Бір салық салу объектісінен алынатын жылдық тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бір салық салу объектісінен алынатын жылдық тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 қаулысына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының он бесінші сессиясы ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Бір салық салу объектісінен алынатын жылдық тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3