О межведомственной комиссии по контролю за оптовой торговлей Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көтерме саудаға бақылау жасау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 94 шешімімен. Облыс аумағында мұнай өнiмдерiмен және тауарлардың азық-түлiк тобымен көтерме сауда жасаудың жағдайына талдау жасау оның мемлекеттiк стандарттың қолданылып жүрген нормаларына көп жағдайда сай келмейтiндiгiн, сондай-ақ бензин құю стансасы иелерiнiң техникалық және өрт қауiпсiздiгi ережесiн бұзатындығын қөрсеттi. Сапасыз өнiмдi өндiру, сақтау, тасымалдау және өткiзу нормаларын бұзудың салдарынан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы және тұтынушылардың құқыларын қорғау жөнiндегi заңдылықтың бұзылуы атап көрсетiлуде. Жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң өнiм өндiру және өткiзу көлемiн төмендетуiне және дәстүрлi салық төлеушiлерден бюджетке салықтар түсуiнiң азаюына, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң (жеке кәсiпкерлердiң) салық салудан жалтарулары фактiлерiнiң болуына байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Көтерме сауда жасауға бақылау жасау iс-қимылдарын үйлестiру үшiн N 1 қосымшаға сәйкес Ведомствоаралық комиссия бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi департамент (Тойбазаров М.С.) Тауар биржасын ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн. "Өскемен Мұнай" жабық акционерлiк қоғамы (Мұратов Ж.Х.) тауар биржасын орналастыру үшiн үй бөлсiн.
Тармақ 3
3. Мұнай өнiмдерiмен және тауарлардың азық-түлiктiк тобымен сауда жасаудың барлық келiсiмдерi тауар биржасында тiркелген, тиiстi мемлекеттiк лицензиясы бар, мұнай өнiмдерiмен және тауарлардың азық-түлiк тобымен көтерме сауда жасау жөнiнде ұйымдастырушылық және реттеушiлiк iс-қимылдарды жүзеге асырушы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi "Тауар биржалары туралы" Заң күшi бар N 2170 Жарлығымен, "Биржалық тауарлардың Тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 Қаулысымен, Премьер Министрдiң 1995 жылғы 18 маусымдағы N 115-ө өкiмiмен белгiленген тәртiпте iс-әрекеттер жасаушы сатып алу-сату (жеткiзiп беру) шарттарымен ресiмделуi қажет. Тауар биржасы мұнай өнiмдерi, тауарлардың азық-түлiк тобы жөнiнде тiркелген келiсiмдер туралы салық комитетiне апта сайын хабарласын. "Мұнай өнiмдерiн облысқа әкелу, өткiзу, сақтау және пайдалану тәртiбi бекiтiлсiн және 1999 жылғы 10 наурыздан бастап iске асырылсын (N 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Облыс аумағына әкелiнетiн және өндiрiлетiн тауарлардың азық-түлiк тобы мен мұнай өнiмдерiнiң барлық көлемiн өндiру, сақтау, тасымалдау және өткiзу тәртiбiн қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiк облыстық СЭМ-на (Якупов В.С.), Шығыс Қазақстан стандарттау, метрология және сертификациялау орталығына (Мешiмбаев Е.С.), астық инспекциясына (Лавриненко Г.С.) жүктелсiн. Салық комитетiне хабарлансын.
Тармақ 5
5. "Фирмендiк көлiктiк қамту" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнының Алматы филиалының Защита агенттiгi (Аманғалиев Е.К.) көтерме сауда жөнiндегi ведомствоаралық комиссияға мұнай өнiмдерiнiң және тауарлардың азық-түлiктiк тобының көлемдерi туралы апта сайын мәлiмет берсiн.
Тармақ 6
6. Салық комитетi (Шманов Н.Т.) жоғарыда аталған ұйымдармен өзара ынтымақтасқандық кезiнде салықтардың толық жиналуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.
Басқа 8. Ведомствоаралық комиссия туралы
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 5 наурыз N 654 шешiмiне N 1 қосымша Ведомствоаралық комиссия туралы 📌 Ескерту. ШҚО әкімінің 1999 жылғы 31 мамырдағы N 693 шешімімен 14 тармақ алынды. ШҚО әкімінің 2000 жылғы 14 тамыздағы шешімімен өзгерістер енгізілді.
Басқа 9. Облысқа мұнай өнiмдерiн әкелудiң, өткiзудiң, сақтаудың және пайдаланудың тәртібі
Облыс әкiмi аппаратының басшысы Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 5 наурыз N 654 шешiмiне N 2 қосымша Облысқа мұнай өнiмдерiн әкелудiң, өткiзудiң, сақтаудың және пайдаланудың тәртібі 1. Жалпы ереже
Тармақша 1
1) "Облысқа мұнай өнiмдерiн әкелу, өткiзу, сақтау және пайдалану тәртiбi, бұдан былай мәтiн бойынша "Тәртiп", Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi "Тауар биржалары туралы" Заң күшi бар N 2170 Жарлығына, "Биржалық келісімдер тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 Қаулысына, "Мемлекеттiк бақылауды күшейту және контрабандалық тауарларды Қазақстан Республикасына әкелудi және Қазақстан Республикасынан шығаруды болдырмау туралы"" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 13 маусымдағы N 115-ө өкiмiне, Қазақстан Республикасының Мемтехқадағалауы 1996 жылғы 25 қазанда, облыс әкiмiнiң 5 наурыздағы 1999 ж., N 654 шешiмi бекiткен стационарлық, контейнерлiк және жылжымалы автобензин құю стансаларын техникалық пайдалану Ережелерiне және басқа да қолданылып жүрген нормативтiк және ведомстволық актiлер мен нормативтерге сәйкес енгiзiлуде;
Тармақша 2
2) мұнай өнiмдерiн регламенттеу мақсаты - облыста экологиялық жағдайды сауықтыру, мұнай өнiмдерiн әкелуге, өткiзуге және пайдалануға тиiстi бақылау орнату, жанар-жағар май материалдарын пайдаланушы тұтынушылардың құқыларын қорғау, салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi мемлекеттiк бюджетке толық жинауды қамтамасыз ету, бақылаушы органдардың автобензин құю стансаларына тексерулер жүргiзу тәртiбiн сақтауы;
Тармақша 3. 2. Мұнай өнiмдерiн әкелу, өткiзу және пайдалану тәртiбi
3) бұл тәртiп облыс аумағына мұнай өнiмдерiн жеткiзiп берудi жүзеге асырушы, оларды толайым және бөлшек сауда жүйелерi арқылы өткiзушi, сондай-ақ көлiктiң қай түрiмен болса да мұнай өнiмдерiн тасымалдауды жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi. 2. Мұнай өнiмдерiн әкелу, өткiзу және пайдалану тәртiбi
Тармақша 1
1) мұнай өнiмдерiмен және тауарлардың азық-түлiктiк тобымен сауда жасаудың барлық келiсiмдерi тауар биржасында тiркелген, тиiстi мемлекеттiк лицензиясы бар, мұнай өнiмдерiмен және тауарлардың азық-түлiктiк тобымен көтерме сауда жасау жөнiнде ұйымдастырушылық және реттеушiлiк iс-қимылдарды жүзеге асырушы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi "Тауар биржалары туралы" Заң күшi бар N 2170 Жарлығымен, "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 Қаулысымен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 18 маусымдағы N 115-ө өкiмiмен белгiленген тәртiпте iс-әрекеттер жасаушы сатып алу-сату (жеткiзiп беру) шарттарымен ресiмделуi қажет.
Тармақша 2
2) мұнай өнiмдерiн темiржол цистерналарымен әкелу арнайы жабдықталған терминалдарда жүзеге асырылуы қажет және тиiстi талаптарға сай келетiн және ведомствоаралық комиссиямен келiсiлген темiржол тұйықтарында.
Тармақша 3
3) <*>
Тармақша 4
4) мұнай өнiмдерiнiң сапасын тексеру мақсатында сынамаларды жинауды тиiстi бақылаушы қызметтердiң қызметкерлерi және Ведомствоаралық комиссия уәкiлдiк берген адамдар жүргiзедi. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қажеттi құжаттар мен сынамаларды ешбiр кедергiсiз беруге мiндеттi.
Тармақша 5
5) облыс аумағында жылжымалы автобензин құю стансалары мен отын тасымалдаушылардан мұнай өнiмдерiн өткiзуге тыйым салынады.
Тармақша 6. 3. Автобензин құю стансаларын iске қосу және оның жұмысын бақылау тәртiбi
6) мұнай өнiмдерiн босату, сақтау және өткiзу үшiн жауапты адамдар стационарлық, контейнерлiк жанар-жағар май құю стансаларын техникалық пайдалану және өрт қауiпсiздiгi ережелерi бойынша, жанар-жағар май материалдарын қабылдау, сақтау және босату тәртiбi бойынша оқудан өтуге, жұмысқа кiрiсуге рұқсат ететiн тиiстi куәлiк алуға мiндеттi. <*> 📌 Ескерту. ШҚО әкімінің 1999 жылғы 31 мамырдағы N 693 шешімімен II тарауына өзгерістер енгізілді. 3-тармақ алынып тасталды - ШҚО әкімінің 2000 жылғы 14 тамыздағы N 894 шешімімен. 3. Автобензин құю стансаларын iске қосу және оның жұмысын бақылау тәртiбi
Тармақша 1
1) Автобензин құю стансаларын салу және пайдалануға беру үшiн шаруашылық субъектiлерi мыналарды iстеуi қажет: автобензин құю стансасын ашуға және жер учаскесiн бөлуге қала (аудан) әкiмiнiң рұқсатын алуы; жобалау-сметалық құжатты дайындауы және бекiтуi; автобензин құю стансасын пайдалануға беру актiсiн. 📌 Ескерту. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімімен 1999 жылғы 31 мамырдағы N 693   3-ші абзац алынып тасталды.
Тармақша 2
2) Автобензин стансасын iске қосу актiсiне мемлекеттiк өрт, экология, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, төтенше мемлекеттiк инспекция, стандарттау және өлшеу құралдарына мемлекеттiк қадағалау, көлiк инспекциясының органдары қол қояды және Ведомствоаралық комиссиясының төрағасы бекiтедi;
Тармақша 3. 4. Автобензин құю стансасында мұнай өнiмдерiн қабылдау, сақтау және өткiзу тәртiбi
3) ведомствоаралық комиссия автобензин құю стансасына Мемлекеттiк стандарттау, құрылыс нормалары мен ережелерiнiң және өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарына сай келетiндiгi туралы бекiтiлген үлгiде қорытынды бередi. 4. Автобензин құю стансасында мұнай өнiмдерiн қабылдау, сақтау және өткiзу тәртiбi
Тармақша 1
1) <*>
Тармақша 2
2) мұнай өнiмдерiн автобензин құю стансасының резервуарларына құю алдында оның иесi немесе оператор автомобиль цистернасының құю қондырғысының түзетiлгендiгiн тексеруге, тауар астында судың бар-жоғын анықтауға, автоцистернадан мұнай өнiмiнiң сынамасын iрiктеп алып, оның нығыздылығын, нақты температурасын және түсiн, су мен механикалық қоспалардың бар-жоғын анықтауға мiндеттi, бұл туралы түскен мұнай өнiмдерiн есепке алу және сапа журналында белгi жасауы қажет.
Тармақша 3
3) мұнай өнiмдерiнiң сапасын сақтау үшiн Автобензин құю стансасы мiндеттi: - құю және сүзгiш қондырғыларының, резервуарлардың, отын-май үлестiретiн колонкалардың түзетiлгендiгi мен тазалығын қамтамасыз етуге; - судың резервуарларға түсуiне жол бермеуге; - автоцистерналардан мұнай өнiмдерiн құйып алу құю сүзгiштерi арқылы өздiгiнен ағуымен немесе күштеу арқылы жүргiзiлуi қажет;
Тармақша 4
4) Автобензин құю стансасының иесi металдық резервуарларды тазартуды ұйымдастыруға және мемлекеттiк стандартқа сәйкес құжаттауға мiндеттi: - май үшiн - жылына кемiнде екi рет; - автомобиль бензинi, дизельдiк отын үшiн - екi жылда кемiнде бiр рет.
Тармақша 5. 5. Жауапкершiлiк
5) Автобензин құю стансасындағы мұнай өнiмдерiнiң сапасы мемлекеттiк стандартқа сәйкес мұнай өнiмдерiн қабылдау кезiнде айына кемiнде бiр рет қабылдау-тапсыру талдамасы көлемiнде тексерiледi. Автобензин құю стансасына автоцистерналармен түсетiн мұнай өнiмдерiне дер кезiнде талдау жасау үшiн және станса босатқан мұнай өнiмдерiнiң сапасы үшiн жауапкершiлiктi Автобензин құю стансасының иесi атқарады. 📌 Ескерту. 1-тармақ алынып тасталды - ШҚО әкімінің 2000 жылғы 14 тамыздағы N 894 шешімімен. 5. Жауапкершiлiк
Тармақша 1
1) әкелiнетiн, өткiзiлетiн және пайдаланылатын мұнай өнiмдерi өрт қауiпсiздiгi және сәйкестiлiк сертификаттары бойынша мемлекеттiк стандарттау нормаларына сай келмеген жағдайда олар тиiстi комиссияның шешiмi бойынша "Өткiзуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған өнiмдер мен тауарларды жою немесе бұдан былай қайта өңдеу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы °кiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1891 Қаулысында көзделген тәртiпте жойылуға немесе қайта өңдеуге жатады.
Тармақша 2
2) <*>
Тармақша 3
3) осы ереженiң шарттарын бұзушылықты уәкiлдi адамдар да, сондай-ақ куәлендiрiлген құжаттық мәлiметтер негiзiнде де анықтауы мүмкiн.
Тармақша 4
4) Шаруашылық субъектiлерi осы ереженi бұзған, бақылауды жүзеге асырушы органдардың талаптарын орындамаған кезде ведомствоаралық комиссия заң белгiлеген тәртiпте жауапкершiлiкке тарту туралы тиiстi органдарға өтiнiш жасайды. 📌 Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ШҚО әкімінің 2000 жылғы 14 тамыздағы N 894 шешімімен. Облыс әкiмi аппаратының басшысы