Об изменении в административно-территориальном устройстве Глубоковского района Қолданыста
Басқа 0
Глубокий аудандық әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабы
1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының
2), 3) тармақшасына сәйкес, Глубокий аудандық мәслихатының 2005 жылғы 2 маусымдағы N 4/12-III және әкімдігінің 2005 жылғы 14 маусымдағы N 1178 бірлескен шешімі мен қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Глубокий ауданы Бобровка ауылдық округінің құрамынан Степное, Каменный карьер және Комсомольское ауылдарын бөліп берумен, Ушанов ауылында орналасқан әкімшілік орталығы бар Глубокий ауданы Ушанов ауылдық округі деген әкімшілік-аумақтық құрылым құрылсын.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 18 қазандағы N 13/197-ІІІ шешімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 5 қазандағы N 319 қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім мен қаулы 2005 жылғы 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.