О дополнительном регламентировании порядка и мест для проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жиналыстарды, шерулерді, митингілерді, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу үшін тәртібін және орындарын қосымша реттеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына бөгет келтіруді, инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарына залал келтіруді болдырмау мақсатында Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Арқалық қаласында жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды өткізетін орын «Громада» дүкені алдындағы алаң (Абай даңғылы, 96) болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік жоғары лауазымды тұлғалардың, облыс және қала басшыларының қатысуымен, сондай-ақ мәдени ойын-сауық шараларын өткізілуіне байланысты іс-шараларды өткізетін орын «Наурыз» алаңы болып белгіленсін (Е. Әуелбеков көшесі).
Тармақ 3
3. Осы шешім алгаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.