О культуре Қолданыста
Басқа 0
Мәдениет туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірме – педагог, тәлімгер, мәдениет қызметкері немесе шығармашыл қызметкер өткізетін, тұрақты негізде ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған сабақ;
Тармақша 1-1
1-1) баспа өнімі – мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;
Тармақша 1-2
Тармақша 1-3
Тармақша 1-4
1-4) басылымның міндетті тегін данасы – редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар және осы Заңда айқындалатын мәдениет ұйымдарына өтеусіз негізде берілуге жататын қағаз жеткізгіштегі және (немесе) электрондық нысандағы басылым (мәтіндік, ноталық, картографиялық, бейнелеу басылымы) данасы;
Тармақша 1-5
1-5) көркем құндылықтар – шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;
Тармақша 2
2) көтермелеудің салалық жүйесі - саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерін моральдық ынталандыру нысаны;
Тармақша 2-1
2-1) креативті индустриялар – жеке және заңды тұлғалардың креативті қызметі нәтижелерін жасау, шығару, қайта жаңғырту және жаппай тарату жөніндегі индустриялар;
Тармақша 2-2
2-2) креативті индустриялар жұмыскері – кәсіби қызметі креативті қызмет нәтижелерін сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен байланысты жеке тұлға;
Тармақша 2-3
2-3) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімі – креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын тиімді көрсету мақсатында уәкілетті орган әкімшілендіретін, креативті индустриялар субъектілерін тіркеуге және есепке алуға арналған онлайн-платформа;
Тармақша 2-4
2-4) креативті индустриялар субъектісі – креативті қызметке қатысатын, креативті қызмет нәтижелерін жасауды, шығаруды, қайта жаңғыртуды, жаппай таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2-5
2-5) креативті қызмет – шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға байланысты экономикалық қызмет түрлері;
Тармақша 2-6
2-6) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы – Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған
цифрлық ресурс;
Тармақша 2-7
2-7) Қазақстан Республикасының баспасөз архиві (бұдан әрі – баспасөз архиві) – Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорындағы баспа өнімінің жиынтығы;
Тармақша 2-8
2-8) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсiнiктер мен пайымдардың нысандары, бiлiм мен дағдылар, сондай-ақ оларға байланысты құралдар, заттар;
Тармақша 2-9
2-9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогы – Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтер қамтылған
цифрлық ресурс;
Тармақша 2-10
2-10) Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталықтары – Қазақстан Республикасының мәдени құндылықтарын дамыту және тарату мәселелері бойынша өзара іс-қимылды білім беру, ғылыми және мәдени әлеуетін пайдаланып жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттік маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы;
Тармақша 3-1
3-1) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы – қазақстандық кітапханалардың, музейлер мен архивтердің қорларын сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның тарихи, ғылыми және мәдени мұрасына пайдаланушылардың
цифрлық технологиялар арқылы еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік
цифрлық жүйе;
Тармақша 3-2
3-2) қазақ тілінің үлкен тілдік моделі – қазақ тіліндегі мәтіндерді кейіннен өңдеу, генерациялау және талдау үшін мәтіндік деректердің үлкен көлемінде оқытылған жасанды нейрондық желі;
Тармақша 3-3
3-3) қазақ тілінің сөздік қоры – тіл нормасына сәйкес келетін, лексикалық-орфографиялық, терминологиялық, ономастикалық және басқа да сөздіктерде, анықтамалықтарда, Қазақ тілінің ұлттық корпусында қамтылған сөздердің, терминдер мен сөз тіркестерінің жиынтығы, тілді мәдени құндылық ретінде сақтау құралы;
Тармақша 3-4
3-4) Қазақ тілінің ұлттық корпусы – қазақ тілінің барлық стилі мен жанрындағы мәтіндерді қамтитын, іздеу жүйесімен және мәтінмен жұмыс істеудің басқа да құралдарымен жарақтандырылған ақпараттық-анықтамалық жүйе;
Тармақша 3-5
3-5) Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры – қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділік беретін және ондағы ақпараттың
цифрлық технологиялар арқылы өңделуін қамтамасыз ететін мемлекеттік
цифрлық жүйе;
Тармақша 3-6
3-6) қоғамдық маңызы бар әдебиет – қоғамның рухани-білім және зияткерлік-мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған өзекті шығармалар;
Тармақша 3-7
3-7) қоюшы (қоюшы режиссер, қоюшы балетмейстер, қоюшы суретші) (бұдан әрі – қоюшы) – дербес көркемдік шешім негізінде театр, цирк немесе өзге де өнер туындыларының қойылымын жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 3-8
3-8) материалдық емес мәдени мұраны қорғау – материалдық емес мәдени мұраның сәйкестендірілуін, құжаттандырылуын, зерттелуін, сақталуын, қорғалуын, танымал етілуін, рөлiнің артуын, сондай-ақ жаңғыртылуын қоса алғанда, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдау;
Тармақша 3-9
3-9) Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесі – Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұрасының мәдени құндылықтар тізбесі;
Тармақша 3-10
3-10) мәдени-бұқаралық іс-шара – халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге, оның рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған мәдени іс-шара;
Тармақша 4
4) мәдениет – жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мәдени құндылықтар жиынтығы;
Тармақша 5
5) мәдениет қызметкері - кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам;
Тармақша 6
6) мәдениет саласындағы әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар – халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдар, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi iс-шаралар;
Тармақша 7
7) мәдениет саласындағы қызмет – мәдени қызмет субъектілерінің мәдени құндылықтарды жасау, жаңғырту, сақтау, қорғау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының азаматтарын тарту жөніндегі қызметі;
Тармақша 8
8) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат - мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға бағытталған, мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар кешені;
Тармақша 9
9) мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 10
10) мәдениет ұйымдары - қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;
Тармақша 11
11) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау - мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
Тармақша 12
12) мәдени құндылықтар – тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар, зайырлы және діни сипаттағы материалдық және материалдық емес құндылықтар;
Тармақша 12-1
12-1) мәдени қызмет субъектілері – мәдениет саласындағы қызметке қатысатын мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 12-2
12-2) мәдени іс-шара – мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға байланысты, жеке адамның жарасымды дамуына, әрбір адамның патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шара;
Тармақша 12-3
12-3) мемлекеттік музей қоры (бұдан әрі – музей қоры) – мемлекеттік музейлер, әртүрлі бейіндегі музейлер, оның ішінде музей-қорықтар мен жеке коллекциялар музейлері қорларындағы, сондай-ақ мәдени құндылықтарды сақтауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардағы мәдени құндылықтар туралы мәліметтер жиынтығы;
Тармақша 13
13) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс – мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін мәдениет саласында көрсетілетін қызметтер көлемі;
Тармақша 13-1
13-1) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер үшін балалар мен жасөспірімдерге мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі;
Тармақша 13-2
13-2) музей дерекқоры – музей заттары мен музей коллекцияларының мемлекеттік есепке алынуын қамтамасыз ететін, музей жинағына кіретін және Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген әрбір музей заты мен музей коллекциясы туралы мәліметтердің жиынтығы;
Тармақша 13-3
13-3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған орындарда өткізілетін және осы іс-шарада екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін мәдени-бұқаралық іс-шара;
Тармақша 13-4
13-4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге ыңғайластырылған объектілер мен құрылыстар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы жасалмаған өзге де орындар (стадиондар, спорт сарайлары, ипподромдар, демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер);
Тармақша 13-5
13-5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақыт – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап іс-шаралар аяқталғанға және осы орындардан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт;
Тармақша 13-6
13-6) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы – бастамасы бойынша ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 13-7
13-7) сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер – шақырушы мәдениет ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмайтын шығармашыл қызметкерлер;
Тармақша 13-8
13-8) театрлық қойылым – театр өнерінің драмалық, музыкалық-драмалық немесе әдеби шығармалар негізінде жасалған, көркем ойы мен нақты атауы бар туындысы;
Тармақша 14
14) ұлттық мәдени игілік – ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәні бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтар;
Тармақша 15
15) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі - тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, ұстау, қалпына келтіру, қорғау және пайдалану жөнінде мемлекет қабылдайтын шаралар;
Тармақша 16
16) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) - ел тарихы мен мәдениеті үшін айрықша мәні бар ұлттық - мәдени игіліктің тізбесі;
Тармақша 16-1
Тармақша 16-2
Тармақша 16-3
Тармақша 16-4
Тармақша 16-5
Тармақша 16-6
Тармақша 16-7
Тармақша 17
17) шығармашыл қызметкер - кәсіби немесе әуесқой шығармашылық қызметі көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған жеке адам;
Тармақша 18
18) шығармашылық қызмет - кез келген нысанда және кез келген тәсілмен көркем құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған қызмет;
Тармақша 18-1
18-1) шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру – кіріс алуға бағытталған, жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, шығармашылық қызмет нәтижелерін іс жүзінде қолдануға байланысты қызмет;
Тармақша 19
19) шығармашылық одақ - мәдениеттің бір немесе бірнеше жанры кәсіби шығармашыл қызметкерлерінің өздерінің жеке мүшелігі негізінде құрылатын қоғамдық бірлестігі.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Бап 3. 3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттары
3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттары
Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі
қағидаттары:
Тармақша 1
1)
мәдениетті және креативті индустрияларды мемлекеттік қолдау, Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдениет саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 4
4) тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) қазақтың ұлттық мәдениетінің тұтастығын сақтау және өзара байыту факторларының бірі ретінде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту;
Тармақша 6
6) қазақ халқының және этностық диаспоралардың тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту және молайту үшін құқықтық кепілдіктер жасау;
Тармақша 7
7) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 8
8) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 9
9) мәдени
және креативті қызмет субъектілері арасында бәсекелес ортаны қалыптастыру;
Тармақша 10
10) Қазақстан халқы мәдениетінің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету;
Тармақша 10-1
10-1) креативті қызметтен нәтижелер алуға, оның ішінде кіріс алуға тартылған тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдік беру;
Тармақша 10-2
10-2) мәдениетті, шығармашылықты, білімді, ғылымды, өндірісті және даму институттарын интеграциялау;
Тармақша 11
11) мәдени құндылықтарды сақтау, қорғау және дамыту үшін қазіргі заманғы инновациялық және ақпараттық технологияларды ендіру болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері
4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері
Тармақ 1
1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан халқының мәдениетін қайта жаңғыртуға, сақтап қалуға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау;
Тармақша 3
3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) халыққа мәдени қызмет көрсетудің мемлекеттік ең төмен стандарттарын белгілеу;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
Тармақша 7
7) дарынды адамдарды қолдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау;
Тармақша 9
9) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуі мен әкелінуіне, оларға меншік иесі құқығының заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға қатысты шараларды қабылдау;
Тармақша 10
10) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шет елдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелікті қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) мәдениет саласында ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қолдау;
Тармақша 13
13) Қазақстан халқының ұлттық мәдени игілігі мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ оларды қолдау.
Тармақша 14
14) отандық әдебиет пен кітап басып шығаруды дамыту.
Тарау 2. 2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Бап 5. 5-бап. Мәдениет саласындағы қызметті мемлекеттік басқару
5-бап. Мәдениет саласындағы қызметті мемлекеттік басқару
Тармақ 1
1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) мәдениет, креативті индустриялар, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 1-1
1-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарын бекітеді;
Тармақша 1-2
Тармақша 1-3
1-3) креативті индустрияны дамытуға жәрдем көрсететін заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 1-4
1-4) Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталықтарын қаржыландыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 8
8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде шешім қабылдайды;
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 10
Тармақша 11
11) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 14
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 15
Бап 7. 7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 1-1
1-1) мәдениет
және креативті индустриялар саласында жергiлiктi атқарушы
органдардың қызметін үйлестіруді және оған
әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 1-2
1-2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет, креативті индустриялар, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 1-3
1-3) мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру тәртібі мен қағидаларын белгілейді;
Тармақша 2
2) мәдениет саласында ғылыми бағдарламалар әзірлейді, бекітеді және іске асырады;
Тармақша 3
Тармақша 3-1
Тармақша 3-2
3-2) шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 3-3
3-3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарын әзірлейді;
Тармақша 3-4
3-4) креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін
әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3-5
3-5) креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 6-1
6-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізеді;
Тармақша 7
7) театр, музыка өнерін, кітапхана және музей ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
Тармақша 9-1
9-1) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 9-2
9-2) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді және оны іріктеу өлшемшарттарын белгілейді;
Тармақша 9-3
Тармақша 9-4
9-4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-5
9-5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын және мемлекеттiк наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды наградтау туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 10-1
10-1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 11
11) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11-1
11-1) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын
айқындайды;
Тармақша 12
12) шығармашылық қызметтің
және креативті индустриялардың түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындайды;
Тармақша 12-1
12-1) республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережелерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 14
14) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 15
15) мемлекеттік мәдениет ұйымдары мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 15-1
15-1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 15-2
15-2) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілейді;
Тармақша 16
16) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 17
17) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастырады;
Тармақша 17-1
17-1) мәдениет саласында ғылыми-зерттеулерді ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асырады және үйлестіреді;
Тармақша 18-1
18-1) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін енгізу туралы өтінімдер жібереді;
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекітеді;
Тармақша 20-1
20-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 20-2
20-2) Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қолжетімділікті ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 21
21) мәдениет
және креативті индустриялар мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады және ол туралы ережені бекітеді;
Тармақша 21-1
Тармақша 22
22) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 23
23) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені бекітеді;
Тармақша 23-1
23-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
Тармақша 23-2
23-2) мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекітеді;
Тармақша 23-3
Тармақша 23-4
23-4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 23-5
Тармақша 23-6
23-6) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 23-7
23-7) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;
Тармақша 23-8
Тармақша 23-9
23-9) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 23-10
23-10) жеңімпаздарына мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 23-11
23-11) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
Тармақша 24
24) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 25
25) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді, мәдениет
және креативті индустриялар мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 26
26) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіреді;
Тармақша 28
28) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 29
Тармақша 30
30) отандастармен мәдени байланыстардың дамуына жәрдемдеседі;
Тармақша 31
Тармақша 32
Тармақша 33
33) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 33-1
33-1) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
Тармақша 33-2
33-2) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 35
Тармақша 35-1
35-1) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін,
географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын
қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiленімдерді тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі,
географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары
ретінде пайдалану үшін келiседi не келiсуден бас тартады;
Тармақша 35-2
Тармақша 35-3
Тармақша 35-4
Тармақша 35-5
Тармақша 35-6
35-6) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35-7
35-7) мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлейді және оларды жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 35-8
Тармақша 35-9
Тармақша 35-10
35-10) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35-11
35-11) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35-12
35-12) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35-13
35-13) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35-14
Тармақша 35-15
35-15) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35-16
35-16) мемлекеттік қоса қаржыландыру жағдайында креативті индустриялар саласындағы жобаларға жеке инвестицияларды тартудың мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 36
36) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де
өкілеттіктерді
жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті
8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 1-1
1-1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 1-2
1-2) креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;
Тармақша 2-1
2-1) отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 2-2
2-2) мәдениет және білім беру ұйымдарында кітапхана қорын дамыту және сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды;
Тармақша 3
3) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 4-1
4-1) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің
және креативті индустриялардың түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
Тармақша 4-2
4-2) өңірлік көркемдік кеңестер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;
Тармақша 7
7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет, креативті индустриялар ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
Тармақша 8
8) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 10-1
10-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 11
11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
Тармақша 12
12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 13-1
13-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
Тармақша 14
14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;
Тармақша 14-1
14-1) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 14-2
14-2) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 14-3
14-3) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14-4
14-4) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 14-5
14-5) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 14-6
14-6) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14-7
14-7) креативті индустриялар саласында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өзін-өзі жетілдіру және таланттарды дамыту үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 15
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті
9-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:
Тармақша 1
1) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;
Тармақша 1-1
1-1) театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;
Тармақша 1-2
1-2) кітапхана қорын сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды;
Тармақша 2
2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 5
5) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
Тармақша 8-1
8-1) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 8-2
8-2) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8-3
8-3) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8-4
8-4) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;
Тармақша 8-5
8-5) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 9
9) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;
Тармақша 10
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9-1. 9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібі
9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 1
1. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 2
2. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық ішкі істер органдары мен мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 3
3. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құрады, олар осы іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатыстырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
Тармақ 4
4. Жеке тұлғалар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күрделендіретін құрылыстарды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын, оның ішінде мiнберлердің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбер астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың орналастырылуы, авариялық жарық берудің және эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде бұзушылықтар, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздік жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ішкі істер органдары не халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган енгізетін ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салады.
Тармақ 4-1
4-1. Телевизиялық жазбаларды және концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған өзге де орындарды қоспағанда, концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ұйымдастырушылардың, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың дауыс (вокалды) фонограммаларын пайдалануына тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалардың қауіпсіздігі, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде олардағы мүліктің сақталуы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;
Тармақша 2
2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындармен шекаралас аумақтың абаттандырылуы бұзылған жағдайда, оны қалпына келтіруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей – көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын – сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарға хабар беруге;
Тармақша 4
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда көрермендердің жүріс-тұрыс қағидаларын орналастыруға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа
бас ұруды, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны
насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған мораль мен имандылық нормаларына қайшы келетін контентті пайдаланбауға;
Тармақша 6
6) әртістермен жасалған шарттар негізінде ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізгенге дейін және оларды өткізу уақытында көрермендермен қарым-қатынас кезінде олардың тиісті мінез-құлқын, оның ішінде нормативтік емес лексикадан, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынудан көрінуі мүмкін олардың аморалдық, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу уақытында музыкалық туындыларды орындау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша оларды өткізуге міндетті.
Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 6
6. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтiрілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.
Тармақ 7
7. Әндер, пьесалар, әзіл-сықақ монологтары, концерттік бағдарламалар, сондай-ақ концерттік және театрландырылған іс-шаралар сценарийлері мәтіндерінің мазмұнында осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында көзделген белгілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады немесе оларды өткізу тоқтатыла тұрады.
Тарау 3. 3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бап 10. 10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық қызметке құқықтары
10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық қызметке құқықтары
Тармақ 1
1. Азаматтардың өз қабілеттеріне сай бұл қабілетін жұмсау саласын, іске асыру нысандарын өздігінен таңдау және кәсіби білім алу жолымен шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.
Шығармашылық қызметпен айналысу кәсіби негізде де, кәсіби емес (әуесқой) негізде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мәдени құндылықтарға баулу құқығы қамтамасыз етіледі. Осы құқықтың шектелуі ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимімен ғана айқындалуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашыл қызметкерлер
мен креативті индустриялар жұмыскерлері зияткерлік меншік, өз еңбегінің нәтижелеріне иелік ету еркіндігі, мемлекеттің қолдауы құқықтары саласында тең құқылы.
Азаматтардың кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашылық
және креативті қызметі ұжымдық немесе жеке негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Әрбір азаматтың мәдени құндылықтардың меншік иесі болуға құқығы бар. Жеке меншікті алу, пайдалану және оған иелік ету Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Тармақ 5
5. Әрбір азаматтың өзінің шығармашылық
және креативті қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдерге шығарып, көрмелер ұйымдастыруға немесе өзге де жолдармен ұсынуға және іске асыруға құқығы бар.
Бап 11. 11-бап. Жеке тұлғалардың мәдениет саласындағы құқықтары мен міндеттері
11-бап. Жеке тұлғалардың мәдениет саласындағы құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалардың ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін кезде әртүрлі нышанды және жеке-дара пікірін жария білдірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құралдарын пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
Тармақша 2
2) мәдени құндылықтарды сақтауға қамқорлық жасауға;
Тармақша 3
3) қазақ халқының және этностық топтардың ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді құрметтеуге;
Тармақша 4
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар және мәдениет саласындағы өзге де іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға;
Тармақша 5
5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті бұзуға арандататын әрекеттерге жол бермеуге, айналадағыларға қауіп туғызатын құқыққа қарсы акциялар
жасамауға;
Тармақша 6
6) масс-медиада немесе онлайн-платформаларда авторлық құқық объектілері болып табылатын туындыларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен кез келген жария пайдалану кезінде олардың авторын (авторларын) атап көрсетуге міндетті.
Тармақ 3
3. Жеке тұлғаларға:
Тармақша 1
1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіруге;
Тармақша 2
2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта сахналарға, ареналарға, төсеніштерге, оркестр ұраларына, сондай-ақ көрермендер орналасқан орындарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген заттарды лақтыруға;
Тармақша 3
3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта шарбақтар мен қоршаулардың, турникеттердің шегінен өз бетімен шығуға;
Тармақша 4
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалануға тыйым салынады.
Бап 12. 12-бап. Мемлекеттің азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
12-бап. Мемлекеттің азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
Тармақ 1
1. Мемлекет мәдени өмірге қатысу, мәдени құндылықтарға қол жеткізу, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша білім алу құқықтарын қамтамасыз ету жолымен азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарына кепілдік береді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар бұқаралық ақпарат құралдарында және мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етеді.
Бап 12-1. 12-1-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
12-1-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтерінің қолжетімді болуын қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты және мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени, мәдени-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘСІБИ ЕМЕС (ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘСІБИ ЕМЕС (ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Бап 13. 13-бап. Шығармашыл қызметкердің мәртебесі
13-бап. Шығармашыл қызметкердің мәртебесі
Бап 14. 14-бап. Шығармашыл қызметкердің, мәдениет қызметкерінің және креативті индустриялар жұмыскерінің құқықтары мен міндеттері
14-бап. Шығармашыл қызметкердің, мәдениет қызметкерінің және креативті индустриялар жұмыскерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Шығармашыл қызметкердің:
Тармақша 1
1) жария етілуі немесе жоғалуы өзінің шығармашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін ақпаратты қорғауға;
Тармақша 2
2) өз қызметіне үшінші тұлғаларды тартуға;
Тармақша 3
3) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуға;
Тармақша 4
4) шығармашылық және кәсіби мүдделері бойынша қоғамдық бірлестіктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кіруге;
Тармақша 5
5) шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін архивтерге, кітапханаларға, музейлерге және басқа да мәдениет ұйымдарына кіруге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы табыстары үшін көтермеленуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мәдениет қызметкерінің:
Тармақша 1
1) кәсіптік, шығармашылық одақтарға және басқа да қоғамдық бірлестіктерге кіруге;
Тармақша 2
2) кәсіби қызметін, оның ішінде қайырымдылық көмекті тарту есебінен де жүзеге асыру үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне;
Тармақша 3
3) егер мемлекеттік емес мәдениет ұйымының қызметкері болса, мемлекеттік бюджет немесе жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік бюджеттің немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайта даярлықтан өтуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақыға және үстемеақыға;
Тармақша 6
6) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ, мемлекеттің мәдениет саласындағы міндеттерін шешуге қатысуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы табыстары үшін көтермеленуге құқығы бар.
Мәдениет ұйымы мәдениет қызметкерінің атқарып отырған лауазымы бойынша санатын жоғарылату мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге құқығы бар.
Тармақ 2-1
2-1. Креативті индустриялар жұмыскерінің:
Тармақша 1
1) жария етілуі немесе жоғалуы өзінің креативті қызметті жүзеге асыруға байланысты мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін ақпараттың қорғалуына;
Тармақша 2
2) өз қызметіне үшінші тұлғаларды тартуға;
Тармақша 3
3) шығармашылық және кәсіптік мүдделері бойынша қоғамдық бірлестіктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кіруге;
Тармақша 4
4) креативті қызметті жүзеге асыру үшін архивтерге, кітапханаларға, музейлерге және басқа да мәдениет ұйымдарына кіруге құқығы бар.
Тармақ 3
3. Шығармашыл қызметкер, мәдениет қызметкері және креативті индустриялар жұмыскері өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
Бап 15. 15-бап. Шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау
15-бап. Шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау
Тармақ 1
1. Қызметі зиянды (айрықша зиянды) еңбек жағдайларымен, қатерге бас тігумен және кәсіптік аурулар қаупімен байланысты шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және сақтандыру, сондай-ақ оларды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында
уәкілетті орган
айқындаған тәртіппен мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тағайындалады.
Тармақ 3
3. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін қолдау мақсатында тиісті бюджеттер қаражатының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттың есебінен гранттар тағайындай алады.
Тармақ 4
4. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары шығармашыл қызметкерлерге, шығармашыл қызметкерлердің ұжымдарына студиялар, шеберханалар, зертханалар және шығармашылық қызметке қажет өзге де жұмыс орындары үшін үй-жайлар беруге ықпал етеді.
Бап 15-1. 15-1-бап. Кәсібінің өзіндік ерекшелігі бар мәдениет ұйымдары әртістерін мемлекеттік әлеуметтік қолдау
15-1-бап. Кәсібінің өзіндік ерекшелігі бар мәдениет ұйымдары әртістерін мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Тармақ 1
1. Мемлекет мәдениет ұйымдарының балет әртістерін балет әртісі лауазымындағы бір жұмыс орнынан соңғы үш жылдағы балет әртісінің орташа айлық жалақысының алпыс пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 109 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік қолдауды жүзеге асырады.
Ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерден Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген мөлшерде және тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары ұстап қалынады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
Тармақ 2
2. Кемінде жиырма жыл кәсіптік еңбек қызмет өтілі болған кезде, балет әртісі ретінде кәсіптік қызметін тоқтатқан мәдениет ұйымдары балет әртістерінің ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді алуға құқығы бар.
«Балет әртісі» біліктілігі берілген тиісті хореографиялық білімі бар, лауазымдық міндеттеріне хореографиялық партияларды орындау кіретін және кәсіби ұжымдарда, опера және балет театрларында, музыкалық және музыкалық-драмалық театрлар мен концерттік ұйымдарда штаттық кестеге сәйкес «балет әртісі» лауазымын атқаратын әртіс балет әртісі болып табылады.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді жүзеге асыру тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 16. 16-бап. Шығармашылық одақтар
16-бап. Шығармашылық одақтар
Тармақ 1
1. Мәдениет саласындағы бірлескен күш-жігерді талап ететін шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін ерікті негізде шығармашылық одақтар құрылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында республикалық, өңірлік және жергілікті шығармашылық одақтар құрылып, жұмыс істеуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы облыстарының тең жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар шығармашылық одақ республикалық деп танылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар шығармашылық одақтар өңірлік деп танылады.
Тармақ 5
5. Қызметі бір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана аумағында жүзеге асырылатын шығармашылық одақтар жергілікті шығармашылық одақтар деп танылады.
Тармақ 5-1
5-1. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 6
6. Шығармашылық одақтардың халықаралық шығармашылық ұйымдармен қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттарымен реттеледі.
Тармақ 7
7. Шығармашылық одақтарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 17. 17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелік
17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелік
Тармақ 1
1. Шығармашылық одақтың жарғысында белгіленген талаптарға сай келетін шығармашыл қызметкердің шығармашылық одаққа кіруге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Шығармашылық одақтың жарғысында кандидаттарға және мүшелерге қойылатын талаптар азаматтардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарына нұқсан келтірмеуге, олардың құрамына тиісті шығармашылық кәсіптердің неғұрлым білікті өкілдерінің бірігуіне, олардың кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал етуге тиіс.
Бап 17-1. 17-1-бап. Шығармашылық бастамаларды қолдау қорлары
17-1-бап. Шығармашылық бастамаларды қолдау қорлары
Шығармашылық одақтарды, шығармашылық қызметкерлерін, талантты жастарды қолдау және ілгерілету мақсатында шығармашылық бастамаларды қолдау қорлары құрылуы мүмкін.
Бап 18. 18-бап. Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар
18-бап. Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар
Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар азаматтардың, мәдениет ұйымдарының және басқа да заңды тұлғалардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бастамасы бойынша құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.
Бап 18-1. 18-1-бап. Мәдениет саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар
18-1-бап. Мәдениет саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар
Автор мен орындаушының құқықтарын пайдалануға байланысты мәдениет саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 18-2. 18-2-бап. Креативті индустриялар саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар
18-2-бап. Креативті индустриялар саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар
Автордың және орындаушының құқықтарын пайдалануға байланысты креативті индустриялар саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
Бап 19. 19-бап. Мәдениет ұйымдары
19-бап. Мәдениет ұйымдары
Тармақ 1
1. Мәдениет ұйымдары мәдениет саласындағы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Мәдениет ұйымдары қызметінің түрлерін өз құрылтайшылары айқындайды және олардың жарғыларында көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Мәдениет ұйымдары мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін.
Мәдениет саласындағы қызметті халықаралық мәдениет ұйымдары жүзеге асыра алады.
Тармақ 5
5. Мәдениет ұйымдарына мыналар жатады:
театрлар;
концерттік ұйымдар (филармониялар);
цирктер;
кинематографиялық ұйымдар;
кітапханалар;
музейлер;
мәдени-демалыс ұйымдары;
көркемөнер галереялары (салондар);
студиялар;
шеберханалар;
мәдени-тарихи орталықтар;
тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар;
Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталықтары;
мәдениет саласындағы зерттеу орталықтары (зерттеу институттары);
реставрациялау орталықтары;
музей-қорықтар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы;
мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да мәдениет ұйымдары.
Тармақ 6
6. Мәдениетті дамыту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын мәдениетті дамыту қорлары құрылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Мәдениет ұйымдары өздерінің қорларындағы мәдени құндылықтар туралы ақпаратты, сондай-ақ ағымдағы репертуардан алып тасталған театрлық қойылымдардың және (немесе) шығармашылық бағдарламалардың дыбыс-бейне жазбаларын
цифрлық ресурстарда орналастыру үшін жағдай жасайды.
Тармақ 8
8. Мәдениет ұйымдары мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.
Бап 19-1. 19-1-бап. Көркемдік кеңестер
19-1-бап. Көркемдік кеңестер
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары консультативтік-кеңесші органдар – музей-кітапхана ісі, театр-цирк өнері, музыкалық-концерттік қызмет жөнінде өңірлік көркемдік кеңестер құрады.
Салалық және өңірлік көркемдік кеңестер құрамына мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, мамандар, шығармашылық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
Тармақ 2
2. Салалық көркемдік кеңестердің негізгі функциясы мәдениет пен өнердің жоғары көркем туындыларын – бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау мақсатында мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Өңірлік көркемдік кеңестердің негізгі функциясы мемлекеттік коммуналдық театрлардың, цирктердің, музейлердің, кітапханалардың және концерттік ұйымның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені уәкілетті орган бекітеді.
Бап 19-2. 19-2-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды
белгілі бір мерзімге сатып алу
19-2-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды
белгілі бір мерзімге сатып алу
Тармақ 1
1. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін уәкілетті орган қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу үшін әдебиетті қабылдап алуды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органға келіп түскен әдебиет оның көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ сатып алудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеу және ол бойынша қорытынды дайындау үшін уәкілетті орган құратын Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі – Сараптама комиссиясы) қарауына енгізіледі. Сараптама комиссиясы туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында, уәкілетті орган жанынан құрылатын Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) қарауына енгізіледі. Ведомствоаралық комиссия туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 4
4. Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін уәкілетті орган белгілейді.
Бап 19-3. 19-3-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару
19-3-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару
Тармақ 1
1. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдер қабылдауды және алдын ала іріктеуді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында алдын ала іріктеуден өткен әдебиетті уәкілетті орган оның көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ басып шығарудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеу және ол бойынша қорытынды дайындау үшін Сараптама комиссиясының қарауына енгізеді.
Тармақ 3
3. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиет ретінде басып шығару жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізіледі.
Тармақ 4
4. Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын шарттарда айқындалады.
Бап 20. 20-бап. Мәдениет ұйымдары
20-бап. Мәдениет ұйымдары
Бап 20-1. 20-1 бап. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау
20-1 бап. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау олардың негізгі қызметінің тиімділігін бағалау және материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желілері мен құрылымдарын ретке келтіру үшін жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Барлық мемлекеттік мәдениет ұйымдары бес жылда бір рет аттестаттауға жатады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
Бап 21. 21-бап. Мәдениет ұйымдарының мәртебесі
21-бап. Мәдениет ұйымдарының мәртебесі
Тармақ 1
1. Мәдениет саласындағы қызметінің айрықша мемлекеттік және қоғамдық мәні бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берілуі мүмкін.
"Ұлттық" мәртебені Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
Тармақ 2
2. Өз саласында жетекші болып табылатын мемлекеттік мәдениет ұйымдарына жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға ұлттық мәдениет пен өнерді қалыптастырудағы, дамыту мен насихаттаудағы елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі "Академиялық" мәртебе береді.
Тармақ 2-1
2-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларға беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кітапханаларына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен "Орталық" мәртебесін береді.
3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары және мемлекет жүз пайыз қатысатын мәдениет ұйымдары иеліктен шығаруға жатпайды.
Бап 22. 22-бап. Театрлар
22-бап. Театрлар
Тармақ 1
1. Театрлар - театрлық қойылымдарды жасауды, көпшілік алдында орындауды және (немесе) көпшілік алдында көрсетуді жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомима, сатира және юмор, балалар мен жасөспірімдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттік және өзгелері).
Тармақ 1-1
1-1. Театр қызметінің негізгі міндеттері театр мәдениетінің өзіндік болмысын, ұлттық сана-сезімді және Қазақстан халқының тілдерін сақтау және дамыту, сондай-ақ, театрлық қойылымдарды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету, театр қызметінде инновациялық жобаларды іске асыру болып табылады.
Тармақ 2
2. Театрлар көркемдік бағыттарды, репертуарды таңдауда, театрлық қойылымдарды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету туралы шешімді қабылдауда, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті.
Тармақ 3
3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында халықтың театр іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік театрларға бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік субсидиялар бөлінеді.
Тармақ 4
4. Театрдың бүкіл қызметіне тікелей басшылықты театр басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Театрлық қойылымды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Әрбір театрлық қойылымның қоюшы режиссерінің ұсынымдары негізінде мемлекеттік театрдың басшысы қоюшы топты құрады.
Әрбір театрлық қойылымның қоюшы тобы мемлекеттік театрдың шығармашыл қызметкерлері және (немесе) сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер арасынан қалыптастырылады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік театрларда әрбір театрлық қойылымның көпшілік алдында орындауға және (немесе) көпшілік алдында көрсетуге дайын екендігі туралы шешімді театрдың көркемдік кеңесінің ұсынымы бойынша театр басшысы қабылдайды.
Мемлекеттік театрдың көркемдік кеңесінің құрамын және ол туралы ережені театр басшысы бекітеді.
Бап 22-1. 22-1-бап. Цирктер
22-1-бап. Цирктер
Тармақ 1
1. Эстрадалық-цирк жанрындағы туындылардың сахналық көрсетілімдерін жүзеге асыратын театр-ойын-сауық ұйымдары цирктер болып табылады.
Тармақ 2
2. Цирктер көркемдік бағыттарды, репертуарды таңдауда, эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды жасау және сахнада көрсету туралы шешімдерді қабылдауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті болады.
Тармақ 2-1
2-1. Эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды жасау және сахнада көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында мемлекеттік цирктерге бюджет қаражатынан халық үшін цирк іс-шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлінеді.
Бап 23. 23-бап. Концерттік ұйымдар
23-бап. Концерттік ұйымдар
Тармақ 1
1. Концерттік ұйымдар - әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары.
Тармақ 2
2. Концерттік ұйымдардың негізгі міндеттері музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, көркемдігі жоғары шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлер жасау үшін жағдайларды қамтамасыз ету, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 3
3. Концерттік ұйымдар шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлер жүргізуде, репертуар таңдауда дербестікке ие.
Тармақ 3-1
3-1. Шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлерді жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Республика азаматтарын мәдени өмір саласына тарту мақсатында республика халқының барлық жіктерінің концерттік іс-шараларға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер ұсынуға, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік концерттік ұйымдарға мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен субсидиялар бөлінеді.
Бап 24. 24-бап. Кітапхана ісі
24-бап. Кітапхана ісі
Тармақ 1
1. Кітапхана ісі - міндеттеріне кітапханалар желісін құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхана мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, кітапханалардың дамуын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету кіретін мәдениет саласы.
Тармақ 2
2. Кітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдары, электронды жеткізгіштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мәдениет ұйымы.
Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжаттардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Тармақ 2-1
2-1. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу, сыйға тарту және мемлекеттік тапсырыс бойынша басып шығарылған кітаптарды өтеусіз алу арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу жолымен де қалыптастырылады.
Тармақ 2-2
2-2. Алып тасталды - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағында әмбебап, салалық, салааралық, жасөспірімдер, балалар кітапханалары, сондай-ақ көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін арнайы кітапханалар құрылуы мүмкін.
Тармақ 4
4.
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар ақысы міндетті сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар:
Тармақша 1
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
Тармақша 2
2) кемтар азаматтар үшін материалдар дайындауға;
Тармақша 3
3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуге және қосымша библиография жасауға;
Тармақша 4
4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды реставрациялауға;
Тармақша 5
5) көшпелі ақпараттық - көрме іс-шараларын ұйымдастыруға;
Тармақша 6
6) білім беру және аудармашылық қызметтерін көрсетуге;
Тармақша 7
7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасауға;
Тармақша 8
8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсынуға;
Тармақша 9
9) құжаттарды электронды жеткізуге, тақырыптық ақпарат іздестіріп, құрастыруға;
Тармақша 10
10) экскурсиялық қызмет етуге, фото, бейне түсірілімдер жасауға;
Тармақша 11
11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын
өткізуге;
Тармақша 12
12) кітапхана үй-жайларын ұсына отырып, білім беру іс-шаралары мен мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге құқығы бар.
Кітапханалар сирек және құнды басылымдарды беру кезінде салынған кепіл сомасын, кітапхана қорына пайдаланушылар келтірген залал өтемақысының түрлері мен мөлшерін белгілеуге құқылы. Мемлекеттік кітапханалар кітапхана қорына келтірілген залал үшін алынған өтемақы сомаларын тиісті бюджетке аударады.
Тармақ 5
5. Кітапхана ісі, сондай-ақ ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде кітапхана қорларын қалыптастырумен, сақтаумен, пайдаланумен байланысты мәселелер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттеледі.
Тармақ 6
6. Мүгедек немесе егде жаста болуынан кітапханаларға бара алмайтын кітапхана пайдаланушылар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізуге құқығы бар.
Бап 24-1. 24-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
24-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеме нысанында құрылған мәдениет ұйымы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы:
Тармақша 1
1) баспасөз архивін статистикалық есепке алуды және оның сақталуын қамтамасыз етуді;
Тармақша 2
2) баспасөз архивіндегі баспа өнімін мерзімсіз сақтауды қамтамасыз етуді;
Тармақша 3
3) баспа өнімін библиографиялық өңдеудi;
Тармақша 4
4) баспасөз архивінде сақталатын баспа өнімінің электрондық жеткізгіштерге көшірілуін ұйымдастыруды;
Тармақша 4-1
4-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдер қабылдауды және алдын ала іріктеуді;
Тармақша 4-2
4-2) баспа ісін қолдау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды және өткізуді;
Тармақша 5
5) жарғыға сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Баспасөз архиві басылымның міндетті тегін данасын алу, сондай-ақ өзге де баспа өнімін сыйға тарту, өтеусіз алу арқылы жинақталады.
Тармақ 4
4. Баспасөз архиві мемлекеттік меншік болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.
Бап 24-2. 24-2-бап. Басылымның міндетті тегін даналары
24-2-бап. Басылымның міндетті тегін даналары
Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында қағаз жеткізгіште басылымның міндетті тегін даналарын бірінші басылып шығарылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына, бірінші басылып шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жібереді.
Бап 24-3. 24-3-бап. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы
24-3-бап. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы
Тармақ 1
1. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының міндеттері:
Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасына енгізу үшін құжаттарды іріктеу;
Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының кітапханалар қорларында бар объектілерінің жиынтығын қалыптастыру;
пайдаланушылардың Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 3
3. Авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін шарттар негізінде жасалған:
мерзімді басылымдардың міндетті тегін даналарын қоспағанда, баспа өнімінің;
жеке алғанда немесе коллекцияда ерекше құндылығы бар (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби) сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың, құжаттар мен басылымдардың;
мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шығарылған қоғамдық маңызы бар әдебиеттер мен басылымдардың;
басылымның міндетті тегін даналарының;
ғылыми-зерттеу жұмыстары есептерінің, авторефераттардың, диссертациялардың;
өлкетану әдебиеттерінің;
зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы басылымдардың;
Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен қорғалатын құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы қорының объектілері болып табылады.
Тармақ 4
4. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының қорларына – Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы және бірыңғай электрондық оқырман билеті арқылы, Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен қорғалатын құжаттарға биллинг жүйесі қолданыла отырып қолжетімділікті қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
📌 Ескертпе. Осы баптың мақсатында биллинг жүйесі деп пайдаланушыларға ұсынылатын қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар ұсынуға арналған жүйе түсініледі.
Бап 24-4. 24-4-бап. Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры
және Қазақ тілінің ұлттық корпусы
24-4-бап. Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры
және Қазақ тілінің ұлттық корпусы
Тармақ 1
1. Қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау, қорғау және дамыту, сондай-ақ мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын құрудың мақсаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры жалпыға қолжетімді мемлекеттік
цифрлық жүйе болып табылады, оны пайдалану ерікті және өтеусіз негіздерде және тиісті рұқсаттарсыз жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры қазақ тілінің үлкен тілдік моделін әзірлеу және дамыту үшін дереккөз болып табылады.
Тармақ 4
4. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеп, бекітеді және Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыру мен дамытуға жауапты заңды тұлғаны айқындайды.
Тармақ 5
5. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган Қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеп, бекітеді.
Бап 25. 25-бап. Музейлер
25-бап. Музейлер
Тармақ 1
1. Музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, қорғау, сақтап қалу, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған, мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдары музейлер болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында әртүрлі бейіндегі музейлер, оның ішінде музей-қорықтар мен жеке коллекциялар музейлері құрылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Музей заттары мен музей коллекциялары музей қорының құрамына енгізіледі және Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады.
Музей қорларын жинақтау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, мемлекеттік музейлерде құрылатын қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиялары шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізуді Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жүзеге асырады.
Мемлекеттік музейлерден музей заттары мен музей коллекцияларын жеке меншікке беруге тыйым салынады.
Тармақ 3-1
3-1. Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған музей заттарына және музей коллекцияларына сараптаманы Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымдар өтеулі негізде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын, ақы төлеу міндетті сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге құқылы.
Мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың:
Тармақша 1
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
Тармақша 2
2) байланыс операторымен шарт негізінде интернет қызметтерін ұсынуға;
Тармақша 3
3) фото және бейне түсірілімдер жасауға;
Тармақша 4
4) кәдесый және полиграфиялық өнімдерді өткізуге;
Тармақша 5
5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізуге;
Тармақша 6
6) музей қоры материалдарын өңдеуге және (немесе) музей заттары және музей коллекциялары, сондай-ақ жеке меншіктегі заттар және коллекциялар туралы ақпараттар мен анықтамалар құрастыруға құқығы бар.
Тармақ 5-1
5-1. Музей қорының құрамына енгізілген музей заттары және музей коллекциялары туралы алғашқы жариялау құқығы осы музей заттары және музей коллекциялары бекітіп берілген музейге тиесілі болады.
Тармақ 6
6. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібі мен шарттары және музей ісі саласындағы басқа да қатынастар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен реттеледі.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын және оны кеңінен танытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік музейлерге, музей-қорықтарға мәдени құндылықтардың сақталуын, қорғалуын, сақталып қалуын, жинақталуын, реставрациялануын, зерделенуін жəне көпшілікке көрсетілуін қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға субсидиялар бөлінеді.
Бап 26. 26-бап. Ауыл мәдениеті
26-бап. Ауыл мәдениеті
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында ауылдық елді мекендердің мәдениет объектілерімен қамтамасыз етілу нормативі талаптарымен айқындалатын деңгейде ауылдық жерде мәдениетті дамытуда, мемлекеттік мәдениет ұйымдары желісін қалыптастыруда, халыққа эстетикалық білім беру және мәдени қызмет көрсету үшін жағдайлар жасауда басымдық қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Ауылдық жерлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдары материалдық-техникалық қамтамасыз етудің басым құқығын пайдаланады.
Тармақ 3
3. Ауылдық елді мекендерде тұратын мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары беріледі.
Бап 27. 27-бап. Мәдени-демалыс ұйымдары
27-бап. Мәдени-демалыс ұйымдары
Тармақ 1
1. Мәдени-демалыс ұйымдары – көпшіліктің күнделікті араласу орталықтары (клубтар, мәдениет және демалыс саябақтары, мәдениет үйлері мен сарайлары, халық шығармашылығы орталықтары (үйлері) және басқалар), жеке адамды дамыту, көркемөнерпаз халық шығармашылығы орталықтары.
Тармақ 2
2. Мәдени-демалыс ұйымдарының негізгі міндеті халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
Тармақ 3
3. Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметі:
Тармақша 1
1) халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға;
Тармақша 4
4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеуге, қорытуға, танытуға, оны енгізуге және таратуға;
Тармақша 5
5) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттауға;
Тармақша 6
6) этномәдени бірлестіктерді қолдауға;
Тармақша 7
7) мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған әртүрлi мәдени акцияларды, бастамаларды қолдауға бағытталады.
Тармақ 4
4. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдени-демалыс ұйымдарын таратуға, егер мұндай тарату халыққа мәдени қызметтердің ең аз көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін болмаса, оған жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында халықтың мәдени-демалыс іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік мәдени-демалыс ұйымдарына бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік субсидиялар бөлінеді.
Бап 28. 28-бап. Кинематография
28-бап. Кинематография
Бап 28-1. 28-1-бап. Ұлттық фильм
28-1-бап. Ұлттық фильм
Бап 28-2. 28-2-бап. Фильмге прокаттау куәлігін беру
28-2-бап. Фильмге прокаттау куәлігін беру
Бап 28-3. 28-3-бап. Фильмдердің индекстері
28-3-бап. Фильмдердің индекстері
Бап 28-4. 28-4-бап. Фильмдерді прокаттау тілі
28-4-бап. Фильмдерді прокаттау тілі
Бап 28-5. 28-5-бап. Фильмдердің түрлері
28-5-бап. Фильмдердің түрлері
Бап 28-6. 28-6-бап. Фильмдердің және киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау
28-6-бап. Фильмдердің және киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау
Бап 29. 29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қызметі
29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қызметі
Тармақ 1
1. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қызметі, оның ішінде гастрольдік қызмет шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар:
Тармақша 1
1) іс-шара өткізгенге дейін және өткізу уақытында көрермендермен қарым-қатынас кезінде нормативтік емес лексикадан, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынудан көрінуі мүмкін аморалдық, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуге;
Тармақша 2
2) музыкалық туындыларды орындау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға;
Тармақша 3
3) осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының 5) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.
Бап 30. 30-бап. Халық көркем шығармашылығы
30-бап. Халық көркем шығармашылығы
Тармақ 1
1. Халық көркем шығармашылығы - халық көркем шығармашылығы шеберлерінің шығармашылық қол еңбегі және (немесе) механикаландырылған еңбегі процесінде белгілі бір жерде халық өнері дәстүрлерін ұжымдасып игеру және сабақтастықпен дамыту негізінде жүзеге асырылатын халық шығармашылығы нысандарының бірі, әсемдік мақсаттағы көркем бұйымдар жасау жөніндегі қызмет.
Тармақ 2
2. Бұйымдарды халық көркем шығармашылығы бұйымдарына жатқызу халық көркем шығармашылығы жөніндегі көркемдік-сарапшылық кеңестердің қорытындылары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Халық көркем шығармашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен қорғалады.
Бап 31. 31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті қаржыландыру
31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті қаржыландыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мәдениет мекемелерін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын, бюджет қаражаты және филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін қаражат және өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет ұйымдарын қаржыландыру қызметтер көрсету, құрылтайшылардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2-1
2-1. Шығармашылық одақтарды қаржыландыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ филантроптық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2-2
2-2. Шығармашылық бастамаларды қолдау қорларын қаржыландыру, мемлекеттік бюджет қаражатын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мәдениетті дамыту қорлары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік емес қаражаттарды тартуы мүмкін.
Тарау 6. 6-тарау. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ИГІЛІК
6-тарау. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ИГІЛІК
Бап 32. 32-бап. Мәдени құндылықтар
32-бап. Мәдени құндылықтар
Тармақ 1
1. Мәдени құндылықтарға материалдық және материалдық емес құндылықтар жатады.
Тармақ 2
2. Материалдық мәдени құндылықтарға:
Тармақша 1
1) археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар;
Тармақша 2
2) өсімдіктер мен жан-жануарлардың, минералогияның, анатомияның сирек коллекциялары мен үлгілері және палеонтология үшін қызығушылық тудыратын заттар;
Тармақша 3
3) ғылым мен техника тарихын, соғыстар мен қоғам тарихын, ұлттық мәдениет тарихын қоса алғанда, тарихқа қатысты, сондай-ақ ұлттық ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің, ойшылдардың, ғалымдардың, ақын-жазушылар мен әртістердің өмірімен және ірі ұлттық оқиғалармен байланысты құндылықтар;
Тармақша 4
4) жекелей немесе коллекциялардағы ерекше (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби) қызығушылық тудыратын сирек қолжазбалар, көне және сирек кітаптар, құжаттар және басылымдар;
Тармақша 5
5) жекелей немесе коллекциялардағы елу немесе одан көп жыл бұрын шығарылған почта маркалары, салықтық және осы тәрізді маркалар;
Тармақша 6
6) қорытпасына немесе дайындалған металына қарамастан, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тиындарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің дайындалғанына жүз жыл болмаған тиындарын қоспағанда, тиындар, медальдар, мөрлер және басқа да коллекциялық материалдар;
Тармақша 7
7) көне және бірегей музыкалық аспаптар;
Тармақша 8
8) дыбыс, фото, бейне, кино мұрағаттарын қоса алғанда, мұрағаттар, мұрағат қорлары мен коллекциялар, сондай-ақ ғылыми-техникалық құжаттама;
Тармақша 9
9) тарихи-мәдени маңызы бар өнер туындылары;
Тармақша 10
10) этнографиялық, антропологиялық, этнологиялық және палеонтологиялық материалдар;
Тармақша 11
11) айрықша тарихи және мәдени құндылығы бар, жасалғанына жүз жылдан асқан көне заттар;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы халқының өміріндегі тарихи оқиғалармен, қоғам және мемлекет дамуымен, ғылым мен техника тарихымен, сондай-ақ көрнекті ғылым, мемлекет, мәдениет қайраткерлерінің өмірімен байланысты объектілер, соның ішінде музей заттары және музей коллекциялары;
Тармақша 13
13) кез келген негіздегі және кез келген материалдан жасалған қол жұмысының полотнолар, картиналар және суреттер түріндегі көркем құндылықтары (сызбаларды және өнеркәсіп бұйымдарын, қолдан жасалған әшекей заттарды қоспағанда);
Тармақша 14
14) мүсін өнерінің кез келген материалдан жасалған соны туындылары;
Тармақша 15
15) бірегей гравюралар, эстамптар және литографиялар;
Тармақша 16
16) тарих және мәдениет ескерткіштерінің құрамдас бөліктері жатады.
Тармақ 3
3. Материалдық емес мәдени құндылықтарға:
Тармақша 1
1) материалдық емес мәдени мұраның жеткізгіші ретінде тілді қоса алғанда, пайымның ауызша дәстүрлері мен нысандары;
Тармақша 1-1
1-1) қазақ тілінің сөздік қоры;
Тармақша 2
2) орындаушылық өнерлер;
Тармақша 3
3) салттар;
Тармақша 4
4) әдет-ғұрыптар;
Тармақша 5
5) мейрамдар;
Тармақша 6
6) табиғат пен әлемге жататын білім және салттар;
Тармақша 7
7) дәстүрлі кәсіптермен байланысты білім және дағдылар жатады.
Бап 33. 33-бап. Ұлттық мәдени игілік объектілерін есепке алу және жүйелеу
33-бап. Ұлттық мәдени игілік объектілерін есепке алу және жүйелеу
Тармақ 1
1. Мәдени мұраны сақтау мақсатында:
Тармақша 1
1) осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген және ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар объектілер Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі;
Тармақша 2
2) осы Заңның 32-бабының 3-тармағында көрсетілген және ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар объектілер Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесіне енгізіледі.
Тармақ 2
2. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесіне енгізілуге жататын объектілер туралы мәліметтерді уәкілетті органға беруге міндетті. Жаңа объектілер мен заттардың анықталуына қарай қажетті мәліметтері бар ақпарат ұсынылады.
Бап 34. 34-бап. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі
34-бап. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі
Тармақ 1
1. Кешенді түрде ерекше көркемдік немесе тарихи мүдделілік туғызатын коллекцияларды немесе заттар жиынын бөлшектеуге болмайды.
Мемлекеттік тізілімге енгізілген ұлттық-мәдени игілік объектілерін уәкілетті органның әрбір нақты объект бойынша өзі құратын сарапшы комиссиясының ұсынымы негізінде беретін арнайы рұқсатынсыз жоюға, басқа жерге ауыстыруға, өзгертуге, түрлендіруге немесе реставрациялауға жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Ұлттық-мәдени игілік объектілерін тарихи, көркемдік және діни мақсатына сай емес қандай да бір тұрғыда пайдалануға жол берілмейді. Діни-табыну ұйымдарына тиесілі және ұлттық-мәдени игілік объектілері болып табылатын заттар олардың табынушылық мақсаты ескеріле отырып пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілеріне қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Сәулет ескерткіштерін пайдаланудың басым құқығы мәдениет мекемелеріне тиесілі.
Тармақ 5
5. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің жай-күйін тиісінше ұстап тұру және сақтау жөніндегі міндеттер оларды пайдаланушыларға немесе меншік иелеріне жүктеледі. Аталған міндеттің сақталмауы берілген құқықты сот тәртібімен өтемді негізде алып қоюға әкеліп соғады. Меншік иелерінің немесе пайдаланушылардың ұлттық-мәдени игілік объектілерін күтіп-ұстауға материалдық немесе өзге де мүмкіндіктері болмаған кезде, шығыстарды мемлекет өзіне алады.
Ұлттық-мәдени игілік объектісі меншік иесінің құқықтарын іске асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық-мәдени игілік объектілері сатылған жағдайда, оларды мемлекет иеленуінің басым құқығы көзделіп, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген бақылаумен және тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Мемлекет меншігіндегі ұлттық-мәдени игілік объектілері иеліктен шығаруға жатпайды.
Тармақ 7
7. Ұлттық-мәдени игілік объектілері мен заттарын қасақана жойғаны, бұзғаны немесе бүлдіргені үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
Бап 35. 35-бап. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу
35-бап. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу
Тармақ 1
1. Уақытша экспозиция, гастрольдік қызмет, реставрациялау жұмыстары мен ғылыми зерттеулер, таныстырылымдар, көрмелер және халықаралық мәдени іс-шаралар өткізу жағдайларын, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкетілген мәдени құндылықтар міндетті түрде қайтарылуға жатады. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген, заңсыз әкетілген және Қазақстанға қайтарылған, сондай-ақ соттың шешімі бойынша тәркіленген мәдени құндылықтар тиісті бейіндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік музейлерге тапсырылуға жатады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша немесе тұрақты тұруға баратынына қарамастан, автордың немесе құқық белгілейтін құжаттары болған кезде автордан мәдени құндылықты сатып алған адамның өзі жасаған немесе сатып алған мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге құқығы бар.
Тармақ 4
4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету қағидалары шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында жасаған объектiлерiне де қолданылады.
Тармақ 5
5. Егер бұл іс-әрекеттер мәдени құндылықтарды заңсыз әкетуге және әкелуге ықпал етуі мүмкін болса, мәдени құндылықтар иелерінің аталған құндылықтарды иелену, пайдалану және иелік ету жөніндегі құқықтарын басқа біреуге беруіне жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Шет мемлекеттердің, шетелдік заңды және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын, мәдени ынтымақтастық мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген мәдени құндылықтар Қазақстан Республикасының қорғауында болады. Оларға Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының күші қолданылады.
Бап 36. 36-бап. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібі мен шарттары
36-бап. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібі мен шарттары
Тармақ 1
1. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды уақытша әкетуді заттардың меншік иесі не меншік иесі оған уәкілеттік берілген тұлға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік негізінде жүзеге асыруы мүмкін.
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлікті беруден бас тартуға:
Тармақша 1
1) әкетілетін мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, олардың қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;
Тармақша 2
2) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;
Тармақша 3
3) мәдени құндылықтардың осы Заңның 35-бабының 1-тармағында көрсетілген уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.
Тармақ 2
2. Заңды тұлғалар мәдени құндылықтарды уақытша әкетуі кезінде олардың әкетілетін заттарға меншік құқығы құжаттамамен расталуы қажет.
Тармақ 3
3. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету, сондай-ақ олардың қайтарылуы мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы жүзеге асыратын сараптама негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
5. Мәдени құндылықтардың елден тысқары жерлерде болу мерзімі алты айдан асуы мүмкін емес.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 7. 7-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
7-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Бап 37. 37-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық
37-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Шығармашылық ұжымдарды, мамандарды, мәдени құндылықтарды және мәдениет саласындағы қызмет нәтижелерін, сондай-ақ мәдениеттің түрлі салаларындағы ұйымдастырушылық қызмет тәжірибесін алмасуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
Бап 38. 38-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ұйымдарға қатысу
38-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ұйымдарға қатысу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес халықаралық коммерциялық емес мәдени бірлестіктердің филиалдары, өкілдіктері құрылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Мәдениет ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес және өздерінің құрылтай құжаттарында айқындалатын тәртіппен осы баптың 1-тармағында аталған бірлестіктерге кіруге, сондай-ақ алынатын қайырымдылық көмекке билік етуге құқығы бар.
Тарау 8. 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 39. 39-бап. Мәдениет саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін жауаптылық
39-бап. Мәдениет саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 40. 40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж. N 22, 406-құжат) күші жойылды деп танылсын.