О внесении изменений и дополнений в Уголовный, Уголовно-процессуальный кодексы Республики Казахстан по вопросам совершенствования уголовного законодательства Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiне қылмыстық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат):
Тармақша 1
1) 59-баптың екiншi бөлiгiнде: "жартысынан" деген сөз "үштен екісiнен" деген сөздермен ауыстырылсын; "үштен екiсiнен" деген сөздер "төрттен үшiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 63-бап мынадай мазмұндағы сегiзiншi бөлiкпен толықтырылсын: "8. Қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi қайталануы жағдайында адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.";
Тармақша 3
3) 69-баптың бiрiншi бөлiгiнде: в) тармағындағы "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын; г) тармағындағы "он бес" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 76-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.";
Тармақша 5
5) 77-баптың бесiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Бұл норма ауыр немесе аса ауыр қылмыстары үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды.";
Тармақша 6
6) 206-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "2. Нақ сол әрекеттер: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; б) бiрнеше рет; в) iрi мөлшерде жасалса, - мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
Тармақша 7
7) мынадай мазмұндағы 227-1 және 245-1-баптармен толықтырылсын: "227-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттiң сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгерту үшiн бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату 1. Жасап шығарушының немесе заңды иесiнiң келiсiмiнсiз ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын құқыққа сыйымсыз өзгерту, ұялы байланыс абонентiнiң сәйкестендiру картасының телнұсқасын құқыққа сыйымсыз жасау, - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентiнiң сәйкестендiру картасының телнұсқасын жасауға мүмкiндiк беретiн бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату, - бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Нақ сол әрекеттер: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не ұйымдасқан топпен; б) бiрнеше рет жасалса; в) бұрын компьютерлiк ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткiзгенi, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламалар жасағаны, пайдаланғаны, таратқаны үшiн сотталған адам жасаса, - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады."; "245-1-бап. Сапасыз құрылыс 1. Құрылыс ұйымдары басшыларының, жұмыс жүргiзушiлердiң және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтiн ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдердi, электр станцияларын, тұрғын үйлердi немесе өзге де құрылыс объектiлерiн пайдалануға тапсыруы және (немесе) пайдалануға қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуi, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, - бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекеттер, - мүлкi тәркiленiп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер, - мүлкi тәркiленiп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
Тармақ 2
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат):
Тармақша 1
1) 50-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: "Ескерту. Қылмыстық iс бойынша одан әрi iс жүргiзуге кедергi келтiретiн еңсерiлмейтiн күштiң әсерi деп табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды, төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын түсiну кepeк.";
Тармақша 2
2) 65-баптың екiншi бөлiгiнiң 10) тармағындағы "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;
Тармақша 3
3) 174-баптың төртiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын: "Көрсетiлген шығыстарды төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";
Тармақша 4
4) 184-баптағы "бiр айға дейiн" деген сөздер "екi айға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 5
5) 192-бапта: екiншi бөлiкте: "107-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "112," деген цифрлармен толықтырылсын; "187-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейiн "227-1," деген цифрлармен толықтырылсын; "245," деген цифрлардан кейiн "245-1," деген цифрлармен толықтырылсын; "327-бабында (үшiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "330-2 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 6
6) 223-баптың үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Tepгeу және анықтау органдары алып қойған ұлттық және шетел валютасы түрiндегi ақшалай қаражат қылмыстық процестi жүргiзушi органның депозиттiк шотына салынады.";
Тармақша 7
7) 267-1-баптың екiншi бөлiгi "орынбасарларында" деген сөзден кейiн ", облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорларда" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 8
8) 280-бап мынадай редакцияда жазылсын: "280-бап. Қылмыстық iстi прокурорға жiберу 1. Тергеушi айыптау қорытындысына қол қойғаннан кейiн iс осы iс бойынша қадағалауды жүзеге асырып отырған прокурорға дереу жiберiледi. 2. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде болған және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық iске айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тiркелуге тиiс. Айыпталушыда - Қазақстан Республикасының азаматында жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, қылмыстық процестi жүргiзетiн органның өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган iс бойынша тергеу аяқталғанға дейiн оны құжаттауға тиiс. Айыпталушыда - шетелдiкте жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, қылмыстық iске айрықша жағдайларда өзге құжат қоса тiркелуi мүмкiн. 📌 Ескерту. Осы бапта: 1) азаматтың паспорты; 2) жеке басының куәлiгi; 3) шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына берiлетiн ықтиярхат; 4) азаматтығы жоқ адамның куәлiгi; 5) жүргiзушiнiң куәлiгi; 6) әскери билет; 7) тууы туралы куәлiк (он алты жасқа толмаған адам үшiн); 8) азаматтың тууы туралы акт жазбасы жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылады.".