О проведении приписки граждан к призывному участку отдела по делам обороны Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесінде азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17- бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығына (келісім бойынша) 1990-жылы туған, сонымен қатар, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесінде тіркелмеген, жасы үлкен азаматтарды тіркеу 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық тіркеу жөніндегі комиссия мына құрамда құрылсын: Кеженев Жамбыл Маратұлы - қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы; Асаинов Руслан Биржанұлы - бас маман, аудан әкімі орынбасарының көмекшісі, комиссия төрағасының орынбасары. Комиссия мүшелері: Темірбеков Қайрат Сабырұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің қызмет жөнінен орынбасары; Мүсетаев Ерлан Әскейұлы - аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі, медициналық комиссияның төрағасы; Попова Оксана Николаевна - аудандық орталық ауруханасының медициналық аға бибісі, комиссия хатшысы. Резервтегі құрамы: Радченко Юрий Иванович - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісім және шақырту бойынша әскери қызметшілерді қабылдау бөлімшесінің бастығы, комиссиянын төрағасы; Жакин Сәбит Жеңісұлы - аудан әкімі аппараты жетекшісінің міндет атқарушы, комиссия торағасының орынбасары. Комиссия мүшелері: Қашағанов Қайрат Тасболатұлы - аудандық ішкі істер болімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары; Жолжанов Аян Үсенұлы - аудандық орталық аурухананың хирургі, медициналық комиссияның торағасы; Нүртазина Гүлнәр Баймолдақызы - аудандық орталық аурухананың салауатты омір сүру жөніндегі медбибісі.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) аудандық тіркеу жоніндегі комиссияны қажетті көлемде орта буынды медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етсін, шақыртылған азаматтарды стационарлық тексерістен откізу ушін аудандық ауруханадан орын болсін, шақырту пункітін қажетінше медициналық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықтасын.
Тармақ 4
4. Жас өспірімдерді шақырту учаскесінде тіркеу Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ғимаратында жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Селолық округ әкімдеріне, ауданның білім бөлімінің бастығына 1990 сылы туған, сонымен қатар, жасы үлкен тіркеуден өтпеген барлық азаматтарды шақырту қағазында көрсетілген қажетті құжаттарымен тіркеуге келуін ұйымды және уақытында қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша): қосымшаға сәйкес Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесіне 1990 жылы туған азаматтарды тіркеуді қамтамасыз етуі үшін техникалық қызметшілерді жұмысқа тартсын; әскери міндетінен жалтарғандардың және әскери бөлімдерін өз еріктерімен тастап кеткендердің жауапкершіліктері жөнінде шақырылушылардың алдында баяндама циклдарымен қамтамасыз етсін; аудан әкіміне тіркеуді жүргізудің қорытындысы жөнінде 2007 жылдың 1 сәуіріне ақпарат тапсырсын.
Тармақ 7
7. «Жамбыл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 44 - бабының негізінде көрсетілген шаралардың орындалуына байланысты шығындар жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөнінен орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 9
9. «Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту учаскесінде азаматтарды тіркеуді жүргізү туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсаңдағы № 263 қаулысының (Мемлекеттік тіркеу нөмірі 13-7-9, «Ауыл -Арайы - Сельская новь» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы 56 нөмірі, 2006 жылғы 24 ақпан 10 нөмірі) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Аудан әкімінің қаулысы ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Келісілген: «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері С.Таңатаров 30.11.2006 ж. «Жамбыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Кеженев 30.11.2006 ж. «Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Құтүшев 30.11.2006 ж.
Басқа 11. Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесіне 1990 жылы туған, сонымен қатар тіркелмеген, жасы үлкен азаматтарды тіркеуді қамтамасыз ету үшін жұмысқа тартылатын техникалық қызметшілердің ТІЗІМІ
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 296 қаулысына қосымша Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесіне 1990 жылы туған, сонымен қатар тіркелмеген, жасы үлкен азаматтарды тіркеуді қамтамасыз ету үшін жұмысқа тартылатын техникалық қызметшілердің ТІЗІМІ № Атаулары Адамның саны Кәсіпорындардың атауы 1 Техникалық қызметшілер 3 Еңбек рыногі 2 Автобус жүргізушісі 1 Еңбек рыногі