Об утверждении размеров стоимости разовых талонов и ставок фиксированного суммарного налога для отдельных видов предпринимательской деятельности Қолданыста
Басқа 0
Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшерлерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 369, 372, 373 баптарына сәйкес Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Щучье ауданының базарларында сату бойынша (базар аумағындағы келісім шарт бойынша жалға алынған үй-жайларда сатудан басқа) бір жолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Щучье ауданы бойынша бір мезгілдік қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құны 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Щучье ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салықтық тәртіп бойынша бекітілген жинақ салықтың мөлшері 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Щучье аудандық мәслихатының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № С-12/2 «Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлері үшін бекітілген жиынтық салық ставкалары мөлшерін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 893, 2002 жыл 7 қаңтар), 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № С-21/2 «Щучье аудандық мәслихатының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № С-12/2 «Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлері үшін бекітілген жиынтық салық ставкалары мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 1454, 2002 жыл 28 желтоқсан) «Луч» газетінің 2003 жылғы 4 қаңтардағы 1 нөмірінде жарияланған, 2004 жылғы 24 наурыздағы № С-6/4 «Щучье аудандық мәслихатының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № С-12/2 «Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлері үшін бекітілген жиынтық салық ставкалары мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 2424, 2004 жылғы 9 сәуір) «Луч» газетінің 2004 жылғы 26 сәуіріндегі 34 нөмірінде, «Бурабай» газетінің 2004 жылғы 22 сәуіріндегі 18 нөмірінде жарияланған, 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № С-23/5 «Щучье аудандық мәслихатының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № С-12/2 «Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлері үшін бекітілген жиынтық салық ставкалары мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-59 2005 жыл 29 желтоқсан), «Луч» газетінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы 7 нөмірінде, «Бурабай» газетінің 2006 жылғы 19 қаңтардағы 3 нөмірінде жарияланған, 2006 жылғы 6 ақпандағы № С-25/4 «Щучье аудандық мәслихатының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № С-12/2 «Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлері үшін бекітілген жиынтық салық ставкалары мөлшерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар еңгізу туралы (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-68, 2006 жылғы 9 ақпан), «Луч» газетінің 2006 жылғы 13 наурызда 21 нөмірінде, «Бурабай» газетінің 2006 жылғы 23 ақпандағы 8 нөмірінде жарияланған) шешімдері өз күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Щучье ауданының базарларында сату бойынша (базар аумағындағы келісім шарт бойынша жалға алынған үй-жайларда сатудан басқа) бір жолғы талондардың құны
Щучье аудандық маслихатының
21 желтоқсан 2006 жылғы
№ С-35/2 шешіміне 1 қосымша
Щучье ауданының базарларында сату бойынша (базар аумағындағы келісім шарт бойынша жалға алынған үй-жайларда сатудан басқа) бір жолғы талондардың құны
№
Тауар атаулары, қызмет көрсету түрлері
Бір күнгі талон құны (тг.)
1
Ет
110
2
Балық
100
3
Сүт тағамдары
50
4
Көкеністер мен жемістер
130
5
Кондитерлік бұйымдар
150
6
Азық-түлік тағамдары
100
7
Бас киімдер
а) бас киімдер
140
б) былғары және жасанды бұйымдар
110
8
Құрылыс материалдары
200
9
Тері-жүн бұйымдары
200
10
Жуу қүралдары
120
11
Киім
130
12
Шұлық бұйымдары
100
13
Балалар ойыншықтары
120
14
Аяқ-киім
140
15
Шаруашылық тауарлары
100
16
Қосалқы бөлшектер
250
17
Ескі қосалқы бөлшектер
60
18
Парфюмериялық-галантериялық тауарлар
100
19
Кеңсе тауарлары
120
20
Электро-шаруашылық құралдар
200
21
Көлікпен сату (көкеністер мен жемістер)
300
22
Халық тұтыну тауарларын көліктен сату
300
Ескерту: Жеке кәсіпкер Данчева Л. - Зеленый бор селосы, жеке кәсіпкер Мурзабекова З.М. - Қатаркөл селосындағы шағын-рыногы үшін, бір жолғы талондар құны 10% төмендетілсін.
Басқа 7. Щучье ауданы бойынша бір мезгілдік қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құны
Щучье аудандық маслихатының
21 желтоқсан 2006 жылғы
№ С-35/2 шешіміне 2-қосымша
Щучье ауданы бойынша бір мезгілдік қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құны
№
Қызмет түрлерінің атаулары
1 күнгі біржолғы талондар құны
1
Өткізу (стационарлық орындарды жүзеге асырылатын кызмет түрлерінен тыс)
1) газет, журналдар
2)тұқым, сонымен қатар егіс материалдары
3)бақша мен үй алды учаскісінде өсірілген гүлдер
4)ауыл шаруашылығындағы азық-түліктер:
үй жануарлары мен кұстар, бау-бақша учаскілері
100
50
120
100
2
Автокөлік тасымалдау қызметі
1)жақын шет мемлекетінен
2)алыс шет мемлекетінен
1500
1500
3
Жер учаскілерін өңдеуге жеке транспорт иелерінің кызметі
150
4
Жеңіл және жүк автокөлік иелерінің адамдар мен жүк тасымалдау қызметі (лицензиялы тасымалдаудан тыс)
1)Адамдарды жеке транспортпен тасымалдау
2)Жүк тасымалдау
200
200
5
Фотосурет қызметі
100
6
Шашлык сату
100
Басқа 8. Щучье ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салықтық тәртіп бойынша бекітілген жинақ салықтың мөлшері
Щучье аудандық маслихатының
21 желтоқсан 2006 жылғы
№ С-35/2 шешіміне 3 қосымша
Щучье ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салықтық тәртіп бойынша бекітілген жинақ салықтың мөлшері
«Республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес ойын бизнесінде қызмет ететін салық төлеушілерге арналған тұрақтандырылған бағалы салығының мөлшері, еселі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 1
1. Ойын үстелі үшін (казино) жылына - 5000 айлық есептік көрсеткіші
Тармақ 2
2. Бір адамға арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматтары үшін (электрондық рулеткадан басқа) жылына - 130 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 3
3. Бір адамнан артық ақшалай ұтысы бар ойын автоматтары үшін (электрондық рулеткадан басқа) жылына - 180 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 4
4. Электрондық рулетка үшін жылына - 250 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 5
5. Тотализатор кассасы үшін жылына - 700 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 6
6. Букмекер кеңсесінің кассасы үшін жылына - 750 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 7
7. Бір адам ойнайтын, ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматтары үшін жылына - 140 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 8
8. Бір адамнан артық ойнаушылардың қатысуымен, ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматтары үшін жылына - 210 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 9
9. Ойын жүргізуге арналған дербес компьютерлер үшін жылына - 50 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 10
10. Ойын жолағы үшін жылына - 1000 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 11
11. Карт үшін жылына - 150 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 12
12. Бильярд үстелі үшін жылына - 100 айлық есептік көрсеткіші.
Тармақ 13
13. Лото ұйымдастыру үшін жылына - 600 айлық есептік көрсеткіші.