О требованиях, предъявляемых к юридическим лицам, при получении лицензии на осуществление деятельности по инвестиционному управлению пенсионными активами Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу кезiнде заңды тұлғаларға қойылатын талаптар туралы" Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы № 177 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы Ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 2 қазандағы N 1402 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ i
I. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi лицензия беруге өтiнiштi қарау кезiнде заңды тұлғаларға қойылатын талаптардың тiзбесi белгiленсiн:
Тармақ 1
1. Өтiнушiнiң мынадай көрсеткiштерiнiң оның қызметiнiң барлық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (БҚҰК) белгiлеген талаптарға және нормативтерге сәйкестiлiгi;
Тармақша 1
1) жарғылық капиталының мөлшерi;
Тармақша 2
2) өтiнушiнiң штатында өтiнушiнiң (оның филиалының, өкiлдiгiнiң) 3-санатты бiлiктiлiк куәлiктерi бар кемiнде үш маманының болуы, оның iшiнде: басшы қызметкерлер; активтердi инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары; инвестициялық шешiмдердi қабылдауға және жүзеге асыруға тiкелей қатысатын мамандар.
Тармақша 3
3) үй-жайдың, ұйымдастыру техникаларының, компьютерлердiң, бағдарламалық-техникалық құралдардың және брокерлiк кеңселермен, зейнетақы қорларымен, Орталық депозитариямен және банк-кастодиандармен өзара әрекеттестiктi қамтамасыз ететiн телекоммуникациялық құрал-жабдықтың болуы;
Тармақша 4
4) заңды тұлға өзiнiң құрылтайшыларының қаржылық тұрақтылығын растау керек;
Тармақша 5
5) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi ұйымдастыруды реттейтiн iшкi құжаттар әзiрлену керек.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының 1-тармағында аталған көрсеткiштер мынадай құжаттарман расталу керек:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар-құрылтайшылар туралы мәлiметтер; анкеталық мәлiметтер (1-қосымша); заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi; құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшiрмелерi; бухгалтерлiк баланстар және аяқталған соңғы екi қаржы жылының және БҚҰК құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қаржы нәтижелерi туралы есептер; аяқталған соңғы қаржы жылындағы қаржылық есеп берушiлiкке аудиторлық есеп;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалар-құрылтайшылар туралы мәлiметтер: анкеталық мәлiметтер (2-қосымша); табыстар және мүлiк туралы салық органдары растаған декларация;
Тармақша 3
3) басқару органдары туралы мәлiметтер, бөлiмшелерi туралы ережелер және тегiн, атын, әкесiнiң атын, енгiзу туралы бұйрықтың күнiн және нөмiрiн көрсете отырып штаттық кесте енгiзiлген өтiнушiнiң ұйымдық құрылымы;
Тармақша 4
4) жоспарлау-қаржылық құжаттарымен қоса өтiнушiнiң қызметiнiң экономикалық негiздемесi (бизнес-жоспар);
Тармақша 5
5) өтiнушiнiң iшкi аудит қызметi туралы ереже;
Тармақша 6
6) инвестициялық шешiмдi қабылдаудың және жүзеге асырудың тәртiбi туралы ереже;
Тармақша 7
7) зейнетақы активтерiмен жасалған мәмiлелердiң орындалысына бақылау жасаудың тәртiбi туралы ереже;
Тармақша 8
8) мәлiметтердiң тұтастығын және ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге iшкi бақылау жасау туралы ереже;
Тармақша 9
9) инвестициялық шешiмдер қабылдауға және жүзеге асыруға тiкелей қатысатын тұлғалардың, олардың құқықтары мен мiндеттерi нақты жазылған лауазымдық нұсқаулары;
Тармақша 10
10) үй-жайдың ұйымдастыру техникаларының, телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың және бағдарламалық-техникалық құралдардың бар екенiн растайтын құжаттар;
Тармақша 11
11) бухгалтерлiк баланс және өтiнушiнiң соңғы аяқталған қаржы жылының және соңғы тоқсанның (құжаттарды ұсыну сәтiне) қаржылық нәтижелерi туралы есебi;
Тармақша 12
12) өтiнушiнiң аяқталған соңғы қаржы жылындағы (егер аяқталса) қаржылық есеп берушiлiкке аудиторлық есеп;
Тармақша 13
13) өз капиталының қолданылып жүрген заңдарға сәйкес есебi және жарғылық капиталын қалыптастыруды растайтын қаржылық құжаттар;
Тармақша 14
14) өтiнушiнiң осы Қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған қызметкерлерiне БҚҰК берген, қолданылып жүрген үшiншi санатты (бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) бiлiктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
Тармақша 14-1
14-1) осы Қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғалардың еңбек кiтапшаларының (олар бар болса) немесе жеке еңбек шарттарының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн;
Тармақша 15
15) ақпараттық-техникалық қызмет көрсетуге Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығымен жасасқан келiсiмнiң көшiрмесi. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 14)-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.04.20. N 30 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 2-тармақ 14-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62 қаулысымен . Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысымен .
Тармақ 3
3. БҚҰК өтiнушiден Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қосымша құжаттарды ұсыну жолымен оның қызметi туралы мәлiметтердi ашуды талап етуге құқылы.
Тармақ 4
4. Өтiнушiнiң лицензия алуға ұсынылған құжаттарға қол қойған лауазымды тұлғасына осы құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыстығына заңмен белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi. Лицензиар өтiнушiнiң құжаттарындағы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi үшiн жауап бермейдi.
Тармақ 5
5. Өтiнушi мәлiметтердегi және осы Қаулының 2-тармағына сәйкес лицензия алуға ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы БҚҰК жазбаша түрде ескертуге мiндеттi. Өзгерiстер туралы мәлiметтер БҚҰК он күн мерзiмде берiлу керек.
Тармақ ii
II. Лицензиат зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi 6 ай iшiнде жүзеге асырмаған жағдайда, лицензияны қолдану тоқтатыла тұрады.
Тармақ 6
6. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау БҚҰК Инвестициялау басқармасына жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күшiне енедi.