Об упразднении села Тельман и включении его территории в состав села Енбекши Енбекшинского сельского округа Железинского района Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы Железин ауданының Тельман ауылын тарату және оның аумағын Еңбекші ауылдық округінің Еңбекші ауылының құрамына қосу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11-бабының 3) тармақшасына, Железин ауданының мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 10 маусымдағы "Павлодар облысы Железин ауданының Еңбекшi селолық округiндегi Тельман елдi мекенiн тарату туралы" аудан мәслихаты мен әкiмдiгінiң 2005 жылғы 18 қазандағы № 133-3/19 бiрлескен шешiмiмен толықтыру енгiзiлген № 109-3/15 бiрлескен шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 25 шiлдедегi "Тельман ауылын тарату және оның аумағын Павлодар облысы Железин ауданы Еңбекшi ауылдық округiнiң Еңбекшi ауылы құрамына енгiзу туралы" № 214/8 қаулысына сәйкес және Еңбекшi ауылдық округi Тельман ауылы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi
ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Железин ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тельман ауылы елдi мекен мәртебесiнен айырылуына байланысты таратылсын және кейiннен есептiк деректерден шығарылып, оның аумағы Еңбекшi ауылдық округiнiң Еңбекшi ауылының құрамына енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.