О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам Карагандинской области по Республике Казахстан, направленным на лечение в лечебно - профилактические и другие учреждения здравоохранения Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы емдеу-алдын алу және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінде емделу үшін Қарағанды облысының азаматтарына тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының
6 бабы
1 тармағының 7 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" N 430 Заңының
8 бабы
4 тармағына сәйкес облыстық мәслихат
ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы емдеу-алдын алу және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінде емделу үшін Қарағанды облысының азаматтарына 2007 жылға арналған жергілікті бюджеттің есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.