Об утверждении Инструкции по организации работы назначения и выплаты пенсий, государственных социальных пособий по инвалидности, по случаю потери кормильца, по возрасту и специальных государственных пособий Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зейнетақыларды, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 328-1, "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы N 318-1, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 365-I Қазақстан Республикасының Заңдарын iске асыру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Зейнетақыларды, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар мен арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi қоса берiлген нұсқаулық бекiтiлсiн.
Тармақ 2. Зейнетақыларды, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық
2. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу жасалған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 59-б бұйрығымен бекітілген Зейнетақыларды, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшелерінің жұмысы
Тармақ 1
1. Зейнеткерлер мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушылардың қолданылып жүрген iс қағаздары бойынша (мүгедектiк тобын ұзартуға, тұратын жерiн ауыстыруға байланысты т.б.) және арнайы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындауға арналған тиiстi анықтамалар мен зейнетақы, мемәлеуметжәрдемақы, арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындауға керектi құжаттар Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың (бұдан әрi - ЗТМО) аудандық (қалалық) бөлiмшесiне келiп түседi.
Тармақ 2
2. Зейнетақы төлемдерi мен мемәлеуметжәрдемақылар мөлшерiн түрлi себептермен өзгерте отырып, оларды одан әрi индекстеу мен өсiрудi (қайта есептеудi) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнiндегi облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы өкiлдiктерi қолданылып жүрген заңдарға және нормативтiк актiлерге сәйкес ЗТМО аудандық бөлiмшелерi ұсынған шешiмдер жобасы бойынша жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Зейнеткерлер мен мемәлеуметжәрдемақы, әлеуметмемжәрдемақы алушыларды тағайындауға және төлеуге байланысты мәселелер туындаған жағдайларда ЗТМО аудандық бөлiмшелерi оларды сол жерде, қажет болған ретте өкiлдiк арқылы шешу үшiн шаралар қолданады.
Тармақ 4
4. Елiмiзден тысқары жерге көшiп кетушi адамдарға зейнетақы iс қағаздары мен жәрдемақы алушылар iс қағаздары олардың қолына берiледi.
Тармақ 5
5. ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшелерi Азаматтардың хал-жағдайы актiлерiн тiркеу бөлiмдерiндегi қатыс болған зейнеткерлердiң тiзiмiн ай сайын iрiктеп алады.
Тармақ 6
6. Жаңа зейнетақы iс қағаздарын және мемәлеуметжәрдемақы мен арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алушылардың iс қағаздарын рәсiмдеу өтiнiш түскесiн 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Елiмiз iшiнде көшетiн зейнеткерлер мен мемәлеуметжәрдемақы алушыларға зейнетақы iс қағаздары және мемәлеуметжәрдемақы мен арнаулы мемжәрдемақы алушылар iс қағаздары өз қолдарына берiледi, ал зейнетақы, мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы есептерiнiң көшiрмелерi ЗТМО аудандық бөлiмшесiнде қалады.
Тармақ 8
8. Алынбай қалған зейнетақы төлемдерiн, мемәлеуметжәрдемақылар мен арнайы мемлекеттiк жәрдемақыларды, жерлеуге берiлетiн жәрдемақыларды ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшелерi төлеуге қажеттi мұқтаждықтарға өкiлдiктер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енгiзедi.
Тармақ 9
9. Жаңадан тағайындалған зейнетақы iс қағаздары мен мемәлеуметжәрдемақы (арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы) алушылардың iс қағаздары ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнде жасалады. Басқа мемлекеттерден осындай тәсiлмен келiп түскен iс қағаздары жаңадан тағайындау рәсiмiнен өтедi.
Тармақ 10
10. Жаңадан тағайындалған зейнетақы, мемәлеуметжәрдемақы iс қағаздарының үлгiсiн олар бойынша шешiмдер жобасымен қоса және тағайындалған арнаулы мемлекеттiк жәрдемақының мөлшерi туралы шешiмдi ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшесi зейнетақы үшiн - ЗТ формасымен, мемәлеуметжәрдемақы үшiн МӘЖ нысанымен (үлгiлерi қоса берiледi) қоса электронды немесе қағаз түрiнде ЗТМО-ның облыстық, Астана және Алматы қалалық бөлiмшелерi арқылы өкiлдiкке бекiтуге жiбередi. ЗТ нысанының, МӘЖ және АМЖ нысанының хабарламалары үш данада толтырылып, оған шешiм жобаларының қосымшалары қоса берiледi. ЗТ, МӘЖ және арнаулы МЖ нысандарының екi данасы iс қағаздармен немесе олар бойынша жасалған шешiмнiң жобасымен қоса ЗТМО облыстық және қалалық бөлiмшелерi арқылы өкiлдiкке жiберiледi. 3ейнетақыны, мемәлеуметжәрдемақыны және арнаулы мемжәрдемақыны жаңадан тағайындау жөнiндегi iстердi өкiлдiктер жедел қарауы үшiн ЗТМО қалалық (аудандық) бөлiмшелерi жаңадан тағайындалған зейнетақы және мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемжәрдемақы iстерiнiң орнына зейнетақының, мемәлеуметжәрдемақының және арнайы мемжәрдемақының тағайындалған мөлшерi туралы шешiмнiң жобаларын жiберуiне немесе оны электронды түрде жiберуiне болады. Хабарламаның үшiншi данасы шешiм жобасының бекiтiлгендiгi немесе бекітiлуден бас тартылғандығы (және/немесе қайта ресiмдеуге ескерту жасалған немесе бас тартылған) туралы белгi соғылған хабарламаның екiншi данасы жаңадан тағайындалған iстермен қоса қайтып келгенге дейiн аудандық (қалалық) бөлiмшелерде бақылауда қалады. Орындалғандығы туралы белгi қойылған хабарламаның бiрiншi данасы өкiлдiктерде қалады және жоба шешiмдерiнiң бiрiншi данасымен қоса папкаға тiгiледi. Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi қызметтерi арнайы мемжәрдемақының тағайындалған мөлшерi туралы шешiмдi үлгiсi қоса берiліп отырған хабарламаның (ф.ВЛ-1) белгiленген нысаны бойынша ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
Тармақ 11
11. Жаңадан тағайындалған iстердiң деректерi зейнетақы төлемдерi, мемәлеуметжәрдемақы және арнайы мемжәрдемақы мөлшерi туралы шешiмдер жобасы өкiлдiкте бекiтiлгенге дейiн ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшелерiндегi компьютерде зейнетақы және мемәлеуметжәрдемақы және арнайы мемжәрдемақы бойынша жеке базада сақталады.
Тармақ 12
12. ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшелерi ЗТ, МӘЖ және арнайы МЖ нысандарының хабарламаларын бекiтiлген немесе бекiтуден бас тартылған шешiмдер жобаларымен қоса алғаннан кейiн өзiнде құжаттың қозғалысы туралы белгi соғып, содан кейiн ЗТМО-ның тиiстi аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
Тармақ 13. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі облыстық, Астана және Алматы қалалық өкілдіктерінің жұмысы
13. ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшелерi ЗТМО облыстық бөлiмшесiнен шешiмдер жобасын бекiту туралы хабарламаны алғасын құжаттарды тиiсiнше өңдеуден өткiзедi: - зейнетақы iстерi және мемәлеуметжәрдемақы мен арнаулы мемжәрдемақы iстерi нөмiрленiп, Тiркеу кiтабында тiркеледi; - зейнетақы істерi мен мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемжәрдемақы алушылардың iстерi компьютердегi деректер базасымен салыстырылып, қажет болған реттерде тиiсiнше түзетулер енгiзiледi, ал зейнетақы iстерi мен мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемжәрдемақы алушылардың iстерi туралы нақты дерек негiзгi деректер базасына жеке-жеке көшiрiледi; - зейнетақы, мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемжәрдемақы төлеу бойынша есеп карточкалары (N 2, N 2пос нысандары) ашылып, одан әрi зейнетақы, мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемжәрдемақы төлеуге арналған, осыған құқығы бар адамдардың тiзiмдеме-тiзiмiн қалыптастыру бойынша тиiстi жұмыс жүргiзiледi; - ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшелерi 1999 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi зейнетақы істерi мен мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемжәрдемақы алушылардың iстерi бойынша зейнеткерлер мен мемәлеуметжәрдемақы алушыларға (жоғалтып алғанда) куәлiк жазып бередi. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі облыстық, Астана және Алматы қалалық өкілдіктерінің жұмысы
Тармақ 14
14. Жаңадан тағайындалған зейнетақы iстерi мен мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемжәрдемақы алушылардың iстерi олар бойынша қабылданған шешiмнiң жобасымен бiрге ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнен ЗТ, МӘЖ және арнаулы МЖ нысандарының хабарламалары бойынша ЗТМО облыстық бөлiмшесi арқылы өкiлдiкке келiп түседі.
Тармақ 15
15. ЗТМО облыстық бөлiмшесiнен келiп түскен жаңадан тағайындалған зейнетақы iстерi мен мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемжәрдемақы алушылардың iстерi олар бойынша қабылданған шешiмнiң жобасымен бiрге ЗТ, МӘЖ және арнаулы МЖ нысандарының хабарламаларымен қоса өкiлдiкте жеке-жеке тiркеу кiтабында тiркеледi, одан кейiн құжаттар өкiлдiк мамандарының қарауына (тексеруге) ұсынылады.
Тармақ 16
16. Зейнетақы, мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемжәрдемақы тағайындау жөнiндегi құжаттарды тексерудi облыстық (Астана және Алматы қалалық) өкiлдiктерi жүргiзедi.
Тармақ 17
17. Зейнетақы iстерi мен мемәлеуметжәрдемақы және арнайы мемжәрдемақы алушылардың iстерiн, арнаулы мемжәрдемақының тағайындалған мөлшерi туралы шешiмдi тексеру және оларды өкiлдiкте бекiту құжаттар түскен күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
Тармақ 18
18. Зейнетақы төлемдерiн, мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемжәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда өкiлдiк бас тартудың себептерiн көрсете отырып, өтiнiш иесiне жазбаша түрде хабарлауға және бас тартқан iстердi, зейнетақы, мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемжәрдемақы алу үшiн ұсынылған құжаттарды ЗТМО облыстық бөлiмшесi арқылы ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшесiне қайтаруға мiндеттi.
Тармақ 19
19. Өкiлдiктiң зейнетақы, мемәлеуметжәрдемақы және арнаулы мемжәрдемақы тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауға болады.
Тармақ 20
20. ЗТ, МӘЖ және арнаулы МЖ нысандары хабарламаларының бекiтiлген немесе бекітiлуден бас тартылған шешiм жобасының орындалғандығы туралы белгi соғылған немесе ескерту жасалған бiрiншi данасы өкiлдiкте қалады және папкаға тiгiледi. ЗТ, МӘЖ және арнаулы МЖ нысандары хабарламаларының бекiтiлген немесе бекітiлуден бас тартылған шешiм жобасының орындалғандығы туралы белгi соғылған (және/немесе қайта рәсiмдеуге ескерту жасалған немесе бас тартылған) екінші даналары ЗТМО облыстық бөлімшелеріне жіберіледі.
Тармақ 21
21. Өкілдік зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі жұмыстарға ай сайын талдау жүргізіп, жоғары органдарға тиісті ақпарат әзірлейді.
Тармақ 22
22. 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап жаңадан тағайындалған зейнеткерлер мен мемәлеуметжәрдемақы алушылардың істері бойынша куәліктерді өкілдіктер жазады, ал куәліктерде (куәліктің үлгісі қоса беріледі) кейіннен енгізілетін өзгерістерді ЗТМО аудандық (қалалық) бөлімшелері енгізеді.