О Правилах безопасности граждан на водоемах Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының су қоймаларында шомылатын азаматтардың қауіпсіздік ережесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 18/278-III шешімімен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ШҚО мәслихатының 2004.09.28 N 7/91-III.
Қазақстан Республикасының "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар туралы" 40 және 41 баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. "Шығыс Қазақстан облысының су қоймаларында шомылатын азаматтардың қауіпсіздік ережесі туралы" бекiтiлсiн (жеке ұсынылып отыр).
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ШҚО мәслихатының 2004.09.28 N 7/91-III.
Тармақ 2
2. Облыс Әкiмiне осы ережелердi орындауды қамтамасыз ететiн тиiстi шаралар қабылдау ұсынылсын.
Басқа 3. Шығыс Қазақстан облысының су қоймаларында шомылатын азаматтардың қауіпсіздік ережесі туралы
Шығыс Қазақстан облысының су қоймаларында шомылатын азаматтардың қауіпсіздік ережесі туралы
📌 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ШҚО мәслихатының 2004.09.28 N 7/91-III.
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
1.1 Осы тәртiп Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан кәсiпорындар мен ұйымдар және жеке азаматтар үшiн мiндеттелген.
1.2 Су объектiлерi, суды қорғайтын және пайдалануды реттейтiн органдарының, мемлекеттiк санитарлық қадағалау және балық қорын қорғайтын органдарының, шағын кемелер мемлекеттiк инспекциясының, iшкi су жолдарындағы - өзен пароходствосы органдарының келiсiмi арқылы аудан (қала) әкiмшiлiктерi белгiлеген орындарда, спорт және көпшiлiк демалысы үшiн пайдаланылады. Ажырық алқабындағы жағажай, жүзу бассейндердiң, көпшiлiк демалыс, спорт және шомылатын орындардың санитарлық жағдайының ескерту және ағымдағы мемлекеттiк бақылауын санитарлы-эпидемиологиялық қызметі атқарады.
1.3 Азаматтардың денсаулығын және өмiрiн қорғау мақсатында, шомылуға, шағын кемелермен серуендеуге, iшуге және тұрмыстық қажеттiлiгiне су алуға, малды суғаруға тыйым салынған орындарды жергiлiктi өкiмет органдары белгiлейдi, сонымен қатар олар өз аумағында сумен жалпы пайдаланудың басқада шарттарын анықтайды. Су объектiлерiнiң жағасында орналасқан жағажайларды, балаларға арналған еңбек және демалыс лагерлердi, демалыс базаларды, су стансаларын, мектеп және балаларға арналған мекемелерiнiң шомылу орындарын және басқада көпшiлiк демалыс орындарын, арнайы құралдармен жабдықталған құтқару күзеттерсiз және аумақтық суда құтқару органдары қызметiнiң лайықты рұқсатынсыз ашу үзiлдi-кесiлдi тыйымдалады.
Ведомстволық құтқару күзеттердiң штаттары мен жабдықтау табелiн, суда құтқару жүйесiнiң типтi штаттары мен құтқару күзеттерiн жабдықтау табелiне лайық, ведомство немесе ұйымның бастығы (директоры) бекiтедi.
Ведомстволық құтқару күзеттердің қызметкерлерi, меншiктiң түрiне қарамастан, кәсiпорын, ұйымдар және су қойма иегерлерi есебiнен қызмет атқарады. Кәсiпорындар мен ұйымдар өздерiне бекiтiлген су қоймаларында адам өмiрiн қорғауды қамтамасыз ету iсiне жауап бередi.
1.4 Суда экскурсия, спорт жарыстарын және мейрамдарды өткiзген кезде кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары азаматтардың судағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты адамдар бөлуге, өз күштерiмен құтқару күзеттерiн қоюға мiндеттi.
1.5 Судағы сәтсiз оқиғаны көре сала кез-келген азамат зардаптанушыға шамасынша көмек көрсетуге тиiстi.
1.6 Азаматтардың суда немесе су маңындағы демалыс орындарында радиотрансляциялық қондырғылар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құтқару стансалары мен күзеттердiң қызметкерлерiнiң күшiмен демалушылар арасында судағы кездейсоқ жағдайлардың алдын алу туралы көпшiлiк-түсiндiру жұмысы жүргiзiлуi қажет.
1.7 Ведомстволық және қоғамдық құтқарушы күзеттердiң мүшелерiн оқытуын, оларды иегер еткен кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен, суда-құтқару қызметi ұйымдастырады.
1.8 Ведомстволық және қоғамдық құтқару күзеттерiнiң жұмысына бақылау жасау осы күзеттер бағынатын мекеме, ұйымдар және кәсiпорын басшыларына, сондай-ақ осы күзеттердiң iс-әрекеттерiн үйлестiруi тапсырылған, судақұтқару қызметiне де жүктеледi.
1.9 Жағажайларда және су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда, жалға қайық беретiн стансаларда және шағын кемелердiң тұрақ базаларында, өткелдер мен айлақтарда аталған құралдар мен жүзу жабдықтарын пайдалану тәртiбi iлiнуi тиiс.
1.10 Меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдардың басшылары халық демалатын орындарда топырақ алу, мұз ою, су объектiлердiң табанын тереңдету жұмыстарын жүргiзген кезде учаскелердi қоршап қоюға, ал жұмыс аяқталғаннан кейiн су айдыны табанын тегiстеуге мiндеттi.
1.11 Су қоймалары бетiнде дербес құтқару құралдарсыз балық аулауға, аңшылық құруға тыйым салынады.
1.12 Суға түсу маусымының ұзақтығы, су стансаларының, жағажайлардың, жүзу әуiттерiнiң жұмыс уақыттары жергiлiктi өкiмет органдарымен келiсе отырып, нысандар бағынатын ұйымдар мен кәсiпорындар басшыларымен белгiленедi.
1.13 Жаңа жағажайларды, әуiттердi және азаматтардың демалыс орындарын ұйымдастыру, осы тәртiптегi 1.2 пункттерiндегi көрсетiлген ұйымдармен келiсе отырып, жергiлiктi атқарушы органдары шешiмi арқылы жасақталады.
Тармақ 2. 2. Жағажайларды және су жағасындағы көпшiлiк демалатын орындарды пайдаланған кездегi қауiпсiздiк шаралары
2. Жағажайларды және су жағасындағы көпшiлiк демалатын орындарды пайдаланған кездегi қауiпсiздiк шаралары
2.1 Жағажайлар және су жағасында көпшiлiктiң демалуы үшiн бөлiнген орындар төмендегi қойылатын талаптарға жауап беруi қажет.
суға шомылатын орынның және оған тақау төңiректiң жағалау аумағы санитарлы-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келiп, шалшықтандырылмаған және ластандырылмаған болуы қажет;
су объектiсiнiң табаны тығыз, жағадан бастап бiрте-бiрте еңiс тарта беретiн болуы, 1,75 м тереңдiкке дейiн және жағадан бастап есептегенде ең кемi 15 м белдеуде құламасыз, жарғабақсыз болып келуi, шырмауықты су өсiмдiктерiнен, ағаш түбiртегi, таскесек, шыны, шыны құты және өзге заттардан таза болуы тиiс, теңiз бен өзеннiң суға шомылатын айдын бетi бiр шомылушы адамға 5 шаршы м, ал тұйық суда бұл аудан 2-3 есе көбейтiлуi қажет;
жағажайлар мен көпшiлiк демалатын орындар жергiлiктi өкiмет органдары белгiлеген қашықтықта, бiрақ ақаба сулар құйылатын тұстан кемi 500 м жоғары және порт ғимараттарынан, кеме тоқтайтын жерлерден, пирстерден, мұнай өнiмдерi сақталатын орындардан және т.б. кемi 100 м төмен орналасуы керек;
шомылуға бөлiнген орындар, су жағасы бойынша айдын шекарасы көрсетiлген орындарда осы Тәртiптiң 7.4. пунктiне сәйкес, арнайы таңбалармен белгiленуi қажет;
шұғыл құлама табаны бар орындарда, осы Тәртiптiң жоғарыдағы пунктiне сәйкес судың кесiндiсiнен 5-10 м жерде, арнайы белгi орнатылуы қажет;
су нысанының шомылуға бөлiнген бөлiгiнде төмен температуралы жер асты су көздерi, су үйiрiмдерi мен шұңқырлар болмауы керек, бұл тұстардағы ағынның жылдамдығы секундына 0,5 м-ден аспауы тиiс, ағын жылдамдығы жоғары жерлерде оны бәсеңсiтетiн қосымша құралдар қондырылуы керек;
жыл сайын суға түсу маусымы алдында шомылуға арналған су айдынының табанын тексерiп шығып тазарту керек. Су табанын тексеру және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жағажай иегерi немесе су қоймасы бекiтiлген кәсiпорындардың мiндетiне кiредi.
Су айдынын тексеру және тазарту жұмысын сүңгуiршiлер, Суда-құтқару қызметiнiң облыстық орталығымен жасасқан келiсiм шарттарға сәйкес, жүргiзедi.
2.2 Суға шомылатын орынның 1,2 - 1,3 м тереңдiгiнде су өлшейтiн шыбық шаншылады. Суға шомылатын орынның жүзу шекаралары бiр-бiрiнен 25-30 м қашықтықта және тереңдiгi 1,3 м болатын тұстан әрi 25 метрге дейiнгi жерде орналасатын сарғылтым түстi белгiлермен белгiленедi. Жүзу шекарасы кеме жолына енбеуi тиiс.
2.3 Әр жағажайдағы суға шомылатын орында жүзу бiлмейтiндер үшiн, шомылуға арналған тереңдiгi 1,2 м аспайтын айдын бет учаскелерi жасалады. Аталған учаскелер темiр арқанға бекiтiлген желiсiмен бөлiнедi немесе арнаулы қашамен қоршалады.
2.4 Жағажайларда және суға шомылатын орындарда суға секiретiн учаскелер жабдықталуы мүмкiн. Мұндай учаскелер, айдынның суға тура жағадан қауiпсiздi сүңгуге мүмкiндiк беретiн тереңдетiлген жағасы бар табиғи орындардан таңдап алынады. Ондай орындар болмаған жағдайда, сүңгудi қауiпсiздi ететiн, судың терең жерiне дейiн жететiндей ағаш көпiршелер немесе салдар орнатылады. Суға секiруге арналған учаскелерiнде су айдынының табаны мұқият зерттелiп және қауiптi көлденең заттардан тазартылу керек. Суға секiруге арналған учаскелер шамасымен жалпы суға шомылатын орыннан бiраз алшақ жерде құрылады, немесе, шеткерi жағдайда, оның бiр жағында орналастырылады.
Суға секiретiн қауiптi орындар, осы Тәртiптiң 7.4. пунктiне сәйкес арнайы белгiлермен қоршалуы қажет.
2.5 Суға түсуге тыйым салынған орындарда осы Тәртiптiң 7.4. пунктiне сәйкес "Суға түсуге болмайды" деп жазылған белгiлер орнатылуы қажет.
2.6 Жағажай аумағы жақсылап жазықталып қоршалуы қажет, жаңбыр суы ағуына жағдай болуы керек. Жағажай аумағы оңаша ерлерге, әйелдерге арналған және жалпы учаскелерге бөлiнуi мүмкiн. Жағажайларға және суға шомылу орындарына түсу қиясы жатық болуы қажет, сонда әрбiр суға түсушi адамға жағажайдың кем дегенде 2 шаршы метр ауданы жатуы керек, ал шомылатын су айдынының-кем дегенде 3 шаршы метрi.
2.7 Шомылатын су айдынының қоршаулары берiк бекiтiлуi қажет және жағамен көпiрше немесе траптармен қосылу керек, суға түсетiн сатылар жайлы да және сүйенiшi бар болуы тиiстi.
2.8 Жаға аумағынан асып тұрған шомылатын су айдынының қоршауларында қараңғы түскенде кем дегенде 2 м биiгiнде кемелер жүретiн жақтан анық көрiнетiн ашық түстi шеңберлi жарық жағылуы қажет.
2.9 Жағажайлар мен су маңындағы демалыс орындарына, әдетте, радио жүргiзiлуi және оларда мүмкiндiкке қарай телефон байланысы болуы, қалалық көлiкпен қызмет көрсетiлуi керек.
2.10 Су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда спирттiк iшiмдiктердi сатуға тыйым салынады.
2.11 Жағада, ұйымдасқан шомылу орындарында, әр 50 м сайын судан 5 м аспайтын жерлерде құтқарғыш шеңберлер мен өзге құтқару құралдары iлiнген қалқандар қойылады. Шеңберлерде "Суға батушыға лақтыр" деген жазу (шеңбердiң бiр бетiнде) және жағажайдың аты (шеңбердiң екiншi бетiнде) жазылуы керек.
2.12 Жағажайларда және су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда мiндеттi түрде алғашқы жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсету үшiн кезекшi қызметкерлерi бар үй-жай жабдықталады. Алғашқы дәрiгерлiк жәрдем пунктi суда апатқа ұшырап, жарақат алғандарға жәрдем көрсетуге қажет құралдармен, дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуi тиiс.
2.13 Әрбiр жағажайда және су маңындағы көпшiлiк орындарда кездейсоқ жағдайларды ескерту мен суда зардаптанушыларға жедел көмек көрсету үшiн жағажай иегерi немесе осы су қоймасы бекiтiлген ұйымдар өз есебiнен ведомстволық құтқару күзеттерiн шығарады, құтқару iсiн жетiк игерген құтқарушы-матростардың тұрақты кезекшiлiгiн ұйымдастырады.
Күзет ведомстволық құтқару күзеттерiнiң жабдықтау мен құру Ережелерiне сәйкес ұйымдастырылуы және жинақталуы қажет.
2.14 Жағажайларда және су маңындағы демалыс орындарында суда қауiпсiздiк сақтау үшiн ЕХЖ (ДНД) қасынан арнайы жасақшылардан (топтардан) құралған патрульдер қызмет атқарады.
2.15 Көпшiлiк суға түсетiн орындарда, жағажайларда, демалыс базалары мен жүзу әуiттерiнде қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған материалдары бар стендiлер көрнекi жерлерге жабдықталып қойылады.
Стендтерде төмендегiлер көрсетiлуi қажет:
осы Тәртiптен алынған үзiндiлер;
"Жүзудi үйрен", "Судағы құтқару әдiстерi" т.б. плакаттар;
күн астындағы ваннаны қабылдау әдiстерi мен тәртiбi туралы демалушыларға кеңес;
жел бағыты мен күшiн, су ағыны жылдамдығын су мен ауа температурасын көрсететiн тақтайша;
жақын жерде орналасқан құтқару стансасы мен милиция мекен-жайы және олардың телефон номерлерiнiң көрсеткiштерi;
жағажай аумағы мен су айдынының тереңде, қауiптi орындарын бейнелейтiн схемалық кескiнi;
жүзу сабақтар, жаттығулар, жарыстар кестелерi, оған қатысушылар мен судағы қауiпсiздiкке жауапты адамдардың тiзiмi.
2.16 Жағажай директоры мен құтқару күзетi старшинасындағы басталуы қажет құжаттар:
ескерту және шапшаң жұмыстарын тiркейтiн ведомстволық құтқару күзетiнiң вахталық журналы;
амбулаторлық журнал;
шағымдар мен ұсыныстар кiтапшасы.
2.17 Әр жағажайда, ол жұмыс iстеп тұрған уақытта, тәртiп қадағалайтын жағажай әкiмшiлiгiнiң өкiлi болуы керек. 12 жасқа дейiнгi балалар жағажайға тек ересектермен бiрге және олардың қадағалауымен жiберiледi.
2.18 Суға түсетiн орындарда және ағыстан 500 м жоғары тұстарда кiр жууға, аң-құс шомылдыруға тыйым салынады. Аң-құс шомылдыруға бөлiнген орындар осы Тәртiптiң 7.4 пунктiне сәйкес су айдыны шекарасының жағасы бойынша орналасқан белгiлерiмен көрсетiлуi қажет.
2.19 Су маңындағы көпшiлiк демалыс орындарында терi ауруы бар, мас күйiндегi және шомылатын костюмсiз немесе iш киiмсiз адамдарға суға түсуге тыйым салынады.
2.20 Суға түсушiлерге:
белгiнiң және қоршаудың сыртына жүзiп шығып кетуге;
моторлы, желкендi және өздiгiнен жүрмейтiн кемелерге, ескектi қайықтарға жақындап жүзуге;
қайықтан, катерден, тұрақ және арнайы жабдықталмаған жерлерден суға секiруге;
су қоймаларын ластауға, қоқсытпауға;
спирттiк iшiмдiктердi iшуге;
жағажайға ит және басқа да жануарларды әкелуге;
жағажайда және гардеробта қағаз, банкi, шыны және өзге қоқыстарды қалдыруға;
суда сүңгiп, шомылушыларды тартып әкететiн ойын ойнауға;
жалған дабыл соғып, айғайлауға;
тақтаймен, бөренемен, жатпамен, автомашина доңғалағының резеңкесiмен, доппен және т.б. жүзуге;
мас күйде суға түсiп, шомылуға тыйым салынады.
2.21 Биiктiгi 3 м және одан да жоғары суға секiретiн мұнаралар алаңшасына шығу нұсқаушы (бапкер) рұқсатымен және оның көзiнше жүргiзiледi.
2.22 Жүзу сабақтары кезiнде, оларды өткiзушi оқытушы (нұсқаушы, бапкер, тәрбиешi) суда адам қауiпсiздiгiн ұйымдастыруға да жауап бередi.
2.23 Топтап жүзуге үйретуде бiр уақытта үйренушiлердiң саны 10 адамнан аспауы керек, үйренушiлер тобына оқытушыдан басқа, құтқарушы мен медицина қызметкерi үнемi бақылау жасауы тиiс.
2.24 Жүзу сабақтары барлық үйренушiлермен арнайы бөлiнген орындарда ғана өткiзiлуi тиiс.
2.25 Судағы спорт түрлерiмен шұғылданушылардың баршасы құтқару әдiстерiне және зардап шегушiлерге, дәрiгерге дейiнгi алғашқы жәрдем көрсетуге үйретiлген болуы керек.
2.26 Құтқару күзетi өкiлдерiнiң судағы қауiпсiздiк шаралары туралы нұсқаулары жағажай, демалыс базасы, жүзу әуiттерiнiң әкiмшiлiктерiне және басқа да су объектiлерiне мiндеттелген болып табылады.
Тармақ 3. 3. СУДА БАЛАЛАР ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ
3. СУДА БАЛАЛАР ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Суда балалар қауiпсiздiгi, шомылу орнын дұрыс таңдау мен жабдықтау, суға түсудi жақсы ұйымдастыру, балалармен суда сақтану шаралары мен ережелерiн орындау туралы жүйеленген түсiндiру жұмысы арқылы мақсатына жетедi.
3.2 Су қоймалары жағасында немесе оларға жақын орналасқан балалардың еңбек және демалыс лагерьлерiнде және басқа да балалар мекемелерiнде суға шомылу орындары мүмкiндiгiнше құмды жатық жағада, ағымды су ағызу орындардан өзен ағыны бойынша 500 метрге және одан да жоғарыда орналасуы қажет, айлақтар, кемежайлар, бөгеттер және басқа да гидротехникалық құрылыстардан өзен ағыны бойынша 100 м төмен және де кемелер жүретiн жолдардан алшақ болуы керек. Бұл жердегi өзен ағыны жылдамдығы секундіне 0,5 метрден артық болмауы тиiсті.
3.3 Балалар шомылуға белгiленген су айдынының табаны ойықсыз, кемерсiз, қауiптi заттарсыз (тастар, қадалар, шыны, тырбиған ағаштар) 2 м тереңдiкке дейiн бiртiндеген еңiс болуы қажет. Лагерь мен шомылу маусымының ашылуы алдында су айдынының табаны сүңгуiрлер күшiмен тексерiлiп және қауiптi заттардан тазалануы керек.
Су табанын тексеру жұмыстарын жағажай, шомылатын орындар бекiтiлген мекеме, кәсiпорындардың мiндетiне кiредi және де сүңгуiр жұмыстары судақұтқару қызметiнiң облыстық орталығымен жасасқан келiсiм шарттарға сәйкес ұйымдастырылады.
3.4 Мектеп лагерi, балалар мекемесi жағажайларында суға түсетiн жерлерде 9-жасқа дейiнгi балаларды суға түсiрiп, жүзуге үйрету үшiн терендiгi 0,7 м аспайтын, сондай-ақ 9-12 жастағы және жүзе бiлмейтiн ересек балаларға арнап 1,2 метрден терең емес су учаскелерi жасалуы керек (балалардың кеудесiнiң деңгейiне дейiн). 9 жасқа дейiнгi балалардың шомылуына арналған учаскелер су бетiне шығып тұратын биiктiгi кемi 0,8 м болып келетiн қоршаумен қоршалады, ал ересек балалар үшiн, темiр арқанға бекiтiлген бiр-бiрiнен 3 м артық емес орналасқан қалтқы желiмен тартылып тасталады.
Тереңдiгi 2 м дейiн баратын жерлерде жасы 12-ден асқан жақсы жүзе бiлетiн балаларға рұқсат етiледi. Бұл тереңдiктер бiр-бiрiнен 25-30 м қашықтықта орналасқан белгiлермен қоршалады. Балалар шомылуға бөлiнген орындар, осы Тәртiптiң 7.4 пунктiне сәйкес су айдыны шекарасының жағасы бойынша орналасқан белгiлермен көрсетiлуi тиiс.
3.5 Су нысанының шомылуға бөлiнген бөлiгiнде төмен температуралы жер асты су көздерi, суды ластайтын орындар болмауы тиiс.
3.6 Балалар лагерiнiң, мекемесiнiң жағажайы белгiленген санитарлық талаптарға жауап берiп, абаттандырылып, жаға жағынан шарбақ қашамен қоршалып, қалқалармен жабдықталуы керек.
Су кесiндiсiнен 3 м қашықтықта әрбiр 25 м сайын үстiне құтқару шеңберлерi мен "Александров" түйiндерi iлiнген қалқандар орнатылуы тиiс.
3.7 Балалар лагерi аумағында сәтсiз оқиғаларды ескертетiн материалдарды бар стендтер жабдықталады. Көрнектi жерлерде "Шомылу ережелерiн" iлiп қою, су мен ауа температурасын, желдiң күшi мен бағытын көрсететiн тақтайша орнатылуы қажет.
3.8 Жағажай аумағында медициналық пункт пен күннiң көзiнен жасырынатын орындар жабдықталуы тиiс.
3.9 Балалар жағажайын ашуға оны жергiлiктi аудан, қала өкiмет органдары шешiмi бойынша суда құтқару қызметi өкiлдерiнiң қатысуымен құрылған арнаулы комиссияның тексеруiнен соң ғана рұқсат берiледi. Тексеру жөнiнде арнаулы акт жасалады.
3.10 Су маңында орналасқан әрбiр лагерь мен балалар мекемесi, осы лагерь немесе мекеме иегерi болған ұйымдар құрған ведомстволық құтқару күзеттерi болуы тиiс.
Балалардың шомылуы немесе судағы басқа да шаралар өткiзу кезiнде, құтқару шеңберi және "Александров" түйiнiмен жабдықталған құтқару қайығының патрульденуi қамтамасыз етiледi.
Ведомстволық күзеттерге көмектесуге жасақшылар да тартылуы тиiс.
3.11 Балалардың суға түсуi арнаулы жабдықталған шомылу орындары және ведомстволық құтқару күзеттерi болғанда ғана рұқсат етiледi.
3.12 Суға шомылу кезiндегi балалар қауiпсiздiгiнiң жауапкершiлiгi жүзу және құтқару жөнiндегi нұсқаушыға жүктеледi.
3.13 Балаларға шомылуға 10 адамнан аспайтын топпен бiрге, жүзе алатын ересектердiң қадағалаумен 10 минөтке рұқсат берiледi. Суға түсушiлер сапқа тұрып, өз алдарына киiмдерiн жинақтап қояды. Киiнiп болғасын, жетекшi киiмдердiң қалғаны барын тексередi.
Суға түсушi балаларды, медициналық қызметкерлер мен тәрбиешiлер үздiксiз қадағалап отыруы тиiстi. Шомылуға әдiстемелiк басшылықты құтқару және жүзу жөнiндегi нұсқаушы жасайды.
3.14 Жүзе бiлмейтiн балалардың шомылуы жүзе бiлетiн балалардан бөлек өткiзiлуi керек. Мұндай балалардың шомылуын лагерь немесе балалар мекемесiнiң жетекшiсi ұйымдастырып, бақылау жасайды.
3.15 Балалардың шомылуы алдында жағажайдың төмендегi дайындығы өткiзiледi:
отряд (топтың) суға түсу орны учаскенiң шекарасы жаға сызығы бойынша жалаушалармен белгiленедi;
қалқандарға құтқару шеңберлер, "Александров" түйiндерi және басқа құтқару құралдары iлiнедi;
құтқарушы отырған құтқару қайығы малтау сызығының сыртқы жағына шығып, одан 2-3 м қашықтықта орналасады.
3.16 Бұл шаралар аяқталуымен отрядтар өздерiнiң шомылу учаскелерiне шығарылады да, судағы тәртiп ережелерi туралы нұсқаулар алады.
3.17 Шомылу, жүзе бiлетiн және суда апатқа ұшырағандарға жәрдем көрсете алатын адамдардың қатысуымен ұйымдастырылады.
3.18 Шомылушы балаларға, қанаттардан суға сүңгуге және малту сызығы белгiлерiнен асуға тыйым салынады.
3.19 Сабақ жүргiзу ыңғайлы болуы үшiн жағалаудың суға енiп жатқан тұсынан қоршалып алаң жасалады.
Алаңда төмендегi жабдықтар мен құралдар болуы керек:
жүзу тақтайлары;
үйренушiлер санына сәйкес резеңке шеңберлер;
жүзе бiлмейтiндердi үйрету кезiнде қолдау үшiн, 2-3 сырық;
су үстiнде ұстайтын жүзу белдiктерi;
2-4 резеңке және су полосының доптары;
2-3 рупор (мегофон) немесе электр мегофоны;
үйрету әдiстемесi және жүзу техникасы бойынша оқулық плакаттары мен сабақ кестесiн көрсететiн арнаулы стенд.
3.20 Балалар суға түсiп жатқанда бүкiл жағажай аумағында:
бөгде адамдардың болуы мен шомылуына;
катерлер және қайықтар серуендеуге;
спорттық шаралар мен ойындарды өткiзуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
3.21 Жорық, серуен және экскурсия кездерiнде балалардың шомылуы үшiн түбi жайпақ, дiңгек, түбiртек, қырлы тас, балдыр мен тұнбадан таза таяз тұстар таңдалып алынады. Ондай жерлердi сүңги бiлетiн, құтқару және алғашқы жәрдем көрсету әдiстерiн игерген ересектер тауып, тексеруден өткiзедi. Шомылу аймағының шекарасы белгi, сайғақ сырықпен және өзге де бейiмделген нәрселермен белгiленiп қойылады. Шомылу ересектердiң бақылауымен, барша сақтық шараларын сақтай отырып жүргiзiледi.
3.22 Ескектi және өзi жүретiн (моторлы) шағын кемелермен серуендеуге, оларды арнаулы Мемлекеттiк инспекциясы тiркеп, нөмiр берiп және техникалық байқаудан өткiзгесін, рұқсат берiледi. Өзi жүретiн (моторлы) шағын кемелердi басқару, бекiтiлген тәртiпте оларды жүргiзу құқы куәлiгiн алған адамдарға рұқсат етiледi. 16-жасқа дейiнгi балалар ескектi шағын кемелерде тек қана ересектердiң басшылығымен серуендетiледi. Шағын кемелермен серуендеуге тыйым салынған орындар, осы Тәртiптiң 7.4 пунктiне сәйкес арнаулы белгiлермен қоршалуы қажет.
3.23 СЕРУЕНДЕУ КЕЗIНДЕ:
есiрткiмен уланған немесе мас күйiндегi адамға кеме басқаруға;
жүргiзушiлердiң кеменi басқару кезiнде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн арнаулы Мемлекеттiк инспекциясының шарттары мен мөлшерлерiн және техникалық талаптарын орындамауға;
кемеге белгiленген мөлшерден артық жүк алуға;
ересектердiң ерiп жүруiнсiз 16-жасқа дейiнгi балаларға ескектi кемелердi пайдалануға;
құтқару жилеттерiнсiз 10-жасқа дейiнгi балаларды қайыққа алуға;
кемеден суға секiруге;
кеме жүрiп келе жатқанда оның жиегiне отыруға, орын ауыстыруға, өзге кемелерге ауысып отыруға;
шомылу мен жағажай үшiн белгiленген су айдынына кiруге, сонымен қатар кеме жайларының белгiлерiне жақындап тоқтауға да тыйым салынады.
Шағын кемелер ақаусыз болуы керек, құтқару құралдарының толық жабдығы, өзге жабдықтар мен мүкәммалдар болуы тиiс.
3.24 Ұйқыға жатқызар алдында жағажай әкiмшiлiгi жағалауды сүзiп шығу үшiн, патруль бөлуге мiндеттi.
Тармақ 4. 4. ӨТКЕЛДЕРДI ҚҰРУ, КҮТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАУIПСIЗДIК ШАРАЛАРЫ
4. ӨТКЕЛДЕРДI ҚҰРУ, КҮТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАУIПСIЗДIК ШАРАЛАРЫ
4.1 МҰЗ ӨТКЕЛДЕРI
Мұз өткелдерiн ұйымдастыру және пайдалану адамдар және көлiк қозғалыстарының қауiпсiздiгiн, тасымалданатын жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету қажет.
Өткелдердiң орнын, ашылып-жабылатын уақытын, ондағы қозғалыс және жұмыс кестесiн қала, аудан әкiмшiлiктерiнен құралған комиссия анықтайды.
Өткелдерге бөлiнген орындар келесi талаптарға сай болуы керек:
өткел ауданында және маңында кәсiпорындарда пайдаланылған жылы суды төгу орындары және де жұқалау, мұз бұзуға арналған алаңдар, қауiптi жарықтар мен ажырамалар болмауы керек;
өткелде ведомстволық құтқару күзетi ұйымдастырылуы қажет;
өткелге кiреберiстегi көрнекi жерде өткелдiң аты, жұмыс уақыты және оны құру мен күтуге жауапты адамның аты-жөнi көрсетiлген жақсы көрiнетiн маңдайша жазу орналастырылады;
өткелдерге кiрер жолдар жақсы жарықтандырылуы керек, мұз жолдарының трассалары мiндеттi түрде орналастырылған жол белгiлерiмен бiр-бiрiнен 4050 м қашықтықтағы бiр жақты қозғалыста болуы қажет.
Трасса шекаралары белдiктен (осьтен) 3-5 және бiр-бiрiнен 15-20 м аралықта орналасқан сайғақтармен (қадалармен) белгiленедi. Сайғақтарға қызыл жалаулар немесе жәлемдер орнатылады.
Су қоймасының өткелге түсер аузының екi бетiне арнайы жайма тақталарға (қалқандарға) қысқы құтқару жабдықтары қойылады: мұз жарылған жағдайда алғашқы көмек көрсетуге қажеттi iлгектi таяқ, басқыш, құтқару шеңберлерi, "Александров" түйiнi, ұзындығы 5-6 м, диаметрi 120-160 мм 7-8 бөрене, сонымен қатар мұз үстiндегi қауiпсiздiк тәртiптерiне (ережелерiне) арналған плакаттар мен листовкалар, бұдан басқа жақын маңдағы құтқару стансасының, милиция органдарының және дәрiгерлiк жедел жәрдемнiң нөмiрлерi бар сiлтемелер.
көлiк қозғалысының тәртiбiн, жүк және жолаушы тасымалы нормасын, ауа райы қызметiнiң мұз ұстасу хақындағы болжамдарын, мұз көтеретiн салмақтың жоғары шегiнiң кестелерiн ескере отырып өткел әкiмшiлiгi белгiлейдi;
қозғалыс үшiн қауiптi орындарда қауiптi қозғалыс туралы ескертетiн арнайы белгiлер қойылады;
мұз өткелдерiн құруға және күтуге жауапты ұйымдар күн сайын таңертең және кешкiлiк, ал жылымық күндерi күндiзгi уақытта мұздың қалыңдығын өлшеп, оның жүк көтеру массасын белгiлеуге мiндеттi.
Мұз өлшеудi барлық трасса бойынша әсiресе, өте терең және ағыны қатты тұстарда жүргiзу керек. Мұз ерiп, салмақтан ерiп кетпеуi үшiн мұз жолының көлiк өтетiн тұсы жүйелi түрде көңнен, шөптен, қардан тазартылып, ал кiрме жолға құм, қиыршық тас төселiп отырады.
Мұздағы құтқару тәртiптерiн және алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету ережелерiн жақсы бiлетiн жауапты кезекшi тағайындау, ведомстволық құтқару күзетiнiң басқаруына от жағып жылытатын жай, қысқы құтқару құралдарының жинағын, дәрiгерлiк дәрi-дәрмек аптечкасын, байланыс құралдарын бөлу.
қоғамдық пайдалану жылымдарды, мал суаттарын күтуге және мұз дайындауға арналған учаскелер ағыны аз, өткелден алыс жерден бөлiнуi және қалқандармен, ескертiлме жазулармен, сайғақтармен қоршалануы қажет.
мұз өткелiн, тек мұз көтеру кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi қалыңдыққа жеткенде ғана ашуға болады. Мұздың жүк көтеру шамасы кестемен анықталады.
Мұз үстiнде дөңгелектi және шынжыр табанды көлiктердiң қозғалысы кезiнде машиналардың тоған ортасында шоғырлану, топтасқан аялдаулар, жұлқыну және жүрiп-тұру жағдайлары рұқсат етiлмейдi.
Дөңгелектi және шынжыр табанды машиналардың үстiндегi қозғалыс жылдамдығы 10 км/сағ-тан аспауы керек, машиналардың аралығы 50 км-ден кем болмауы, кабина есiктерi ашық болуы керек.
Көктем кезiнде немесе күн өте жылып кеткенде ауыр жүктердi су жолы арқылы түнгi, таңертеңгi аяздарда тасымалдау керек. Өткел арқылы өткiзу мұз бетiнде қызыл су жүре бастағаннан кейiн 4-5 күннен соң тоқтатылады.
өткел кезекшiсiнде болуға тиiстi:
құтқару күзетiнiң есеп жүргiзу журналы;
мұз жайы және мұздағы жағдай туралы жазба журналы;
өткел бойынша қозғалыс тәртiбiн бұзу жағдайларын тiркеу журналы;
мұздың жүк көтеру шамасын анықтайтын кесте;
тақтайша мен мұз бұрғысы;
өткелдi пайдалану тәртiбi;
шағым және ұсыныс кiтабы;
өткелдiң кiмге тиесiлiгi туралы және өткелдi жабдықтауға ондағы адамдардың өмiрiн қорғауға жауапты адамның аты-жөнi бар бұйрық көшiрмесi.
жақын маңдағы құтқару стансаларының милицияның, жедел жәрдемнiң телефондарының нөмiрлерi және мекен-жайлары.
Қатаң тыйым салынады:
мұз тоғанын арнайы белгiленбеген, тескерiлмеген тұстардан кесiп өтуге;
мұз дайындау жұмыстарын жүргiзуге, от жағуға, өткел учаскелерiнде және оған жақын жерлерде балық аулауға арналған ойықтар оюға;
су қоймасын тыйым салынған және қауiптi тұстардан кесiп өтуге рұқсат етпейтiн ескертпе қалқандары бар жерлерден кесiп өтуге;
балық аулауға мұз ұстасатын және мұз қататын алғашқы кезеңдерде жаяу адамдардың және көлiктердiң қозғалысына;
мұз үстiнде адамдардың, малдың және техниканың көптеп шоғырлануына;
мұз өткелiнiң маңында және өмiрге қауiптi жерлерде, сол сияқты мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болғанда сырғанақ тебуге, ойын алаңдарын және шаңғы жарыстарын ұйымдастыруға;
қоқыстарды, көң және басқа да қалдықтарды су қоймасының мұз жамылғысына төгуге;
құтқару құралдарын мақсатта қолдануға, ескертпе белгiлердiң орнын ауыстырып немесе оларды алып тастауға.
4.2 Су өткелдерi
Су өткелдерiн ұйымдастыруға рұқсатты жергiлiктi өкiмет органдары бередi, олар өткелдегi жұмыс ретiн, сондай-ақ жұмыс уақытын белгiлейдi.
Су өткелдерi келесi талаптарға сай болуы керек:
өткел айлағы, паром және тасымал катерi құтқару құралдарымен жабдықталуы керек, күннiң қараңғы мезгiлдерiнде оларда оттар жағылуы тиiс;
өткелдiң әр айлағында зақымданушыларға алғашқы жәрдем көрсете алатын кезекшi және құтқару мүкәммалы (құтқарушы шеңбер, "Александров түйiнi", сырық) бар құтқарушы шлюпка (қайық) тұруы тиiс;
өткел айлағына мықты ернеу жүргiзiледi. Өткелге түсетiн жер жайпақ болуы керек;
аймаққа жолаушылар мен машиналарды кiргiзiп, шығарып тұруды өткел әкiмшiлiгi жүргiзедi;
өткел аялдарында көрнекi жерлерге бекеттiң кiмге тиесiлiгi, жауапты адамы, өткелдiң жұмыс уақыты мен ретi туралы ақпарат жазылған нұсқамалар iлiнедi.
Тыйым салынады:
паромдарға, моторлы және ескектi қайықтарға жақындап жүзуге;
айғақтан, паромнан, катерден, қайықтан, шлюпкадан суға секiруге;
паром, катер, шлюпка, қайықтарға артық жүк тиеуге;
мас күйде жүзбелi құралдарды жүргiзуге;
паром мен тасымал катерi жүрiп келе жатқанда жолаушыларды тасымалдауға.
Тармақ 5. 5. Мұзда қауiпсiздiк сақтау шаралары
5. Мұзда қауiпсiздiк сақтау шаралары
5.1 Жақа түскен мұз жамылғысында коньки, шаңғы тебуге, оны кесiп өтуге тыйым салынады. Жұқа мұз осал болады да адам салмағы шыдамайды.
5.2 Мұзды арнаулы өткелдерден қиып өту керек. Егер мұндай өткелдер болмаса, онда алдымен ол жердегi мұздың берiктiгiне көз жеткiзiп алу керек. Мұздың берiктiгiн ағаш келдектi сүйменмен ұрып байқау ұсынылады. Егер мұз бiр ұрғаннан жарылып, су пайда болса, ол жерден тез арада келген iзбен керi қайту керек. Қайтар жолда алғашқы қадамдарды табанды мұздан айырмай жасау керек.
Мұз берiктiгiн аяқпен ұрып байқауға қатаң тыйым салынады.
5.3 Жағадан мұзға түспес бұрын барлық жағдайларда ең алдымен айналаға зер сала қарап, қауiпсiз тұстарды таңдай отырып, қозғалу маршрутын белгiлеп алу керек. Ең дұрысы салынған сүрлеумен жүру. Жылымық кезiнде мұзға шығу қатерлi. Бөтен тұстан, әсiресе тiк жарлардан мұзға түсуге болмайды.
5.4 Мұз үстiмен жүрген кезде сақ болу қажет, мұз айдынын зер сала қадағалап, қатерлi және күдiктi тұстарды айналып өту керек. Қалың қар жапқан алаңдардан сақтану керек - әрқашан қар астындағы мұз ашық жердегi мұздан жұқа болады.
Әсiресе, ағысы қатты, бетiне бұта, қияқ, шөп шыққан жерлерге, өзендердiң су қоймасына (бекетке) құйылатын, бастау шығатын және өнеркәсiптiк кәсiпорындардың ақаба жылы су құйылатын, мұз дайындау жұмыстары жүрiп жатқан және т. б. тұстарда абай болу керек. Қалыңдығы 7 см-ден кем емес жасылдау реңi бар мөлдiр мұздан өту бәрiнен қауiпсiз.
5.5 Мұздан топтасып өткен кезде бiр-бiрiнiң аралығы 5-6 м болып, алда келе жатқанды зер сала қадағалап қозғалу керек.
Көлемi шағын, бiрақ ауыр жүктердi тасымалдау кезiнде, олары тiрегiнiң аумағы үлкен шанаға немесе бөренеге салу қажет.
5.6 Тек арнаулы жабдықталған мұз айдындарында ғана коньки тебуге рұқсат етiледi. Егер мұз айдыны су объектiсiнде жасалса, онда сырғанауға рұқсат мұздың берiктiгiн мұқият тексергеннен кейiн ғана берiледi (мұздың қалыңдығы 10-12 см кем болмауы керек). Жаппай сырғанауға мұздың қалыңдығы 25 см кем болмаған жағдайда рұқсат берiледi.
Түнгi мезгiлде және әсiресе бөтен тұстарда мұз үстiнде жалғыз жүру және сырғанау қауiптi.
5.7 Бекеттi шаңғымен кесiп өткенде салынған шаңғы жолын қолдану ± ұсынылады. Егер тың жермен жүруге тура келсе, онда қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн шаңғының бекiткiшiн ағыту керек. Бұл қажет болған жағдайда шаңғыдан босап шығуға қажет. Таяқты қолға ұстап, iлмектi қолдан шешiп, рюкзакты бiр иықта ұстау керек. Шаңғышылар аралығы 5-6 см болуы керек. Мұз үстiндегi қозғалыс кезiнде, келе жатқан шаңғышы мұздың берiктiгiн таяқпен ± ұрып анықтап, мұз жағдайын бақылайды және т. б.
5.8 Балық аулаған кезде шағын алаңдарда көп ойық оюға, мұз үстiнде секiрiп, жүгiруге, көп болып топтасуға болмайды. Әр балықшының өзiмен бiрге бiр шетiнде салмағы 400-500 г жүк бекiтiлген, ал екiншiсiнде - iлгек бар, ұзындығы 12-15 см болатын жiп болуы керек.
5.9 Аяқ астыңыз опырыла бастаған жағдайда шапшаң және батыл қимылдау керек: қодарын кең жайып, мұз үстiнде қатты қимылдамай ұсталынып, қатты мұзға шығуға тырысу керек. Ал онан соң арқа мен немесе кеудемен жатып келген жаққа қарай, жылжи отырып, көмекке шақыруды ұмытпау керек.
5.10 Мұз астына құлап кеткен адамға көмек көрсету кезiнде оған тым жақын келу қауiптi. Зардаптанушыға қол мен аяқты жайып, еңбектеп жақындау керек. Көмек көрсету үшiн басқыш, тақтай, қалқан, сырғақ, жiп керек. Егер бұлар болмаған жағдайда екi-үш адам мұзға жатып, бiр-бiрiнiң аяғынан ұстап зардаптанушыға қарай тiзбектеле қозғалады. Ал зардаптанушыға алғашқы жеткенi, оған белбеу, киiм және т. б. бередi.
Тармақ 6. 6. Топырақ алу жұмыстары кезiнде адамдардың қауiпсiздiгiн сақтау шаралары
6. Топырақ алу жұмыстары кезiнде адамдардың қауiпсiздiгiн сақтау шаралары
6.1 Өзен, көл және өзге су нысандары жағалауына тақау тұста, әсiресе көпшiлiк суға түсетiн орындарда топырақ алу жұмыстары жергiлiктi өкiмет органдарымен, өзен пароход шаруашылығымен, құтқару қызметiмен және өзге де ынталы ұйымдармен келiсе отырып жүргiзiлуi тиiс.
6.2 Кәсiпорын, ұйым басшылары тұрғындардың көпшiлiк демалатын орындарындағы топырақ алу жұмыстары кезiнде, ол учаскелердi қоршауға мiндеттi.
6.3 Су толған қазаншұңқырларды, жұмыс аяқталғанша топырақ алуды жүргiзушi ұйымның басшысына жүктеледi.
6.4 Су толған қазаншұңқырдан топырақ алу аяқталғаннан кейiн жағалаудан 1,7 км тереңдiкке дейiнгi су табанын тегiстеу жүргiзiледi.
Көпшiлiк демалатын орындардағы шағын қазаншұңқырлар, топырақ алуды жүргiзген кәсiпорын, ұйым тарапынан бiтелуi (тегiстелуi керек).
Тармақ 7. 7. Судағы қауiпсiздiк белгiлерiнiң сипаты
7. Судағы қауiпсiздiк белгiлерiнiң сипаты
7.1 Судағы қауiпсiздiк белгiлерi су нысандары жағалауына су жиегiнде және суда жүрген азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында орнатылады.
7.2 Белгiлер әр бетi кемi 50х60 см болып келетiн тiкбұрыш пiшiндi болып келедi және ағаш тақтайдан, қалың фанерден, металл тiсемнен немесе басқа да берiк нәрседен жасалады.
7.3 Белгiлер көрнекi жерлерге орнатылады және жерге қадалған бағаналарға (ағаш, металл, темiрбетон, т. б.) бекiтiледi. Бағаналардың жер бетiнен биiктiгi кемi 2,5 м болуы керек.
7.4 Судағы қауiпсiздiк белгiлерiнiң сипаттамасы:
р/с
Белгiдегi жазу
Белгiнiң жалпы түрi
1.
Суға түсетiн орын (метрмен өлшегендегi шекарасы көрсетiледi)
Жасыл қоршауға алынады, жазу үстiнде орналасады. Төменде жүзiп келе жатқан адам бейнесi. Белгi ақ бағанға бекiтiледi
2.
Балалар суға түсетiн орын (метрмен өлшегендегi шекарасы көрсетiледi)
Жасыл қоршауға алынады. Жазу үстiнде орналасады. Төменде су iшiнде тұрған екi баланың бейнесi. Белгi ақ бағанға бекiтiледi
3.
Жануарлар суға түсетiн орын (метрмен өлшегендегi шекарасы көрсетiледi)
Жасыл қоршауға алынады. Жазу үстiнде орналасады. Төменде жүзiп келе жатқан ат бейнесi. Белгi ақ бағанға бекiтiледi
4.
Суға түсуге болмайды (метрмен өлшегендегi шекарасы көрсетiледi)
Қызыл қоршауға алынады. Жазу үстiнде. Төменде жүзiп келе жатқан адам бейнесi. Бейне жоғарыдағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi
5.
Мұз үстiмен жүруге болады
Тұтастай жасылмен боялады. Жазу ортасында ақ түстi. Белгi бағанға орнатылады
6.
Мұз үстiмен жүруге болмайды
Тұтастай қызыл түске боялады. Жазу ортасында ақ түстi. Белгi ақ бағанға орнатылады
7.
Сүңгуге болмайды
Қызыл қоршауға алынады. Жазу үстiнде төменде сүңгiп бара жатқан адам бейнесi. Бейне жоғарыдағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi
8.
Жүзбе құралдардың жүруiне болмайды
Қызыл қоршауға алынады. Жазу үстiнде. Төменде iлме моторлы шағын кеме бейнесi. Бейне жоғарыдағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Жүзiп келе жатқан адам бейнесi. Жағажайдың айдын бетiн қоршайтын белгiлермен қатар қойылады
9.
Қауiптi! Иiрiм!
Негiзгi ақ түстiң үстiнде қарамен жиектелген жасыл үшбұрыш және ортасында леп белгiсi, екi иректi көлденең сызықтармен айқара сызады. Үстiндегi жазу "Қауiптi!" Төмендегi жазу "Иiрiм!"»қарамен жиектелген. Жүзiп келе жатқан адам бейнесi. Тереңдiктiң қатты сарқырама ауданында, су азайған тұстан 5-10 м жерде
Тармақ 8. 8. Жүзбе құралдарын жалға беретiн стансаларын құру, күту және пайдалану
8. Жүзбе құралдарын жалға беретiн стансаларын құру, күту және пайдалану
8.1 Жүзбе құралдарын жалға беретiн стансаларды құруға және пайдалануға беруге мемлекеттiк санитарлық қадағалау органдарымен және суда құтқару қызметiмен алдын-ала келсе отырып аудан, қала әкiмшiлiктерi рұқсат етедi.
8.2 Жалға беретiн стансаларды құру, күту және пайдалану келесi талаптарға сай келуi тиiс:
қайық тұрағы құтқару шеңберлерiмен (тұрақ желiсiнiң әр 10 м-не бiр шеңберден), өзге құтқару құралдарымен және өрт сөндiретiн мүкәммалмен жабдықталуы керек;
жалға беретiн пункт тұрған судың айдын бетi егiнен жалдық жүзбе құралдары шығаруға болмайтын қалқама белгiлермен белгiленедi;
әрбiр жалға беру стансасының жағынан құтқаруға арналған керек-жарағы, жасақшы-құтқарушылары бар, сондай-ақ радиохабар қондырғысы орнатылған кезекшi қайыққа ие құтқару күзетi құрылады;
жалға беру стансасының кассалары мен демалушылар жайғасатын орындықтар жағада орналасады. Қайыққа мiнгiзiп-түсіретiн орын оларды күтiп тұратын жерлерден бөлек болады. Мiнгiзiп-түсiру жалға беру стансасының кезекшi-құтқарушысының бақылауымен жүргiзiледi;
жалға берiлетiн ескектi және желкендi қайықтарға су велосипедтерiне "П" әрпi және әрбiр жалға беру орнындағы есеп нөмiрiне сәйкес келетiн реттiк нөмiр берiледi;
жалға беру орындарындағы кемелердi азаматтарға беру жөнiндегi журналда кеменi қолданудағы қауiпсiздiк шараларымен қол қойып танысты деген сызық жол болуы керек. Онда кеме алушы азаматтар жалға беру пунктiнiң айдын бетiндегi ережелермен танысқаннан кейiн қол қояды;
қайықтарды және су велосипедтердi пайдаланатын адамдар, олардың жабдықтары немесе мүкәммалдары жоғалып немесе бұзылып қалған жағдайда, келтiретiн шығынның орнын толтыруға мiндеттi;
әрбiр жалға беру пункттерiнiң жағажайында көрнекi жерде iлiнiп тұру керек:
жалға беру пунктiндегi су айдынының серуендеуге рұқсат етiлген шегiнiң схемасы;
жүзбе құралдарын пайдалану тәртiбi және олардың құны;
суда адамдармен болатын сәтсiз оқиғаларды ескертетiн және алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетiлуi жайындағы плакаттар;
жақын маңдағы милиция бөлiмiнiң, құтқару стансасының және жедел жәрдемнiң телефондары мен мекен-жайлары;
жалға беру пунктiн күтетiн ұйымның аты және оның толық мекен-жай мен телефондар нөмiрi;
вахталық журнал, шағым және ұсыныс кiтабы.
8.3 Күн ұясына батуға 1 сағат қалғанда серуендейтiн қайықтарды беру тоқтатылады.
Қайықтарды жалға беруге қатаң тыйым салынады:
7-жасқа жетпеген балалары бар азаматтарға;
ертiп жүрмеген 16 жасқа дейiнгi балаларға;
мас күйiндегi адамдарға;
қайықтар мен су велосипедтерден секiруге, сүңгуге және шомылуға тыйым салынады;
жағажайда шомылуға, жағажайдың территориясы мен оған жанасып жатқан жер және су учаскелерiн ластауға;
серуендеу қайықтары мен су велосипедiнде тебуге арналған тәртiптi бұзған адамдар, оларды онан әрi пайдалану құқынан айрылады.
Тармақ 9. 9. Құтқару күзетiнiң құрамы және оның жабдықтары
9. Құтқару күзетiнiң құрамы және оның жабдықтары
р/с
Атаулары
Бiрлiк мөлшерi
Ескерту
1.
Штаттық құрам:
құтқарушы күзет бастығы жасақшы-құтқарушы
1
1-2
II.
Құрал-жабдықтар:
1.
Ескектi немесе моторлы қайық
2
борттарында "құтқарушы" деген жазу бар
2.
Құтқару шеңберлерi
2
3.
"Александровтың" лақтыру түйiндерi
2
4.
Мегафон
2
5.
Дәрi-дәрмегi бар санитарлық қолдорба (аптечка)
1
6.
Тұзақтары бар трал
1
7.
5-6 метрлi құтқару тақтайшалары
2
қысқа мерзiмге
8.
Құтқару кеудешектерi
2
9.
Сырықтар, iлгектi бақандар
2
10.
Қызыл кресi бар ақ жалау
2
Ескерту: бiр құтқару күзетi 200 метрден кем емес жүзу шегiнiң бойына қойылады.
Тармақ 10. 10. Судағы қауiпсiздiк тәртiбiн бұзған жағдайдағы, барлық меншiктегi ұйымдар мен кәсiпорындарға және жеке азаматтарға бағытталған әкiмшiлiк шаралар
10. Судағы қауiпсiздiк тәртiбiн бұзған жағдайдағы, барлық меншiктегi ұйымдар мен кәсiпорындарға және жеке азаматтарға бағытталған әкiмшiлiк шаралар
10.1 Осы тәртiптi бұзғаны үшiн әкiмшiлiк орындардың белгiленедi Осы тәртiп талаптарының орындалуына бақылау жасау жергiлiктi өкiмет органына және суда құтқару қызметiне жүктеледi.
10.2 Егерде, iстердi қарастырған кезде, мемлекеттiк суда-құтқару органдарының қызметi (лауазымды адам). Тәртiп бұзуда қылмыс белгiлерi бар екен деген тұжырымға келсе, ол материалдарды прокурорға немесе тергеу органдарына тапсырады.
10.3 Судағы қауiпсiздiк Тәртiбiн бұзған жағдайдағы белгiленген әкiмшiлiк шараларды пайдаланған кездегi заң талаптарының дұрыс орындалуына жоғарыда тұрған органдар мен мемлекеттiк суда-құтқару қызметiнiң лауазымды адамдары, прокурор қадағалау, шағымдану құқы және басқада заңмен белгiленген тәсiлдер, жүйеленген бақылау жасайды.
10.4 <*>
📌 Ескерту. 10.4 тармағы алынып тасталды - ШҚО мәслихатының 2004.09.28 N 7/91-III шешімімен.
10.5 Осы Тәртiптiң орындалуына бақылау жасау өкiлеттiлiктерiн жүзеге асыру үшiн облыстық суда-құтқару қызметiнiң лауазымды адамдарына:
меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдарға суда қауiпсiздiк талаптарын бұзу фактiлерi бойынша орындалуы мiндеттi ұйғарымдар жiберу;
көпшiлiк пайдаланатын су нысандарына, судағы көлiк құралдары мен өткелдерге келiсiм шарт негiзiнде техникалық куәландырулар жүргiзу;
<*> төртінші азатжолы алынып тасталды - ШҚО мәслихатының 2004.09.28 N 7/91-III шешімімен.
ведомстволық құтқару күзеттерiнiң iс-әрекеттерiне бақылау жасау;
штормдық ауа райы қарсаңында немесе спортшылар жаттығуға катер не моторлы қайықтың еркiн жүруiнсiз шығып кеткенде, барлық шағын кемелердi айлақ-тұрағына қайтару құқы берiледi.
құтқару қызметi өкiлдерiнiң суда қауiпсiздiк сақтау шаралары туралы нұсқаулары: жағажай, демалыс базалары, жүзу әдiстерi, басқа да су нысандары әкiмшiлiктерi үшiн, соларды пайдаланушы барлық азаматтар үшiн, шағын кемелердi жүргiзушiлер үшiн, сондай-ақ меншiктiң қай түрiне жататындығына қарамастан ұйымдардың басшыларына мiндеттi болып табылады.
10.6 Азаматтар төменде аталған қауiпсiздiк тәртiптер бұзылған жағдайда әкiмшiлiк жауапқа тартылады:
1.3 бабы. Су объектiлерiнiң жағасында орналасқан жағажайларды, балаларға арналған еңбек және демалыс лагерьлердi, демалыс базаларды, су стансаларын, мектеп және балалар мекемесiнiң шомылу орындарын және басқа да көпшiлiк демалатын орындарын, арнаулы дайындалған құтқарушы кадрлар және арнайы құралдармен жабдықталған құтқару күзеттерсiз, аумақтық суда құтқару қызметi органдарының лайықты рұқсатынсыз ашу.
Лауазымды адамдарға: бестен (5) онға (10) дейiнгi, заңды тұлғаларға: елуден (50) жүзге (100) дейiнгi төменгi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
1.10 бабы. Меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдардың басшылары халық демалатын орындарда топырақ алу, мұз ою, су объектiлердiң табанын тереңдету жұмыстарын жүргiзген кезде учаскелердi қоршап қоюға, ал жұмыс аяқталған соң су табанын тегiстеуге мiндеттi. Осы талаптарды орындамағаны үшiн лауазымды адамдарға: бестен (5) онға (10) дейiнгi заңды тұлғаларға елуден (50) жүзге (100) дейiнгi төменгi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
1.11 бабы. Су қоймалары бетiнде дербес құтқару құралдарсыз балық аулау мен аңшылық құрғаны үшiн азаматтарға бес (5) төменгi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
2.1 бабы. Арнаулы құжаттарсыз жағажай (шомылу орны) тексерiлмеген және адам өмiрiне қауiптi деп танылады да, пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Осы талаптарды орындамағаны үшiн лауазымды адамдарға: бестен (5) онға (10) дейiнгi, заңды тұлғаларға елуден (50) жүзге (100) дейiнгi төменгi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
2.5 бабы. Суға түсуге тыйым салынған орындарда "Суға түсуге болмайды"» деп жазылған белгiсi орнатылмаған жағдайда лауазымды адамдар мен заңды тұлғаларға оннан (10) жиырмаға (20) дейiнгi төмендегi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
2.10 бабы. Су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда спирттiк iшiмдiктердi саудалағаны үшiн азаматтарға бес (5), лауазымды адамдар мен заңды тұлғаларға оннан (10) жиырмаға (20) дейiнгi төменгi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
2.20 бабы. Суға түсушiлерге қойылған талаптарды орындамағаны үшiн азаматтарға бес (5) төменгi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
3.9 бабы. Арнаулы акт жасалмай балалар жағажайының жұмысын бастағаны үшiн лауазымды адамдарға: бестен (5) онға (10) дейiнгi және заңды тұлғаларға: елуден (50) жүзге (100) дейiнгi төменгi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
3.23 бабы. Ескектi және өзi жүретiн (моторлы) шағын кемелермен серуендеу ережелерiн бұзғаны үшiн азаматтарға бес (5) төменгi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
Тармақ 4
4. бабы. Өткелдердi ұйымдастыру және пайдалану талаптарын бұзғаны үшiн лауазымды адамдарға оннан (10) жиырмаға (20) дейiнгi және заңды тұлғаларға елуден (50) жүзге (100) дейiнгi төменгi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
4.1 бабы. Мұз үстiндегi қауiпсiздiк шаралары талаптарын орындамағаны үшiн азаматтарға бес (5), лауазымды адамдар мен заңды тұлғаларға оннан (10) жиырмаға (20) дейiнгi төменгi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
4.2 бабы. Су өткелдерiне қауіпсіздік шаралары талаптарын орындалмағаны үшiн азаматтарға бес (5), лауазымды адамдарға бестен (5) онға (10) дейiнгi және заңды тұлғаларға оннан (10) жиырмаға (20) дейiнгi төменгi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
8.1 бабы. Арнайы рұқсатсыз жүзбе құралдарын жалға беретiн стансаларды ұйымдастырылып пайдалануға бергенi үшiн лауазымды адамдарға оннан (10) жиырмаға (20) дейiнгi және заңды тұлғаларға елуден (50) жүзге (100) дейiнгi төмендегi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
8.2 бабы. Жүзбе құралдарын жалға беретiн стансаларды ұйымдастыруына, күтуiне және пайдалануына қойылатын талаптарды орындамағаны үшiн азаматтарға бес (5), лауазымды адамдарға бестен (5) жиырмаға (20) дейiнгi заңды тұлғаларға елуден (50) жүзге (100) дейiнгi төменгi есеп көрсеткiшi көлемiнде айып салынады.
Басқа 15. Мұздың жүк көтеру шамасын анықтайтын кесте
Облыстық мәслихаттың
1998 жылғы 17 қыркүйектегі
N 18/11 шешiмiне
N 1 қосымша
Мұздың жүк көтеру шамасын анықтайтын кесте
Жүк салмағы (тн)
Теңiз мұзының қалыңдығы
1 ден - 20 гр-қа дейiнгi ауа температурасында тұнуы мұз суының қалыңдығы (см)
Мұз жиегiне дейiнгi шегiне жеткен ара қашықтық (м)
0,1
15
10
5
0,8
25
20
11
3,5
30
25
19
6,5
45
35
25
10,0
50
40
26
20,0
70
55
30
40,0
100
95
38
Ескертулер:
Тармақ 1
1. Су тасуынан немесе жел әсерiнен деңгейiнiң көтерiлуiнен мұз бетiне су шыққан жағдайда мұзға түсетiн салмақ 50-80%-ке кемiтiлу керек.
Тармақ 2
2. Суға түсетiн салмақты есептеу кезiнде көктемде мұздың берiктiгi екi есе азаятынын ескеру қажет.
Тармақ 3
3. Енi 3-см-ден кем және тереңдiгi мұз қалыңдығының жартысынан аспайтын құрғақ шағын сызаттар болған жағдайда, мұзға түсетiн салмақ 20%-ке кемiтiлу керек.
Тармақ 4
4. Бiрнеше күндер бойы ауа температурасы - 0 гр-тан жоғары ұсталып тұрса, мұздың қажеттi қалыңдығы 25%-ке ұлғайтылды. Егер мұз қатқақ болса, оның қалыңдығын 2 есе, ал егер қатпарлы болса, онда 1,2 есе арттырады.
Мұздың жүк көтеру шамасын анықтайтын әдiс
Көлденең шамасы 30-см-дей болатын текше пiшiндес мұз кесегi ойылып алынады, сонан соң оны 2 бөлiкке жарады. Әдетте мұз екi қабаттан тұрады. Жоғарғы қабаты - сарғыштау немесе күңгiрт ақ түстес болады. Төменгi қабаты мөлдiр (көгiлдiр немесе жасылдау), жоғарғы қабатқа қарағанда, анағұрлым берiк. Осы текшеде жоғарғы және төменгi қабаттардың қалыңдығын өлшейдi. Мұнан соң мұздың төменгi қабатының құрылымы айқындалады.
Ол екi түрлi болады:
қабыршақты, сынық бетiнiң пiшiнi (формасы) дұрыс емес;
инелi, мұз тiк инеленiп қатпарланады.
Егер құрылым түрiне күмән туса, онда мұзды инелi, яғни, тым босаң деп есептеу керек. Мұз жамылғысының негiзгi мүмкiншiлiгiн анықтау кезiнде оның (мұздың) барлық өлшемдер iшiндегi ең аз қалыңдығы ескерiледi.
Мұздың есептеу қалыңдығы мына формула бойынша анықталады:
Hp = (h1 + 0,5h2)к1 х k2
Мұндағы
Hp - мұздың есептеу қалыңдығы
h1 - төменгi қабаттың есептеу қалыңдығы
h2 - жоғарғы қабаттың есептеу қалыңдығы
k1 - мұз құрылымының коэффициентi
қабыршақты құрылымда - 1ге
инелi құрылымда 2/3-ке тең
k2 - температура коэффициентi; ауа температурасы
көлден (0-ден) төмен кезде - 1-ге тең
көлден (0-ден) жоғары кезде - 4/5-ке тең
Мысалы: өзен суының ең аз қалыңдығы 45 см. Соның iшiнде төменгi мөлдiр қабатының қалыңдығы - 30 см, жоғарғы - 15 см, ауа температурасы - 10 гр, мұз құрылымы инелi.
Бұл жағдайда мұздың есептеу қалыңдығы мынаған тең болады:
Hp=(30 + 7,5)х 2/3 х 1;
H=25 см;
(h1=30; 0,5h2=7,5; к1=2/3; k2=1)
Жүк көтеру шамасын анықтайтын кестеден байқағанымыздай, мұздың мұндай қалыңдығы мен берiктiгi 3,5 тн салмақтағы жүктi көтере алады.
Басқа 20. "Азаматтардың облыс су қоймаларындағы мiндеттелген қауiпсiздiк тәртiбiн" бұзу туралы
Облыстық мәслихаттың
1998 жылғы 17 қыркүйектегі
N 18/11 шешiмiне
N 2 қосымша
"Азаматтардың облыс су қоймаларындағы мiндеттелген қауiпсiздiк тәртiбiн" бұзу туралы
ҚАУЛЫ-ХАТТАМА
199__ ж. "___" ________________
___________________________________________________________
(хаттаманы толтырған органның атауы)
____________________________________________________________
(аты-жөнi, лауазымы)
____________________________________________________________
(тәртiптiң пункттерiне сiлтемеленген бұзу мазмұны)
____________________________________________________________
Тәртiп бұзушының түсiнiктемесi: ____________________________
____________________________________________________________
ТӘРТIП БҰЗУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ
Тармақ 1
1. _________________________________________________________
(аты-жөнi, лауазымы)
Тармақ 2
2. _________________________________________________________
(мекен жайы, телефоны)
Тармақ 3
3. _________________________________________________________
(ұйымның атауы, телефоны)
Тармақ 4
4. N__________________ есеп шоты _____________________ банкi
Актiнi жасағандардың қолдары_______________________________
Тармақ 5
5. Әкiмшiлiк комиссияға 199__ ж. "___" _____ келуге мiндеттi
Тармақ 6
6. Хаттамамен таныстым ____________________________________
(тәртiп бұзушының қолы)
Әкiмшiлiк комиссиясының шешiмi:
"Азаматтардың облыс қоймаларындағы мiндеттелген қауiпсiздiк тәртiбiнiң __________________ бабы бұзылуына байланысты азамат (ша)_____________ теңге мөлшерiнде айып салынады.
Айып 199___ ж. "____" ____________ кешiктiрмей N______ есеп шотына аударылуы тиiстi.
Қаулы-хаттаманы қолыма алдым _______________________________
(қолтаңба)
____________________________________________________________
"Азаматтардың облыс су қоймаларындағы қауiпсiздiк тәртiбiн" бұзғаны үшiн алынған айып туралы
ХАБАРЛАМА
Облыстық (қала) суда-құтқару қызметiне _____________________
(аты-жөнi)
199___ж. "___" ____________ азамат (ша) ____________________
(аты-жөнi, жұмыс орны, лауазымы)
салынған ___________________________ теңге мөлшерiндегi айып,
N_______________________________ есеп шотына аударылды.
Әкiмшiлiк комиссиясының хатшысы ____________________________
(аты-жөнi, қолы)