Об утверждении Правил лицензирования аудиторской деятельности Күшін жойған
Басқа 0
Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Айтжанова Ж.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-Министрі Ә.А.Смайыловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 9 қарашадағы
N 438 бұйрығымен бекітілген
Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы ", " Аудиторлық қызмет туралы ", " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Заңдарына сәйкес әзірленді және аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны беру, қайта ресімдеу, оның көшірмесін беру, кері қайтарып алу, тоқтатып қою, қалпына келтіру және оның қолданылуын тоқтату, сондай-ақ лицензиаттың аудиторлық қызметті жүзеге асыруын бақылауын тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - лицензиар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйымдарға (бұдан әрі - лицензиат) береді.
Тармақ 3
3. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия бас болып табылады және лицензиатқа осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Тармақ 4
4. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және жалғыз данада беріледі.
Тармақ 5
5. Лицензия бланкілерінің ұсынушыға арналған бағалы қағаз деңгейінде қорғау дәрежесі, сондай-ақ есепке алу сериясы мен нөмірі болады және қатаң есептіліктегі құжат болып табылады. Лицензияның бланкілерін сатып алуды, есебін жүргізуді және сақтауды лицензиар жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Лицензияға уәкілетті тұлға қол қояды және лицензиардың мөрімен расталады.
Тармақ 7
7. Лицензияны басқа заңды тұлғаға беруге тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Лицензиаттар мен оларға берілген лицензиялар туралы мәліметтерді лицензиар аудиторлық ұйымдардың арнайы тізілімінде көрсетеді.
Тармақ 9
9. Лицензияны беру, қайтарып алу, тоқтатып қою және оның қолданылуын тоқтатуды лицензиар мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
Тармақ 10
10. Лицензия, оның көшірмесі берілген, қайта ресімделген кезде, сондай-ақ лицензияны қайта ресімдегені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде лицензиялық алым төленеді.
Тармақ 2. 2. Лицензия беру не беруден бас тарту
2. Лицензия беру не беруден бас тарту
Тармақ 11
11. Лицензия алу үшін лицензиарға мынадай құжаттар беріледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) аудиторлық қызметті айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) құрылтай құжаттарының, өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің және статистикалық карточканың нотариалдық расталған көшірмелері;
Тармақша 4
4) өтініш берушінің салық органында есепке қойылғандығы туралы куәліктің (СТН) нотариалдық расталған көшірмесі;
Тармақша 5
5) осы аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторларға "аудитор" біліктілігінің берілгені туралы біліктілік куәліктерінің және негізінде олар осы ұйыммен еңбек қатынастарында тұратын құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері;
Тармақша 6
6) басшының еңбек кітапшасының нотариалдық расталған көшірмесі немесе жеке еңбек шартының не қабылдау немесе босату туралы бұйрықтар үзінді көшірмелерінің нотариалдық расталған көшірмесі.
Аудиторлық ұйым мәртебесін растау үшін шетелдік ұйым лицензияның нотариалдық расталған көшірмесін немесе Халықаралық бухгалтерлер федерациясының немесе резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының мүшесі болып табылатын кәсіби ұйымда оның мүшелігін растайтын хаттың көшермесін оның нотариалдық расталған аудармасымен бірге ұсынады.
Тармақ 12
12. Лицензия алу үшін ұсынылған барлық құжаттарды лицензиар тіркейді.
Тармақ 13
13. Лицензиар мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиiстi сұрау салуларды жiберу жолымен ұсынылған құжаттарда қамтылған жазбалар мен мәліметтерді нақтылай алады.
Тармақ 14
14. Лицензиар лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдағанға дейін өтінішпен бірге ұсынылған материалдарды олардың толықтығы мен дұрыстығын, лицензиаттың берілген біліктілік талаптарға сәйкестігін бағалай отырып қарайды.
Тармақ 15
15. Лицензия беру туралы шешімін заңды ресімдеу лицензиардың бұйрығын шығару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Лицензия осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей беріледі.
Тармақ 17
17. Мынадай негіздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмауы. Өтініш беруші аталған кедергілерді жойған кезде, өтініш жалпы негіздерде қаралады;
Тармақша 2
2) аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;
Тармақша 3
3) өтініш беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына жауап бермеуі;
Тармақша 4
4) аудиторлық ұйым басшысына қатысты оған аудиторлық қызметпен айналысуға тыйым салатын сот шешімінің болуы.
Тармақ 18
18. Лицензияны беруден бас тарту туралы хабарламаны бас тарту себептерін көрсете отырып лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде береді.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының заң актілеріне, сондай-ақ Ереженің 25-тармағына сәйкес лицензиясы қайтарып алынған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші қайтарып алу туралы шешім шығарылған сәттен 1 (бір) айдан ерте емес қаралады.
Тармақ 3. 3. Лицензияны қайта ресімдеу және оның көшірмесін беру
3. Лицензияны қайта ресімдеу және оның көшірмесін беру
Тармақ 20
20. Заңды тұлға атауын, орналасқан жерін өзгерткен жағдайда, лицензиат бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді, сондай-ақ бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын қайтарады.
Лицензиар лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 (он) күннің ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
Тармақ 21
21. Лицензиясын жоғалтқан жағдайда лицензиаттың дубликат алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензиар лицензияның дубликатын беруді 10 (он) жұмыс күннің ішінде орындайды.
Тармақ 4. 4. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, лицензияны кері қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату
4. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, лицензияны кері қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату
Тармақ 22
22. Лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің бұйрығымен тоқтатып қою себептерін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын 6 (алты) айға дейін мерзімде тоқтатып қоюға құқығы бар.
Тармақ 23
23. Мыналар лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) сапаны сыртқы бақылауды жүргізуге кедергі жасау, одан жалтару, оған тиісті жағдайлар жасамау немесе белгіленген мерзімде сапаны сыртқы бақылауды өтпеу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының аудиторлық қызмет саласындағы талаптарын сақтамау;
Тармақша 3
3) аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" біліктілік куәлігін жою;
Тармақша 4
4) кәсіби аудиторлық ұйымнан шығару;
Тармақша 5
5) лицензиаттың жазбаша өтініші;
Тармақша 6
6) кезекті 12 (он екі) күнтізбелік айдың ішінде қызметті жүзеге асырмау.
Тармақ 24
24. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептер жойылған кезде лицензиар өзінің бұйрығымен лицензияның қолданылуын жаңғыртады.
Лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептер тоқтата тұру мерзімі өткеннен бұрын жойылса, лицензиат лицензиарға лицензияны жаңарту туралы өтініш береді.
Тармақ 25
25. Лицензияны лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) аудиттелетін субъектіге көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп берген;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын сақталмаған жағдайларда керi қайтарып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Лицензияны кері қайтарып алған немесе оның қолданылуын тоқтатқан жағдайда лицензиат лицензияны қайтарып алу немесе оның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде лицензиарға лицензияны қайтарады.
Тармақ 27
27. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу туралы шешімді сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Тармақ 28
28. Лицензия мынадай:
Тармақша 1
1) лицензия қайтарып алынған;
Тармақша 2
2) лицензиат таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
Тармақша 3
3) лицензиарға лицензия ерікті түрде қайтарылған жағдайда өзінің қолданылуын тоқтатады.
Тармақ 29
29. Лицензиатқа қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) жыл сайын, 1 наурызға дейінгі мерзімде лицензиарға осы Ережеге 2 , 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы Есептiлiктi, аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты беру;
Тармақша 2
2) филиал құрған жағдайда лицензиарды "аудитор" біліктілік куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса бере отырып, оны құру, оның орналасқан жері мен басшысы туралы хабардар ету;
Тармақша 3
3) лицензия алғаннан кейін бір айдың ішінде сақтандыру полисінің нотариалды куәландырылған көшірмесін беру;
Тармақша 4. Аудиторлық қызметпен айналысуға арналған МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ
4) лицензияланатын қызметті тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде он күн мерзімде лицензиарға лицензияның түпнұсқасын қайтару.
Аудиторлық қызметті
лицензиялау ережесіне
1-қосымша
Сериясы Нөмірі
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік гербі
Аудиторлық қызметпен айналысуға арналған МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ
___________________________________________________________________
(аудиторлық ұйымның толық атауы)
___________________________________________________________ берілді
Орналасқан жері ___________________________________________________
___________________________________________________________________
СТН _______________________________________________________________
Бас лицензия Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында жарамды
Лицензия беруші орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
(уәкілетті органның толық атауы)
___________________________________________________________________
Басшы
(уәкілетті тұлға) ________________________
М.О.
Лицензия берілген күні "__"___________ж. ___________________ қаласы
Аудиторлық қызметті
лицензиялау ережесіне
2-қосымша
Аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметке қойылатын білiктілiк талаптарына сәйкестігі туралы есептiлiк 200_ ЖЫЛ ҮШІН
Аудиторлық ұйымның атауы _________________________________________
Лицензияның сериясы, нөмірі мен берілген күні _____________________
___________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы, телефоны ________________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны _________________________________
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң
сериясы, нөмiрi, берілген күнi ____________________________________
___________________________________________________________________
СТН _______________________________________________________________
Ұйымның басшысы ___________________________________________________
___________________________________________________________________
(аты-жөні, "аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі және берілген күні)
Аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзуға байланысты әкімшілік
жазалардың болуы __________________________________________________
___________________________________________________________________
(жазаны қашан, не үшін және қандай орган қолданды)
Аудиторларға және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға тиесілi
аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы үлес:
Аудитордың немесе қатысушылар болып табылатын шетелдік аудиторлық ұйымның атауы мен орналасқан жері
Жарғылық капиталдағы үлес мөлшері (%)
Есепті кезеңде құрылтай құжаттарында өзгерістердің болуы
Құрылтайшы құрамындағы өзгерістер
Қызмет түрлерінің өзгеруі
Ия (қандай өзгерістер және енгізу күнін көрсету)
Жоқ
Ия (қандай өзгерістер және енгізу күнін көрсету)
Жоқ
Ұйымның сандық құрамы:
Қызметкерлердің жалпы саны
Оның ішінде штатта тұрмайтындар
Есепті кезеңде
Өткен жыл үшін
Есепті кезеңде
Өткен жыл үшін
Ұйымда жұмыс істейтін аудиторлар:
Аты-жөні
Лицензияның нөмірі және берілген күні
"аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі және берілген күні
Есепті кезеңде аудиторлық ұйымның құрамында өзгерістердің болуы
Уәкілетті органға өзгерістер туралы мәліметтер беру
Ия (қандай өзгерістер және енгізу күнін көрсету)
Жоқ
Ұйымда жұмыс істейтін аудиторлардың біліктілігін арттыру туралы
мәліметтер:
Аудитордың аты-жөні
Біліктілікті арттырудан өту күні мен орны
Кәсіби ұйымдағы мүшелігі:
Атауы
Енген күні (қайта енген күні)
Аудиторлық ұйымның филиалдары туралы деректер:
р/р
N
Аудиторлық ұйым филиалының атауы мен орналасқан жері
Басшының аты-жөні, "аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі және берілген күні
Басшы _____________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
М.О.
Аудиторлық қызметті
лицензиялау ережесіне
3-қосымша
Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат 200_ ЖЫЛ ҮШІН
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы деректер:
р/р
N
Сақтандыру ұйымының атауы мен орналасқан жері
Сақтандыру полисінің нөмірі мен берілген күні
Басшы _____________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
М.О.