О «Правилах по оказанию социальной помощи специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, проживающим в сельской местности по приобретению топлива» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарының отын алуына әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 1 тармағы 6 бабы және 2006 жылғы 2 қарашадағы № А-15/234 Жақсы аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, аудандык мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарының отын алуына әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Ережені орындауы Жақсы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және бұқаралық ақпарат кұралдарында жарыққа шыққанан кеиін күшіне енеді. КЕЛІСІЛГЕН: Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.И.Сұлтанов Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы: Қ.М.Дүзелбаев Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы: Л.Ш.Сейдахметова
Басқа 4. Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарының отын алуына әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі
Жақсы аудандық маслихатының шешімімен бекітіледі 30 қараша 2006 ж. №ВС-33-4 Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарының отын алуына әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы «Білім туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына, 41 бабының 4 тармағы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңының 8 бабы 2 тармағына, 51 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы 4 тармағына сәйкесті және ауылдық тұрғылықты Ежерлерге денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет қызметкерлерін тарту және бекітуді ынталандыру мақсатында әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже жергілікті бюджет қаржысының есебінен қатты отынға (әрі карай «өтемақы») шығынды өтеуде өтемақы төлеу туралы Ереже «6.2.451.004 ауылдық жердерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мадениет мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемді ұйымдастыруды реттейді.
Тармақ 2
2. Өтемақыны төлеу: - Жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарын бітірген соң мамандығы бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істейтін жас мамандарға; -3 жыл ішінде жылына бір рет ақшалай беру арқылы жүргізіледі
Тарау 2. 2. Өтініш берүдің реті
2. Өтініш берүдің реті
Тармақ 1
1. Өтемақыны алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегідей кұжаттарды ұсыну керек:
Тармақша 1
1) Белігіленген үлгіде арыз;
Тармақша 2
2) Жеке бас куәлігінің (паспорт) көшірмесі және СТН көшірмесі;
Тармақша 3
3) Жоғары немесе орта арнаулы оқу орнын бітіргені туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) Жұмыс орнынан, басшының қолы және мөрімен бекітілген растау;
Тармақша 5
5) Тұрғылықты жерден анықтама.
Тарау 3. 3. Өтемақының көлемі
3. Өтемақының көлемі
Тармақ 1
1. Ауылдық жерде тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мемлекеттік ұйымдарының жас мамандарына отын алуға өтемақы 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде беріледі.
Тарау 4. 4. Өтемақыны қаржыландыру көздері
4. Өтемақыны қаржыландыру көздері
Тармақ 1
1. Өтемақыны қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысының есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ауылдық жерде тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының жас мамандарына қатты отын алу бойынша ақшалай өтемақыны төлеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Аудандық каржы бөлімі бюджет қаржысынан өтемақыны төлеудің дұрыстығына тексеру жүргізеді.
Тармақ 4
4. Лауазымды түлғаның кінәсінан құжаттар дұрыс рәсімделмей ақшалай қаржы заңсыз төленген болса, белгіленген заңнамаға сәйкес лауазымды тұлға жауапты болады.
Басқа 22
Жаксы ауданы әкімдігінің 2006 ж. « » № қаулысына №2 қосымша Жақсы ауданының жұмыспен Қамту және әлеуметтік Бағдарламалар уәкілетті Органына ________________________ (арыз берушінің Ф.А.Ә.) __________________а. Тұратын жеке бас куәлігі №______ ҚР IІМ «____» берілген СТН______ ________________жұмыс орны АРЫЗ Бюджет қаржысының есебінен отын шығынын өтеуге біржолғы өтемақыны____жылға төлеуді сұраймын. Арызға 5 дана құжаттар тізімін тіркедім. Жалған ақпарат және дәл емес (жалған) құжаттар үшін жауапкершілік туралы ескертілдім. «____»________ 200__ ж. _____________________________ (арыз берушінің қолы) қабылданды. Құжаттар 200__ ж. «_______» қабылданды. ____________________________ (кұжат қабылдаушының Ф.А.Ә. және қолы)