О создании учебных пунктов для начальной военной подготовки с юношами призывного возраста не прошедших начальную военную подготовку Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бастапқы әскери даярлықтан өтпеген әскери жасынағы жастарды бастапқы әскери даярлықты өткізу үшін оқу пункттерін құру туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» № 449 қаулысына сәйкес, бастапқы әскери даярлықты (бұдан әрі- БӘД) өтпеген әскер жасындағы жастар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі қызметке сапалы дайындау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскерге жасындағы жастардың бастапқы әскери даярлығын өткізу үшін, ауданның орта оқу орындары жанынан оқу пункттері құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі (Людмила Иосифовна Петровская) оқу пункттеріне Бұқар жырау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ұсынған тізімдеріне келісті әскер жасындағы БӘД курсын өтпеген әскер жасындағы жастар тіркесін.
Тармақ 3
3. Әскер жасындағы жастарды оқу пункттеріндегі оқу сабақтарына келулеріне бақылау жасау осы жасөспірімдер жұмыс істейтін кәсіпорындар мен мекемелер басшыларына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы (Олег Дмитриевич Цыганков) әскер жасындағы жастардың дене тәрбиесін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Эскер жасындағы оқу пункттерінде БӘД бойынша оқудан өткен жасөспірімдерден сынақ алу үшін комиссия құрылсын (құрама қоса беріліп отыр).
Тармақ 6
6. Оқу пункттерінде оқуды ұйымдастыруға және өткізуге бақылау жасау аудандық оқу бөліміне, қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жүктелсін
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 10 тамыздағы № 20/1 «Бастапқы әскери даярлықтан өтпеген жасөспірімдерді бастапқы іскери даярлықты өткізу үшін оқу пункттерін құру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелу нөмірі 8-11-5, аудандық № 35 «Сарыарка» газетінде 2005 жылдың 3 қыркүйегінде жарияланған).
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілген: Бұқар жырау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ө. Абилов
Басқа 10. Әскер жасындағы оқу пункттерінде бастапқы әскери даярлықты бойынша оқудан өткен жасөспірімдерден сынақ алу ұшін комиссия құрамы
2007 жылғы 3. 11 № 25/ 1 аудан әкімдігінің қаулысына қосымша Әскер жасындағы оқу пункттерінде бастапқы әскери даярлықты бойынша оқудан өткен жасөспірімдерден сынақ алу ұшін комиссия құрамы Жанас Жұмтайұлы Құнанбаев Қорғаныс бөлімінің контракт және шақыру бойынша әскери қызметкерлерді іріктеу тобының бастығы, аға лейтенант комиссия төрағасы (келісім бойынша) Айгүл Қайрқызы Абилдина Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің маманы, комиссия хатшасы Комиссия мүшелері: Елена Генриховна Есембекова Қорғаныс бөлімінің шартты қызметке шақыру жөніндеге тобының бастығы Аман Бақтыбайұлы Сейітов Аудандық білім бері бөлімінің әдіскері Олег Дмитриевич Цыганков Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы