Об установлении размеров ежемесячных ставок на размещение наружной (визуальной) рекламы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін бір айлық төлемақы ставкалар белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 491 бабының 2 тармағына сәйкес Нұра аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін бір айлық төлемақы ставкалар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың экономикалық реформа және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға (Г.Прокоп) жүктелсін.
Тармақ 3
3. «Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін бір айлық төлемақы ставкалар белгілеу туралы» Нұра аудандык Маслихатының 2006 жылғы 6 қаңтардағы XXI сесиясының №222 шешімінің (2006 жылғы 13 ақпандағы тіркелген № 8-14-17) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Нұра ауданы бойынша сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін бір айлық төлемақы ставкалары
2006 жылғы 21 желтоқсандағы 28 сессиясының Нұра аудандық Мәслихатының № 301 шешімімен бекітілген қосымша Нұра ауданы бойынша сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін бір айлық төлемақы ставкалары № Жарнама түрі Өлшем бірлігі Елді мекендерде Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ падаланылатын автомобиль жолдарының белдеуінде Абсолюттік сомасы Абсолюттік сомасы 1 Сыртқы (көрнекі) жарнама-көлемі 2 шаршы метрге дейін теңге 1030 1030 2 Сыртқы (көрнекі) жарнама-көлемі 2,1-ден 5 шаршы метрге дейін теңге 3090 3090 3 Сыртқы (көрнекі) жарнама-көлемі 5,1-ден 10 шаршы метрге дейін теңге 4120 4120 4 Сыртқы (көрнекі) жарнама-көлемі 10,1-ден 20 шаршы метрге дейін теңге 10300 10300 5 Сыртқы (көрнекі) жарнама-көлемі 20,1-ден 50 шаршы метрге дейін теңге 14420 14420 6 Сыртқы (көрнекі) жарнама-көлемі 50,1-ден 100 шаршы метрге дейін теңге 20600 20600 7 Дүңгіршектер, дүкендер, жанар жағар май құю стансаларында, уақытша және кіші архитектуралық формадағы павильондарда теңге 515 515