О «Правилах оказания жилищной помощи семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг» Күшін жойған
Басқа 0
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үйлік көмек көрсетудің Ережесі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына және 2006 жылғы 17 қарашадағы № А-15/238 Жақсы аудандық әкімдігінің қаулысына сәйкес, аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке түрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үйлік көмек көрсетудің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Ережені орындауы Жақсы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және бұқаралық ақпарат кұралдарында жарыққа шыққаннан кейін күшіне енеді.
КЕЛІСІЛГЕН:
Аудан әкімінің міндетін
атқарушы: Б.И.Сұлтанов
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің
бастығы: Қ.М.Дүзбаев
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
бастығы: Л.Ш.Сейдахметова
Басқа 4. Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің ЕРЕЖЕСІ
Жақсы аудандық мәслихаттың
2006 ж. «30» қарашада
№ ВС-33-3 шешімімеі
БЕКІТІЛДІ
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынудың төлеміне тұрғын үй көмегін көрсетудің ЕРЕЖЕСІ
Басқа 1
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі - азаматтарға тұрғын үйді ұстаудағы (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынуды төлеудегі шығынның орынын толтыру.
Тұрғын үй көмегі әлеуметтік қорғаудың бір формасы болып табылады және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында қарастырылған.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі Жақсы ауданының аумағында тұратын, тұрғын үйі меншігінде немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалдаушы, жалға алушы) тұлғаның тұрғын үйді ұстаудағы төлемнің және коммуналдық қызметті тұтынудың шығыны отбасы бюджетінен бұл мақсатқа жұмсалатын шығыны мүмкін болатын шығынның үлес шегінен асып кетсе беріледі.
Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметті тұтынуды төлеудің мүмкін болатын шектеулі үлесі отбасының жиынтық кірісінің 15 пайызы көлемінде белгіленеді.
Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну белгіленген үй көлемінің нормасынан артығын жалпыға бірдей жағдайда төленеді.
Тармақ 3
3. Өтемақы шарамен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемі бір адамға шаққанда 18 кв. метр. Жалғыз басты тұрып жатқан азаматтар үшін өтемақылық шарамен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемі 30 кв. метр, алайда бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем емес.
Электроқуатынан басқа нормативтік құжаттарға (Құрылыс нормасы және ережесі) келісімді көрсетілген ауқымнан артық емес, коммуналдық қызметті тұтынудың нормативі (суменжабдықтау, газ, суқұбыры, жылуменжабдықтау) нақты тұтынған шамамен белгіленеді.
Тармақ 4
4. Бір бірлікті үйі бар (пәтер, үй) тұлғалар немесе тұрғын жайды жалға алған (жалдауға) тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқу орынының күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген тұлғалар, күтімді қажет ететін мүгедектерге, сонымен қатар 7 жасқа дейінгі балаларға күтім көрсететіндерден басқалар тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Даулы, шиеленісті немесе қалыпсыз жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселені шешуге халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек бойынша аудандық комиссияның қарауына енгізілуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үйдің кез келген жеке меншік формасының өзгергені туралы, отбасының құрамының және оның жиынтық табысының өзгергені туралы, сонымен қатар көмекті дұрыс есептелмеген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органға хабарлауы керек.
Көмектің заңсыз және көтерме тағайындалуына әкеп соғатын алдын-ала дәл емес мәлімет берген жағдайда, меншік иесі (жалдаушы, жалға алушы) көмек тағайындаған сәттен ағымдағы жыл ішінде тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алынған тұрғын үй көмегі заңнамада көрсеткен ретпен қайтарылуға тиіс.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын тағайындалады, есептеу ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, отбасы кірісі және коммуналдық қызмет шығыны (жылу шығынынан басқасы) өткен тоқсанға есептеледі, ал жылу шығынына төлеудің нақты әрі қарай қайта есептеуін есепке ала отырып жоспарлы есеп алынады.
Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтынуға нақты есептелген төлеу сомасынан артық болуы мүмкін емес.
Тұрғын үй көмегін алғаш өтініш берген тұлғаға - өтініш берген айдан бастап, көмек алуға бұрын есепте тұрса - егер ағымдағы тоқсанда өтініш берсе, ағымдағы тоқсанда да тағайындалады.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке, отбасы кірісінің өзгеруі, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үйлік көмекке қайта есептеу жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тұрғын үй иесінің (жалдаушы, жалға алушы) өтінішіне негізделе және оған төмендегідей құжаттар тіркелген жағдайда тағайын далады:
Тармақша 1
1) жеке басын растайтын құжат және оның көшірмесі;
Тармақша 2
2) СТН берілгені туралы куәлік және оның көшірмесі;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің отбасы құрамын растайтын және отбасының тұрғылықты жерден құжаты, жер учаскесі туралы және жеке қосалқы шаруашылығы туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) пәтерге құқық беретін құжаттар (техникалық паспорт, жекешелендіру шарты, сатып алу, ауыстыру, жалдау және т.б.);
Тармақша 5
5) Отбасы мүшелерінің кірісін растайтын құжаттар;
Тармақша 6
6) Коммуналдық қызметті төлеу туралы түбіртек (шот);
Тармақша 7
7) 1 қосымшаға келісімді тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті төлеудің шығыны туралы мәлімет;
Тұрғын үй көмегін көмекті тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган тағайындайды, орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 күн ішінде қарайды және 2 қосымшаға келісімді тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім шығарады немесе 3 қосымшаға келісімді көмекті тағайындаудан бас тартады.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган ақпараттың сенімділігіне күмән келтірген жағдайда сұрау салуға құқылы, ал заңды және заңсыз тұлғалар тұрғын үй көмегін алуга үміткердің отбасының (азаматтың) кірісі туралы ақпаратты беруге міндетті.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегінің көлемі жеке меншік иесінің (жалдаушы, жалға алушы) тұргын үйді ұстап тұрганы үшін және тұргын үй көлемінің нормасы шеңберінде коммуналдық қызметті пайдалануымен, өтемақымен қамтамасыз ету шаралары мен аталған отбасының осы мақсатқа жұмсалатын нақты төлемдері мен шығыны көлеміндегі ара қатынасымен есептеледі.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй көмегін тоқсанға (құқығы бар жағдайда), өтініш берген айдан кейінгі айға толық жүргізіледі.
Төлеуді осы мақсатқа аудан бюджетінен бөлінген қаржының есебінен азаматтардың шоттарына аудару арқылы тұрғын үй көмегін бөлу бойынша уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Тұрғын үй көмегін тағайындаудың реті мен шарты тұргын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органмен тұргын үй көмегін беру бойынша уәкілетті ұйымның арасында агенттік келісіммен анықталады
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегін төлеу аудандық бюджет қаржысының есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтің есептік- нормативтік шыгыны уәкілетті органның бақылауымен анықталады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган негізгі жеке меншік тұрғын үй иелерінің (жалдаушы, жалға алушы) тізімін қалыптастырады және ай сайын шығынды өтеу үшін аудандық бюджетті бөлу бойынша уәкілетті органга хабарлама дайындайды.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органның хабарламасы негізінде аудандық бюджет қаржысын бөлу бойынша уәкілетті орган, аудандық бюджетте қарастырылған ассигнования есебінен ай сайын қаржыландыруды жүргізеді.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегін уақытылы тағайындау мен төлеуге жауапкершілік
4. Тұрғын үй көмегін уақытылы тағайындау мен төлеуге жауапкершілік
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша және аудандық бюджет қаржысын бөлудің, сонымен қатар тұрғын үй көмегін беру бойынша уәкілетті үйым тұрғын үй көмегінің уақытында тағайындалуына, төленуіне, қаржыландырылуына және берілуіне заңнамада белгіленген ретте жауапкершілік алады.
Басқа 2. ӨТІНІШ
Жақсы ауданы әкімдігінің
2006 ж. «_____ »__________
№______
қаулысына №2 қосымша
Тұрғын үй көмегін тағайындау және
төлеу бойынша уәкілетті органға
______________________________
ауылында тұратын
______________________________
кұжат, жеке бас куәлігі №____
__________________________ ж. «______»______________
берілген____________
СТН______________
ӨТІНІШ
Тұрғын үйді ұстауды және тұрғын үй- коммуналдық қызметті тұтыну шығынын өтеу үшін мына мекен-жайда тұратын маған (менің отбасыма) тұрғын үй көмегін тағайындауды өтінемін.
Өтінішке келесідей құжаттар тіркелген:
1.________________________________
2._____________________________________
3.____________________________________
5._________________________________________
Өзгерістер болған жағдайда 15 күн ішінде хабарлауды міндетіме аламын.
Жалған ақпарат және дәл емес (жалған) құжаттар үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
«_____»___________________ ж.
___________________________
(өтініш берүшінің қолы)
Қүжаттар қабылданды
«_____»___________________ ж.
__________________________
(Құжат қабылдаған тұлғаның Ф.А.Ә., қолы)
____________________________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Өзгерістер болған жағдайда 15 күн ішінде хабарлауға міндеттеменін.
Жалған ақпарат және дәл емес (жалған) құжаттар үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Азамат _____________өтініші қоса тіркелген кұжаттарымен,
құжат саны__________ отбасының тіркеу нөмері _________2005ж. «_______» қабылданды.
Құжат қабылдаушының Ф.А.Ә., лауазымы____________________________________________
Басқа 3. Тұрғын үйді ұстаудың шыгынын төлеу бойынша
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді
ұстаудан басқа) және коммуналдық
қызметті тұтынудың төлеміне
тұрғын үйлік көмек көрсетудің
Ережесіне 1 қосымша
Тұрғын үйді ұстаудың шыгынын төлеу бойынша
МӘЛІМЕТ
Жеке шот_____________________________________________________________Төлеуші______________________________________ (жеке меншік иесінің (жалдаушы, жалға алушының) Ф.АӘ)
Мекен-жай__________________________________________________________________________________
Телефон______________ пайдалы үй көлемі_____________________________________
Төлем түрі
Тариф
Есептелді
Ескерту
Пайдалану
шығыны
Жылу
Суық су және канализация
Электрмен қамтамасыз ету
Барлығы
(барлығы есептеледі, жазумен)
Қолы________________ ____________________________________________________
__________________________________________________________________________
(өтініш иесінің Ф.А.Ә.)
«____»___________________________ 2006ж.
Басқа 4
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді
ұстаудан басқа) және коммуналдық
қызметті тұтынудың төлеміне
тұрғын үйлік көмек көрсетудің
Ережесіне 2 қосымша
ШЕШІМ № 2006 ж. « »
2006 ж. «_____»______________бастап
тоқсанға көлемі__________теңге
Мына мекен-жай бойынша__________________
_____________________________________тұратын
Азамат_______________________________
ҚР-ның 1996 ж. 12 сәуірдегі №437 заңына сәйкесті
Тұрғын үй көмегі 2006 ж.________ тоқсанына тағайындалсын.
М.О. Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы:
тағайындау мен төлеу
бойынша маман:
Басқа 5
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үйді ұстаудың (жеке тұрғын үйді
ұстаудан басқа) және коммуналдық
қызметті тұтынудың төлеміне
тұрғын үйлік көмек көрсетудің
Ережесіне 3 қосымша
ШЕШІМ №________ 2006 ж.«__________»_________________
Мына мекен-жайда тұратын_____________________________________________________________
Азамат________________________________________________
2006ж. _______ тоқсанына тұрғын үи көмегін тағайындаудан
________________________________________________________________себепті бас тартылсын.
М.О. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы:
тағайындау мен төлеу бойынша маман: