Тереңкөл және Жаңажол ауылдық округтері бойынша ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Тереңкөл және Жаңажол ауылдық округтері бойынша ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын және ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып, бруцеллез ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округ тұрғындарын бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, Тереңкөл және Жаңажол ауылдық округтері аймақтарында мал басы сауықтырылғанша шектеу салынсын.
Тармақ 2
2. 2007 жылға Тереңкөл және Жаңажол ауылдық округтері бойынша ірі қара малдарын бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Тереңкөл және ауылдық округ әкіміне (С.Абулхаликов), Жаңажол ауылдық округ әкіміне (М.Сатқанов), Казталов аудандық аумақтық басқармасымен (Н.Құхожин), Казталов аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасымен (Т.Хайдаров), Казталов аудандық аумақтық медициналық бірлестігімен (Е.Рабаев) бірлесе отырып, жоспарда көрсетілген шараларды қйымдастыру, санитарлық және арнайы мал-дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз етуі тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Садбековке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы баспасөзде ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Құтхожин Нұретден Ихсанұлы Казталов аудандық аумақтық инспекция бастығы
Келісілді:
Абатов Нұрлан Жүнісұлы Казталов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Келісілді:
Хайдаров Талғат Қадиханұлы Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас дәрігер
Келісілді:
Абдулов Айдарбек Нұрпапаұлы Казталов аумақтық медициналық бірлестігінің бас дәрігер
Келісілді:
Рабаев Есенгелді Байзоллаұлы Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестігінің бас дәрігер