«Қорғалжын ауданында туберкулезбен ауру жағдайы және оны төмендету жөніндегі шаралар туралы» Қолданыста
Басқа 0
«Қорғалжын ауданында туберкулезбен ауру жағдайы және оны төмендету жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» №3956 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4-ші қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы» 839 санды қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі (С.Аққожина), Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (А.Үсенов) (келісімі бойынша)
Тармақша 1
1) Ауданда туберкулезге қарсы күресті нығайту мақсатында іс-шаралардың жүйелі түрде жүргізілуін қадағалау ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ауыл әкімдеріне
Тармақша 1
1) Елді мекендердегі медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, туберкулезге қарсы алдын алу шараларын жүргізу ұсынылады.
Тармақша 2
2) Елді мекендердегі медициналық ғимараттардың жауапкершілігі шектеулі серіктестерден мемлекет қарамағына ақысыз қайтарылу жұмыстары 2007 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталсын.
Тармақ 3
3. Мекеме басшыларына:
Тармақша 1
1) Өз қарамағындағы қызметкерлерінің толығымен флюорографиялық тексеруден өтуін қатаң бақылау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Төлеубаевқа)
Тармақша 1
1) Туберкулезге шалдыққан, жағдайы нашар адамдарға және олардың жанұя мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету жағдайы қарастырылсын.
Тармақ 5
5. ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасына (А.Мырзагелдиев) (келісімі бойынша).
Тармақша 1
1) Ветеринарлық қызметті нығайтуды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімі (А.Ғали) (келісімі бойынша).
Тармақша 1
1) Аудан аумағына шет мемлекеттерден қоныс аударған жеке тұлғалардың туберкулезге қарсы міндетті флюорографиялық тексеруден өтуін тексеру мақсатында, олардың мекен-жайы туралы орталық ауруханамен мәлімет алмастыру;
Тармақша 2
2) флюорографиялық тексеруден және туберкулезге қарсы ем қабылдаудан бас тартқан азаматтарды орталық ауруханаға жеткізуге көмектесу ұсынылсын.
Тармақша 3
3) Түрмеден бостандыққа шыққан азаматтардың міндетті флюорографиялық тексеруден өтуін бақылау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аталған қаулының орындалуы аудан әкімінің орынбасары С.Аққожинаға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы Қорғалжын аудандық әділет басқармасынан тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және жариялануға жатады.