Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании деятельности по организации строительства жилых зданий за счет привлечения денег физических и юридических лиц для долевого участия в жилищном строительстве Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй
ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске
асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы
29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет.".
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1276 қаулысымен
бекітілген
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 1
1. Біліктілік талаптары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру бойынша лицензия алуға үміткер заңды тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды
тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды
ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына үміткер заңды тұлғалар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
Тармақша 1
1) бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы
қойылып, осы салық органының мөрі басылған тиісті салық органының
белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасымен расталатын, алдыңғы қаржы жылына және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру бойынша лицензия алуға өтінімдер беру күнінің алдындағы салық есептілігі кезеңі ішінде бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы;
Тармақша 2
2) лицензия алған кезде осындай шарттар болған жағдайда тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысудың орындалмаған шарттары бойынша тартылған ақшаның кемінде 12 пайызы көлемінде жеке капиталының болуы;
Тармақша 3
3) құрылыс объектісін салудың аяқталған нөлдік циклының болуы;
Тармақша 4
4) оны тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдалануға рұқсаты бар өзіне меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесінің болуы;
Тармақша 5
5) кезеңдер бойынша құрылысқа арналған рұқсаттың болуы;
Тармақша 6
6) (алынып тасталды - 2007.03.19. N 208 қаулысымен)
Тармақша 7
7) тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техникалық қызметкерлер мен жауапты орындаушылар штатының болуы лицензия алуға үмiткер заңды тұлғада және/немесе бас мердiгерде.