Қолданыстағы ред. 26.12.2006

Бастапқы әскери даярлық жұмыстарын жүргізу жөнінде от 26.12.2006 г. № 322 (Бастапқы әскери даярлық жұмыстарын жүргізу жөнінде)

0

Бастапқы әскери даярлық жұмыстарын жүргізу жөнінде
Өткен 2005 – 2006 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданның орта білім беру мектептерінде жүргізілген тексерулердің нәтижесінде бастапқы әскери даярлық, жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу мен дене шынықтыруға әзірлеуді ұйымдастыру мен өткізу қанағаттандырылу нәтижесінде болды.
Кейбір мектептерде алғашқы әскери дайындық бөлмелері жоқ, оқу материалдық жабдықтары жеткіліксіз, спорттық – сауықтыру лагерлері жоқ. Сондай-ақ мектептер материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, бастапқы әскери даярлық жөнінде оқу-көрнекі құралдармен және оқулықтармен жабдықтауды талап етеді.
Жоғарыдағы кемшіліктерге келешекте жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қаулысын орындау үшін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2006-2007 оқу жылы бастапқы әскери дайындықты сапалы жүргізу үшін жұмыс жоспары жасалып 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Ауданның білім беру ұйымдарына бастапқы әскери даярлықтың, жастарды әскери патриоттық және дене шынықтырушылық әзірлікке тәрбиелеудің жағдайын тексеру үшін 2 қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.

3

3. Аудандық білім беру бөлімі /С.Молдашев/:

1

1) ауданның барлық орта білім беру мектептерінде бастапқы әскери дайындықтың жүргізілуін, оқу жылының аяғында далалық оқу-жаттығу жиынының откізілуін қамтамасыз етілсін;

2

2) орта мектептерде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы ұстаздарды жұмысқа алу кезінде аудандық қорғаныс бөлімімен келісін;

3

3) орта мектептердегі бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы ұстаздарды бес жылда бір рет білімін жетілдіру орындарына жіберіп тұрсын;

4

4) мектептердегі бастапқы әскери даярлықты өткізуге қажетті оқу-материалдық базасымен қамтамасыз етсін.

4

4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі /Е.Кабиров/:

1

1) ауданда бастапқы әскери даярлықтың сапалы өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында аудандық әскери комиссариат жанынан штаттан тыс әдістемелік ұйым құру;

2

2) ұйымның жоспарын құрып, ай сайын бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы ұстаздармен тәжірибе алмасу жиынын өткізу ұйымдастырсын

5

5. Казталов және Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестіктеріне /А.Абдулов, Е.Рабаев/ медициналық-санитарлық практикалық сабақтардың өткізілуін ұйымдастыру жүктелсін.

6

6. Аудандық спорт және дене шынықтыру бөліміне /Қ. Төлеушев/ әскерге алынушы және әскер жасына дейінгі эасөспірімдер арасында спорттық шаралардың жиі өткізілуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

7

7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.

8

8. Осы қаулы баспасөзде ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Кабиров Ерлан Рысқалиұлы
Келісілді
Казталов аумақтық медициналық бірлестігінің директоры Абдулов Айдарбек Нұрбапаұлы
Келісілді
Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестігінің директоры Рабаев Есенгелді Байзоллаұлы

15. 2006-2007 оқу жылына бастапқы әскери даярлықты жүргізудің жұмыс жоспары

Аудан әкімінің
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 322 қаулысымен бекітілген
1 қосымша
2006-2007 оқу жылына бастапқы әскери даярлықты жүргізудің жұмыс жоспары
р/с
Шаралар
Мерзімі
Орындаушылар
Қаржыландырылуы
1.Ұйымдастыру шаралары
1
Аудан әкімі 2006-2007 оқу жылындағы алғашқы әскери даярлық қорытындысы бойынша анықтама-баяндама және жаңа оқу жылына жоспар дайындау.
2007 жылдың 20 қаңтарына дейін
Аудандық білім беру бөлімі аудандық қорғаныс бөлімі.
2
2006-2007 оқу жылындағы алғашқы әскери даярлық қорытындысы бойынша шешім дайындап аудан әкіміне қаратуға ұсынып, алғашқы әскери даярлық бойынша негізі жоспарларды және оқу орындарындағы алғашқы әскери даярлықты тексеру кестесін бекіту.
2007 жылдың 20 қаңтарына
Аудандық қорғаныс бөлімі, аудандық білім беру бөлімі
3
Жалпы білім беретін мектептердің 10 сынып оқушылары мен және кәсіптік мектепті бітіретін жастармен далалық оқу жаттығу шараларының жобасын дайындау. Оны аудан әкімінің қарауына ұсыну.
2007 жылдың 10 наурызына дейін
Аудандық қорғаныс бөлімі, аудандық білім беру бөлімі
4
Алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімдерімен негізгі медициналық білімдері бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізіп, қажетті жұмыстарды талдау.
Аудандық қорғаныс бөлімі жанынан құрылған алғашқы әскери даярлық бойынша штаттан тыс әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарын құру.
2007 жылдың 20 қаңтарына дейін
2007 жылдың 10 ақпанына дейін
Аудандық қорғаныс бөлімі, аудандық білім беру бөлімі. Аудандық қорғаныс бөлімі, аудандық білім беру бөлімі меңгерушісі.
5
Алғашқы әскери дарлық пәні мұғалімдерімен өткізілетін 3 күндік әдістемелік жиынның кестесін құру. Алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімдерімен ай сайын өткізілетін бір күндік семинар – сабақ кестесін құру.
2007 жылдың қаңтар айы
Аудандық қорғаныс бөлімі аудандық білім беру бөлімі
6
Жалпы білім беретін мектептердің 10 сынып оқушыларымен, кәсіптік мектепті бітіруші жастармен далалық оқу жаттығу шараларын өткізу үшін аудандық білім және спорт бөлімімен бүйрық дайындау.
2007 жылдың 10 сәуіріне дейін
Аудандық қорғаныс бөлімі, аудандық білім беру бөлімі
7
Жалпы білім беретін мектептердің 10 сынып оқушыларымен, кәсіптік мектепті бітіруші жастармен өткізілетін 5 күндік далалық оқу жаттықтыру шараларының сабақ кестесін дайындау.
2007 жылдың 10 наурызына дейін
Аудандық қорғаныс бөлімі аудандық білім беру бөлімі
8
Жалпы білім беретін мектептердің 10 сынып оқушыларымен, кәсіптік мектептің жастарымен өткізілетін далалық оқу – жаттығу шараларының орнын белгілеп және сол жерді жаңа оқу жылында қажетті оқу – құралдармен жабдықтау.
2007 жылдың 10 наурызына дейін
Аудандық қорғакныс бөлімі, аудандық білім беру бөлімі
9
Далалық оқу – жаттығу жиынының басшысы құрамымен семинарлық сабақтар өткізу.
Жиынға 10 күн қалғанға дейін
Аудандық қорғаныс бөлімі, аудандық білім беру бөлімі
10
Аудан әкімі аппаратымен, аудандық білім бөлімімен, аудандық денсаулық сақтау мекемелерімен бірігіп, оқу орындарындағы алғашқы әскери даярлық пәні, әскери патриоттық тәрбие және жастардың дене дамуына тұрақты көңіл бөлуді ұйымдастырып, тексеруді жүзеге асыру. Тексеру қорытындыларын актілеп тіркеп отыру.
Тұрақты
Аудан әкім аппараты, аудандық қорғаныс бөлімі, аудандық білім беру бөлімі. Жалпақтал, Казталов аумақтық медициналық бірлестіктері.
11
Ауылдық округ әкімдерімен бірігіп мектептерді алғашқы әскери даярлық пәніне қажетті құралжабдықтармен қамтамасыз ету.
2007 жылдың наурыз айына дейін
Аудандық қорғаныс бөлімі, аудандық білім беру бөлімі
2. Алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімдері және мектеп директорларымен әдістемелік жұмыстар
12
Оқу орындарына алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімдігіне запастағы офицерлер және сержанттар қатарынан үміткерлерді іріктеу.
2007 жылдың 1 тамызына дейін
Аудандық қорғаныс бөлімі, аудандық білім беру бөлімі
13
Алғашқы әскери даярлық пәні бойынша жаңадан келген мұғалімдерді 2 аптық облыстық білім жетілдіру курсына жіберу. Оқу орындарындағы алғашқы әскери даярлық пәні бойынша мұғалімдермен бір күндік медициналық – санитарлық сабақ жүргізу.
2007 жылдың қыркүйек айы, әр айдың үшінші сейсенбісінде
Аудандық білім беру бөлімі, аудандық мектеп директорлар, аудандық қорғаныс бөлімі бастығы. Казталов, Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестіктері.
14
Ұстаздармен және сынып жетекшілерімен өмір қауіпсіздігі негіздері сабағы бойынша бір күндік жиын өткізу.
Бөлек жоспар бойынша
Аудандық қорғаныс бөлімі, аудандық білім беру бөлімі
3. Алғашқы әскери даярлық пәні және дене тәрбиесі пәні бойынша құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету.
15
Жаңа оқу жылы қарсынында жылпы білім беретін мектептердің алғашқы әскери даярлық пәні бойынша құрал жабдықтарының дайындығын тексеру.
2007 жылдың тамыз, қыркүйек
Аудандық білім беру бөлімі, мектеп директордары
16
Әрбір мектептің алғашқы әскери даярлық пәні кабинеттерін жаңа плакаттармен жабдықтау.
2007 жыдың 1 желтоқсанына дейін
Аудандық білім беру бөлімі. КТЖБ
17
Алғашқы әскери даярлық және дене тәрбиесі пәнінің барлық құрал – жабдықтарымен жабдықталуы бойынша мектептер арасында байқау конкурсын жариялау. Бұйрық беріп байкау конкурсының ережесін құрастырып үйлестіру. Ұйымастыру комиссиясын құру.
2007 жылдың ақпан - наурыз
Аудандық білім беру бөлімі. КТЖБ
4. Әскери патриоттық жұмыс
18
Барлық оқу орындарында әскери – патриоттық жұмыстар жөнінде оқушылар мен және олардың бөлек бөлімшелерімен 2006-2007 оқу жылына жүйелі жұмыс жоспарын құру.
2007 жылдың қаңтар-ақпан
Аудандық білім беру бөлімі меңгерушісі, мектеп директорлары
19
Әскерге дейінгі және әскерге шақырылатын жастар арасынан ауданаралық қысқы және жазғы спартакиадаға және облыстық көлеміндегі өтетін Президенттік біріншілікке жастарды әзірлеу.
Әскерге дейінгі және әскерге шақырылатын жастар арасынан аудан аралық қысқы және жазғы спартакиадаға және облыс көлеміндегі өтетін Президентік біріншілікке жастарды әзілеу.
20
Аудандағы барлық оқу орындарындағы алғашқы әскери даярлық және дене тәрбиесі пәні бойынша барлық құрал – жабдықтарды қалпына келтіру.
2007 жылдың 1 тамызына дейін.
Оқу орындарының директорлары
21
Ауданның барлық оқу орындарында Ұлы ОТан соғысы жеңіс күніне арналған жаппай – қорғаныс жұмыстары айлығын өткізу.
2007 жылдың сәуір-мамыр
Аудандық білім беру бөлімі, мектеп директорлары
22
Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінің әскериоқу орындарында оқуға жіберуге 9-11 сыныптарындағы оқушыларды іріктеуден өткізу.
2007 жылдың қаңтар-мамыр
КТЖБ оицерлері, мектеп директорлары, алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімдері
23
Ауданның мектептеріндегі 9-11 сынып оқушыларымен әскери оқу орындарынан демалысқа келген курсантармен кездесу ұйымдастыру.
Курсанттардың демалыс кезенінде
Мектеп директорлары, аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі. КТЖБ
24
Әскери бұрыш және мұражай, бөлмелерді жаңарту. Барлық оқу орындарында төмендегідей стендтар болуға тиіс:
1. «Орал өңірінің батырлары Ұлы Отан соғысына қатысушылар Интернационалист»
2. «Офицер батырлық мамандық»
3. «Қазақстан Республикасының қарулы күштері туралы»
2007 жылдың 9 мамырына дейін
Мектеп диретордары, аудандық білім беру бөлімі
25
«Алау» лагерінде әскери ойындарды ұйымдастыру және өткізу
Әр маусымда бір рет
Аудандық білім беру бөлімі, мектеп директорлары
5. Алғашқы әскери даярлық және деңе тәрбиесі пәні бойынша алдыңғы қатарлы оқу орындарының тәжірибесін жинақтау
26
Директорлардың алғашқы әскери даярлық пәні, дене тәрбиесі пәні, медициналық – санитарлық тәрбие пәні ұстаздарының жұмыс тәжірибесін жинақтау.
Оқу жылы бойынша
Аудандық білім беру бөлімі, әдістеме кабинеті
6. Жастар арасында емдеу – сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру
27
Емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері арқылы жеткіншектердің кабинеттерін күшейтіп, жастарға диспансерлік бақылауды кадағалау.
2007 жылдың 20 қаңтарына дейін
Казталов, Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестіктері.
28
Мектептерде медициналық кабинеттерді жабдықтау және жеткіншектер кабинетін тәжірибелі маман дәрігер және кіші медициналық жұмысшылармен толықтыру.
2007 жылдың 20 қаңтарына дейін
Казталов, Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестіктері
29
Мектептердегі жеткіншектерді /1,3,5,10,11 сынып оқушыларын/ медициналық тексеруден өткізуді жүргізу.
2007 жыл қыркүйек
Казталов, Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестіктері,аудандық білім беру бөлімі
30
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі аудандағы тәжірибелі дәрігер-мамандармен кіші медбикелерді әскерге шақыру комиссиясына жинақтап, қажетті медициналық құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету.
2007 жылдың 3 сәуірдегі дейін және 2 қазанға дейін
Казталов, Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестіктері
31
Шақырту бөліміне берілген тізімге байланысты әскерге шақырылған жастардың әскерге шақырылғаннан кейін денсаулығын жақсарту шараларын алу.
Үнемі
Казталов, Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестіктері
32
Жастарды диспансерлік бақылаудан өткізу үшін дәрігерлермен сабақ өткізу, денсаулық сақтау мекемелері диспансерлік бақылаудан өтетін жастарлы 025, 025/У-1,039/У парақтарымен қамтамасыз ету. Диспансерлік бақылаудан өткен барлық жастардың өкпе талшықтарын флюрографияға түсіру, жүрегін тексеру, жалпы зерттеуден дәретін, канын, шек құртын тексеру, имунитеттік биологиялық, туберкулезге қарсы егілуді сонымен қатар басқа да егілуді өткізу.
Диспансерлік бақылаудан өткізгенге дейін
Казталов, Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестіктері бас дәрігер, жеткіншектер дәрігері.
7. Жалпы сауаттылықты жетілдіру
33
Орта білім алмаған жастарды анықтап, оларды оқу даярлық бөлімдеріне бекіту.
Тіркеу кезенінде қаңтар, наурыз
Аудандық білім беру бөлімі, мектеп директорлары
8. Басшылыққа және бақылауға
34
Оқу жылында аудандық білім бөлімінің кеңесінде және мектептердің педагогикалық кестерінде жылға бір рет алғашқы әскери даярлық пәнінің әскери патриоттық және дене тәрбиесі пәндерінің өткізілуін карау, Қазақстан Республикасы қорғаныс күштері әскеріне жастарды дайындау жағдайына кешендік тексеріс өткізіп, оқу орындарына көмек көрсету.
Кесте бойынша
Тұрақты жұмыс істеу комиссиясы.

16. Ауданның білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлықтың, жастарды әскери патриоттық және денешынықтырушылық әзірлікке тәрбиелеудің жағдайын тексеретін комиссия құрамы:

Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 322 қаулысына
2 қосымша
Ауданның білім беру ұйымдарында бастапқы әскери даярлықтың, жастарды әскери патриоттық және денешынықтырушылық әзірлікке тәрбиелеудің жағдайын тексеретін комиссия құрамы:
Кабиров Ерлан Рыскалиұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы /келісім бойынша/
Ақынбасов Куанышбек Абдоллаұлы - аудандық білім бөлімінеің бастапқы әскери даярлық және спорт жөніндегі әдіскері
Каримуллин Асхат Кимұлы - Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің, келісім-шарт бойынша әскерге міндеттілерді жинақтау, әскерге шақыру бөлімше бастығы
Молдашев Сарсенбай Мендіжанұлы - аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі
Төлеушев Қайрат Нұғыманұлы - аудандық спорт және дене шанықтыру бөлімінің меңгерушісі