Об утверждении размеров единых ставок фиксированного суммарного налога Күшін жойған
Басқа 0
Тіркелген жиынтық салықтық бірыңғай ставкаларының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 394 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 "Тіркелген жиынтық салықтық ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарабалық ауданы бойынша салық комитетімен ұсынылған, деректер негізінде Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жылына 10 айлық есептік көрсеткішінің мөлшерінде салық салу объектісінің бірлігінен ойынды өткізу үшін пайдаланылатын, жеке компьютер бойынша пайда түсірудегі тіркелген жиынтық салықтық ставкасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жылына 34 айлық есептік көрсеткішінің мөлшерінде бильярд бойынша (бильярдтық үстел) пайда түсірудегі тіркелген жиынтық салықтық ставкасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Бұрын қабылданған мәслихаттың 2003 жылғы 4 сәуірдегі № 156 "Бильярдтік үстелден пайда түсірудегі тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы", мемлекеттік тіркеу нөмірі 2172 және 2002 жылғы 28 қазандағы № 128 "Ойын автоматтарының ақысыз ұтысының қызмет салық жиынтығы белгіленген өлшем ставкасын бекіту туралы" шешімдерінің, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1864, күштері жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс-қимылға енеді.