Об утверждении ставок фиксированного суммарного налога на игорный бизнес Қолданыста
Басқа 0
Ойын бизнесінің кесімді салық сомасының ставкаларын бекіту туралы
«Базалық кесімді салық сомасының ставкасының ең жоғарғы және ең төменгі мөлшерлерін бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы және «Салық және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексінің 394, 392 баптарымен, «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 6 бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ойын бизнесінің кесімді салық сомасының ставкасы бекітілсін:
Тармақша 1
1) ойын үстелі жылдық ең төменгі 2200 есеп көрсеткіштеріне;
Тармақша 2
2) жылына ең төменгі 50 есеп көрсеткіштерімен бір адам қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;
Тармақша 3
3) жылына ең төменгі 80 есеп көрсеткіштерімен (электронды рулеткадан басқа) бірнеше адам қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;
Тармақша 4
4) жылына ең төменгі 100 есептік көрсеткіші бар электрондық рулетка.
Тармақша 5
5) жылына ең төменгі 200 есептік көрсеткіші бар тотализатор кассасы;
Тармақша 6
6) жылына ең төменгі 100 есептік көрсеткіші бар букмекер конторының кассасы;
Тармақша 7
7) ақшалай ұтысы жоқ бір ойыншының қатысуымен ғана өткізілетін жылына ең төменгі мөлшердегі он есептік көрсеткішпен өткізуге арналған ойын автоматы;
Тармақша 8
8) ақшалай ұтысы жоқ бірнеше ойыншы қатысуымен жылына ең төменгі мөлшердегі он бес есептік көрсеткішпен өткізуге арналған ойын автоматы;
Тармақша 9
9) жылына ең төменгі он есептік көрсеткішпен ойындар өткізуге пайдаланылатын дербес компьютер;
Тармақша 10
10) ойын жолдары 55 ең төменгі жылдық есептік көрсеткіштерімен;
Тармақша 11
11) қарта 25 ең төменгі жылдық есептік көрсеткіштерімен;
Тармақша 12
12) бильярд үстелі 30 ең төменгі жылдық есептік көрсеткіштерімен;
Тармақша 13
13) лото ұйымдастыру 80 ең төменгі жылдық есептік көрсеткіштерімен;
Тармақ 2
2. «Ойын бизнесінің кесімді салық сомасының ставкасын және акциздерін бекіту туралы" 2005 жылғы 21 қарашадағы № 222 мәслихаттың 2005 жылы 3 желтоқсанда 9-14-22 нөмірмен тіркелген шешімінің 1 тармағының 1 тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім баспасөзде алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.