Вопросы Комитета здравоохранения Министерства здравоохранения, образования и спорта Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті туралы ережені бекіту туралы
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.03. N 1852 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің құрылымы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 сәуірдегі N 384 қаулысының ;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қыркүйектегі N 929 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 303-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнің Денсаулық сақтау комитетi туралы Ереже
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнің Денсаулық сақтау комитетi туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер Комитетке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, онда оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар.
Тармақ 5
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен .
Тармақ 6
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
📌 ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен .
Тармақ 7
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетi" мемлекеттiк мекемесі.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек мемлекеттiк бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заң актiлерімен табыс әкелетін қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқық берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Комитеттің негiзгi міндеттерi, функциялары және құқықтары
2. Комитеттің негiзгi міндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) азаматтардың денсаулығын сақтау мен салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүзуге асыруға қатысу, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, азаматтарға дәрілік көмек көрсетудi ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) өз құзыретiнiң шегiнде медициналық және фармацевтикалық ғылым мен өнеркәсiптi жетiлдiру, денсаулық сақтау кадрларын даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
Тармақша 3
3) өз құзыретiнiң шегiнде азаматтардың денсаулығын сақтау мен салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттiк және мақсатты кешендi бағдарламаларды, денсаулық сақтау саласының әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады және оларды iске асыру мен оның орындалу барысын бақылау жөніндегi шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi iс-шараларды республикалық бюджеттен қаржыландыру, берiлген қаражатты бөлу туралы ұсыныстар әзiрлеп, олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауға қатысады;
Тармақша 3
3) тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемінің тізбесін әзірлейді;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтауды реформалаудың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi, олардың iске асырылуы мен орындалу барысын бақылау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады, медицина ғылымының басым бағыттарын дамытуды қамтамасыз етедi, денсаулық сақтау практикасына ғылыми зерттеулер мен талдамалар нәтижелерiн енгiзудi ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне басшылық жасап, оны үйлестiрудi жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау объектілерiн жекешелендiру мәселесiн шешуге қатысады;
Тармақша 7
7) жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесе отырып денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) өз құзыретiндегi мәселелерi бойынша салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмiр салтын, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайын қалыптастыру саласында қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) төтенше жағдайлар болған кезде медициналық көмектi ұйымдастыруды және көрсетудi жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) өз құзыретiнiң шегiнде сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптауға басшылықты және оны ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында заңдардың қолданылу практикасын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi жөнiнде заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 12
12) денсаулық сақтау мамандарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеуге қатысады, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады, денсаулық сақтау қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау мен оларға еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
Тармақша 13
13) өз құзыретiнің шегiнде лицензиялауды жүзеге асырады, тауарларды экспорттау мен импорттауға лицензия беру туралы шешiмдердi келiсуге қатысады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету жөнiнде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерiнiң қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндi ауруларды әкелу мен таратудан сақтауды ұйымдастырады;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының ведомстволық санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау объектiлерiнде санитарлық- эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету жөнiнде мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды, өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi әзiрлейдi;
Тармақша 17
17) фармацевтикалық қызметтi, дәрілік заттардың қауiпсiздiгін, тиiмділігі мен сапасын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) дәрілік заттардың Мемлекеттiк Фармакопеясы мен Мемлекеттiк тiзiлiмiн бекiтедi, медицина практикасында дәрiлiк заттардың қолданылуын тiркеудi және оған рұқсат берудi жүзеге асырады, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техника жөнiнде нормативтiк-техникалық құжаттама әзірлейдi;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдар шығаратын медициналық мақсаттағы жаңа бұйымдар мен техникаларға техникалық сынақтар жүргiзуге қатысады, емдеу-профилактика мекемелерiн және халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде республикалық бюджет қаражатының есебiнен сатып алынған және iзгілік көмектер желiлерi бойынша түскен дәрілік заттар ресурстарының ұтымды пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға жәрдемдеседi, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында шетелдiк несиелердi, гранттарды, инвестицияларды тарту және оларды пайдалану жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
Тармақша 21
21) халықтың денсаулығының жай-күйiне талдау жасайды, медициналық-статистикалық және ғылыми-медициналық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу мен ұйымдастырудың, есептеу-есеп берудiң медициналық құжаттамасын жетiлдiру жөнiнде iс-шаралар жүргiзедi;
Тармақша 22
22) өз қызметiнiң аясында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды және ынтымақтастықты ұйымдастырады, халықаралық шарттар мен келiсiмдердің жобаларын әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасы тиiстi халықаралық шарттар мен келiсiмдер жасасқан шетел мемлекеттерiмен, Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдармен ақпарат және мамандар алмасуды ұйымдастырады;
Тармақша 24
24) заңмен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Негiзгi міндеттердi iске асыру мен өз функциясын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға, мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, және тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға және санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді, нормалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтауға бөлiнген республикалық бюджет қаражатының дұрыстығы мен тиiмдi пайдаланылуына тексеру жүргiзуге қатысуға;
Тармақша 5
5) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Комитеттің мүлкi
3. Комитеттің мүлкi
Тармақ 13
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
Комитетке мүлiкке билiк ету құқығы берiлген жағдайда, ол заңдарда белгiленген шекте мүлiкке билiк жасайды.
Тарау 4. 4. Комитет қызметiн ұйымдастыру
4. Комитет қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет Төрағасының, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитарлық дәрiгерi басқарады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитарлық дәрiгерi лауазымы бойынша Комитет төрағасының орынбасары болып табылады.
Тармақ 18
18. Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасы осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
Тармақша 2
2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрi бекiткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 5
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекітеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Комитетте консультативтiк-кеңесшi орган - алқа құрылады, оның саны мен дербес құрамын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білiм және спорт министрi бекiтедi.
Комитет қызметiнiң бағыттары бойынша сараптама органдары ретiнде кеңестер мен комитеттер құрады.
Тарау 5. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің Құрылымы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
7 мамырдағы
N 553 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің Құрылымы
Басшылық
Емдеу-профилактикалық мекемелердің қызметін үйлестіру басқармасы
Денсаулық сақтауды жоспарлау басқармасы
Медициналық білім және ғылым басқармасы
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасы
Дәрі-дәрмек саясаты бөлімі
Ұйымдастыру-бақылау, кадрлармен жұмыс бөлімі
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің қарауындағы ұйымдардың Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің 1999 жылғы
7 мамырдағы
N 553 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің қарауындағы ұйымдардың Тізбесі
Тармақ 1
1. Көлiктегі Мемсанэпидемқадағалаудың Ақмола аймақтық орталығы
Тармақ 2
2. Арал аудандық обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 3
3. Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 4
4. Атырау обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 5
5. Көлiктегi Мемсанэпидемқадағалаудың Батыс-аймақтық орталығы
Тармақ 6
6. Қазақ республикалық лепрозорийi
Тармақ 7
7. Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 8
8. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы туберкулез проблемаларының ұлттық орталығы
10. Отан соғысының мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық госпиталь
Тармақ 11
11. "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы
Тармақ 12
12. Республикалық клиникалық психиатриялық ауруханасы
Тармақ 13
13. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана
Тармақ 14
14. СПИД-тiң алдың алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталық
Тармақ 15
15. Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
Тармақ 16
16. "Бурабай" республикалық балалар-жасөспiрiмдер туберкулез санаторийi
Тармақ 17
17. "Бурабай республикалық туберкулез санаторийi
Тармақ 18
18. Арнаулы медициналық қамтамасыз ету республикалық орталығы
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының әуе жолы көлiгiнiң санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
Тармақ 20
20. Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 21
21. Орал обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 22
22. Медициналық апат орталығы
Тармақ 23
23. Сот медицинасы орталығы
Тармақ 24
24.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасы көлiктегi орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
Тармақ 26
26. Шымкент обаға қарсы күрес станциясы
Тармақ 27
27. Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институты
Тармақ 28
28. Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы
Тармақ 30
30. Ақтөбе мемлекеттiк медицина академиясы
Тармақ 31
31. "Здравоохранение Казахстана" журналының баспа үйi
Тармақ 32
32. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 33
33. "Құрмет Белгiсi" ордендi қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 34
34. Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 35
35. Обаға қарсы қазақ ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 36
36. С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ мемлекеттiк медицина университетi
Тармақ 37
37. Қарағанды мемлекеттiк медицина академиясы
Тармақ 38
38. Республикалық кәсiби аурулар клиникасы
Тармақ 39
39. Кәсiби патология клиникасы
Тармақ 40
40. Республикалық клиникалық психиатриялық ауруханасы жанындағы емдеу-өндiрiстiк шеберханасы
Тармақ 41
41. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы
Тармақ 42
42. С.Х. Субханбердин атындағы Қазақстан медицина және денсаулық сақтау тарихының мұражайы
Тармақ 43
43. А.Н.Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталық
Тармақ 44
44. Академик Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы
Тармақ 45
45. Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы
Тармақ 46
46. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы
Тармақ 47
47.
Тармақ 48
48. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы
Тармақ 49
49. Терi-венерология ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 50
50. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 51
51. Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау
ғылыми-зерттеу орталығы
Тармақ 52
52. Республикалық қан орталығы
Тармақ 54
54. "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы
Тармақ 55
55. Орта медициналық және фармацевтiк қызметкерлердi даярлау және қайта даярлау жөніндегi республикалық колледжi
Тармақ 56
56. Шығыс және осы заманғы медицинаның республикалық шаруашылық есептегі ғылыми-практикалық орталығы
Тармақ 57
57. "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасы
Тармақ 58
58. "Алатау" балалар клиникалық санаторийі
Тармақ 59
59. Республикалық емхана
Тармақ 60
60. "Республикалық оқыту-әдістемелік орталығы
Тармақ 61
61. Семей мемлекеттік медицина академиясы
Тармақ 62
62. "Дәрі-дәрмек" дәрілік құралдар орталығы
Тармақ 63
63. Спорттық медицина және оңалту орталығы
Тармақ 64
64. Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі
Тармақ 65
65. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
Тармақ 66
66. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорны
📌 ЕСКЕРТУ. 29,53-жолдар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1264 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 24,47-жолдар алып тасталды, 66-жолмен толықтырылды -
ҚР Үкіметінің 1999.09.10. N 1364 қаулысымен .