О ставках фиксированного суммарного налога Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тіркелген жиынтық салықтың ставкалары туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ Кодексінің 394 бабына сәйкес және «Тіркелғен жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Глубокое ауданының аумағындағы ойын бизнесі салық салу бірлігіне қоса беріліп отырған тіркелген жиынтық салықтың ставкалар мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Глубокое аудандық мәслихатының «Тіркелген жиынтық салықтың ставкалары туралы» 2006 жылғы 08 ақпандағы № 20/15-ІІІ (тіркеу нөмірі 5-9- 28, «Огни Прииртышья» газетінің 2006 жылғы 31 наурызындағы 13-нөмірінде жарияланған) 20 сессия шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап колданыска енгізіледі.
Басқа 4. Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері
Глубокое аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/13-ІІІ шешіміне косымша Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері № Салық салу объектісінің атауы Бір жылға ТЖС (АЕК-мен) базалык ставкаларының мөлшері 1. Ойын үстелі 2200 2. Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған. ақшалай ұтысы бар ойын автоматы 50 3. Біреуден артық ойыншылардың катысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (рулетканы коспағанда) 80 4. Электрондык рулетка 100 5. Тотализатор кассасы 200 6. Букмекерлік кеңсе кассасы 100 7. Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған. ақшасыз ұтыс ойын автоматы 10 8. Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы 15 9. Ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер 10 10. Ойын жолы 55 11. Карт 25 12. Бильярд үстелі 30 13. Лото ұйымдастырушы 80 Глубокое ауданы салық комитеті төрағасының орынбасары С. Оңғарбаев