О тарифах на электрическую энергию Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Электр энергиясына арналған тарифтер туралы Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысының 2-тармағының талаптары ерекшелiк ретiнде қаралып, Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi электр энергиясына қолданылып жүрген тарифтердi 1996 жылдың 1 ақпанынан бастап орта есеппен 4 процентке арттырсын.
Тармақ 2
2. Ұлттық электр жүйесiне жалғасқан тұтынушыларға электр энергиясын босату "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетикалық жүйесiнiң көтерме тарифы бойынша жүргiзiледi деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп екi ай мерзiм iшiнде энергетика саласындағы әлеуметтiк-мәдени объектiлердiң жекешелендiрiлуiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, облыстардың әкiмдерi 1996 жылдың 1 наурызынан бастап 1 шiлдесiне дейiн әлеуметтiк-мәдени саланың қалған объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдар балансына берудi жүзеге асырсын. Бiрiншi кезекте Екiбастұз ГРЭС-1, Ермак ГРЭС, "Южказэнерго" Оңтүстiк Қазақстан энергетика жүйесi, "Целинэнерго" Тың энергетика жүйесi, "Атырауэнерго" Атырау энергетика жүйесi әлеуметтiк-мәдени саласының объектiлерi берiледi деп белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi: бiр ай мерзiмде судың, мазуттың, газдың бағасының негiзсiз өсуiне шек қою жөнiнде жұмыс жүргiзсiн және қабылданған шаралар туралы Үкiметке мәлiмдесiн; ағымдағы жылдың I тоқсанында жергiлiктi жерлерге барып электр энергиясының өндiрiсiне кететiн шығынның нақты деңгейiне тексерiс жүргiзсiн және 1 мамырда Үкiметке мәлiмдесiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң инвестициялық жобалар жөнiндегi ұсыныстарын қарасын және бiр ай мерзiмде Үкiметке ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 6
6. 1996 жылғы 1 ақпаннан бастап: "Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласын басқарудың құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1033 қаулысының 6-тармағындағы екiншi абзацтың; "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1033 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 қыркүйектегi N 1268 қаулысының үшiншi абзацының; "Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 қазандағы N 1311 қаулысының 1, 2-тармақтарының, 4-тармағындағы бiрiншi және екiншi абзацтарының күшi жойылған деп танылсын.