О мерах по содействию занятости целевых групп населения Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7-баптарының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Меңдіқара ауданынын әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың мынадай тізбесі бекітілсін:
Тармақша 1
1) аз қамтылғандар;
Тармақша 2
2) 21 жасқа дейінгі жастағы жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі жастағы жастар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелейтін жалғыз, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімге, көмекке немесе қадағалауға мұқтажды болып танылған тұлғалары бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға дейін екі жыл);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарынан шығарылған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру немесе ықтиярсыз емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) ұзақ жұмыс істемейтіндер (12 айдан аса);
Тармақша 12
12) орта-арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектері;
Тармақша 13
13) жұмыссыз азаматтарды даярлау және қайта даярлау курстарының түлектері;
Тармақша 14
14) 29 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыз жастар.
Тармақ 2
2. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Плотникова) есепте тұрған халықтың нысаналы топтары ішінен жұмыссыздар үшін бар бос және еркін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға, кәсіби даярлықтан өтуге, біліктілікті арттыруға, қоғамдық жұмыстарға қатысуға, сондай-ак халықты әлеуметтік қорғаудың басқа шараларын көрсетуге бірінші кезектегі құқықты қамтамасыз етсін. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қабылданатын шаралардың ай сайынғы мониторингі жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 85 «Халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы», тіркеу нөмірі № 9-15-33, «Меңдіқара үні» аудандық газетте 2006 жылғы 20 сәуірде № 17 жарияланған, қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.