О мерах по финансовой поддержке крестьянских хозяйств и других сельскохозяйственных товаропроизводителей Күшін жойған
Басқа 0
Шаруа шаруашылықтарын және басқа ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілерін қаржылық қолдау жөніндегі
шаралар туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Ауыл шаруашылығында реформаларды қолдауға қайтарып беру негiзiнде 50
миллион теңге сомасында облыстық бюджеттен шығындар жұмсауды көздеген
"1999 жылғы арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың
1998 жыл 29 желтоқсандағы ХХ сессиясының шешiмi негiзiнде
ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. "Ауылшаруашылығы тауар өндiрушiлерiн кредиттеудiң тәртiбi мен
шарттары туралы Ереже" бекiтiлсiн (қоса берiлуде).
Тармақ 2
2. Семей акционерлiк "Қалалық банкке", "Агроөнеркәсiпбанк" филиалына,
"Халық банкiне", "Орталықкредит" банкiне, "Туранәлембанкке" Ережеге сәйкес
ауылшаруашылығы жобаларын ортақтас қаржыландыруға қатысу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ә.) облыстық бюджет
қаражаттарынан 50 миллион теңге бөлсiн және ауылшаруашылығы жобаларын
ортақтас қаржыландыруға қатысушы коммерциялық банктермен кредиттiк келiсiм
жасасын.
Тармақ 4
4. Қайтарып беру негiзiнде бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттар
коммерциялық банктердiң депозиттiк шоттарында орналастырылады және
ауылшаруашылығы тауар өндiрушiлерiне қаржылық қолдау көрсету үшiн
кредиттiк ресурстар ретiнде пайдаланылады деп белгiленсiн. Бюджеттiк
қаражаттарды игеру мерзiмi 1999 жылғы 1 шiлдеге дейiн, ол өткеннен кейiн
пайдаланылмаған кредиттiк ресурстар бюджетке қалпына келтiрiледi. Оларды
бұдан былай пайдалану тәртiбiн облыстық қаржы басқармасы белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Бюджеттiк қаражаттар мен банктердiң өзiндiк кредиттiк ресурстары
бұларды тұқым, тыңайтқыштар мен улы химикаттар, ауылшаруашылығы техникасы
мен жабдықтарын, жанар-жағар май материалдарын, асыл тұқымды және өнiмдi
мал, құс сатып алуға, өз айналым қаражаттарын толықтыруға ауылшаруашылығы
өнiмдерiн сатып алуға, сондай-ақ шұғыл ауылшаруашылығы жұмыстарын
орындауға, бұған кредиттiк берешектердi жабу, оның iшiнде жалақы, бюджетке
және бюджеттен тыс қорларға төлемдер берешектерiн өтеу жатпайды,
пайдаланған жағдайда ғана ақырғы заемщиктерге-ауылшаруашылығы тауар
өндiрушiлерiне бөлiнедi.
Тармақ 6
6. Кредиттiк ресурстарды мақсатты пайдалануға және дер кезiнде
қайтарып беруге бақылау жасау қалалар мен аудандардың әкiмдерiне, облыстық
қаржы басқармасына (Құрманғалиев А.ә.), облыстық ауылшаруашылығы және
өңдеушi өнеркәсiп басқармасына (Томашенко А.П.) жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары
А.Б.Қалиевқа жүктелсiн.
Басқа 8. Облыстық бюджетпен қоса қаржыландыру жағдайында
ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердi несиелендiру
тәртiбi және шарттары туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1999 жылғы 7 маусымдағы N 682
шешiмiмен бекiтiлген
Облыстық бюджетпен қоса қаржыландыру жағдайында
ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердi несиелендiру
тәртiбi және шарттары туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы ереже "1999 жылға арналған облыстық бюджет туралы"
облыстық мәслихаттың 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 19/2 шешiмiмен
көзделiп, ауыл шаруашылығындағы реформаларды қолдау үшiн бөлiнетiн
қаражаттарды пайдаланудың негiзгi ережелерiн айқындайды.
Тармақ 1.2
1.2. Бюджет қаражаттары ауылшаруашылық жобаларын ұзақ мерзiмдi 3
жылға дейiн орталықтандырылған түрде қаржыландыруға берiледi және өкiлеттi
банктермен (осыдан былай - Банктер) бiрлесiп қайтарымды негiзде қоса
қаржыландыру тәртiбiмен несиелiк ресурстар ретiнде пайдаланылады.
Тармақ 1.3
1.3. Ауылшаруашылық жобаларын қоса қаржыландырғанда Облыстық
қаржыландыру басқармасы ұсынған (осыдан былай - облқаржыбасқарма) Облыстық
бюджет пен Банктер тең үлестер (ауылшаруашылық жобалар құнынан есептегенде
әрқайсысы 50 проценттен) шығарады.
Тармақ 1.4
1.4. Облқаржыбасқарма өзiнiң несиелiк ресурстар үлесiн Банктерге
процентсiз негiзде ұсынады. Банктер несиелердi қарыз алушыларға 3 процент
жылдық шегiнде несиелердi қамту жөнiндегi маржамен бөледi.
Тармақ 1.5
1.5. Банктер өздерiнiң несиелiк ресурстар үлесiн 1 жыл мерзiмге сол
банктегi қолданылып жүрген проценттiк ставкамен ұсынады.
Тармақ 1.6
1.6. Облқаржыбасқарма, облыстық ауылшаруашылық басқармасы және
Банктер тиiстi келiсiмдер жасасады, соларға сәйкес Банктер
Облқаржыбасқарма алдында толық жауапкершiлiкте болады, яғни ауылшаруашылық
жобаларын қоса қаржыландырғанда несиелiк ресурстар ретiнде пайдаланылатын
бюджет қаражаттарын қайтаруға өз кепiлдiктерiн ұсынады.
Тармақ 1.7
1.7. Несие алушылар аясын Банктер қалалар мен аудандардың
әкiмшiлiктерiмен, облыстық және аудандық ауыл шаруашылығы басқармаларымен
келiсiм бойынша айқындайды.
Тармақ 1.8
1.8. Банктер түпкi қарыз алушыларға несиелiк ресурстарды Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кепiлдi қамтамасыз ету
негiзiнде ұсынады.
Тармақ 2. 2. Қаражаттарды пайдаланудың бағыттары
2. Қаражаттарды пайдаланудың бағыттары
Тармақ 2.1
2.1. Несиелiк ресурстар ауылшаруашылық техника мен жабдықтар, тұқым,
тыңайтқыш және улы химикаттар, жанар-жағармай материалдарын, асыл тұқымды
және өнiмдi мал, құс алуға, өзiнiң айналымдағы қаражаттарын толықтыру,
ауылшаруашылық өнiмiн сатып алу, сондай-ақ бюджетке және бюджеттiк емес
қорларға төлемдер, кредиторлық, соның iшiнде еңбекақы жөнiндегi
берешектердi өтеуден басқа қауырт ауылшаруашылық жұмыстарын орындау үшiн
бөлiнедi.
Тармақ 3. 3. Тапсырыстар қабылдау, бизнес-жоспарлар қарау
және несиелiк ресурстар бөлу тәртiбi
3. Тапсырыстар қабылдау, бизнес-жоспарлар қарау
және несиелiк ресурстар бөлу тәртiбi
Тармақ 3.1
3.1. Банктерге қарыз алушылардың ұсынатын құжаттарына талаптарды
Банктердiң өздерi өздерiнiң қабылдаған несиелiк саясатына сәйкес орнатады.
Тармақ 3.2
3.2. Несие алушы Банкке бизнес-жоспарымен, аудандық немесе облыстық
ауыл шаруашылығы басқармасының салалық қорытындысымен, бюджет, бюджеттен
тыс қорлар және басқа да банктер алдында берешектерiнiң жоқтығы туралы
тиiстi органдардың құжаттық растауымен қоса тиiстi құжаттар пакетiн
ұсынады.
Тармақ 4. 4. Несиенi мақсатты пайдалануға және өтеуге
бақылау жасау
4. Несиенi мақсатты пайдалануға және өтеуге
бақылау жасау
Тармақ 4.1
4.1. Облқаржыбасқарма және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
өкiлеттi Банктердiң несиелiк ресурстар ретiнде пайдаланылатын бюджеттiк
қаражаттарының уақтылы және мақсатты пайдаланылуына және несиелiк
келiсiмдер шарттарының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 4.2
4.2. Банктердiң несиелiк ресурстарды мақсатты пайдаланбағаны үшiн
Облқаржыбасқарма орнымен пайдаланылмаған несиенiң сомасының 25 процентi
мөлшерiнде айыппұл есептейдi.
Тармақ 4.3
4.3. Несиелiк ресурстарды мақсатты бағытта пайдаланбаған фактiлер
ашылған жағдайда Банк көзделген мақсаттан басқаға пайдаланылудағы несиелiк
ресурстар сомасын және айыппұл сомасын Облқаржыбасқарманың шотына 3
банктiк күн iшiнде аударуға мiндеттi.
Тармақ 4.4
4.4. Қарыз алушыларға берiлген бюджеттiк қаражаттардың мақсатты
орындалуына бақылау жасау облыстық қаржы және ауыл шаруашылығы
басқармаларына, қалалар мен аудандардың әкiмдерiне, өкiлеттi Банктерге
жүктеледi.
Тармақ 4.5
4.5. Ауылшаруашылық тауарлар өндiрушiлердiң несиелердi уақтылы
қайтаруы мақсатында ауыл шаруашылығы басқармалары (бөлiмдерi) оларға
жобаларды тиiмдi жүзеге асыруға көмек көрсетсiн.
Шығыс Қазақстан облысы әкiмi
аппаратының басшысы