О неотложных мерах защиты населения Восточно-Казахстанской области от туберкулеза Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының халқын туберкулезден
қорғаудың шұғыл шаралары туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында туберкулез жөнiнде
эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты халықтың науқастануы мен
өлiмi күрт өстi (1998 жылғы 10 ай iшiнде 1997 жылдың тиiстi мерзiмiмен
салыстырғанда өсiм 49,1 процент болды).
"Қазақстан Республикасының халқын туберкулезден қорғаудың шұғыл
шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4
қыркүйектегi №839 Қаулысын орындау мақсатында
ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi облыстық үйлестiру кеңесiнiң
құрамы мен ережесi бекiтiлсiн (№1, 2 қосымшалар).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық басқармалар мен
комитеттер туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi облыстық Бағдарламаның
шараларын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын (N 3 қосымша).
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) бiр ай мерзiмi iшiнде жергiлiктi жерлерде туберкулезге қарсы күрес
жөнiнде үйлестiрушi кеңестер ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) 1998 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде халықты туберкулезден
қорғау жөнiнде аймақтық бағдарлама жасалып, бекiтiлсiн;
Тармақша 3
3) жергiлiктi бюджеттерде медициналық жабдықтар алуға және
туберкулезге қарсы мекемелердi күрделi жөндеуге қаражаттар бөлу көзделсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау (Андағұлов К.Б.), мемсанэпидқадағалау
(Якупов В.С.) басқармалары:
Тармақша 1
1) емдеу-профилактикалық мекемелердi қаржыландыру кезiнде басымырақ
қаржыландырудың бiр ретiнде туберкулезге қарсы қызметтi белгiлесiн;
Тармақша 2
2) барлық туберкулезге қарсы мекемелерде ерте бактериологиялық
диагностика әдiстемесi енгiзiлсiн;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдарында туберкулезге профилактика жасау
жөнiнде халық арасында санитарлық-тазалық бiлiмi кең насихатталсын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық денсаулық сақтау
басқармасына жүктелсiн және оны орындау туралы ақпарат облыс әкiмiнiң
аппаратына тоқсаннан кейiнгi айдың 10 жұлдызына дейiн тоқсан сайын
берiлсiн.
Басқа 12. Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi
облыстық үйлестiру кеңесiнiң
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
7 желтоқсан N 616
шешiмiне N 1 қосымша
Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi
облыстық үйлестiру кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысы
Т. Ибраев
Басқа 13. Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi
облыстық үйлестiру Кеңесi туралы
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
7 желтоқсан N 616
шешiмiне N 2 қосымша
Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi
облыстық үйлестiру Кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi облыстық үйлестiру Кеңесi Шығыс
Қазақстан облысының әкiмi жанындағы консультаттық-кеңестiк орган болып
табылады (бұдан былай - Кеңес).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi жанында туберкулезге қарсы күрес
жөнiнде аудандық және қалалық Кеңестер құрылады.
Тармақ 3
3. Кеңестiң құрамына бiлiм, мәдениет, денсаулық сақтау, әдiлет,
экономика, стратегиялық жоспарлау мен реформалар (келiсiм бойынша), қаржы,
iшкi iстер, ақпарат және қоғамдық келiсiм, ауыл шаруашылығы
басқармаларының өкiлдерi енедi.
Тармақ 4
4. Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi Кеңес:
- облыс қалалары мен аудандарының атқарушы органдарының, басқармалар
мен ведомстволардың туберкулезге қарсы күрестi ұйымдастыру мәселелерi
бойынша iс-қимылдарын үйлестiруге қатысады;
- денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, ветеринария, iшкi iстер және
басқа мемлекеттiк органдар мекемелерi басшыларының жергiлiктi жерлерде
туберкулезге қарсы күрестiң жағдайы туралы хабарламаларын тыңдайды,
жүргiзiлiп жатқан шараларды алдын-ала тексередi;
- облыс әкiмiнiң, қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң қарауына
туберкулезге қарсы күрестi жетiлдiру жөнiнде негiзделген ұсыныстар
енгiзедi.
Тармақ 5
5. Кеңес мәжiлiстерi тоқсан сайын жүргiзiледi. Жұмыс жоспары Кеңес
мәжiлiстерiнде бекiтiледi.
Тармақ 6
6. Кеңес жұмысын ұйымдық қамтамасыз етудi Шығыс Қазақстан облыстық
денсаулық сақтау басқармасы жүзеге асырады.
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмi аппаратының басшысы
Т. Ибраев
Басқа 20. "Қазақстан Республикасының халқын туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi
№839 Қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
7 желтоқсан N 616
шешiмiне N 3 қосымша
"Қазақстан Республикасының халқын туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi
№839 Қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi
БАҒДАРЛАМА
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмiнiң аппарат басшысы
Т. Ибраев