О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 27 желтоқсандағы N 1295 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақша 1
1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екiншi кезең) орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884 қаулысында : көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында: "2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi" деген 5-бөлiмде: 2006-2008 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде: реттiк нөмiрi 5-жолда: 4-бағандағы "2005-2007" деген сандар "2005-2008" деген сандармен ауыстырылсын; 5-бағандағы "550000" деген сандар "1362885" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағандағы "335000" деген сандар алынып тасталсын; 9-баған "1147885" деген сандармен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-1-жолмен толықтырылсын: "10-1 Жәңгiр хан атындағы БҒМ 2006 561188 335000 Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетiнiң машина жасау факультетiн және оқу-өндiрiстiк орталығын салу "; "Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ" деген жолда: 9-бағандағы "38567852" деген сандар "39715737" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (екiншi кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысында : көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында: "Қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi" деген 5-бөлiмде: 2007-2009 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде: реттiк нөмiрi 5-жолда: 6-бағандағы "365000" деген сандар "30000" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "812885" деген сандар "1147885" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-1-жолмен толықтырылсын: "10-1 Жәңгiр хан атындағы БҒМ 2006 561188 335000 Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетiнiң машина жасау факультетiн және оқу-өндiрiстiк орталығын салу "; "Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ" деген жолда: 8-бағандағы "32448347" деген сандар "32783347" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында: 225 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" әкiмшiсi бойынша: 011 "Бiлiм және ғылым объектiлерiн салу және қайта жаңарту" бағдарламасы бойынша: "Алматы қаласында көру қабiлетiнде проблемалары бар балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернат салу 335000" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетiнiң машина жасау факультетiн және оқу- өндiрiстiк орталығын салу 335000";
Тармақша 4
4) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 232- қосымшада : "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: "Алматы қаласында көру проблемалары бар балалар үшiн 250 орындық мектеп-интернатының құрылысын жалғастыру" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетiне машина жасау факультетiн және оқу-өндiрiстiк орталығын салуға күрделi трансферттер аудару.".