О переименовании Куйбышевского сельского округа Кокпектинского района Қолданыста
Басқа 0
Көкпекті ауданы Куйбышев селолық округінің атауын өзгерту туралы
«"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы
6-бабының
1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы
11-бабының
4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихатының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 11-6 және әкімдігінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 709 бірлескен шешімі мен қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
және
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Куйбышев селолық округі Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Қойгелді Аухадиев атындағы селолық округіне қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 31 мамырдағы N 11/164-ІІІ шешімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 20 мамырдағы N 200 қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім мен қаулы 2005 жылғы 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.