Об определении тарифа за проезд по маршрутам регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Аксу Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласында жолаушылар
мен теңдеме жүктерді автомобильмен
тасымалдаулардың жиі қатынайтын
қалалық бағыт бойынша жол жүру
құнына тарифті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жьшғы 10 наурыздағы № 113-1 бұйрығымен бекітілген, Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 101 бүйрығымен бекітілген, Жиі қатынайтын қалааралық облыс ішіндегі, қалалық, қала маңындағы және елді мекендерді қосатын: аудандық немесе облыс орталығымен кенттер, ауылдар (селолар), республикалық маңыздағы қалалармен (астанамен) -жолаушылар мен теңдеме жүктерді автомобильмен тасымалдау тарифіне есеп әдістемесін басшылыққа ала отырып, Ақсу қаласында жолаушылар мен теңдеме жүктерді жиі қатынайтын тасымалдауларды үйымдастыру мақсатында, 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Ақсу қаласында жолаушылар мен теңдеме жүктерді автомобильмен тасымалдаулардың жиі қатынайтын қалалық және елді мекендерді қосатын бағыт бойынша жол жүрудің үсынылып отырған құнын белгілеу бойынша комиссияның ұсынысын қарап, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласында жолаушылар мен теңдеме жүктерді жиі қатынайтын қалалық автомобиль тасымалдауларында жол жүру үшін үсынылып отырған тариф № 5 бағыт бойынша бір рет жүру қүны бір адамға 40 теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2."Ақсу қаласының түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
Ақсу қаласында жолаушылар теңдеме жүктерді қалалық автомобиль тасымалдаулары ұйымдарының келісім шарттарына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін;
жиі қатынайтын бағыттарда жолаушылардың жол жүру құнының өзгергендігі туралы, олар күшіне енгенге дейін он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы халықты хабардар етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне ақпарат ұсынсын.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол ресми жарияланған сәттен бастап күшіне
енеді.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Стрельбаға жүктелсін.