Правила регистрации речных судов в Республике Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында өзен кемелерін тіркеу ЕРЕЖЕЛЕРІ Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 14 наурыздағы № 99-І бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1995 ж. 27.03. N 68 бұйрығына Қосымша Қазақстан Республикасында өзен кемелерін тіркеу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын (әскери-теңіз жалауы астында жүзетін және спорт жарыстарына арналып, пайдаланылатын кемелерден басқа) қуаттылығы 55 квт (75 ат күші бар) және одан артық өздігінен жүзетін кемелер және жалпы сыйымдылығы 80 регистрлік тонна және одан артық өз бетімен жүзбейтін кемелер, сондай-ақ жолаушы кемелер, қозғалтқыш қуаты мен жалпы сыйымдылығына қарамай қауіпті жүктерді тасымалдау үшін арналған құймалы кемелер кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының бөлімшесінде тіркелуі тиіс.
Тармақ 2
2. Аталмыш кемелер кеме иесінің Қазақстан Республикасының жалауы астында кеменің жүзуі мен меншік құқығы туралы Куәлікті алған мезетінен бастап, кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының Мемлекеттік су реестріне кемені енгізгенінен кейін ғана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы астында жүзу құқығын алады.
Тармақ 3
3. Кемелерді тіркеу кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекторымен белгіленген тәртіпте жасалады.
Тармақ 4
4. Осы Ереженің 1 тармағының талаптарына сәйкес тіркелмеген кемелер ішкі суларда жүзуге жіберілмейді.
Тармақ 5
5. Тіркеуге жататын кемелердің Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің келісімі бойынша Көлік және коммуникациялар министрлігімен берілетін өздерінің меншікті аты немесе нөмірлері болуы тиіс.
Тармақ 6
6. Кемені тіркеуге ресімдеу үшін кеме иесімен мыналар тапсырылады:
Тармақ 6.1
6.1. Кемені тіркеу туралы өтініш (N 1 Қосымша);
Тармақ 6.2
6.2. Кеменің жүзуге жарамдылығы туралы Қазақстан Республикасының Теңіз және Өзен Регистрі құжаттарының көшірмесі;
Тармақ 6.3
6.3. Нотариуспен куәланған, кеменің меншік құқығы расталған құжатының көшірмесі;
Тармақ 6.4
6.4. Тіркеу құжаттары бланкілерін төлеу жөніндегі түбіртек;
Тармақ 6.5
6.5. Көлік құралдары иелерінің салық төлеу жөніндегі түбіртегі; Кеме тіркеуге құжаттар берген кеме иесі оларда көрсетілген ақпардың дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 7
7. Осы Ереженің 6 тармағында көрсетілген құжаттар негізінде кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің Бас инспекциясы кеме туралы хабарды Кеме реестріне (N 2 Қосымша) енгізеді, кемеге тіркелу нөмірін береді және кеме иесіне кеменің меншік құқығын растайтын және Қазақстан Республикасы жалауы астында кеменің жүзу құқығын куәлайтын Кеме куәлігін (N 3 Қосымша) береді.
Тармақ 8
8. Кеме реестрінің N 23 бағаны бойынша кемелерге тіркелу нөмірлерді беру төмендегі литерлерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады:
Тармақ 8.1
8.1. Жоғарғы-Ертіс бассейніне - "ВИ";
Тармақ 8.2
8.2. Орал бассейніне - "У";
Тармақ 8.3
8.3. Іле бассейніне - "И";
Тармақ 8.4
8.4. Балқаш бассейніне - "Б";
Тармақ 8.5
8.5. Есім бассейніне - "Иш".
Тармақ 9
9. Кеменің жазылу орнын айқындау мақсатында нақты бассейн үшін белгіленген әріп литеріне қосымша сан литерлері белгіленеді:
Тармақ 9.1
9.1. Шығыс-Қазақстан учаскесі - "ВИ-1";
Тармақ 9.2
9.2. Семей учаскесі - "ВИ-2";
Тармақ 9.3
9.3. Павлодар учаскесі - "ВИ-3";
Тармақ 9.4
9.4. Орал учаскесі - "У-1";
Тармақ 9.5
9.5. Атырау учаскесі - "У-2".
Тармақ 10
10. Кемелерге берілген тіркелу нөмірлері және олардың литерлік белгілері (әріптік және сандық) кеменің аты немесе нөмірінен жоғары мұрындық жағындағы екі бүйірінде жазылады. Әрі өзінің мөлшері бойынша кеме атының (нөмірінің) жазуы оның тіркелу нөмірі мен литерлік белгісінен ірі болуы тиіс. Кеменің мұрындық жағына басқа жазуларға рұқсат етілмейді. Тіркеу нөмірі 507, Шығыс-Қазақстан учаскесінің Жоғарғы-Ертіс тіркелген кеменің жазу үлгісі: "ВИ - 1 - 507"
Тармақ 11
11. Жаңа Кеме куәлігін беріп, кемелерді қайта тіркеу мына жағдайларда жасалады:
Тармақ 11.1
11.1. Кеменің үлгісі өзгергенде;
Тармақ 11.2
11.2. Кеме иесі ауысқанда;
Тармақ 11.3
11.3. Кеме аты өзгергенде.
Тармақ 12
12. Кемені қайта тіркеуді ресімдеу үшін оның иесіне мыналар қажет:
Тармақ 12.1
12.1. Кеменің тіркелу орнына 10 күн мерзімнің ішінде оны қайта тіркеу туралы өтінішті беруі және бұл жөнінде Кеме куәлігіне тиесілі белгі қойғызуы қажет;
Тармақ 12.2
12.2. Осы Ереженің 5 тармақтарының талаптарына сәйкес кемені тіркеу қажет. Кеменің тіркелу орнының өзгеруі қажет болған кезде кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясына (оның жол бөлімшесіне) 5.1.-5.4. тармақтарда көрсетілген құжаттарға қосымша тағы да Кеме куәлігі (кеменің бұрынғы тіркелу орнынан шығарылғандығы туралы белгісі бар) ұсынылуы қажет.
Тармақ 13
13. Кеменің негізгі техникалық сипаттамасы өзгерген кезде (жолаушы сыйымдылығы, жүк көтерімділігі, қуаттылығы, жүзу разряды) кеменің тіркелу орны бойынша 10 күннің ішінде Кеме куәлігіндегі және Кеме реестріндегі тиесілі жазулар дұрысталады.
Тармақ 14
14. Кеме куәлігін жоғалтқан жағдайда кеме иесі бұл жөнінде жедел түрде кеменің тіркелу орнына жазбаша мәлімдеуге міндетті. Кеме иесіне жоғалтылған кеме куәлігінің орнына кемеге екі ай мерзімге ғана жүзуге рұқсат етілгендігі туралы анықтама беріледі, ол мерзім өткен соң кеме иесіне Кеме куәлігінің көшірмесі беріледі.
Тармақ 15
15. Кеменің апат болған, жойылған немесе шығарып тасталған жағдайында кеме иесі бұл жөнінде 1 ай мерзім ішінде кеменің тіркелу орнына хабарлауға және кемені Кеме реестрінен шығару үшін Кеме куәлігін тапсыруға міндетті. Кемені Кеме реестрінен шығару үшін кеме иесі, тағы мыналарды береді:
Тармақ 15.1
15.1. Кеменің жүзуге жарамсыздығы туралы Теңіз және Өзен Регистрінің қорытындысын;
Тармақ 15.2
15.2. Кемені шығару туралы кеме иесі комиссиясының акті;
Тармақ 15.3
15.3. Көлік құралдары иелерінің салық төлегені туралы түбіртегі.
Тармақ 16
16. Егер кеме Қазақстан Республикасы Кеме реестрінен белгіленген тәртіппен шығарылмаса, онда шетел мемлекетіндегі Кеме реестрінде қазақстандық кемені тіркеу заңсыз болып табылады.
Тармақ 17
17. Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясында (оның жол бөлімшелерінде) ағымдағы жылдың кемелерін тіркеу туралы хабарды есептеу N 4 Қосымшада көрсетілген нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 18. Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясына
18. Осы Ережені бұзушылар Қазақстан Республикасының пәрменді заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында өзен кемелерін тіркеу Ережелеріне N 1 Қосымша Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясына ____________________________________________________________________ ________________________ бассейні _________________________ учаскесі Толық және қысқаша кеме иесінің аты, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, тіркелу орны_______________________________________ ____________________________________________________________________ ӨТІНІШ ________________________ қарасты кемені тіркеуге алуыңызды өтінемін. Кеменің мына айыру белгілері бар:
Тармақ 1
1. Кеменің аты немесе оның нөмірі___________________________________
Тармақ 2
2. Үлгісі және міндеті______________________________________________
Тармақ 3
3. N ______ жоба, құрастырылған орны мен жылы_______________________
Тармақ 4
4. Корпусының материалы_____________________________________________
Тармақ 5
5. Бас машиналары (үлгісі, саны және жалпы қуаттылығы)______________
Тармақ 6
6. Кеменің габариттік өлшемі: ұзындығы _______ м, ені _______ м, толық жүгімен батымдылығы__ м, жүксіз батымдылығы _______м, қондырмасымен бірге ең үлкен биіктігі (жүксіз батымдылығынан) _________ м.
Тармақ 7
7. Белгіленген жүк көтерімділігі ______________ т, жолаушы сыйымдылығы ____________________________ адам.
Тармақ 8
8. Жүзу разряды_____________________________________________________
Тармақ 9
9. Қозғалтқышының үлгісі____________________________________________
Тармақ 10
10. Басқару қондырғысы (қолмен, механикалық, электрлік және т.б.) ____________________________________________________________________
Тармақ 11
11. Су өткізбейтін қабырғаларының саны______________________________
Тармақ 12
12. Құтқару шлюпкалары (саны, жалпы сыйымдылығы)____________________
Тармақ 13
13. Жүріс жылдамдығы (максимальды)__________________________________
Тармақ 14
14. Зәкірлердің саны мен олардың салмағы____________________________
Тармақ 15
15. Радионавигациялық жабдықтау (аты, үлгісі, саны)_________________
Тармақ 16
16. Су төгу құралдары (жүйесі, туындысы)____________________________
Тармақ 17
17. Өрт жүйесі (үлгісі, туындысы)___________________________________
Тармақ 18. КЕМЕ ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ БАС ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ КЕМЕ ТІЗІЛІМІ
18. Тіркеу үшін қоса берілген құжаттар______________________________ ____________________________________________________________________ Ескерту: Теңіз және Өзен Регистрінің келесі қарау күні 199 ж "__"__________ Басшысының немесе иесінің қолы Қазақстан Республикасында өзен кемелерін тіркеу Ережелеріне N 2 Қосымша КЕМЕ ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ БАС ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ КЕМЕ ТІЗІЛІМІ __________________ бассейнінің __________________ (учаскесі) басталды___________ аяқталды _________беттерінің________барлығы ____________________________________________________________________
Тармақ 1
1. NN р/с.
Тармақ 2
2. Тізілімге енгізілген күні.
Тармақ 3
3. Кеме иесінің толық және қысқа аты, заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, тіркеу орны.
Тармақ 4
4. Кеменің аты мен нөмірі.
Тармақ 5
5. Кеменің түрі өз бетімен жүзетіндігі немесе жүзбейтіндігі көрсетілген
Тармақ 6
6. Кеменің міндеті (жолаушылар, жүк тасымалдауға немесе басқа мақсатқа)
Тармақ 7
7. Жоба N _______
Тармақ 8
8. Жасалған жылы мен орны.
Тармақ 9
9. Корпусының материалы.
Тармақ 10
10. Негізгі машиналары (түрі, саны, қуаты)        ___________
Тармақ 11
11. Ұзындығы.                                    | Кеменің
Тармақ 12
12. Ені.                                         |
Тармақ 13
13. Толық жүгімен батымдылығы.                   | ауқымдық
Тармақ 14
14. Жүксіз батымдылығы.                          |
Тармақ 15
15. Үстіңгі бөлігімен қоса барша биіктігі        | өлшемі (жүксіз батымдылығынан).                    | метрмен
Тармақ 16
16. Жүк көтерімділігі (т).                       |___________
Тармақ 17
17. Жолаушы сыйымдылығы.
Тармақ 18
18. Жүзу разряды.
Тармақ 19
19. Қозғағышының түрі (бұранда саны).
Тармақ 20
20. Руль қондырғысы (қолмен, механикалық, электрмен, сумен).
Тармақ 21
21. Құтқару сылыптары (саны, жалпы сыйымдылығы).
Тармақ 22
22. Жүру жылдамдығы (ең шапшаң, шақырым/сағат).
Тармақ 23
23. Кеменің тіркеу нөмірі (кеме куәлігіне берілген N және берілген күні)                         ___________
Тармақ 24
24. Күні.                                        | Өзгерту
Тармақ 25
25. Қандай өзгерістер енгізілді (құжатқа сілтеме)| туралы белгілер
Тармақ 26
26. Күні.                                        | Тіркеуден шығару
Тармақ 27. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы) N _______ КЕМЕ КУӘЛІГІ
27. Тіркеуден шығару себебі (құжатқа сілтеме)    | туралы белгілер |____________ Қазақстан Республикасында өзен кемелерін тіркеу Ережелеріне N 3 Қосымша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы) N _______ КЕМЕ КУӘЛІГІ Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясы Кеме реестрі ________________бассейні ________ учаскесі мәліметінің негізінде төменде көрсетілген__________________________________ кеме (өз бетімен жүзетін, жүзбейтін) __________________________________________________ құрамына жатады. (кеме иесінің толық аты, оның заңды мекен-жайы)
Тармақ 1
1. Кеменің аты немесе оның нөмірі___________________________________
Тармақ 2
2. Үлгісі және міндеті______________________________________________
Тармақ 3
3. N _________ жоба, құрастырылған жылы және орны __________________
Тармақ 4
4. Корпусының материалы_____________________________________________
Тармақ 5
5. Бас машиналары (үлгісі, саны, жалпы қуаттылығы)__________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 6
6. Кеменің габариттік өлшемі: ұзындығы _______ м, ені _______ м, толық жүгімен батымдылығы__ м, жүксіз батымдылығы _________ м, қондырмасымен бірге ең жоғары биіктігі (жүксіз батымдылығы) _______ м.
Тармақ 7
7. Белгіленген жүк көтерімділігі _________ т, жолаушы сыйымдылығы _________ адам.
Тармақ 8
8. Жүзу разряды_____________________________________________________ Осы Куәлік Қазақстан Республикасының жалауы астында кеменің жүзу құқығын куәлайды және кеменің меншіктік құқығын растайды. Кеме куәлігінің түпнұсқасы кемеде сақталады (өздігімен жүзбейтін экипажсыз кемеде - кеме иесінде). Осы Куәлік кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясы _________________ бассейнінің _______________________ учаскесімен беріледі. Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясы бассейнінің (учаскесінің) басшысы М.О.                   19 ж "___"_________________ Кеме қатынасы және теңізде жүзу      Қазақстан Республикасында өзен қауіпсіздігі Бас инспекциясының      кемелерін тіркеу Ережелеріне кемелерді тізу туралы мәліметі              N 4 Қосымша ______________________ бассейні ______________________ учаскесі ____________________________________________________________________ |          |                   |          өздігінен жүзетін флот |          |                   |___________________________________| |          |                   |Жолау.|жүк| бук.|кө.|тех.|өзге|өзі | |          |                   |  шы  |   |сирлі|мек|ника|лері|жүзе| |          |   Флот иелері     |      |   |     |ші |лық |    |тін.| |          |                   |      |   |     |   |    |    |дер.| |          |                   |      |   |     |   |    |    |дің | |          |                   |      |   |     |   |    |    |бар.| |          |                   |      |   |     |   |    |    |лығы| |__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____| |Мемлекет. |                   |      |   |     |   |    |    |    | |тік кәсіп.|                   |      |   |     |   |    |    |    | |орындар   |                   |      |   |     |   |    |    |    | |__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____| |          |        Жиыны      |      |   |     |   |    |    |    | |__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____| |Акционер. |                   |      |   |     |   |    |    |    | |лік кәсіп.|                   |      |   |     |   |    |    |    | |орындар   |                   |      |   |     |   |    |    |    | |__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____| |          |        Жиыны      |      |   |     |   |    |    |    | |__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____| |Бірлескен |                   |      |   |     |   |    |    |    | |кәсіпорын.|                   |      |   |     |   |    |    |    | |дар       |                   |      |   |     |   |    |    |    | |__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____| |          |        Жиыны      |      |   |     |   |    |    |    | |__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____| |Коопера.  |                   |      |   |     |   |    |    |    | |тивтер    |                   |      |   |     |   |    |    |    | |__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____| |          |        Жиыны      |      |   |     |   |    |    |    | |__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____| |Жеке кеме |                   |      |   |     |   |    |    |    | |иелері    |                   |      |   |     |   |    |    |    | |__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____| |          |        Жиыны      |      |   |     |   |    |    |    | |__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____| |          | Флоттардың барлығы|      |   |     |   |    |    |    | |__________|___________________|______|___|_____|___|____|____|____| __________________________________________ өздігінен жүзбейтін флот   |          | __________________________________________| жүк | тұрық. | өзге.| жүзбей. | Флоттар. | |   шы   | лері | тіндер. |   дың    | |        |      |   дің   | барлығы  | |        |      | барлығы |          | |        |      |         |          | |        |      |         |          | _____|________|______|_________|__________| |        |      |         |          | |        |      |         |          | |        |      |         |          | _____|________|______|_________|__________| |        |      |         |          | _____|________|______|_________|__________|