О взаимодействии по определению бездействующих организаций и юридических лиц, не поставленных на налоговый учет Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Салық есебіне тұрмаған әрекетсіз ұйымдар мен заңды тұлғаларды анықтау үшін бірлесіп іс қимыл жасау туралы Заңды тұлғалармен мемлекеттiк бюджетке салық, алым және төлемдер мiндеттемелерi бойынша төлемге бақылау, сонымен бiрге заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн жүргiзуiне бақылауды күшейту мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне заңды тұлғалар мәлiметтерiнiң электронды банкiн құру және ақпарат беру жұмысын бiрлесiп ұйымдастыру. Осы мақсатқа жұмсалатын қаржы шығыны екi жақпен төленедi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салық комитеттерiне және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдары басқармасына салық есебiнде тұрған және заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiне енгiзiлген заңды тұлғаларға 1999 жылдың 14 маусымына дейiн салыстыру жүргiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салық комиттеттерiне:
Тармақша 1
1) Салық және басқа бюджет төлемдерi бойынша қарыздар және қарызы жоқ, әрекетсiз заңды тұлғалар тiзiмiн анықтау;
Тармақша 2
2) Әрекетсiз заңды тұлғалар тiзiмi негiзiнде, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен (жалпы бөлiм) қарастырылмаған ұйымдастыру-құқықтық нысандағы әрекетсiз заңды тұлғалар мен салық және басқа да бюджетке мiндеттi төлемдерi бойынша қарыздары жоқтарды салық есебiнен алып тастау;
Тармақша 3
3) Әрекетсiз заңды тұлғалар тiзiмi негiзiнде және "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 94 бабымен белгiленген тәртiп бойынша, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен (жалпы бөлiм) қарастырылмаған, ұйымдастыру-құқықтық нысандағы әрекетсiз заңды тұлғалар мен салық және басқа да бюджетке мiндеттi төлемдерi бойынша қарыздары барларға, сот органдарына тарату туралы талап арыздарын беру;
Тармақша 4
4) Әдiлет органдарымен тiркелген және салық есебiнде тiркелмеген заңды тұлғалар тiзiмiн, тиiстi шаралар қолдану үшiн, салық полиция органдарына ұсыну.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiне Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнде тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi салыстыру үшiн ұсыну.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот жұмысын ұйымдастыру департаментiне Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдар басқармасына жоғарыда аталған талап арыздарын қарастыру негiзiндегi соттармен iс жүргiзу мерзiмдерiн сақтауын бақылауға алу.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салық комиттерiне және Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң аумақтық органдар басқармасына Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне салыстыра тексеру нәтижелерi туралы бiрлескен ақпаратты 1999 жылдың 1 шiлдесiне ұсыну.
Тармақ 7
7. Осы келсiмнiң орындалуына бақылау жүргiзу Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс Вице-Министрi У.Байжанов пен Әдiлет Вице-Министрi М.Уәйiсовке жүктелсiн.
Тармақ 8
8. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.