Об установлении ставок фиксированного суммарного налога на отдельные виды деятельности Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекелеген қызмет түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 394 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жекелеген қызмет түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкалары белгіленсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Балқаш қаласы бойынша салық комитеті (Мукеева Р.Т.) жекелеген қызмет түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық түсімін толық қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қолдансын.
Тармақ 3
3. Қалалық мәслихатының 2006 жылғы 26 сәуірдегі №32/294 «Жекелеген қызмет турлеріне арналған белгіленген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 8-4-34, «Балқаш өңірі» газетінің 2006 жылғы 17 мамырдағы №41 санында, «Северное Прибалхашье» газетінің 2006 жылға 17 мамырдағы №26 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағамбетов Е.К.) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолдаңысқа енеді. КЕЛІСІЛДІ: Қала әкімі Токушев Қ.Ә. 11.12.2006 ж. Балқаш қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Мукеева Р.Т. 11.12.2006ж.
Басқа 6. Балқаш қаласында орналасқан салық салу объектілерінің бір бірліктерінен жекелеген қызмет түрлеріне тіркелеген жиынтық салық ставкалары
Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 38/362 шешіміне қосымша Балқаш қаласында орналасқан салық салу объектілерінің бір бірліктерінен жекелеген қызмет түрлеріне тіркелеген жиынтық салық ставкалары № Салық салу объектісінің атауы Бекітуге ұсынылатын ставка 1. Ойын үстелі 2500 2. Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы 115 3. Біреуден артық ойыншылырдың қатысуымен ойын өткізуге араналған, ақшалай ұтысу бар ойын автоматы (электрондық рулетканы қоспағанда) 125 4. Электрондық рулетка 150 5. Тотализатор кассасы 350 6. Букмекерлік кеңсе кассасы 300 7. Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы 40 8. Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы 50 9. Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер 22 10. Ойын жолы 400 11. Карт 50 12. Бильярд үстелі 150 13. Лото ұйымдастырушы 200 Ескерту: Тіркелген жиынтық салықтың ставкалары салық салу объектісінің бір бірлігіне айлық есептік көрсеткішпен айқындалған.