О внесении дополнений и изменения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар түрлерi мен түр тармақтарының тiзбесiн, Қазақстан Республикасында аулауға рұқсат етiлген жабайы аңдар түрлерiнiң тiзбесiн, Қазақстан Республикасында лицензия бойынша аулауға рұқсат етiлетiн жабайы аңдар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1152 P951152_ қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар түрлерi мен түр тармақтары Тiзбесiнiң "Балықтар" тобы: "Пiлмай" сөзiнен кейiн "(арал және iлелiк популяциясы)"; "Балқаш алабұғасы" деген сөздерден кейiн "(балқаш iлелiк популяциясы)" деген сөздермен толықтырылсын; Қазақстан Республикасында аулауға рұқсат етiлген жабайы аңдар түрлерi Тiзбесiнiң "Сүт қоректiлер" тобы: Өзен құндызы, каспий итбалығы деген сөздермен толықтырылсын. "Құстар тобы": осы топтан "Алакөз сүңгуiрдi" алып тастай отырып "Үлкен бейнеарық", "торғай", "алаторғай", "сарыжағал қараторғай" деген сөздермен толықтырылсын; Қазақстан Республикасында лицензия бойынша аулауға рұқсат етiлетiн жабайы аңдар Тiзбесiнiң "Сүт қоректiлер" тобы: Өзен құндызы деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Қазақ КСР-iндегi аңшылық шаруашылығы жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1978 жылғы 8 қыркүйектегi N 353 қаулысымен (ҚазКСР ҚЖ-ы, 1978 ж., N 19, 70-бет) бекiтiлген Қазақ КСР-iндегi аңшылық шаруашылығы жөнiндегi Ереженiң 17-тармағы күшiн жойған деп танылсын.