О порядке таможенного контроля в свободной таможенной зоне Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еркiн кеден аймағындағы кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001.02.09. N 46 бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заң күшi бар Жарлығын орындау мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Еркiн кеден аймағындағы кедендiк бақылаудың тәртiбi (қоса тiркелiп отыр) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Кеден басқармалары мен кедендердiң бастықтары осы Бұйрықтың мазмұнын декларанттарға және тиiстi кеден органдарының қызметi орналасқан мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдарға жеткiзсiн.
Тармақ 3. Еркiн кеден аймағындағы кедендiк бақылаудың тәртiбi
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Кеден комитетi Төрағасының Бiрiншi орынбасары В.Д. Кирдановқа жүктелсiн. Еркiн кеден аймағындағы кедендiк бақылаудың тәртiбi 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Еркiн кеден аймақтарының шет ел тауарлары кеден баждары мен салықтары алынбай және экономикалық саясат қолданылмай тиiстi кеден аумақтық шекараларда орналасатын және пайдаланылатын, қазақстандық тауарлар ҚР-ның кеден заңдарымен анықталатын тәртiппен экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетуге қолданылатын жағдайларда қолданылатын және пайдаланылатын кеден режимi.
Тармақ 1.2
1.2. Еркiн кеден аймағының кеден режимi қолданылатын аумақ ретiндегi еркiн кеден аймағы мен оның шекараларын өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасы орталық кеден органының және Қазақстан Республикасы жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының бiрлескен ұсынуы бойынша қабылданатын шешiммен анықталады.
Тармақ 1.3
1.3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң егер еркiн кеден аймағының жұмыс iстеуi кеден заңдарының талаптарына сай келмейтiн болса, оны құру туралы шешiмнiң күшiн жоюға құқылы. Аталған шешiмнiң күшi жойылған жағдайда еркiн кеден аймағы алты ай iшiнде жойылуы тиiс. Еркiн кеден аймағын құру туралы қайыруларды қараудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 1.4
1.4. Еркiн кеден аймақтарында кеден заңдары сақталатын жағдайда тауарлардың бөлшек саудада сатылуын қоспағанда олармен өндiрiстiк және өзге де коммерциялық операциялар жасауға рұқсат етiледi.
Тармақ 1.5
1.5. Еркiн кеден аймағын аумағына әкелiнетiн және осы аумақтардан әкетiлетiн барлық тауарлар мен көлiк құралдары кеден заңдарымен және осы Тәртiппен көзделген ретпен кеден органдары анықтайтын жерлерде кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауға жатады. Қазақстан Республикасы заңдарын сақтау және кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарлардың сипатын ескере отырып, еркiн кеден аймақтарында тауарлармен операцияларды жүргiзуге жекеленген тыйымдарды және шектеулердi белгiлеуге, сондай-ақ еркiн кеден аймақтарында ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды салуға құқылы.
Тармақ 1.6
1.6. ҚР-ның кеден органдарының кейбiр адамдар ҚР-ның заңдық актiлерiнiң, ҚР Үкiметiнiң актiлерiнiң талаптарын сақтамаса, олардың еркiн кеден аймақтарында тауарлармен операцияларды жүзеге асыруына тыйым салуы немесе мұндай адамдардың еркiн кеден аймағы аумағына кiруiне рұқсат етпеуi мүмкiн. Еркiн кеден аймақтарында тауарлар мерзiмдерi шектелмей жата алады.
Тармақ 1.7
1.7. Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген жағдайларда ЕКА аумағына әкелiнетiн және осы аумақтан әкетiлетiн тауарлар малдәрiгерлiк, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттiк кедендiк бақылаудың басқа да түрлерiне жатады.
Тармақ 1.8
1.8. Осы Тәртiпте Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ жарлығымен көзделген ұғымдар қолданылады.
Тарау 2. 2. Шет ел тауарларын ЕКА аумағына әкелу
2. Шет ел тауарларын ЕКА аумағына әкелу
Тармақ 2.1
2.1. Осы Тәртiппен көзделген жағдайларды қоспағанда шет ел тауарларды ЕКА аумағына әкелу кезiнде алуы кеден органдарына жүктелген кеден баждары мен салықтары алынбай және еркiн кеден аймағының кеден режимiне сәйкес экономикалық саясат шаралар қолданылмай еркiн кеден аймағы кедендiк кеден режимiмен орналастырылады. ЕКА аумағына әкелiнетiн және бөлшек саудаға арналған тауарлар еркiн кеден аймағының режимiмен орналастыруға жатпайды.
Тармақ 2.2
2.2. ЕКА аумағына әкелiнетiн және өзге кеден режимiмен орналастырылатын шет ел тауарларын кедендiк ресiмдеу мәлiмделiнген кеден режимiне сәйкес, Қазақстан Республикасы кеден заңдарымен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 2.3
2.3. Осы Тәртiптiң 1.1. тармағында аталған тауарлар осы Ереже N 1 қосымшада келтiрiлген тәртiппен декларациялауға жатады.
Тарау 3. 3. Қазақстан тауарларын ЕКА аумағына әкелу
3. Қазақстан тауарларын ЕКА аумағына әкелу
Тармақ 3.1
3.1. Қазақстан тауарлары ЕКА аумағына әкелу кеден баждары мен салықтары алынбай және экономикалық саясат шаралары қолданылмай әкелiнедi.
Тармақ 3.2
3.2. Қазақстан тауарларын ЕКА аумағына әкелу кезiнде сақталуына бақылау жасау кеден органдарына жүктелген тарифтiк емес шектеулер қолданылмайды.
Тармақ 3.3
3.3. Қазақстан Республикасының өзге аумағына әкелiнетiн Қазақстан тауарларын кедендiк ресiмдей оңайлатылған тәртiппен жүзеге асырылады. Мұндай тауарлар кеден органына жеткiзуге бақылау жасау құжатын ұсыну жолымен декларацияланады. Аталған құжат еркiн кеден аймағының кеден режимiмен орналастыру үшiн кеден декларациясы ретiнде қаралады. Жеткiзуге бақылау жасау құжатымен бiрге кеден органына кеден органдарының кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн қолданатын жүк, тауар алып жүру және өзге де құжаттарды ұсынылады.
Тармақ 3.4
3.4. Осы Тәртiппен көзделген жағдайларды қоспағанда шет мемлекеттердiң аумақтарынан әкелiнетiн қазақстан тауарлары еркiн кеден аймағының кеден режимiмен орналастырылады. Осындай тауарларды кедендiк ресiмдеу мен бақылау шет ел тауарларына қатысты осы Тәртiптiң 2-тарауымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3.5
3.5. Шет мемлекеттердiң аумақтарынан әкелiнетiн қазақстан тауарларын еркiн кеден аймағының кеден режимiмен орналастыру кезiнде тауарларды орналастыратын адам төлем ретiнде немесе тауарларды Қазақстан Республикасынан әкету кезiнде берiлген өзге де жеңiлдiктер нәтижесiнде алынған сомаларды керi импорттың кеден режимiн қолдану кезiнде кеден органдарының алуы үшiн белгiленген тәртiппен осындай сомаларды қайтарады.
Тармақ 3.6
3.6. Осы Тәртiпке сәйкес қазақстан тауарларына еркiн кеден аймағының кеден режимiн қолдану мүмкiн болмайтын жағдайда шет мемлекеттердiң аумақтарынан әкелiнетiн тауарлар олардың кеден режимдерiне сәйкес орналастырылады, ал Қазақстан Ресей iшкi кедендiк транзит ресiмiне сәйкес орналастырылады.
Тарау 4. 4. Еркiн кеден аймағы аумағынан тауарларды шет мемлекеттерге әкету
4. Еркiн кеден аймағы аумағынан тауарларды шет мемлекеттерге әкету
Тармақ 4.1
4.1. ЕКА аумағынан әкетiлетiн тауарларға кеден баждары мен салықтары, экономикалық саясат шаралары тауарлардың шығуына қарай қолданылады.
Тармақ 4.2
4.2. ЕКА аумағынан әкетiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу осы Тәртiппен көзделген ерекшелiктер ескерiлiп, Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 4.3
4.3. ЕКА аумағынан әкелiнген шет ел тауарлары және олардың ұқсатылған өнiмдерi шет мемлекеттерге кеден баждары мен салықтары алынбай және экономикалық саясат шаралары қолданылмай әкетiледi. Еркiн кеден аймағының кеден режимiмен ЕКА аумағында орналастырылған шет ел тауарлары экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетiледi. Алдыңғы абзацта көрсетiлмеген шет ел тауарлары оларға қатысты таңдалынған кеден режимдерiнiң шарттарына сәйкес әкетуге жатады.
Тармақ 4.4
4.4. Экспорттың кеден режимiне сәйкес ЕКА аумағынан әкетiлетiн қазақстан тауарларына (еркiн кеден аймағында өндiрiлген тауарларды қоспағанда) қатысты кеден баждары мен салықтары алынады, мұндай тауарларға Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген болса, экономикалық саясат шаралары қолданылады.
Тармақ 4.5
4.5. ЕКА-да өндiрiлген немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығымен белгiленген талаптарға сәйкес жеткiлiктi ұқсатудан өткiзiлген және экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетiлетiн тауарларға қатысты кеден баждары алынбайды және экономикалық саясат шаралары қолданылмайды. Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiп Сауда-өнеркәсiп палатасы беретiн, тауарларды ресiмдей кезiнде кеден органына ұсынылатын олардың шығуы туралы сертификат тауарлардың ЕКА-да өндiрiлгендiгiн растайтын құжат болып табылады.
Тарау 5. 5. Тауарларды ЕКА-дан Қазақстан Республикасының өзге аумағына әкету
5. Тауарларды ЕКА-дан Қазақстан Республикасының өзге аумағына әкету
Тармақ 5.1
5.1. Тауарларды ЕКА-дан Қазақстан Республикасының өзге аумағына әкелу кезiнде кеден баждары мен салықтары, экономикалық саясат шаралары мен сақталуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген әкелуге қатысты өзге де шектеулер:
Тармақша а
а) еркiн кеден аймағында өндiрiлген;
Тармақша б
б) Қазақстан Республикасынан немесе шет мемлекеттерден бұрын әкелiнген қазақстан тауарларына;
Тармақша в
в) жеке тұлғалардың еркiн кеден аймағының аумағына оңайлатылған жеңiлдiк тәртiбiмен әкелген;
Тармақша г
г) Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарынан шыққан тауарларға қолданылмайды. Тауарларды еркiн кеден аймағының аумағынан әкету кезiнде олардың осы тармақта көрсетiлген шарттарына сай келуiн кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн, еркiн кеден аймағында орналасқан кеден органдары белгiлейдi.
Тармақ 5.2
5.2. Осы Тәртiптiң 5.1-тармағында көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына кедендiк бақылаумен жеткiзудiң ережелерiне сәйкес өткiзiледi.
Тармақ 5.3
5.3. Шет ел тауарлары еркiн кеден аймағының аумағынан осы Тәртiптiң 4.3-тармағында көзделген тәртiппен әкетiледi. Кеден органдары осы тауарлардың еркiн кеден аймағының аумағынан нақты әкетiлуiне бақылауды Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Осы тауарларды Қазақстан Республикасының өзге аумағына кеден мақсатында әкелу кезiнде олар шет мемлекеттерден әкелiнген шет ел тауарлары ретiнде қарастырылады.
Тарау 6. 6. Еркiн кеден аймағының аумағы арқылы транзит
6. Еркiн кеден аймағының аумағы арқылы транзит
Тармақ 6.1
6.1. Еркiн кеден аймағының аумағы арқылы транзит қызметi аймағында ЕКА орналасқан кеден органының белгiлеген тәртiбiмен анықтаған кедендiк бақылау пункттерi арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6.2
6.2. Транзит осы режим үшiн Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң белгiлеген тәртiбiмен кеден құжаттары арқылы ресiмделедi.
Тармақ 6.3
6.3. ЕКА-да бақылауды жүзеге асыратын кеден мекемесi транзит құжаттарын тексерудi және үйлестiрудi ұйымдастырады, сонымен бiрге ЕКА арқылы жүк транзиттерiнiң мейлiнше аз болуына жағдай жасайды.
Тармақ 6.4
6.4. Темiр жолмен транзиттiк тасымалдарға кеден құжаттары ресiмделмейдi.
Тарау 7. 7. Жеке тұлғалардың ЕКА кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарларын кедендiк ресiмдей
7. Жеке тұлғалардың ЕКА кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарларын кедендiк ресiмдей
Тармақ 7.1
7.1. Жеке тұлғалардың ЕКА аумағына әкелетiн тауарлар олардың ЕКА аумағында тұрақты тұратынын растайтын құжаттар ұсынылатын жағдайда еркiн кеден аймағының кеден режимiмен орналастырылады. Тұрақты тұрғылықты жерi ЕКА аумағынан тыс жеке тұлғалар тауарларын кеден заңдарына сәйкес жалпылай белгiленген тәртiппен ресiмдейдi.
Тармақ 7.2
7.2. ЕКА аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалардың ЕКА аумағына автокөлiк құралдарын әкелетiн кезiнде кеден органы ТС-25 нысанында "Иелiктен алу үшiн кеденнiң рұқсаты керек" деген жазуды жазады.
Тарау 8. 8. Қорытынды ережелер
8. Қорытынды ережелер
Тармақ 8.1
8.1. Уақытша әкелу, керi экспорт, кеден қоймасының кеден режимдерiне сәйкес еркiн кеден аймағының аумағына әкелiнген тауарлар осы Тәртiптiң 2-тарауына сәйкес еркiн кеден аймағының кеден режимiне мәлiмделе алынады. Бұл ретте бұрынғы кеден режимiнiң күшi аяқталады, ал төленген кеден баждары мен салықтарының сомалары тауарларды Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары нақты әкету кезiнде қайтарылуы көзделген болса, қайтарылады. Аталған режимдерге сәйкес арнайы кеден аймағының аумағына әкелiнген шет ел тауарларына қатысты кеден аумағында ұқсатудың және кедендiк бақылаумен ұқсатудың кеден режимдерiн еркiн кеден аймағының кедендiк режимiне өзгертуге Қазақстан Республикасының ұқсауға рұқсат берген Кеден комитетiнiң рұқсатымен жол берiледi. Бұл ретте төленген кеден баждары мен салықтарының сомалары ұқсауға рұқсаттың қолданылу күшiнiң мерзiмi өткенге дейiн еркiн кеден аймағының кедендiк режимi мәлiмделген жағдайда қайтарылады.
Тармақ 8.2
8.2. Қазақстан Республикасының кеден органдары еркiн кеден аймағындағы тауарларға кедендiк бақылауды жүзеге асырады. ЕКА-да өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметтi жүзеге асыратын адамдар әкелiнетiн, әкетiлетiн, сақталатын, даяр етiлетiн, ұқсатылатын, сатып алынатын, өткерiлетiн тауарлардың есебiн жүргiзедi және кеден органдарына олар жөнiнде есептердi тоқсан сайын, айдың 10-на дейiн ұсынып отырады. ЕКА-дан тысқары тауарларға қатысты орын алатын кез келген өзгерiстер есеп құжаттарында бейнелеуi тиiс.