң 7, 8, 9, 10-баптарында көзделген хабарлама және 14-бабында қалыптастырылған ескертпеден өзге Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы 5-бапта көрсетiлген Тараптарға және басқа мемлекеттерге мыналар туралы хабарлайды:
Тармақша а
а) 5-бапқа сәйкес соңғы қол қою, бекiту, қабылдау, бекiту және қосылу туралы;
Тармақша b
b) 6-бапқа сәйкес осы Келiсiмнiң күшiне ену күнi туралы;
Тармақша с
с) 8-баптың 5-тармағына, 9-баптың 6-тармағына және 10-баптың 6-тармағына сәйкес осы Келiсiмге түзетулердiң күшiне ену күнi туралы;
Тармақша d
d) 12-бапқа сәйкес шығу туралы;
Тармақша е
е) 13-бапқа сәйкес осы Келiсiмнiң қолданылуының тоқтатылуы туралы.
Бап 17. 17-бап
17-бап Келiсiмге қосымшалар I, ІІ және III-қосымшалар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Бап 18. 18-бап
18-бап Келiсiмнiң хатшылығы Осы Келісiм хатшылығының рөлiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхит экономикалық және әлеуметтiк комиссиясы атқарады.
Бап 19. 19-бап
19-бап Осы Келiсiмдi Бас хатшыға сақтауға тапсыру Осы Келiсімнiң түпнұсқасы осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген барлық мемлекеттерге тиiстi түрде куәландырылған көшiрмелерiн жолдайтын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Оған тиістi түрде уәкiлеттендiрiлген, төменде қол қойғандар осыны куәландыру үшiн осы Келiсiмге қол қойды. 2004 жылғы 26 сәуiрден бастап ағылшын, қытай және орыс тiлдерiнде бiр данадан қол қою үшiн Шанхайда, Қытай, ашылды және де үш мәтiннiң барлығы да бірдей болып табылады және олардың бiрдей күшi бар. АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖЕЛIСI
Тармақ 1
1. Азия автомобиль жолдарының желiсi Шығыс және Солтүстiк Шығыс Азия, Оңтүстiк және Оңтүстiк Батыс Азия, Оңтүстiк Шығыс Азия және Солтүстiк пен Орталық Азия сияқты осындай қосалқы өңiрлердiң бiрiнен артығын басым бөлiгiнде қиып өтетiн бағыттарды; қосалқы өңiрлер iшiндегi бағыттарды, соның iшiнде оларды көршi қосалқы өңiрлермен жалғастыратын бағыттар және мүше мемлекеттер iшiнен өтетiн бағыттарды қоса алғандағы және а) астаналарға; b) бас өнеркәсiптiк және ауылшаруашылық орталықтарына; с) негiзгi әуе, теңiз және өзен кемепорттарына; d) негiзгi контейнерлi терминалдарға және депоға; және е) негiзгi туристiк ресурстарға кiрудi қамтамасыз ететiн Азиядағы халықаралық маңызы бар бағыттарды қамтиды.
Тармақ 2
2. Бағыт нөмiрлерi "Asian Highway" деген мағынаны бiлдiретiн, (Азия автомобиль жолдары) "АН" әрiптерiнен басталады, олардан кейiн бiр, екi немесе үш сандар қойылады.
Тармақ 3
3. 1-ден 9-ға дейiнгi бiр таңбалы нөмiрлермен басым бөлiгiнде бiрден артық қосалқы өңiрдi қиып өтетiн Азия автомобиль жолдарының бағыттары белгiленедi.
Тармақ 4
4. Eкi таңбалы және үш таңбалы нөмiрлер қосалқы өңiрлердiң iшiндегi бағыттарды белгiлеу үшiн, соның iшiнде оларды көршi қосалқы өңiрлермен қосатын бағыттарға және мүше-мемлекеттер iшiндегi тас жол бағыттарын төменде көрсетiлгендей етiп белгiлеу үшiн бөлiнiп берiледi:
Тармақша а
а) 10-29 және 100-299 нөмiрлермен Бруней-Даруссаламды, Вьетнамды, Камбоджаны, Индонезияны, Лаос Халық Демократиялық Республикасын, Малайзияны, Мьянманы, Сингапурды, Таиланд пен Филиппинды қоса алғанда, Оңтүстiк Батыс Азия қосалқы өңiрiндегi бағыттар белгiленедi;
Тармақша b
b) 30-39 және 300-399 нөмiрлермен Қытайды, Корей Халық Демократиялық Республикасын, Монғолияны, Корей Республикасын, Ресей Федерациясын (Қиыр Шығысты) 1 және Жапонияны қоса алғанда, Шығыс және Солтүстiк Шығыс Азия қосалқы өңiрiндегi бағыттар белгiленедi;
Тармақша с
с) 40-59 және 400-599 нөмiрлермен Бангладештi, Бутанды, Үндiстанды, Непалды, Пәкiстанды және Шри-Ланканы қоса алғанда, Оңтүстiк және Оңтүстiк Батыс Азия 2 қосалқы өңiрiндегi бағыттар белгiленедi.
Тармақша d. АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ТIЗБЕСI Азия автомобиль жолдарының бiрден артық қосалқы өңiрдi қиып өтетiн бағыттары
d) 60-89 және 600-899 нөмiрлермен Ауғанстанды, Арменияны, Әзербайжанды, Грузияны, Иран Ислам Республикасын, Қазақстанды, Қырғызстанды, Ресей Федерациясын 1 , Тәжiкстанды, Түркменстанды, Туркияны және Өзбекстанды қоса алғанда, Солтүстiк, Орталық және Оңтүстiк Батыс Азиядағы бағыттар белгіленеді. АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ТIЗБЕСI Азия автомобиль жолдарының бiрден артық қосалқы өңiрдi қиып өтетiн бағыттары АТЖ ба­ғы­ты­ның нө­мі­рі Ба­ғыт­тар АН1 То­кио - Фу­ку­ока - па­ром - Пу­сан - Кьен­гд­жу - Тэ­гу - Тэд­жон - Се­ул - Му­сан - Гэс­он - Пхе­ньян - Си­нуй­джу - Да­донг -  Ше­ньян - Пе­кин - Шиц­зячжу­ан - Чжен­чжоу - Си­ньян-Ухань - Чань­ша - Сян­тань -  Гу­ан­чжоу - (-Шень­чжень) - На­нь­нин - Юи­гу­ань - Хун­ги - Дон­г­данг - Ха­ной - Винь - Дон­г­ха - Хюэ - Да­нанг - Хой­ан - Нятранг - Бьен­хоа - (Вунг­тау) - Хо­ши­мин - Мок­бай - Ба­вет - Пиом­пень - Пой­пет - Ара­нья­пра­тет - Ка­бин­бу­ри - Хин­конг - Банг­па­ин (-Банг­кок) - Нак­хон­са­ван - Так - Мэс­от - Мья­ва­ди - Па­яд­жи (- Ян­гон) - Мейк­ти­ла - Ман­да­лай - Та­му - Mopex - Им­п­хал - Ко­хи­ма - Ди­ма­пур - На­га­он - Джо­ра­бад (-Гу­ва­ха­ти) - Шил­лонг - Да­у­ки - Та­ма­бил - Сил­хет - Ка­ч­пур - Дак­ка - Джессур - Бе­на­пол - Бан­га­он - Кол­ка­та - Бар­хи - Кан­пур - Аг­ра - Де­ли - Ат­та­ри - Уа­га Ла­хор - Ра­вал­пин­ди (-Ис­ла­ма­бад) - Хас­сан-Аб­дал - Пе­ша­вар - Тор­хам - Ка­бул - Кан­да­гар - Ди­ла­рам - Ге­рат - Ис­лам­ка­ла - Док­ха­рун - Ме­схе - Са­б­зе­вар - Дам­ган - Сем­нан - Те­ге­ран - Каз­вин - Та­бриз - Эй­вог­ли - Ба­зар­ган - Гур­бу­лак - До­гу­ба­язит - Ас­ка­ле - Ре­фахие - Си­вас - Ан­ка­ра - Ге­ре­де - Стам­бул - Ка­пи­ку­ле - Бол­га­рия ше­ка­ра­сы AН2 Ден­па­сар - Су­ра­байя - Су­ра­кар­та - Се­ма­ранг - Чи­кам­пек(-Бан­дунг) - Джа­карт - (-Ме­рак) - па­ром - Син­га­пур - Си­най-Ута­ра - Се­рем­бан - Ку­а­ла-Лум­пур - Бат­те­ру­эрт - Бу­кит Кайю Хи­там - Са­дао - Хатъ­яй - Банг­кок - Банг­па­ин - Нак­хон­са­ван Так - Чи­ан­грай - Ме­сай - Та­чи­лек - Кья­инг­тонг - Мейк­ти­ла - Ман­да­лай - Та­му - Мо­рех - Им­п­хал - Ко­хи­ма - Ди­ма­пур - На­га­он - Джо­ра­бад(-Гу­ва­ха­ти) - Шил­лонг - Даоки - Та­ма­бил - Сил­хет - Ка­ч­пур - Дак­ка - Ха­ти­ка­м­рул - Бан­гла­бан­д­ха - Си­ли­гу­ри - Ка­карб­хит­та - Патхлайя - На­ра­ян­г­хат - Ко­хал­пур - Ма­хенд­ра­на­гар - Брам­хадев Ман­ди - Бан­ба­са  - Рам­пур - Де­ли - Ат­та­ри - Уа­га - Ла­хор - Мул­тан - Ро­ри - Кет­та - Таф­тан - Мир­джа­вех - За­хе­дан - Кер­ман - Анар - Язд - Са­лаф­че­ган - Те­ге­ран - Са­вех - Ха­ма­дан - Хо­сре­ви AH3 Улан - Уде - Кях­та - Ал­тан­бу­лаг - Дар­хан - Улан-Ба­тор - На­лай­ха - Чойр - Сайн-шанд - За­мин-Уд- Эран­хот - Пе­кин - Тан­гу Шан­хай - Хан­чжоу - Нань­чан - Сян­тань - Гуй­ян - Ку­нь­мин - Цзин­хун (-Да­лу - Монгла - Кья­интонг)- Мо­хан - Бө­тен - На­тый - Ху­ай­сай - Чи­ан­г­хонг - Чи­ан­грай AH4 Но­во­си­бирь - Бар­на­уыл - Та­шан­та - Ұлан­бай­шинт - Хо­вд - Яран­тай Үрiм­шi - Ка­ши-Хон­ки­раф - Хун­дже­раб - Хас­сан-Аб­дал - Ра­вал­пин­ди (Ис­ла­ма­бад) - Ла­хор - Мул­тан - Ро­ри - Хай­да­ра­бад - Ка­ра­чи AH5 Шан­хай - На­ньц­зин - Си­ньян - Си­ань - Лань­чжоу -   Tул­фань - Yрiм­шi - Ку­и­тунь - Джин­ге - Xop­гoc - Ал­ма­ты - Қас­ке­лен - Қор­дай - Ге­ор­ги­ев­ка - Бiш­кек - Қа­ра­бал­та - Чал­до­вар - Мер­ке - Шым­кент - Жi­бек-Жо­лы - Чер­няв­ка - Таш­кент - Сыр­да­рия - Са­мар­қанд - На­вои - Бұ­ха­ра - Алят - Фа­рап - Түр­кi­ме­на­бат - Ма­ры - Тэд­жен - Аш­ға­бат - Сер­дар - Түр­кi­мен­ба­шы - па­ром - Ба­ку - Алат - Га­зи-Мам­мед - Ган­джа - Қа­зақ - Қы­зыл кө­пiр - Тби­ли­си - Мц­хе­та - Ха­шу­ри - Се­на­ки - По­ти (- Бол­га­ри­я­ға дей­iн­гi па­ром Ру­мы­ния, Укра­и­на) - Ба­ту­ми (-Бол­га­ри­я­ға, Ру­мы­ни­я­ға, Укра­и­на­ға дей­iн­гi па­ром) - Сар­пи - Сарп - Тра­б­зон - Сам­сун - Мер­зи­фон - Ге­ре­де - Стам­бул - Ка­пи­ку­ле - Бол­га­рия ше­ка­ра­сы АН6 Пу­сан - Кьен­гд­жу - Кан­г­нунг - Кан­сон - Ко­сон - Вон­сан (- Пхе­ньян) - Чон­чжин - Сон­бон - Кха­сан - Ха­сан - Раз­доль­ное - (- Вла­ди­во­сток - На­ход­ка) - Ус­су­рийск - По­гра­нич­ный - Суй­ф­э­нь­хэ -  Хар­бин - Ци­ци­хар - Мань­чжоу­ли - За­бай­кальск - Чи­та - Улан-Уде - Ир­кутск - Крас­но­яр - Но­во­си­бирь - Ом­бы - Есiл­көл - Қа­ра­қо­ға - Пет­ро­павл - Чи­стое - Пе­ту­хо­во - Че­лябi - Уфа - Са­ма­ра - Москва - Крас­ное - Бе­ло­рус­сия ше­ка­ра­сы АН7 Ека­те­рин­бург - Че­лябi - Тройск - Каэрак - Қо­ста­най - Аста­на - Қа­ра­ған­ды - Бу­рыл­бай­тал - Мер­ке - Чал­до­вор - Қа­ра бал­та - Ош - Ан­ди­жан - Таш­кент - Сыр­да­рия - Ха­васт - Худ­жанд - Ду­шан­бе - Ниж­ний Пандж - Шир­хан - По­лехумри - Дже­бул-Са­редж - Ка­бул - Кан­да­гар - Спин­бол­дак - Ча­ман - Кетт - Ка­лат - Ка­ра­чи АН8 Фин­лян­дия ше­ка­ра­сы - Тор­пи­нов­ка - Вы­борг - Санкт-Пе­тер­бург - Москва - Там­бов - Бо­ри­со­глебск - Вол­го­град - Аст­ра­хань - Ха­са­вюрт - Ма­хач­ка­ла - Каз­ма­ляр­ский - Са­мур - Сум­га­ит - Ба­ку - Алят - Би­ла­су­вар - Аста­ра - Ра­шт - Каз­вин - Те­ге­ран - Са­вех - Ахваз - Бан­дер - Эмам Көршi қосалқы өңiрлермен жалғастыратын бағыттарды және мүше мемлекеттер арқылы өтетiн Азия автомобиль жолдарының бағыттарын қоса алғандағы қосалқы өңiрлер ішіндегі Азия автомобиль жолдарының бағыттары Оң­тү­стік Шы­ғыс Азия АН11 Вьентьян - Бан­лао - Тх­ак­хэк - Се­но - Пак­са - Ве­ангк­хам - Тран­пэан­гре­ал - Стынг­тра­енг - Кра­тя - Пном­пень - Си­а­нук­виль АН12 На­тый - Удом­сай - Пак­монг - Лу­анг­пра­банг - Вьентьян - Тха­на­ленг - Нонгк­хай - Удонт­ха­ни - Кхон­к­эн - Нак­хо­нра­ча­си­ма - Хин­конг АН13 Удом­сай - Му­ан­ги­гын - Ху­ай­кон - Ут­та­ра­дит - Пхит­са­ну­лок - Нак­хон­са­ван АН14 Хай­фон - Ха­ной - Вьет­ри - Ла­окай - Хе­коу - Ку­нь­мин - Ру­и­ли - Мусэ - Ла­шио - Ман­да­лай АН15 Винь - Ка­о­трео - Кео­ныа - Бан­лао - Тх­ак­хэк - Нак­хон­пха­ном - Удонт­ха­ни АН16 Дон­г­ха - Лао­бао - Ден­са­вань - Се­но - Са­ван­нак­хет - Мук­х­да­хан - Кхон­к­эн - Пхит­са­ну­лок - Так АН18 Хатъ­яй - Сун­гай­ко­лок - Ран­тау-Пан­джанг - Ко­та-Ба­ру - Ку­ан­тан - Джо­хор-Ба­ру - Джо­хор-Ба­ру бө­ге­ті АН19 Нак­хо­нрат­ча­си­ма - Ка­бин­бу­ри - Лэм­ча­банг - Чон­бу­ри - Банг­кок АН25 Бан­да Ачех - Ме­дан - Те­бин­тинг­ги - Ду­май - Пе­кан­ба­ру - Джам­би - Па­лем­бан - Тан­джунг-Ка­ранг - Ба­ка­ухе­ни - па­ром - Ме­рак АН26 Лао­аг - Ма­ни­ла - Ле­га­спи - Мат­ног - па­ром - Ален - Та­кло­бан (- Ор­мок - (па­ром) - Се­бу) - Ли­ло­ан - па­ром - Су­ри­гао - Да­вао (- Ка­га­ян де Оро)- Хе­не­раль-Сан­тос - Зам­бо­ан­га Шы­ғыс және Сол­тү­стiк Шы­ғыс Азия АН30 Ус­су­рийск - Ха­ба­ровск - Бе­ло­горск - Чи­та АН31 Бе­ло­горск - Бла­го­ве­щенск -  Хей­хэ - Хар­бин - Чан­чунь - Ше­ньян - Да­лянь АН32 Сон­бонг - Вон­джонг - Цю­а­нь­хэ - Хунь­чунь -  Чан­чунь - Ар­шан - Ну­мруг - Сум­бер - Чой­бал­сан - Он­дор­хан - На­лай­ха - Улан-Ба­тор - Улястай - Хо­вд АН33 Хар­бин - Тунц­зян АН34 Ля­ньюнь­ган - Чжен­чжоу - Си­ань Оң­тү­стiк Азия AH41 Мьян­мы ше­ка­ра­сы - Тек­наф - Кокс-Ба­зар - Чич­та­гонг - Ка­ч­пур - Дак­ка - Ха­ти­ка­м­рул - Джессур - Монгла AH42 Лань­чжоу - Си­нин - Гол­муд - Лха­са - Чжан­му - Ко­дарн - Кат­ман­ду - На­ра­ян­г­хат - Патхлайя - Бир­гандж - Рак­са­ул - Пи­пра­ко­т­хи - Му­заф­фар­пур - Ба­ра­у­ни - Бар­хи AH43 Аг­ра - Гва­ли­ор - Наг­пур - Хай­да­ра­бад - Бан­га­лор - Криш­на­ги­ри - Ма­ду­рай - Дха­нуш­ко­ди - па­ром - Та­лай­ман­нар - Дам­бул­ла - Ку­ру­не­га­ла ( - Кан­ды) - Ко­лом­бо - Ма­та­ра АН44 Бла­сор - Бху­ба­не­свар -Трин­ко­ма­ли - Дам­бул­ла AH45 Кол­ка­та - Ха­раг­пур - Ви­сак­ха­пат­нам - Ви­джа­ява­да - Чен­най - Криш­на­ги­ри - Бан­га­лор AH46 Ха­раг­пур - Наг­пур - Дху­ле AH47 Гва­ли­ор - Дху­ле - Тхане ( - Мум­бай) - Бан­га­лор AH48 Пху­энт­шо­линг - Ин­дия ше­ка­ра­сы AH51 Пе­ша­вар - Де­ра Ис­ма­ил Хан - Кет­та Сол­тү­стiк, Ор­та­лық Оң­тү­стiк Ба­тыс Азия AH60 Ом­бы - Чер­лак - Ер­тiс өңiрi - Пав­ло­дар - Се­мей - Тас­кес­кен - Yша­рал - Ал­ма­ты - Кас­ке­лең - Бу­рыл­бай­тал АН61 Ка­ши - Ту­ру­гарт - То­ро­уғарт - На­рын - Бiш­кек - Ге­ор­ги­ев­ка - Қор­дай - Мер­ке - Шым­кент - Қы­зы­лор­да - Арал - Қа­ра­бұ­тақ - Ақ­тө­бе - Орал - Ка­мен­ка - Озим­ки - Са­ра­тов - Бо­ри­со­глебск - Во­ро­неж - Курск - Кру­пец - Укра­и­на ше­ка­ра­сы АН62 Пет­ро­павл - Ар­қа­лық - Жез­қаз­ған - Қы­зы­лор­да - Шым­кент - Жi­бек-Жо­лы - Чер­няв­ка - Таш­кент - Сыр­да­рия - Са­мар­қанд - Гу­зар - Тер­мез - Хай­ра­тан - Ма­за­ри-Ша­риф АН63 Са­ма­ра - Кур­лин - По­го­да­е­во - Орал - Аты­рау - Бей­неу - Оа­зис - Нүкiс - Бұ­ха­ра - Гу­зар АН64 Бар­на­уыл - Ве­се­ло­яр - Қы­зыл ауыл - Се­мей - Пав­ло­дар - Шi­дер­тi - Аста­на - Көк­ше­тау - Пет­ро­павл АН65 Ка­ши - Ар­как­стан - Ир­ке­штам - Са­ры­таш (- Ош) - Ка­ра­мык - Вах­дат - Ду­шан­бе - Тур­сун­за­де - Узун - Тер­мез АН66 Қы­тай ше­ка­ра­сы - Куль­ма - Xopуг - Ку­лоб - Вах­дат - Ду­шан­бе АН67 Куй­тан - Ба­ке­ту - Бах­ты - Тас­кес­кен - Се­мей - Пав­ло­дар - Шi­дер­тi - Қа­ра­ған­ды - Жез­қаз­ған АН68 Цзин­хэ - Ала­тав­шан­коу - До­стық - Үша­рал АН70 Укра­и­на ше­ка­ра­сы - До­нецк - Вол­го­град - Аст­ра­хань - Ко­тя­ев­ка - Аты­рау - Бей­неу - Жа­ты­бай ( - Ақ­тау) - Бек­даш - Түр­кi­мен­ба­шы - Сер­дар - Гу­ду­ро­лум - Ин­че-Бо­ро­ун - Гор­ган - Са­ри - Сем­нан - Дам­гхан - Язд - Анар - Бен­дер-Аб­бас АН71 Ди­ла­рам - За­ранг - Ми­лак - За­бол - Да­штак АН72 Те­ге­ран - Ком - Эс­фахан - Ши­раз - Бу­шер АН75 Те­джен - Capaxc - Са­ракхс - Ме­ш­хед - Бир­джанд - Нех­бан­дан - Да­штак - За­хе­дан - Ча­ба­хар АН76 По­лехумри - Ма­за­ри-Ша­риф - Ге­рат АН77 Дже­бель­сардж - Ба­мьян - Ге­рат - Тур­гун­ди - Сер­ке­та­бат - Ма­ры АН78 Аш­га­бат - Чо­в­дан өт­келi - Ба­д­жги­ран - Ку­чам - Ша­б­зе­вар - Кер­ман АН81 Лар­си - Мц­хе­та - Тби­ли­си - Са­дах­ло - Баг­ра­та­шен - Ва­на­д­жор - Ашта­рак - Ере­ван - Эpacx - Са­да­рак - (гра­ни­ца Тур­ции) На­хи­че­вань - Джуль­фа (- Джоль­фа) - Ор­ду­бад - Ага­рак - Ме­гри Аг­банд - Го­ра­диз - Га­зи­мам­мед - Алят - Ба­ку - па­ром - Ақ­тау АН82 Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­ның ше­ка­ра­сы - Ле­се­лид­зе - Су­ху­ми - Се­на­ки - Ха­шу­ри - Ахал­ци­хе (- Ва­ле) - Жда­нов - Бав­ра - Гумри ( - Аку­рик) - Ашта­рак - Ере­ван - Эpacx - Го­рис - Ка­пан - Ме­гри - Ага­рак - Нур­дуз - Джоль­фа - Ивэ­о­глу АН83 Қа­зақ - Узун­та­ла - Па­ра­ва­кар - Ере­ван АН84 До­гу­ба­язит - Ди­яр­ба­кир - Га­зян­теп - То­пр­ак­ка­ле ( - Ис­кен­де­рон) - Ада­на - Ичель AH85 Ре­фахие - Ама­сья - Мер­зи­фон AH86 Ас­ка­ле - Бай­бурт - Тра­б­зон АН87 Ан­ка­ра - Афьон - Узак - Из­мир Ескерту: Жақшада көрсетiлген бағыттар жақша алдында тұрған жерден тармақталғанын бiлдiредi. Асты сызылған учаскелер Азия автомобиль жолдарының ықтимал бағыттарын бiлдiредi. "паром" деген сөз Тараптарға қандай да болмасын мiндеттер жүктейтiнi ретiнде түсiндiрiлмеуi керек. II қосымша АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖЕЛIСIНIҢ ЖIКТЕЛУI ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ НОРМАЛАРЫ
Бөлім 76. І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Азия автомобиль жолдарын жiктеу және жобалау нормалары Азия автомобиль жолдарын салу, жаңғырту және бағыттарын күтiп ұстауға қатысты ең төменгi стандарттар мен ұсынымдарды құрайды. Тараптар жаңа жолдар салу кезiнде де, колданыстағылардың класын және жаңғыртылуын жоғарылату кезiнде де осы ережелердi сақтау үшiн барлық күшiн жұмсайды. Бұл стандарттар құрылыс тұрғызылған аумаққа қатысты қолданылмайды.
Тармақ ii
Бөлім ii. II. АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ЖIКТЕЛУI
II. АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ЖIКТЕЛУI Азия автомобиль жолдарының жiктелуi 1-кестеде көрсетiлген. 1-кесте. Азия автомобиль жолдарының жiктелуi Кла­сы Си­па­ты Жол жа­мы­л­ғы­сы Ав­то­ма­ги­страль Кiруi ба­қы­ла­на­тын ав­то­мо­биль жол­да­ры Ас­фальт-бе­тон неме­се це­мент-бе­тон І класс Төрт неме­се одан көп жо­лақ­тар Ас­фальт-бе­тон неме­се це­мент-бе­тон ІІ класс Екі жо­лақ Ас­фальт-бе­тон неме­се це­мент-бе­тон ІІІ класс Екі жо­лақ Би­тум­мен екi рет өң­дел­ген жа­мы­л­ғы Жіктелуде "Автомагистраль" кiруi бақыланатын автомобиль жолдарына жатады. Кiруi бақыланатын автомобиль жолдары автомобильдерге ғана арналған. Кiруi бақыланатын автомобиль жолдарына әртүрлi деңгейдегi айырым арқылы ғана кiруге болады. Қозғалыс қауiпсiздiгiн және автомобильдер қозғалысының жоғары жылдамдығын қамтамасыз ету мақсатында мопедтер, велосипедтер және жаяу жүргiншiлер үшiн кiруi бақыланатын автомобиль жолдарын пайдалануға тыйым салынады. Кiруi бақыланатын автомобиль жолдары үшiн бiр деңгейде қиылысу жобаланбайды, ал жүру бөлiгi орта жолақпен бөлiнедi. "III класс" құрылысты қаржыландыру үшiн қаражаттар көлемi шектелген жағдайда ғана және/немесе жол салу үшiн шектеулi бөлiнген жолақтары кезiнде пайдаланылады. Алдағы уақытта мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жол жамылғысын жетiлдiру қажет және оны асфальт-бетон немесе цемент-бетон жамылғысымен жасау керек. III класта ең төменгi қалаулы стандарт болып саналатынына қарай жолдың III кластан төмен тұрған кез келген учаскелерiн, оларды осы кластардың стандарттарымен сәйкестiкке келтiре отырып, жетiлдiру бойынша жұмыстарды көтермелеу қажет. ________________________________ Тараптар өз талаптарына сәйкес құрылыс тұрғызылған аумақты белгiлейдi.
Бөлім iii. III. АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖЕЛIСIНЕ КIРЕТIН АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ЖОБАЛАУ НОРМАЛАРЫ
III. АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖЕЛIСIНЕ КIРЕТIН АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ЖОБАЛАУ НОРМАЛАРЫ
Тарау 1. 1. Жергiлiктi жердiң жiктелуi Жергiлiктi жердiң жiктелуi 2-кестеде келтiрiлген.
1. Жергiлiктi жердiң жiктелуi Жергiлiктi жердiң жiктелуi 2-кестеде келтiрiлген. 2-кесте. Жергiлiктi жердiң жiктелуi Жер­гiлiк­тi жер­дің жік­те­луі Бой­лық еңі­стік Жа­зық ре­льеф (P) 0 - 10 пай­ыз Тө­белi ре­льеф (X) 10 - 25 пай­ы­здан жо­ға­ры Та­у­лы ре­льеф (Г) 25 - 60 пай­ы­здан жо­ға­ры Тау рельф (К) 60 пай­ы­здан жо­ға­ры
Тарау 2. 2. Есептiк жылдамдық
2. Есептiк жылдамдық Есептiк жылдамдық мынадай мәндермен анықталады: сағатына 120, 100, 80, 60, 50, 40 және 30 км. Есептiк жылдамдық, автомобиль жолдарының жiктелуi және жергiлiктi жердiң жiктелуi арасындағы өзара байланыс 3-кестеде келтiрiлген. Сағатына 120 км есептiк жылдамдық автомагистралдар үшiн ғана қолданылады (бөлу жолақтары және әртүрлi деңгейдегi қиылыстары бар кiруi бақыланатын автомобиль жолдары). 3-кесте. Автомобиль жолдары және жергiлiктi жердi жiктеудiң есептiк жылдамдығы арасына қатысты (Өлшем бiрлiгi км/сағат) Жер­гiлiк­тi жер Ав­то­ма­ги­страль I класс II класс III класс Жа­зық ре­льеф (P) 120 100 80 60 Тө­белi ре­льеф (X) 100 80 60 50 Та­у­лы ре­льеф (Г) 80 50 50 40 Тау рельф (К) 60 50 40 30
Тарау 3. 3. Көлденең пiшiн
3. Көлденең пiшiн 4-кестеде жолдардың әрбiр класы бойынша бөлiнген жолақ енiнiң параметрлерi, қозғалыс жолағының енi, жол жиегiнiң енi, бөлу жолағының енi, жол жамылғысының еңiсi және жол жиегiнiң еңiсi көрсетiлген. Жаяу жүргiншi, велосипедтер және көлiк-арба қозғалысының автомобильдердiң үздiксiз қозғалысына осындай қозғалыс кедергi жасайтын учаскелерде, бұл қажет болғанда, арнайы өту жолдарын және/немесе жаяужолдарды салу арқылы автомобиль қозғалысынан бөлiнуi талаппен ұсынылады. 4-кесте. Азия автомобиль жолдарының желiсiндегi автомобиль жолдарын жобалау нормалары Тас жол­дар­ды жiк­теу Ав­то­ма­ги­страль (4 және одан көп жо­лақ) I класс (4 және одан көп жо­лақ) Жер­гі­лік­ті  жер­дің жік­те­луі Р Х Г К Р Х Г К Есеп­тік жыл­дам­дық (км/са­ғат) 120 100 80 60 100 80 50 Ені (м) Бө­лін­ген  жо­лақ (50) (40) Жү­ру бө­лі­гі­нің жо­ла­ғы 3,50 3,50 Жол жи­егі 3,00 2,50 3,00 2,50 Бө­лу жо­ла­ғы 4,00 3,00 3,00 2,50 Жол трас­са­сы­ның жос­па­рын­да­ғы қи­сық­тың ең кі­ші ра­ди­у­сы (м) 520 350 210 115 350 210 80 Жол жа­мы­л­ғы­сы­ның еңі­сі (%) 2 2-5 Жол жи­егі­нің еңі­сі (%) 3-6 3-6 Жол жа­мы­л­ғы­сы­ның тү­рі Ас­фальт бе­тон/ Це­мент бе­тон Ас­фальт бе­тон/ Це­мент бе­тон Ви­раж­дың ең үл­кен еңі­сі (%) 10 10 Ең үл­кен тік еңіс (%) 4 5 6 7 4 5 6 7 Есеп­тік жүк­те­ме (ең азы) HS20-44 HS20-44 кестенің жалғасы IІ класс (2 жо­лақ) IІІ класс (2 жо­лақ) Р Х Г К Р Х Г К 80 60 50 40 60 50 40 30 (40) (30) 3,50 3,00(3,25) 2,50 2,00 1,5(2,0) 0,75(1,5) 210 115 80 50 115 80 50 30 2 2-5 3-6 3-6 Ас­фальт бе­тон/ Це­мент бе­тон Би­тум­ды екi рет өң­деу 10 10 4 5 6 7 4 5 6 7 HS20-44 HS20-44 Ескерту: Жақшадағы сандар ұсынылатын параметрдi көрсетедi. Жол жоспарындағы қисықтың ең кiшi радиусы виражымен жиынтықта анықталады. Бөлу жолақтарының ұсынылған енi тиiстi қорғаныс қоршауы болған кезде кiшiрейтiлуi мүмкiн. Тараптар көпiрлер, эстакадтар және туннелдер сияқты құрылыстар салу кезiнде өз ұлттық нормаларын қолданады.
Тарау 4. 4. Трасса жоспары
4. Трасса жоспары Жоспардағы жол ол өтетiн жергiлiктi жердiң топографиялық ерекшелiктерiне сәйкес болуы тиiс. Жоспардағы ең кiшi қисықтар радиусын өтпелi қисықтармен қажет және жинақтылықта ғана қолдану керек. Кез келген мүмкiндiк кезiнде жоспарда түйiсетiн қисық жасамау керек. 5-кестеде тас жолдың әрбiр класы бойынша жоспардағы ең кiшi қисық радиусы көрсетiлген. 5-кесте. Тас жолдың жоспардағы ең кiшi қисықтар радиусы (Өлшем бiрлiгi: м) Жер­гiлiк­тi жер Ав­то­ма­ги­страль I класс II класс III класс Жа­зық ре­льеф(P) 520(1000) 350(600) 210 115 Тө­белi ре­льеф(X) 350(600) 210(350) 115 80 Та­у­лы ре­льеф (Г) 210(350) 80(110) 80 50 Тау рельф (К) 115(160) 80(110) 50 30 Ескерту: Жақшадағы сандар ұсынылған мәндердi бiлдiредi Жоспардағы ең кiшi қисықтар радиусы ерекше жағдайларда ғана шектеуге ұсынылады, ал басқа жағдайларда тиiстi ең кiшi радиустан 50-100 пайызға асатын қисықтар радиустарын қолдану керек. Жоспардағы қисықтарды жобалау кезiнде таулы және тау рельефi жағдайында оларды бойлық пiшiнмен және қисықтар арасындағы арақашықтықпен байланыстыра қарауды ұсынады. Өтпелi қисықтарды 6-кестеде көрсетiлген параметрлерден аз радиустармен қисықты байланыстыру үшiн жоспарлау керек. Олардың радиусы 6-кестеде көрсетiлген параметрлерден екi есе асқан жағдайда да өтпелi қисықтарды жобалау ұсынылады. 6-кесте. Өтпелi қисықтарды жобалауды талап ететiн радиустар (Өлшем бiрлiгi: м) Жер­гiлiк­тi жер Ав­то­ма­ги­страль I класс II класс III класс Жа­зық ре­льеф (P) 2 100 1 500 900 500 Тө­белi ре­льеф (X) 1 500 900 500 350 Та­у­лы ре­льеф (Г) 900 500 350 250 Тау рельф (К) 500 500 250 130 Өтпелi қисықтың ең кiшi ұзындығына қатысты 7-кестеде көрсетiлген параметрлердi қолдану ұсынылады. 7-кесте. Өтпелi қисықтың ең кiшi ұзындығы Жер­гiлiк­тi жер Ав­то­ма­ги­страль I класс II класс III класс Жа­зық ре­льеф (P) 100 85 70 50 Тө­белi ре­льеф (X) 85 70 50 40 Та­у­лы ре­льеф (Г) 70 50 40 35 Тау рельф (К) 50 50 35 25 Вираждың ең жоғарғы еңiсi жергiлiктi жердiң барлық түрлерi үшiн 10 пайызға тең болуы тиiс.
Тарау 5. 5. Бойлық пiшiн
5. Бойлық пiшiн Төбелi жердегi жолдың бойлық пiшiнi сол жердiң рельефiн түзету кезiндегi үйінділер және ойықтарды жайғастырудың экономикалық дұрыстығын есепке ала отырып мүмкiндiгiнше жатық болуы тиiс. Жолдың бойлық еңiсiнiң ең жоғарғы рұқсат етiлетiн көлемiн таңдау кезiнде, оны одан әрi жаңғырту алғашқы инвестицияларды жоюға әкелуi мүмкiн екенiн ескеру ұсынылады. 8-кестеде көрсетiлген ең жоғарғы еңiс параметрлер тас жолдардың барлық кластары үшiн пайдаланылады 8-кесте. Ең жоғарғы тiк еңiс Жер­гiлiк­тi жер­дің жік­те­луі Ең жо­ғар­ғы тік еңіс Жа­зық ре­льеф (P) 4 пай­ыз Тө­белi ре­льеф (X) 5 пай­ыз Та­у­лы ре­льеф (Г) 6 пай­ыз Тау рельф (К) 7 пай­ыз Учаскенiң көтерiлу ұзындығы 9-кестеде көрсетiлген мәндерден артқан жағдайларда, көтерiлетiн жерлерде қарқынды жүк қозғалысы кезiнде қозғалыстың қосымша жолақтар салу ұсынылады. 9-кестеде берiлген автомагистральдар және жолдың I класы үшiн еңiс учаскесiнiң қажеттi ұзындығы көтерiлетiн жерлерде қозғалыстың қосымша жолағының құрылғысы ұсынылады. 9-кесте. Әртүрлi байлық еңiс кезiндегi көтерiлудiң ең үлкен ұзындығы Жер­гiлiк­тi жер­дің Ав­то­ма­ги­страль I класс Жа­зық ре­льеф (P) 3 пай­ы­зда - 800 м 3 пай­ы­зда - 900 м 4 пай­ы­зда - 500 м 4 пай­ы­зда - 700 м Тө­белi ре­льеф (X) 4 пай­ы­зда - 700 м 4 пай­ы­зда - 800 м 5 пай­ы­зда - 500 м 5 пай­ы­зда - 600 м Та­у­лы ре­льеф (Г) 5 пай­ы­зда - 600 м 5 пай­ы­зда - 700 м 6 пай­ы­зда - 500 м 6 пай­ы­зда - 500 м Тау рельф (К) 6 пай­ы­зда - 500 м 6 пай­ы­зда - 500 м 7 пай­ы­зда - 400 м 7 пай­ы­зда - 400 м
Тарау 6. 6. Жол жамылғысы
6. Жол жамылғысы Жолдың жүру бөлiгi цемент-бетон немесе асфальт-бетон жамылғысынан болуы тиiс. Сонымен бiрге, III класты жолдың шағылтас жамылғысы битуммен екi мәрте өңделген болуы мүмкiн. Азия автомобиль жолдары желiсiнiң көптеген учаскелерiндегi жамылғы көтергiштiк қабiлетiнiң жеткiлiксiздiгiнен зақымданады. Осыған байланысты жол төсемесiнiң зақымдануын болдырмау және соңғы нәтижесiнде жолдарды күтiп ұстауға арналған шығыстарды қысқарту үшiн жамылғыға түсетiн есептік жүктеменi мұқият анықтау керек. Сонымен бiрге жол жамылғысын жобалау кезiнде мынадай факторларға назар аударылуы керек:
Тармақша а
а) оське түсiрiлетiн жүктеме;
Тармақша b
b) қозғалыстың қарқындылығы;
Тармақша с
с) жамылғының негiзiне және жер төсемiне пайдаланылатын материалдар ретiнде (елдер бойынша құрылыс материалдары сапасында айырмашылық болатындықтан, Азия автомобиль жолдарының желiсiн жобалау нормаларына жол жамылғыларының есебi жөнiндегi нұсқаулық қосылмады.)
Тарау 7. 7. Есептiк жүктеме
7. Есептiк жүктеме Жобалық жүктеме (ең үлкен осьтiк жүктемелер) ауыр көлiк құралдарының және әсiресе контейнерлер тасымалдауға арналған көлiк құралдарының өсуiн ескере отырып белгiленуi тиiс. Жолдардың уақытынан бұрын зақымдануының алдын алу және оларды күтiп ұстауға арналған шығындарды қысқарту үшiн, Азия автомобиль жолдарының желiсi халықаралық автомобиль жолдарының желiсi ретiнде жол төсемелерiнiң жоғары көтергiштiк қабiлетi болуы тиiс. Ең кiшi жүктеме ретiнде құрылыстарды жобалау үшiн толық тиеу кезiнде тiркеме арқылы жасалатын жүктемеге тиiстi халықаралық стандарт болып табылатын, Н8 20-44 ең кiшi жүктемесi қолданылуы тиiс.
Тарау 8. 8. Көпiрасты габаритi
8. Көпiрасты габаритi Ең кiшi көпiрасты габаритi 4,5 м құрауы тиiс, бұл халықаралық стандарттың (180) контейнерлердi қауiпсiз тасымалдауға арналған талабы болып табылады. Сонымен бiрге бар құрылыстарды, мысалы көпiрлердi, қайта салу құнының жоғарылығынан жеткiлiктi көпiрасты габаритiн қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайларда, отырғыштығы төмен тiркемелердi қолдануға болады.
Тарау 9. 9. Қоршаған орта
9. Қоршаған орта Жаңа жолдарды салу жобаларын дайындау кезiнде ұлттық нормаларға сәйкес қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүргiзiлуi тиiс. Бұл ереженi қолданыстағы автомобиль жолдарын қайта жаңарту немесе маңызды жаңғырту кезiнде осындай бағалауды көздей отырып кеңейткен дұрыс.
Тарау 10. 10. Жол қозғалысының қауiпсiздiгi
10. Жол қозғалысының қауiпсiздiгi Азия автомобиль жолдары желiсiн дамыту кезiнде Тараптар жол қозғалысының қауiпсiздiгi мәселелерiне жан-жақты назар аударады.
Бөлім iv. ІІІ қосымша АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖЕЛIСIН ТАНУ ЖӘНЕ БЕЛГIЛЕУ
ІІІ қосымша АЗИЯ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖЕЛIСIН ТАНУ ЖӘНЕ БЕЛГIЛЕУ
Тармақ 1
1. Азия автомобиль жолдарының бағыттарын тану және белгiлеу үшiн пайдаланылатын белгi төрт бұрышты пiшiндi болады.
Тармақ 2
2. Бұл белгi АН деген әрiптерден тұрады, әдетте, олардан кейiн араб сандарымен белгiленген бағыттың нөмiрi жазылады.
Тармақ 3
3. Белгiнiң ақ немесе қара жазуы болады; ол басқа белгiлерге немесе олармен бiрiктiрiлiп бекiтiлуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Белгi үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлiк құралдарының жүргiзушiсi бұл белгiнi айырып тану және түсiнуiне жеңiл болатындай көлемде болуы тиiс.
Тармақ 5
5. Азия автомобиль жолдарының бағыттарын тану және белгiлеуге арналған белгi ұлттық стандарттарға сәйкес жолды белгiлейтiн белгiнi пайдалану мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
Тармақ 6
6. Азия автомобиль жолдарының бағыттарының нөмiрi осы мемлекеттiң көрсеткiш белгiлерiнiң жүйесiне қосылады (немесе осы жүйеге бiрiгедi). Нөмiрлер белгiленетiн белгi әрбiр кiру немесе айырым алдында да, сонымен қатар олардан кейiнгi де белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 7
7. Егер мемлекеттер Азия автомобиль жолдарының желiсi туралы Үкiметаралық келiсiмнiң де, Халықаралық автомагистралдар туралы Еуропалық келiсiмнiң де Тараптары болып табылған жағдайда, Тараптардың қалауы бойынша бағыттар не Азия автомобиль жолдары бағыттарының белгiлерiмен, не Еуропалық халықаралық автомагистральдардың белгiлерiмен, не белгiлердiң екеуiмен де белгiленедi.
Тармақ 8
8. Егер Азия автомобиль жолдарының бағыты басқа бағытпен өтетiн немесе Азия автомобиль жолдарының басқа бағытын қиып өтетiн болса, осындай кiру немесе айырым алдында Азия автомобиль жолдары бағыттарының тиiстi нөмiрiн көрсету ұсынылады. Осы мәтін Бангкок қаласында 2003 жылғы 18 қарашада жасалған Азия автомобиль жолдары желісі жөніндегі үкіметаралық келісімнің куәландырылған көшірмесінің дұрыс көшірмесі болып табылатынын растаймын. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Халықаралық құқықтық департаментінің кеңесшісі