О внесении изменений в административно-территориальное устройство Восточно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»Қазақстан Республикасы Заңы
6-бабының
1-тармағының 4) тармақшасына,
27-бабының
2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"»Қазақстан Республикасы
Заңының
8 және
11-баптарына
сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 маусымындағы N 13-9 және әкімдігінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 1198 бірлескен шешімі мен қаулысы, Үржар аудандық мәслихатының 2005 жылғы 18 тамыздағы N 15-122-ІІІ, N 15-123-ІІІ және әкімдігінің 2005 жылғы 17 тамыздағы N 117, N 118 бірлескен шешімдері мен қаулылары негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
және
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тұрғындардың көшіп кетуіне байланысты мынадай елді мекендер таратылсын және есепке алу мәліметтерінен шығарылсын:
Тармақша 1
1) Бородулиха ауданы бойынша Бакин ауылдық округінің Қазбек ауылы, Ленин ауылдық округінің II Бөлімше ауылы мен Раево ауылы, Новошульба ауылдық округінің Сизиково ауылы, Новодворовка ауылдық округінің Матвеевка ауылы;
Тармақша 2
2) Үржар ауданы бойынша Ново-Андреевка ауылдық округінің Афанасьевка ауылы, Салқынбел ауылдық округінің Желдіқара ауылы.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 1 ақпандағы N 16/226-ІІІ шешімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 385 қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім мен қаулы 2006 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.