Об упорядочении реализации подакцизных товаров и обеспечении полноты сбора местных налогов Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Акциздік тауарларды сатуды реттеу және жергілікті салықтарды толық жинауды қамтамасыз ету туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 18 қазандағы № 1-175ө өкімімен. Мемлекеттiк бюджетке қаржылардың түсуiн арттыру, жергiлiктi тауар өндiрушiлердi қорғау және акциздiк тауарларды сатуды реттеу мақсатында:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандар әкiмдерiне, сауда және қызмет көрсету Департаментiне (Шәкенов М.Ш.): - сауда ұйымдастыруға арналмаған орындарда тауарлар сатушы заңды және жеке тұлғаларға салық салу мәселесiн шешсiн, оларға "Қазақстан Республикасы рыноктарында тауарлар сату құқы үшiн жиылымдар туралы" Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 шiлдедегi N 955 Қаулысына сәйкес тауарлар сату құқы үшiн жиылымдар алу тәртiбi таралсын; - бiр жолғы жиылым сауда жасаушы адамдар санынан емес, сауда орындары санына жүргiзiлсiн; - базарларда сауда жасаушы заңды және жеке тұлғаларға салық салу түнгi уақытта жүргiзiлсiн; - әрбiр ауданда "Әдiл сауда" АҚ-ның ұсақ көтерме қоймалары ұйымдастырылсын; - тәргiленген акциздiк өнiмдердi бағалау бойынша комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Салық инспекциясы (Остроухова Н.Г.): - 1997 жылдың 19 ақпанына дейiн салық салудың әртүрлi үлгiлерiн қолданудың тиiмдiлiгiн талдап, 1996 жылы патенттер, куәлiктер және күнделiктi бiр жолғы жиылымдар бойынша базарларда жұмыс iстейтiн заңды және жеке тұлғаларға салық салудан бюджетке түскен кiрiс туралы мәлiмет берсiн; - жеке адамдарға патенттер берудi реттесiн, әрбiр патентке бiрден артық еңбек келiсiмi тiркелмесiн; - көтерме сауда жүргiзушi заңды және жеке тұлғаларға өздерiнiң қойма орындарын, аумақтарын берушi қөтерме базалар мен қоймаларға салық салу бойынша ұсыныстар енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Кеден басқармасы (Бердюгин Г.Л.): - 1997 жылдың 17 ақпанына дейiн акциздер бойынша жеңiлдiктерi бар кәсiпорындардың тiзiмiн берсiн; - ай сайын салық полициясына акциздiк тауарлар қозғалысы туралы жедел ақпарат беретiн болсын.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк автоинспекция басқармасы (Жұмәдiлов Е.С.) облыс аумағына спирт, арақ-шарап өнiмдерiн әкелуге бақылауды қатайтсын.
Тармақ 5
5. Салық полициясы (Бейiсов К.Б.) 1997 жылдың 19 ақпанына дейiн тәркiленген арақ-шарап өнiмдерiн ары қарай пайдалану туралы ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық салық инспекциясы (Остроухова Н.Г.), "Әдiл-сауда" АҚ (Тойбазаров М.С.), бюджеттiк төлемдер орталығы (Нұрқанов Ж.И.) 1997 жылдың 19 ақпанына дейiн бiрлескен iс-қимыл туралы шарт негiзiнде бюджеттiк төлемдер орталығының сауда желiсi арқылы "Әдiл-сауда" АҚ өнiмдерiн сатуды ұйымдастырсын. Акциздiк салық төлеу өнiмдi сатуға қарай жүргiзiлсiн, бiрақ 20 күннен кешiктiрiлмесiн.
Тармақ 7
7. Барлық бақылаушы органдар: - тексерулердiң нәтижелерi және олар бойынша қолданылған шаралар туралы материалдарды сауда және қызмет көрсету Департаментiне түсiретiн болсын; - бақылаушы органдардың басшылары апта сайын сенбi күнi атқарылып жатқан жұмыс туралы үйлестiру кеңесiнiң мәжiлiсiнде есеп беретiн болсын.
Тармақ 8
8. Сауда және қызмет көрсету Департаментi (Шәкенов М.Ш.) жүйелi түрде заң бұзушылыққа жол беретiн сауда орындарын жабуға қалалар мен аудандар әкiмдерiне ұсыныстар беретiн болсын.
Тармақ 9
9. Өскемен қаласында акциздiк тауарларды сатуға және сол көрсетiлген тауарларға тиiстi сертификаттардың барлығын бақылау үшiн облыстық және қалалық басқармаларға бекiтiлiп берiлген учаскелердiң тiзiмi бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 10
10. Акциздiк тауарларды сатуды реттеу және базарлардан, сату орындарынан жергiлiктi салықтарды толық жинауды қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестiру мақсатында облыстық қызметтердiң: ІІБ, МТК, салық басқармасының, кеден басқармасының, сауда инспекциясының, ШҚ стандарттау және метрология орталығының басшылары 1997 жылдың 19 ақпанына дейiн көрсетiлген мәселелер бойынша өздерiнiң шараларын облыс Әкiмiнiң орынбасары Қ.Е. Есiмхановқа тапсыратын болсын.
Тармақ 11
11. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Қ.Е. Есiмхановқа жүктелсiн.
Басқа 12. Өскемен қаласында акцизге жататын тауарларды өткiзуге және сәйкестік сертификаттардың болуына бақылау жасау үшiн облыстық және қалалық басқармаларға бекiтiлген учаскелердің
Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1997 жылғы 17 ақпандағы N 1-353ө өкiмiне N 1 қосымша Өскемен қаласында акцизге жататын тауарларды өткiзуге және сәйкестік сертификаттардың болуына бақылау жасау үшiн облыстық және қалалық басқармаларға бекiтiлген учаскелердің ТIЗБЕСI N Бақылаушы органның атауы Бекiтiлген учаскесі 1 Өскемен қаласының қалалық IIБ-сы Согра, Гавань, Арматура зауыты   ауданы 2 Өскемен қаласының МТК-і Меновное поселкесi 3 Салық полициясы Достоевский көшесiндегi базар,   Автобекет, Спорт Сарайы, Ленин   даңғылы Луговая көшесiне дейiн 4 Қалалық салық инспекциясы Орталық ұжымшар базары, "Флорекс", "Мир" базарлары, "Весна", "Сигнал" дүкендерi кеме айлағына дейiн 5 Кеден басқармасы "Колос", "Чайка" дүкендерiнің аудандары, өзен бекетi, Стрелка 6 Сауда инспекциясы Октябрь кентi, Виноградов көшесiндегi "Восход", "Рахат", "Ивушка" дүкендерi манындағы базарлар, Студенттер қалашығы 7 Өскемен қаласы Әкiмiнiң аппараты "Горизонт", "Ромашка" дүкендерi  ауданы, Ворошилов көшесiндегi базар, Металлургтер сарайы және  Ворошилов көшесi бойынша 8 Қалалық санэпидемстанция Мирный кентi, Әуежай, "Самал" дүкенi, "Универсам-2" ауданы 9 Санитарлық милиция Жібек маталар комбинаты, Сол жағалау, Аблакетка кенттері 10 Метрологияны стандарттаудың ШҚ орталығы Ленин даңғылы "Радуга" дүкенiнен оқу комбинатына дейiн, Защита станциясы ШҚО сауда және қызмет көрсету департаментiнiң бастығы М. Шәкенов