О внесении изменений в Таможенный кодекс Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерiстер енгiзу туралы
2003 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 42-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы "2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кеден органдары тұлғаның (өтiнiш берушiнiң) өтiнiшi бойынша осы Кодекстiң 48-бабына сәйкес тауар туралы табыс етiлген мәлiметтер болған кезде тауардың шығарылған елiн анықтауға қатысты алдын ала шешiм қабылдайды. Тауардың шығарылған елiн анықтауға қатысты алдын ала шешiмдер артықшылықты және артықшылықты емес режимдерiн қолдану кезiнде қабылданады. Көрсетiлген мәселелер бойынша алдын ала шешiм қабылдау тәртiбi мен нысанын кеден iсi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.";
Тармақша 3
3) 307-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"307-бап. Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын айқындау
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құны Тарифтер мен сауда жөнiндегi бас келiсiмнiң және Тарифтер мен сауда жөнiндегi бас келiсiмнiң VII бабын қолдану жөніндегі келісімнің кедендік бағалауының жалпы принциптеріне негізделеді.".