Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1- бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДі:
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы от 10.11.2006 г. № 783 (Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы)
1. Жұмыс берушілерді ipiктey және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру төмендегідей айқындалсын.
1)Әлеуметтік жұмыс орындары уакытша жұмыс болып есептелінеді, ұйымдарда тұрақты жұмыс немесе бос орын болып есептелінбейді,
2)Әлеуметтік жұмыс орнын құруға ниет білдіретін жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен келісім-шартқа отырады, онда екі жақтың міндеттері, жұмыстың түpi, көлемі, төлемақының шарты мен мөлшері және әлеуметтік жұмыс орындардын, қаржыландыру көзі мен мерзімі қарастырылады.
2. Жұмыс берушілер мен әлеуметтік жұмыс орындары арасындағы келісім-шарттарды жасауға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өкілеттілік берілсін.
3. Жұмыспен қамту және әлеуметпк бағдарламалар бөлімі (Қарымбаев Жаксылық Сұлтанұлы) уәкілетті органға халық арасынан жұмыс іздеуші ретінде тіркелген мақсатты топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік жұмыстарга жіберсін.
4. Аудандық қаржы бөлімі (Сансызбаев Дулат Муратұлы) әлеуметтік жұмыс орындарын уақытылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бакылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.