О порядке лицензирования деятельности фондовых бирж и котировочных организаций внебиржевого рынка ценных бумаг в Республике Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының және биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметтерiн лицензиялау тәртiбi туралы Ескерту: Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 қаулысымен (Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз). Ескерту: Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 415 қаулысымен . Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған: - Қор биржаларының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ереже; - Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ереже. Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 415 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1995 жылғы 27 маусымдағы N 8 қаулысымен бекiтiлген "Бағалы қағаздар рыногындағы биржалық қызметтi лицензиялау туралы ереженiң" және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 22 маусымдағы N 108 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Мыналарды жүзеге асыруға қажеттi өз капиталының ең төменгi жеткiлiктi деңгейi БҚҰК құжаттарды тапсыру күнiне: қор биржасының қызметiн - кемiнде 50 000 есептi көрсеткiш; биржадан тыс баға кесу ұйымының қызметiн - 15 000 есептi көрсеткiш болып белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Лицензиясы бар қор биржалары 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде өз капиталының жеткiлiктi деңгейiн және бағалы қағаздар рыногындағы олардың қызметiн айқындайтын құжаттарын осы Қаулыға және қолданылып жүрген заңдарға сәйкестендiрсiн.
Тармақ 5
5. Рынокты реттеу басқармасы осы Ереженi тiркеу үшiн үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
Тармақ 6
6. Осы Ереженiң орындалысына бақылау жасау Рынокты реттеу басқармасына және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның жетекшiлiк ететiн мүшесiне жүктелсiн.
Басқа 0. Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 29 қыркүйекте N 152 қаулысымен бекiтiлдi Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ Қор биржаларының қызметiн лицензиялау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - БҚҰК) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногындағы қор биржаларының қызметiн лицензиялауының, сондай-ақ лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасауды жүзеге асыруының тәртiбiн және шарттарын белгiлейдi.
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңының , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 көкектегi "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар N 2200 Жарлығының негiзiнде әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Қор биржаларының қызметiн лицензиялауды лицензия алған қор биржаларының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзетiн БҚҰК жүзеге асырады. Аталған тiзiлiмге лицензияны берудiң, тоқтата тұрудың және қайтарып алудың барлық фактiлерi туралы мәлiметтер енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Қор биржаларының қызметтерiн жүзеге асыруларына лицензия (бұдан әрi - лицензия) тұрақты болып табылады.
Тармақ 4
4. Лицензия алуға арналған бiлiктiлiк талаптары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Тармақ 5
5. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын, күшiне енгiзiлген халықаралық келiсiмдерi бар басқа да мемлекеттердiң аумағында қолданылады.
Тармақ ii. II. Лицензияны берудiң шарттары
II. Лицензияны берудiң шарттары
Тармақ 6
6. Лицензия алуға үмiткер заңды тұлға мынадай талаптар қойылады:
Тармақ 6.1
6.1. Өтiнушiнiң штатында БҚҰК берген, қолданылып жүрген бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленген, оның iшiнде бiрiншi санатты (бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) кемiнде үш және екiншi санатты (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi орындау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) кемiнде екi маман болуы керек. Мамандардың мынадай санаттары қолданылып жүрген заңмен белгiленген тәртiпте мiндеттi аттестациялауға жатады:
Тармақша а
а) атқарушы директорлар (басқарушы және оның орынбасарлары);
Тармақша б
б) бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауды және орталық депозитариймен және есеп айырысу жүйесiмен өзара әрекеттестiктi қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары;
Тармақша в
в) бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауды қамтамасыз ететiн мамандар. 📌 ЕСКЕРТУ. 6.1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.04.20. N 30 қаулысымен .
Тармақ 6.2
6.2. Қызметiн жүзеге асыру кезiнде лицензиаттың өз капиталының жеткiлiктi деңгейi БҚҰК белгiлеген талаптарға сәйкес болу керек.
Тармақ 6.3
6.3. Өтiнушiде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ережелер әзiрлену керек.
Тармақ 6.4
6.4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есепке алуды және есеп берудi жүргiзуге iшкi бақылау жасаудың бекiтiлген жүйесi болу керек.
Тармақ 6.5
6.5. Қор биржасы қызметiнiң тиiстi түрде жүзеге асырылуы қамтамасыз етiлетiн үй-жай және бағдарламалық-техникалық құралдар болу керек.
Тармақ iii. III. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
III. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
Тармақ 7
7. Лицензия алу үшiн БҚҰК мынадай құжаттар ұсынылуы қажет:
Тармақша а
а) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген үлгi бойынша өтiнiш;
Тармақша б
б) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
Тармақша в
в) барлық өзгерiстерiмен және толықтыруларымен қоса, тiгiлген және нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
Тармақша г
г) өтiнушiнiң соңғы аяқталған қаржы жылындағы және лицензия алу үшiн БҚҰК-ға құжаттар ұсыну алдындағы тоқсандағы, өтiнушiнiң бiрiншi басшысы (өтiнушiнiң алқалы атқарушы органының басшысы немесе өтiнушiнiң алқалы атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және бас бухгалтерi қол қойған және оның мөрiнiң таңбасымен расталған қаржылық есеп берушiлігін және өтiнушiнiң соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есеп берушiлiгіне аудиторлық есептi;
Тармақша д
д) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз капиталының есебiн және жарғылық қорды құруды растайтын қаржылық құжаттарды;
Тармақша е
е) 6.3, 6.4-тармақтардың талаптарына сәйкес, тiгiлген және өтiнушiнiң лауазымды тұлғасы қол қойған, қор биржасының қызметiн реттейтiн құжаттар (екi дана);
Тармақша ж
ж) 6.1-тармақтың тiзбесiне сәйкес мамандардың бiлiктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
Тармақша з
з) өтiнушiнiң бiлiктiлiк куәлiктерi бар мамандарының еңбек кiтапшаларының (олар бар болса)көшiрмелерi немесе жеке еңбек шарттарының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн ;
Тармақша и
и) үй-жайлар және пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдар туралы мәлiметтер;
Тармақша к
к) лицензиялық алымды төленгендiгi туралы төлем тапсырысының көшiрмесi. Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62 қаулысымен , 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысымен .
Тармақ 8
8. Өтiнушi өзiнiң қызметi туралы ақпаратты қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жария етуге мiндеттi.
Тармақ 9
9. Лицензиаттың жоғарыда аталған барлық құжаттарға қол қойған лауазымды тұлғасына ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң анық еместiгi үшiн заңмен белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi.
Тармақ iv. IV. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмдерi
IV. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмдерi
Тармақ 10
10. Құжаттар БҚҰК ұсынылған күннен бастап 30 күн iшiнде қаралады.
Тармақ v. V. Лицензия бергендiк үшiн алым
V. Лицензия бергендiк үшiн алым
Тармақ 11
11. Лицензиялық алымның мөлшерiн және оны төлеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Тармақ vi. VI. Лицензияны беруден бас тарту
VI. Лицензияны беруден бас тарту
Тармақ 12
12. Егер: - субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң актiлерiмен тыйым салынса; - осы Ереженiң 3-бабына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтiнушi аталған кедергiлердi жойғанда өтiнiш жалпы негiздерде қаралады; - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия бергендiк үшiн алым төленбесе; - өтiнушi қолданылып жүрген заңдармен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе; - өтiнушiге қатысты, оған қызметтiң осы түрiмен шұғылдануға тыйым салатын соттың шешiмi болса, лицензия берiлмейдi.
Тармақ 13
13. Лицензия беруден бас тартқан кезде өтiнушiге жазбаша түрде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде дәлелдi жауап бередi.
Тармақ 14
14. Лицензия берудiң мерзiмдерi бұзылса немесе лицензия беруден бас тартылса өтiнушi бiр ай мерзiмде БҚҰК әрекетi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Тармақ vii. VII. Лицензия беру
VII. Лицензия беру
Тармақ 15
15. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдардың және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келсе, лицензия берiледi. Лицензия бекiтiлген үлгi бойынша ресiмделедi. Өтiнушiнiң iшкi ережелерiне лицензиялаушы органның штампы қойылады. Аталған ережелердiң бiр данасы өтiнушiге қайтарылады. Екiншi данасы лицензиялаушы органда сақталады.
Тармақ 16
16. Лицензия басшыға немесе лицензиаттың уәкiлеттi өкiлiне (сенiмхат негiзiнде) берiледi.
Тармақ viii. VIII. Лицензияны қолдануды тоқтату
VIII. Лицензияны қолдануды тоқтату
Тармақ 17
17. Лицензия:
Тармақша а
а) лицензияны қайтарып алған;
Тармақша б
б) лицензия берiлген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда өзiнiң күшiн тоқтатады.
Тармақ 18. IХ. Лицензияны қайтарып алу және оны қолдануды тоқтата тұру
18. Лицензияны қолдануды тоқтатуға байланысты даулар сот тәртiбiмен шешiледi. IХ. Лицензияны қайтарып алу және оны қолдануды тоқтата тұру
Тармақ 19
19. Лицензия:
Тармақша а
а) лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамаған;
Тармақша б
б) лицензияны қолдануды тоқтата тұру себептерi жойылмаған;
Тармақша в
в) лицензиатқа оның иеленген лицензия бойынша жүзеге асыратын қызметтiң түрiмен шұғылдануына сот тыйым салған жағдайларда қайтарылып алынуы мүмкiн.
Тармақ 20
20. Лицензияны қолдану:
Тармақша а
а) лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттарда анық емес ақпараттар анықталған;
Тармақша б
б) осы Ереженiң 29 және 30-тармақтарының талаптары бұзылған;
Тармақша в
в) өз капиталының жеткiлiктi деңгейi БҚҰК белгiлеген талаптарға сәйкес келмеген;
Тармақша г
г) лицензия берiлген сәттен бастап бiр жыл iшiнде, онда көрсетiлген қызмет жүзеге асырылмаған;
Тармақша д
д) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары бұзылған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн. Лицензиаттың лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы жазбаша ескертпенi алғаннан кейiнгi қызметi заңсыз болып саналады және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапкершiлiкке соғады.
Тармақ 21
21. Лицензиар тоқтата түру себептерiн көрсете отырып лицензияны қолдануды алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 22
22. Лицензияны қолдану тоқтата тұрылған жағдайда лицензиат анықталған заң бұзушылықтарды жоюға мiндеттi. Одан кейiн лицензияны қолдану БҚҰК жазбаша ескертпесi бойынша жаңаруы мүмкiн.
Тармақ 23
23. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда, лицензиат ресми жазбаша ескертпе алған сәттен бастап он күн iшiнде лицензияны БҚҰК қайтару керек.
Тармақ 24. Х. Лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасау
24. БҚҰК лицензияны қайтарып алу немесе қолдануды тоқтата түру туралы шешiмi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға болады. Х. Лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасау
Тармақ 25
25. Лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасауға:
Тармақша а
а) лицензиаттардың қызметiне және қызметтерiнiң iшкi ережелерiне олардың қолданылып жүрген заңдармен қызметтiң осы түрiне қойылатын талаптарға сәйкестiлiгiн тексеру;
Тармақша б
б) лицензияда көрсетiлген талаптарға лицензиаттың қызметiнiң сәйкестiлiгiн тексеру;
Тармақша в
в) есепке алудың, есеп берудiң және ұсынылатын талаптарға бақылау жасаудың жайын тексеру кiредi.
Тармақ 26
26. Бақылау жасауды мерзiмдiлiк және лицензиаттарды тексерiстермен қамту көзделетiн бекiтiлген күнтiзбелiк жұмыс жоспары бойынша БҚҰК жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Қолданылып жүрген заңды лицензиаттың бұзғандығы туралы ақпараттар келiп түскен жағдайда жоспардан тыс тексерiстер жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 28
28. Тексерiстердiң нәтижелерi актiмен ресiмделедi.
Тармақ 29
29. Лицензияттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарымен белгiленген тәртiпте БҚҰК есептер беру, сондай-ақ осы Ереженiң 7, 8-тармақтарына сәйкес лицензиялауға ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы он күндiк мерзiмде БҚҰК жазбаша нысанда ескерту керек.
Тармақ 30
30. БҚҰК талап етуi бойынша лицензиаттар лицензияда көрсетiлген қызмет туралы барлық қажеттi ақпаратты сұрауды алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде беруге мiндеттi. Айрықша жағдайларда БҚҰК ақпараттар берудiң мерзiмiн ұзатуға құқылы. БҚҰК әрекетi жөнiнде сот тәртiбiмен шағым жасауға лицензиаттың құқығы бар.