О преобразовании государственного учреждения "Областная государственная инспекция по контролю за использованием и охраной земель Северо-Казахстанской области" в государственное предприятие Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы жерінің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекңия» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы 1999 жылы Қазақстан Республикасының бюджеттік саясатының өзгеруіне және облыс әкім аппаратының сүлелік құрамында мұндай құрылымдық бөлімше болмауына байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстың жерінің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекция мемлекеттік кәсіпорын болып қайты құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қала әкімдеріне облыстық мемлекеттік инспекция үшін меншікке, тұрақты пайдаланымға және жалға берілген жерлерді пайдаланылуы мен қорғалуына бақылауды жүзеге асыруға, жерді өз бетімен иеленушіліктердің бетін ашуға және оның алдын алуға жыл сайын мемлекеттік тапсырыстар берілсін.
Тармақ 3
3. Аудандар мен қала әкімдеріне мемлекеттік тапсырыстың төлемін келісім-шарттарда айтылған жұмыстардың орындалуларына қарай жасасын. Мемлекеттік тапсырыс көлемі меншіктік құқықты, жерді пайдалану құқын сату-сатып алудан, жер телімдерін жалға беруден және айыппұлдардан түскен жоспарлы төлемдердің 10 пайызынан аспауы тиіс.
Тармақ 4
4. Бағдарлама әкімшісі болып аудандық және қалалық әкімяттар айқындалсын.