Об утверждении Положения о порядке регистрации контрактов на проведение операций по недропользованию в Республике Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған контрактiлердi тiркеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы "Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған контрактiлердi тiркеу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Құзыреттi органдары мен пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша, кең таралғандарды қоса, Жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған контрактiлердi тiркеу жөнiндегi өкiлеттi органы болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған контрактiнiң, мемлекеттiк тiркеу актiсi болмаса, күшi жоқ деп белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасындағы Жер қойнауын пайдаланушылармен Контрактiлер жасасу және оны атқару жөнiндегi Қазақстан Республикасының Құзыреттi органдары Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған контрактiлердi тiркеудi қамтамасыз етсiн.
Басқа 5. Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiлердi тiркеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 903 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiлердi тiркеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Осы Ереже жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар жүргiзуге арналған Контрактiлердi (Контрактiге өзгертулердi, толықтыруларды) тiркеудiң бiрыңғай ережелерiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Құзыреттi органдары мен Жер қойнауын пайдаланушылар (Мердiгерлер) арасында жасалған Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiлердi тiркеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Өкiлеттi органы болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiлердi тiркеу бойынша (Тiркеу органдары) атқарушы органдарды айқындайды.
Тармақ 4
4. Тiркеу органы тiркеген күннен бастап, егер Контрактiде күшiне енудiң өзгедей, анағұрлым кеш мерзiмдерi сөз етiлмесе, Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiлер заң күшiне ие болады.
Тармақ 5
5. Құзыреттi орган Тiркеу органына мыналарды жолдайды: 1-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi ұсыныс (Контрактiге өзгертулер мен толықтыруларды тiркеу үшiн - 2-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi ұсыныс); экологиялық, құқықтық, салықтық және экономикалық сараптамалардың қорытындыларымен бiрге Контрактi мен оның көшiрмесi.
Тармақ 6
6. 5-тармақта көрсетiлген құжаттар берiлген сәттен бастап 10 жұмыс күнi мерзiмiнде Тiркеу органы: ұсынылған құжаттар пакеттерiнiң толықтығын тексеруге; Контракт ережелерiнiң Лицензия шарттарына сәйкестiгiн тексеруге; 3-қосымшаға немесе 4-қосымшаға сәйкес Контракт Тараптарына Контрактiнi Мемлекеттiк тiркеу актiсiнiң белгiленген үлгiсiн (Жалпы таралған пайдалы қазбалар үшiн) беруге; реестрге Контрактiнi мемлекеттiк тiркеу актiсiн енгiзуге мiндеттi.
Тармақ 7
7. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiге өзгертулердi (толықтыруларды) Құзырлы орган Тiркеу органында тiркеуге мiндеттi.
Тармақ 8
8. Егер тараптардың келiсуi бойынша өзге, анағұрлым кеш мерзiмдер белгiленбесе, Тараптар Контрактiге енгiзген өзгертулер (толықтырулар) Тiркеу органындағы Контрактiнiң өзгертiлген (толықтырылған) мәтiнi мемлекеттiк тiркеуден өткiзген сәттен заң күшiне ие болады.
Тармақ 9
9. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiге өзгертулердi (толықтыруларды) тiркеу тәртiбi Контрактiнi тiркеу тәртiбiмен бiрдей.
Тармақ 10
10. Осы Ереженiң 5-тармағында санамаланған құжаттардың толық емес пакетi тiркеу үшiн ұсынылған кезде, тiркеу органы құжаттарды тiркеуге қабылдамайды.
Тармақ 11
11. Контрактiнiң ережелерi Лицензияның шарттарына сәйкес келмеген жағдайда Контракт тiркеуге алынбайды. Тiркеу органы тiркеудi орындаудан бас тартуды жазбаша түрде Лицензияның 10 күндiк мерзiмi бұзылғандығына мiндеттi түрде сiлтеме жасай отырып жүргiзедi.
Басқа 1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсыныс
1-Қосымша Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсыныс _____________________қаласы  " "  ______________________199__ж. 1.________________________________________________тiркеу органына ___________________________________________________________________ 2. Жер қойнауын пайдаланушы (Мердiгер)_____________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 3. Лицензия сериясы _______ N ___________________________ берiлген ___________________________________________________________________ берiлген күнi _____________________________________________________ берiлген мақсаты __________________________________________________ 4. Экономикалық, экологиялық, құқықтық сараптамалардың қорытындылары______________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Құзыреттi органы жасаған ________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Контрактiнiң толық атауы Контракт __________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ _______________________________________________тiркеуге ұсынылды жасалған күнi _____________________ N _____________________________ Құзыреттi органның ресми өкiлi ____________________________________ қызметi, аты-жөнi
Басқа 2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiге өзгертулердi (толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге ұсыныс
2-Қосымша Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiге өзгертулердi (толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге ұсыныс ________________қаласы "  " _______________________________199__ж. 1. _____________________________________________тiркеу органына ___________________________________________________________________ 2. Жер қойнауын пайдаланушы (Мердiгер) ____________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 3. Лицензия сериясы ___ N __________________________________________ __________________________________________________________ берiлген берiлген күнi _____________________________________________________ берiлген мақсаты __________________________________________________ 4. Контракт сериясы _____ N _______________________________________ ___________________________________________________________________ _____________________________________________арасында жасалған жасалған күнi _____________________________________________________ 5. Экономикалық, экологиялық, құқықтық сараптамалардың қорытындылары______________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Құзыреттi органы ________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Контрактiнiң толық атауы __________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ _______________________________________________жасалған Контрактiнiң өзгертiлген мәтiнi тiркеуге ұсынылады______________________________ ___________________________________________________________________ жасалған күнi _____________________________________________________ Құзыреттi органның ресми өкiлi ____________________________________ қызметi, аты-жөнi
Басқа 3. Елтаңба Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiнi мемлекеттiк тiркеу
3-Қосымша Елтаңба Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiнi мемлекеттiк тiркеу Актiсi ___________________        " " ____________________________199__ж. Осы актiмен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беретiн N___, _____________ сериялы лицензиясы негiзiнде жасалған _______________ ___________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Құзыреттi органы және ______________________________________________________________ Жер қойнауын пайдаланушы (Мердiгер) арасындағы ________________________________________________________ Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операция түрi пайдалы қазбаға ___________________________________________________ арналған Контракт тiркеледi. Тiркеу нөмiрi ______________ Министр   ________________               ______________
Басқа 4. Елтаңба Қазақстан Республикасының Геология және Жер қойнауын қорғау министрлiгi
4-Қосымша Елтаңба Қазақстан Республикасының Геология және Жер қойнауын қорғау министрлiгi _____________________________ Тiркеу органының атауы Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiнi мемлекеттiк тiркеу Актiсi __________________қаласы  " " ______________________________199__ж. Осы актiмен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беретiн N___, _____________ сериялы лицензиясы негiзiнде жасалған _______________ ___________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Құзыреттi органы және ______________________________________________________________ Жер қойнауын пайдаланушы (Мердiгер) арасындағы ________________________________________________________ Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi кең таралған пайдалы қазбаға ______________________________________ арналған Контракт тiркеледi. Тiркеу нөмiрi ______________ __________________________ Тiркеу органының атауы Бастығы _____________