Сырым ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау мен серуендетудің Ережесін белгілеу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Сырым ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау мен серуендетудің Ережесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3, 311 баптарына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Сырым ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау мен серуендетудің ережесі белгіленсін.
Басқа 1. Сырым ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау мен серуендетудің ЕРЕЖЕСІ.
Сырым аудандық мәслихатының
2006 жылғы 25 желтоқсанындағы кезекті
XXX сессиясының № 30-5 шешімімен
белгіленді
Сырым ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау мен серуендетудің ЕРЕЖЕСІ.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Осы ереже Сырым ауданының аумағында қолданылады.
Тармақ 1
1. Осы ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады.
Тармақша 1
1) Ит - көлемі, түсі және өзгеде белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына атын кезкелген жануарлар.
Тармақша 2
2) Мысық - көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын кез келген жануарлар.
Тармақша 3
3) Иттер мен мысықтарды серуенге шығу - жануарлардың иесінің жалдайтын немесе меншігі болып табылатын орын-жайлардан тыста болуы. Иттер мен мысықтардың мысықтардың өзінің ит немесе мысық иесінің меншікті немесе жалдайтын аумағында болуы да серуенге шығуы болып лады.
Осы ереже барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, меншік түріне мастан заңды және жеке тұлғаларға, сонымен қатар бұдан әрі мәтін бойынша «Иелер» деп аталатын иттер мен мысықтарды серуенге шығаратын барлық тұлғаларға таралады.
Тармақ 2
2. Иттер мен мысықтардың иелері осы жануарлармен жалпы пайдаланатын олардың ластанбауына жол бермеуді қоса алғанда (ластауды міндетті түрде тазалау), санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормаларды және оларды ұстаудың ережелерін қатаң сақтауға міндетті, сонымен қатар, міндетті түрде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 3
3. Екінші тармақта көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда еркін және алаусыз серуенге шығаруға рұқсат етіледі:
Иттерді жеке иеліктегі үйде тек жақсы қоршалған аумақта, қоршау жануарлардың қашып кетпеуін, өтіп бара жатқандарды тістеп алмауын қамтамасыз етуі қажет, иттің болуы туралы кіреберісте көлемі 20х30 сантиметрден кем болмайтын, иттің суреті көрсетілген, "Ит күзетеді! Охраняется собакой!" жазуы бар ескерту кесте жасалып, ілінуі қажет.
Тармақ 4
4. Иттер мен мысықтарды көліктерде тасымалдау жолаушылардың тыныштығын бұзбайтын жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс. Бұл орайда иттер міндетті түрде тұмсықторда және тізгінде болуы қажет немесе арнайы торларда, сөмкеде болуы қажет.
Мысықтарды сөмкеде немесе қолға ұстап тасымалдауға рұқсат етіледі. Ауру иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктермен тасымалдауға тыйым салынады.
Тыйым салынатын жазбалар болмаған жағдайда иелеріне итінің тұмсықторы және қысқа қарғы баудын бар болуымен мекемелерде, азық- түлік емес дүкендерде, поштада жүруіне рұқсат етіледі.
Тармақ 5
5. Байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда және өзге де орындарда) иелерінсіз жүрген иттер қаңғыбастар деп саналай, қаңғыбас жануарларды аулау мен өлген жануарлардың өлімдіктерін жинау бойынша ветеринарлық инспекторлардың міндетті аулауына және оларды жеті тәулік арнайы торларда ұстауға жатады. Қаңғыбас жануарларды кез-келген тәсілімен өлтіруге, оларға аулау кезінде зақым келтіруге тыйым салынады. Иттер мен мысықтарды аулау үшін тек қана ауды, шеңберлі, сапты дорбаны, іліктіргіш, алдамшы жемдерді пайдалануға рұқсат етіледі. Буындырғыштарды пайдалану және өзге адамгершілікке жатпайтын тәсілдерді қолдануға тыйым салынады.
Иттер мен мысықтарды тіркеу "Жергілікті атқарушы орган (ауылдық округтік әкімдіктер)" жүзеге асырады. Тіркеу журналында иесі, жануардың, жынысы, түсі, жасы, және жануарға жасалған іс-әрекеттер туралы мәліметтер болуы қажет және ауланған жануарларды кері қайтарып алуы үшін жеті тәулік ішінде иттер мен мысықтардың иелері қаңғыбас жануарларды аулау бойынша "Жергілікті атқарушы орган (ауылдық округтік әкімдіктер)" мемлекеттік мекемесіне хабарласуы керек.
Тарау 2. 2. Ит пен мысық иелерінің міндеттері
2. Ит пен мысық иелерінің міндеттері
Тармақ 6
6. Иттер мен мысық иелері міндетті:
Тармақша 1
1) Жануарларға вакцина егуді тұрақты жүргізуге;
Тармақша 2
2) Ит немесе мысық, адамдарды, жануарларды жарақаттаған жағдайда иелері ол туралы жақын маңайдағы медициналық, ветеринарлық мекемеге тез хабар беруге міндетті және де жарақат салған хайуанат ветеринар маманының бақылауында болып, карантин жасау және тексеру үшін ветеринарлық ем қолдануға апарылуы тиіс;
Тармақша 3
3) Жануарларды көшеге серуендеткенде “тұмсықтор” кигізіп, жетектеуші қысқа қарғы баумен ұстауға;
Тармақша 4
4) Иттер байланып ұсталуы керек. Күзет иттерін жабық аулада бос ұстаған жағдайда, олардың шығып кетпеуін қамтамасыз етуге. Иттің бар екені туралы 3 тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес учаскенің кіре берісінде тиісті ескерту жазуы бар кесте болуы қажет;
Тармақша 5
5) Жануарларды олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, оларға адамгершілікпен қарауға, қараусыз, сусыз, тамақсыз қалдырмауға хайуанат ауырып қалған жағдайда ветеринар көмегіне жүгінуге;
Тармақша 6
6) Аулаларды, кіреберістерді, баспалдақ торларын, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуарларды, тынымбақтарды, саябақтарды, демалыс орындарын ластамауға, ал ластаған жағдайда арнайы лайықталған құралдар көмегімен (пакет, күрекше) міндетті тазалауды жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) Жануарлар өліп қалған жағдайда оның мәйтін ветеринарлық инспекторларға хабарлап тапсыруға;
Тармақша 8
8) Ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша қарсылықсыз жануарларды тексеруге, диагностикалық зерттеулер жүргізуге және емдеу-профилактикалық өңдеу үшін әкелуге;
Тармақша 9
9) Тұрғын үй маңында иттер мен мысықтар серуендеу кезінде иттердің иелері тыныштықты қамтамасыз етуге міндетті;
Тармақша 10
10) Иттің немесе мысықтың отбасында болуы жағдайында немесе кәмелетке толмаған балалардың жануарлармен бірге тұруы кезінде әр тоқсан сайын жануарларға ішек және тері паразиттерінен өңдеу жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 11
11) Адамға итпен немесе мысықпен жарақат келтірілген жағдайда емдеу ақысын толық төлеуге, соның ішінде зардап шегушінің жарақат алғанға дейінгі бастапқы қалпына, жеке мәліметтерін және кейпін толық қалпына келтіруге дейінгі косметикалық операция құнын төлеуге;
Тармақша 12
12) Егер ит немесе мысық басқа итке, мысыққа немесе басқа да жануарларға өлімші халге дейінгі жарақат келтірген жағдайда иесі өліп қалған жануардың құнын төлеуі қажет немесе талап бойынша жануардың сапасы мен жасына сай келетін жануар ұсынуы қажет.
Тарау 3. 3. Ит немесе мысық иесінің құқықтары
3. Ит немесе мысық иесінің құқықтары
Тармақ 7
7. Кез келген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және кез ен меншік заңмен қорғалады.
Тармақ 8
8. Жануар оның иесінен тек құтыру ауруы болған жағдайдан басқа уақытта оның келісімімен ғана алынады. Жануар иесінен адамды тістеп, жарақат салған жағдайда адамға жұғатын аурудың немесе қауіпті аурулардың болуына зерттеу жүргізу үшін оның келісімінсіз алынады. Егер алынған жануардың дені сау деп танылса иесіне кері қайтарылады.
Тармақ 9
9. Иесі итін қысқа қарғы баумен байланған тұмсықторы бар күйде дүкеннің немесе басқа да мекеменің жанына 10 минуттан артық аспайтын уақытқа ғана қалдыра алады. Бұл жағдайда ит адамдардың өтуіне кедергі келтірмеуі, агрессия белгілерін көрсетпеуі қажет.
Тармақ 10
10. Ілестіріп жүрген адамдарсыз қоғамдық орындарда жүрген иттер мен мысықтар, иесімен дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының алдарында байлаулы қалдырылғандардан басқалары қадағалаусыз қалғандар деп танылып, аулауға
Тарау 4. 4. Ит пен мысықтардың иелеріне тиым салынады
4. Ит пен мысықтардың иелеріне тиым салынады
Тармақ 11
11. Иттер мен мысықтардың иелеріне тыйым салынады:
Тармақша 1
1) Ит пен мысықтарды қоғамдық орындар мен көпшілік адамдар демалатын жерлерде, мас адамдарға немесе 14 жасқа дейінге балаларға серуендетуге;
Тармақша 2
2) Жалпы пайдаланымдағы жерлерге: кіреберіске, баспалдақ алаңдарында, сондай-ақ балконда, лоджияда хайуанаттар ұстауға;
Тармақша 3
3) Спорт алаңын, балалар ойнайтын алаңды, көгалды, тротуарды паркеттер мен саябақтарды ластауға;
Тармақша 4
4) Ит пен мысықтарды коғамдық тамақтандыру кәсіпорнына, сауда мен өндіріс орнына, азық-түлік дүкендерінде ұстауға және кіргізуге;
Тармақша 5
5) Хайуанат өлген жағдайда, мәйітті лақтырып тастауға немесе өздігінен тиым салынады.
Тармақша 6
6) Иттерді қарғы баусызсыз және тұмсықторсыз серуенге шығаруға;
Тармақша 7
7) Құтыруға қарсы вакцинадан өтпеген иттерді серуендетуге.