О ратификации Соглашения в форме обмена нотами между Правительством Республики Казахстан и Правительством Японии о привлечении гранта Правительства Японии для осуществления проекта "Поставка оборудования для образовательного комплекса Алматинского хореографического училища им. А.В. Селезнева" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы "А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешеніне арналған жабдықтарды жеткізу" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы Астанада 2006 жылғы 14 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы "А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешеніне арналған жабдықтарды жеткізу" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы "А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешеніне арналған жабдықтарды жеткізу" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім (2007 жылғы 29 қаңтарда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2007 ж., N 2, 16-құжат) ресми аударма емес Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрi жоғары мәртебелi Қасымжомарт Тоқаевқа Астана қаласы, 2006 жылғы 14 наурыз Жоғары мәртебелi, А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесiнiң бiлiм беру кешенiнiң жабдықтарын жақсарту жөнiндегi (бұдан әрi - "Жабдық") жобасына қатысты (бұдан әрi - "Жоба") Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапонияның Үкiметi өкiлдерiнiң соңғы кездесуiнiң қорытындылары бойынша қабылданған Жапон Үкiметi тарапынан мынадай ұсыныстарды енгiзуге рұқсат етiңiз:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру қызметiн жақсарту және дамыту мақсатында Жапония Үкiметi Жапонияның ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне (48 600 000 Ү) қырық сегiз миллион алты жүз мың йен мөлшерiнде грант (бұдан әрi - "грант") ұсынып отыр.
Тармақ 2
2. Грант осы келiсiмдер күшiне енген күнiнен бастап, 2007 жылғы 13 наурызға дейiн күшiнде болып саналады. Аталған кезең мүдделi Үкiметтердiң өзара келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. (1) Аталған грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi Жапонияда шығарылған жабдықтарды сатып алу және жобаны орындауға байланысты қызмет көрсетулердi төлеу үшiн, Қазақстан Республикасының аумағына дейiн тасымалдауды қоса алғанда, қажеттi өнiмдердi жеткiзу үшiн ғана пайдаланады. (2) Дегенмен, 1-тармақшаның ережесiне қарамастан, егер екi тарап осыны қажет деп санаса, онда грант шеңберiнде басқа елдерде шығарылған (Жапонияда және Қазақстан Республикасында шығарылмаған) жабдықтарды сатып алуға рұқсат берiледi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Жапон өкiметтерiмен 3-тармақта көрсетiлген жабдықтар мен қызметтердi сатып алуды төлеу үшiн келiсiм-шарт жасасуы қажет (есептесу бiрлiгi - жапон йенi). ("Жапон өкiметтерi" деген термин: жапондық жеке тұлғалармен басқарылатын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды бiлдiредi). Осындай келiсiм-шарттар грантқа сәйкес Жапония Үкiметiмен бекiтiлуi тиiс.
Тармақ 5
5. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган кез келген Жапония банкiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган көрсететiн Қазақстан Республикасының атына грантты орындау мақсатында пайдаланылатын банк шотын ашуы қажет. (2) Жапония Yкiметi 4-тармаққа сәйкес Жапония Үкiметi бекiткен келiсiм-шарттар (бұдан әрi - "бекiтiлген келiсiм-шарттар") бойынша 1-тармақшада көрсетiлген шот бойынша 1-тармақшада көрсетiлген банк қызметiн төлеу туралы талап қою жөнiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе осыған уәкiлеттi органның мiндеттемелерiн жапон йенiнде төлеуi тиiс.
Тармақ 6
6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналарды қамтамасыз етуi тиiс: (а) Қазақстан Республикасының аумағында жарақтандыруды қажеттi кедендiк рәсiмдеуден өткiзудi және оны тасымалдауды қамтамасыз ету; (б) грант бойынша жарақтандыруды жеткiзу және қызмет көрсетуге қатысты Жапония өкiметтерiн Қазақстан Республикасындағы алынатын салықтар бажынан, iшкi салықтардан және өзге де қаржы алымдарын төлеуден босату; (в) бекiтiлген келiсiм-шарттар бойынша жарақтандыру мен қызмет көрсетулердi жеткiзу кезiнде, осындай қажеттiлiк туындаған жағдайда, Жапония өкiметтерiне Қазақстан Республикасының аумағына кiрудi ресiмдеу және жұмыстарын орындау кезеңiнде тұру үшiн жағдай жасау; - (г) жабдықтарды дұрыс және тиiмдi пайдалану; (д) грантпен төленбейтiн грантты орындауға байланысты барлық шығыстарды төлеу; (2) грант бойынша сатып алынатын жабдықтарды кеме және теңiз қатынасы арқылы сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кеме және теңiз қатынасын сақтандыру компаниялары арасындағы адал және шынайы бәсекелестiкке зиян келтiретiн қандай да бiр шектеулерден бас тартуы қажет; (3) грант бойынша сатып алынған жабдықтар Қазақстан Республикасының аумағынан экспортқа шығарылмайды.
Тармақ 7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi
7. Екi Үкiмет осы келiсiмдерге қатысты туындайтын барлық мәселелер бойынша қарама-қарсы тарапқа кеңес беруi қажет. Мен Сiзге осы Нота мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Сiздiң Жоғары мәртебеңiздiң жауап Нотасы екi Үкiметтiң арасындағы Келiсiмдi құрайтынын ұсынғанды жөн көрдiм, ол оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығын растайтын жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап, күшiне енедi. Қолайлы жағдайды пайдаланып, Сiзге деген жоғары құрметiмдi бiлдiремiн. ___________________________ Тетсуо ИТО Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Астана қаласы, 2006 жылғы 14 наурыз Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкiлеттi елшісі жоғары мәртебелi Тетсуо ИТО-ға Жоғары мәртебелi, "Сiздiң мәртебеңiзге ықыласымды бiлдiре отырып, Сiздiң нотаңызды бүгiн алғанымды хабарлаймын, онда мыналар баяндалған: А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесiнiң бiлiм беру кешенiнiң жабдықтарын жақсарту жөнiндегi (бұдан әрi - "Жабдық") жобасына қатысты (бұдан әрi - "Жоба") Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Жапония Yкiметi өкілдерінің соңғы кездесуiнiң қорытындылары бойынша қабылданған Жапония Yкiметi тарапынан мынадай ұсыныстарды енгiзуге рұқсат етiңiз:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру қызметiн жақсарту және дамыту мақсатында Жапония Yкiметi Қазақстан Республикасының Yкiметiне Жапонияның ұлттық заңнамасына сәйкес 48 600 000 Y (қырық сегiз миллион алты жүз мың) йен мөлшерiнде грант (бұдан әрi - "грант") ұсынып отыр.
Тармақ 2
2. Грант осы келiсiм күшiне енген күнiнен бастап, 2007 жылғы 13 наурызға дейiн күшiнде болып саналады. Аталған кезең мүдделi Үкiметтердiң өзара келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. (1) Аталған грантты Қазақстан Республикасының Yкiметi Жапонияда шығарылған жабдықтарды сатып алу және жобаны орындауға байланысты қызмет көрсетулердi төлеу үшiн, Қазақстан Республикасының аумағына дейiн тасымалдауды қоса алғанда, қажеттi өнімдерді жеткiзу үшiн ғана пайдаланады. (2) Дегенмен, 1-тармақшаның ережесiне қарамастан, егер екi тарап осыны қажет деп санаса, онда грант шеңберiнде басқа елдерде шығарылған (Жапонияда және Қазақстан Республикасында шығарылмаған) жабдықтарды сатып алуға рұқсат берiледi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Жапон өкiметтерiмен 3-тармақта көрсетiлген жабдықтар мен қызметтердi сатып алуды төлеу үшiн келiсiм-шарт жасасуы қажет (есептесу бiрлiгi - жапон йенi). ("Жапон өкiметтерi" деген термин: жапондық жеке тұлғалармен басқарылатын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды бiлдiредi). Осындай келiсiм-шарттар грантқа сәйкес Жапония Үкiметiмен бекiтiлуi тиiс.
Тармақ 5
5. (1) Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган кез келген Жапония банкінде Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган көрсететiн Қазақстан Республикасының атына грантты орындау мақсатында пайдаланылатын банк шотын ашуы қажет. (2) Жапония Yкiметi 4-тармаққа сәйкес Жапония Yкiметi бекiткен келiсiм-шарттар (бұдан әрi - "бекiтiлген келiсiм-шарттар") бойынша 1-тармақшада көрсетiлген шот бойынша 1-тармақшада көрсетiлген банк қызметiн төлеу туралы талап қою жөнiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе осыған уәкiлеттi органның мiндеттемелерiн жапон йенiнде төлеуi тиiс.
Тармақ 6
6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналарды қамтамасыз етуi тиiс: (а) Қазақстан Республикасының аумағында жарақтандыруды қажеттi кедендiк рәсiмдеуден өткiзудi және оны тасымалдауды қамтамасыз ету; (б) грант бойынша жарақтандыруды жеткiзу және қызмет көрсетуге қатысты Жапония өкiметтерiн Қазақстан Республикасындағы алынатын салықтар бажынан, iшкi салықтардан және өзге де қаржы алымдарын төлеуден босату; (в) бекiтiлген келiсiм-шарттар бойынша жарақтандыру мен қызмет көрсетулердi жеткiзу кезiнде осындай қажеттiлiк туындаған жағдайда, Жапония өкiметтерiне Қазақстан Республикасының аумағына кiрудi ресiмдеу және жұмыстарын орындау кезеңiнде тұру үшiн жағдай жасау; (г) жабдықтарды дұрыс және тиiмдi пайдалану; (д) грантпен төленбейтiн грантты орындауға байланысты барлық шығыстарды төлеу; (2) грант бойынша сатып алынатын жабдықтарды кеме және теңiз қатынасы арқылы сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кеме және теңiз қатынасын сақтандыру компаниялары арасындағы адал және шынайы бәсекелестiкке зиян келтiретiн қандай да бiр шектеулерден бас тартуы қажет; (3) грант бойынша сатып алынған жабдықтар Қазақстан Республикасының аумағынан экспортқа шығарылмайды.
Тармақ 7. Талқылау хаттамасы
7. Екi Yкiмет осы келiсiмдерге қатысты туындайтын барлық мәселелер бойынша қарама-қарсы тарапқа кеңес беруi тиiс. Мен Сiзге осы Нота мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Сiздiң Жоғары мәртебеңiздiң жауап Нотасы екi Үкiметтiң арасындағы Келiсiмдi құрайтынын ұсынғанды жөн көрдiм, ол оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығын растайтын жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап, күшiне енедi. Қолайлы жағдайды пайдаланып, Сiзге деген жоғары құрметiмдi бiлдiремiн.". Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан алдыңғы келiсiмдердi сондай-ақ, Сiздiң Жоғары мәртебеңiздiң жауап Нотасы мен осы Нота екi Үкiметтiң арасындағы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығы туралы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап, екi Үкiметтiң арасындағы келiсiмдi қалыптастыратындығын растау құрметiне ие болып отырмын. Қолайлы жағдайды пайдаланып, Сiзге деген құрметiмдi тағы да бiлдiргiм келедi. Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрi Талқылау хаттамасы "A.B. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды жеткiзу" жобасы бойынша Жапониямен мәдени ынтымақтастыққа қатысты 2006 жылғы 14 наурыздағы Алмасу ноталарына (бұдан әрi - "Алмасу ноталары") байланысты Жапония мен Қазақстан өкiлдерi мыналар туралы келiстi:
Тармақ 1
1. Алмасу ноталарының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Жапонияның өкiлдерi Қазақстан Республикасының Yкiметi келiсiм-шартқа қатысты Алмасу ноталарының 4-тармағында көрсетiлген сыбайлас жемқорлық қызметi ретiнде бағалануы мүмкiн барлық ұсыныстарды, сыйлықтарды, пайда алуға ұмтылуды болдырмау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды деп Жапония Үкiметi санайтынын мәлiмдедi.
Тармақ 2. Рәсiмдiк шаралар жөнiндегi келiсiлген хаттама
2. Қазақстан делегациясының өкiлдерi Жапония тарапының осы өтiнiшiне қарсы емес екендiгiн мәлiмдейдi. _________________________           _______________________                Тетсуо ИТО                     Қасымжомарт Тоқаев       Қазақстан Республикасындағы          Қазақстан Республикасы            Жапонияның Төтенше               Сыртқы iстер министрi           және Өкiлеттi елшiсi Рәсiмдiк шаралар жөнiндегi келiсiлген хаттама Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Yкiметi арасында "А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды (бұдан әрi - Жабдық) жеткiзу" жобасы (бұдан әрі - "Жоба") бойынша Жапониямен мәдени ынтымақтастыққа қатысты 2006 жылғы 14 наурыздағы Алмасу ноталарының (бұдан әрi - "Алмасу ноталары") 1., 2., 3., 4. және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметiнiң өкiлдерi екi үкiмет арасында белгiленген мынадай рәсiмдiк шараларды бекiтуге тiлек бiлдiредi:
Тармақ 1
1. Тендер (1) Грант Алмасу ноталарының 3-тармағының 1-тармақшасында үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi мен осыған уәкiлеттi органға тендер өткiзуге көмек көрсету үшiн тәуелсiз агент жалдауы қажет. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Қосымшаның 4-тармағында көрсетiлген Агент қызметiнiң тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi органға көмек көрсету үшiн Жапония халықаралық ынтымақтастық жүйесiнiң "JICS" (бұдан әрi - Агент) қатысуына Алмасу ноталары күшiне енгеннен кейiнгi бiр айдың ішінде алмасу ноталарының 4-тармағына сәйкес келiсiм-шарт жасасуы тиiс. (2) Осы келiсiм-шарт Жапония Үкiметiнен жазбаша түрде растау алынғаннан кейiн күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Агенттiң қызметiн төлеу (1) Алмасу ноталарының 1-тармағында көрсетiлген сома Агенттiң қызметiн төлеудi қамтуы тиiс. (2) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Алмасу ноталарының 5-тармағына сәйкес Алмасу ноталарының 4-тармақшасында көрсетiлген банкке төлем құжатын жiберуi қажет.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Yкiметi Алмасу ноталарының 4-тармағында көрсетiлген жабдықтар мен қызметтердi сатып алу жөнiндегi Жапония өкiметiнiң жұмысына қатыспауы тиiс.
Тармақ 4
4. Жоспар немесе Жоспардың жобасы қалыптастырылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi кеңес өткiзуi және Жапония Үкiметiнiң келiсiмiн алуы тиiс. ____________________________      ___________________________                 Тетсуо ИТО                   Қасымжомарт Тоқаев       Қазақстан Республикасындағы         Қазақстан Республикасы            Жапонияның Төтенше              Сыртқы iстер министрi           және Өкiлеттi елшiсi
Басқа 21. Агент қызметтерiнiң тiзбесi
Қосымша Агент қызметтерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. Тендер өткiзу үшiн жабдықтардың (бұдан әрi - "Жабдық") тiзiмiн дайындау, оның негiзiнде сауалы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi органның жазбаша нысанда Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшiлiгiне жолданатын болады.
Тармақ 2
2. Тендердiң неғұрлым жоғары бағасын анықтау үшiн жабдықтардың құны мен сипаттамасын қарау.
Тармақ 3
3. Тендердiң мерзiмдерi мен шарттарын, сондай-ақ техникалық сипаттамасын анықтайтын тендер құжаттарының жобаларын дайындау.
Тармақ 4
4. Тендер өткiзу туралы хабарландыруды жариялау және тендер құжаттарын тарату.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi тұлға Агенттiң офисiнде тендерге қатысушылар өкiлдерiнiң қатысуымен тендердi ашады және тендердi бағалау мен тендердi өткiзудi жүзеге асырады.
Тармақ 6. А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешенін жетілдіру жөніндегі жоба бойынша Жапон мемлекетінің мәдени гранты бойынша жабдықтардың ерекшеліктері
6. Тендер өткiзу туралы ағылшын тiлiнде есеп дайындау және есептi Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе осыған уәкiлеттi органға жiберу. Осы мәтiн Астана қаласында 2006 жылғы 14 наурызда жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Жапония Үкiметi арасындағы "А.B. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесiнiң бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды жеткiзу" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмнiң, Рәсiмдiк шаралар жөнiндегi келiсiлген хаттаманың және Талқылау хаттамасының ресми емес аудармасы екендiгiн куәландырамын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әкімшілік департаменті мемлекеттiк тiлдi дамыту және редакциялау бөлімінің бастығы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешенін жетілдіру жөніндегі жоба бойынша Жапон мемлекетінің мәдени гранты бойынша жабдықтардың ерекшеліктері N Си­патта­ма Мо­дель­дің нө­мі­рі Шы­ға­ру­шы Са­ны A-1 Екі кас­се­та­лық аудио маг­ни­то­фон 322 ТЕ­АС 1 A-2 Ком­пакт дис­кі­лер­дің күй­та­бақ ой­нат­қы­шы CD-RW900 ТЕ­АС 1 A-3 Ми­ни дис­кі­лер­дің күй­та­бақ ой­нат­қы­шы MD-350 ТЕ­АС 1 A-4 DVD күй­та­бақ ой­нат­қы­шы XV-N422S JVC 1 A-5 Ком­му­та­ци­я­лық па­нель­дің кі­ріп шы­ғуы 1 A-6 Ка­бель 1 A-7 Ап­па­ра­ту­ра­лық ті­реу 1 A-8 Гра­фи­ка­лық эк­ва­лай­зер Q2331B YAMAHA 1 A-9 Кү­шейт­кіш P3500S YAMAHA 2 A-10 Мо­ни­тор ди­на­мик­те­рі HS80M YAMAHA 2 A-11 Ко­лон­ка­лар S115V YAMAHA 4 A-12 Про­ек­тор LS-X71 EIKI 1 A-13 Про­ек­тор­дың қо­сым­ша лам­па­сы 2 A-14 Қа­шық­тан бас­қа­ру пуль­ті­мен 170 дюй­ма­лық жай­ыл­ма­лы экран KGE-170PG/KWL-4 KIKUCHI 1 A-15 Про­ек­тор­ға ар­нал­ған тұ­ғыр 1 A-16 Ра­дио мик­ро­фон H8B/SM58 MAXON 2 A-17 Мик­ро­фон­дар­ға ар­нал­ған ра­дио қа­был­да­ғыш R8DB MAXON 1 A-18 Сым­сыз мик­ро­фон­дар­дың ан­тен­на­сы ANW8AB MAXON 2 A жал­пы B-1 Жа­рық бас­қа­ру пуль­ті TRDM2-48GE TOSHIBA 1 B-2 Жа­рық­тың қу­а­тын бас­қа­ру жүй­е­сі TOSHIBA 1 B-3 Жа­рық бас­қа­ру жүй­е­сіне ар­нал­ған қо­сым­ша бөл­шек­тер мен ком­по­нент­те­рі 1 B-4 1 Кв со­фит­тер (Фре­нель) мен оған бе­кіт­кіш­тер AQF-10R-2E TOSHIBA 24 B-5 1 Кв со­фит­тер (Лин­за) мен оған бе­кіт­кіш­тер AQS-10R-2E TOSHIBA 32 B-6 Цик­ло­рам жа­ры­ғы UHQ-10-2SA TOSHIBA 40 B-7 Лам­па­мен еден со­фит­те­рі FS-612-3 TOSHIBA 8 B-8 Ал­дың­ғы со­фит­тер SUPERSOL-1003SR TOSHIBA 1 B-9 1 Кв со­фит­тер­ге ар­нал­ған қо­сым­ша лам­па­лар 112 B-10 Цик­ло­рам жа­ры­ғы­на ар­нал­ған қо­сым­ша лам­па­лар 80 B-11 Еден со­фит­те­ріне ар­нал­ған қо­сым­ша лам­па­лар 192 B-12 Ал­дың­ғы со­фит­тер­ге ар­нал­ған қо­сым­ша лам­па­лар 2 B-13 Ар­найы әсер­лер­ге ар­нал­ған түр­лі-тү­сті филь­тр­лер 200 B-14 Ка­бель­дер мен қон­дыр­ғы ма­те­ри­ал­да­ры/құ­рал­дар 1 B жал­пы C-1 Бей­не­ка­ме­ра Ак­ку­му­ля­тор AC электр сы­мы DC электр сы­мы объ­ек­тив­тің қа­бы мик­ро­фон­ның шта­ти­ві іл­гек Та­за­лау лен­та­сы Қа­шық­тан бас­қа­ру пуль­ті AG-DVX100BE PANASONIC 2 C-2 Қо­сым­ша ба­та­рей­ка­лар 4 C-3 63 ми­нут­тік бей­не­кас­се­та­лар 50 C-4 Үша­яқ VT523 SLIK 2 C-5 HDD/DVD жа­зу құ­ры­л­ғы­сы SR-DVM700 JVC 1 C-6 DVD күй­тас­па­сы XV-N422S JVC 1 C-7 29 дюйм­дік түр­лі-тү­сті мо­ни­тор AV-29LX14 JVC 1 C-8 Те­ле­ди­дар­лық ті­ре­уіш 1 C-9 Сан­дық фо­то­ка­ме­ра D50 NIKON 1 C-10 Қо­сым­ша ба­та­рей­ка­лар 2 C-11 Сан­дық фо­то­ка­ме­ра­ның сақ­тау кар­та­сы 2 C-12 Про­грам­ма­лар жиын­тығы 1 C-13 От алу SB-800 NIKON 1 C-жал­пы D-1 42 дюйм­дік те­гіс түр­лі-тү­сті мо­ни­тор TH-42PWD8WK PANASONIC 3 D-2 Мо­ни­тор­дың ко­лон­ка­ла­ры TY-SP42P8W-K PANASONIC 3 D-3 Мо­ни­тор­ға ар­нал­ған қа­быр­ға­ға бе­кіт­кіш­тер 3 D-4 DVD күй­тас­па­сы XV-N422S JVC 3 D-5 Ка­бель­дер мен қон­дыр­ғы ком­по­нент­те­рі 1 D-жал­пы E-1 Ро­яль Орын­дық C7L YAMAHA 1 E-2 пи­а­ни­но U3 YAMAHA 2 E-жал­пы Барлығы: таблицаның жалғасы: N Әр да­на­сын жет­кі­зу ба­ға­сы­мен бір­ге (йен) Жал­пы ба­ға­сы (йен) Оқу құ­рал­да­ры Қыз­мет көр­се­ту агент­ті­гі A-1 100,000 100,000 0 Ал­ма­ты қа­ла­сын­да­ғы Ми­цу­би­си Кор­по­ра­ци­я­сы офи­сі A-2 83,400 83,400 0 Сол A-3 94,500 94,500 0 Сол A-4 88,400 88,400 0 Сол A-5 276,300 276,300 Х Сол A-6 221,000 221,000 Х Сол A-7 497,300 497,300 0 Сол A-8 88,400 88,400 0 Сол A-9 138,100 276,200 0 Сол A-10 121,600 243,200 0 Сол A-11 82,900 331,600 0 Сол A-12 1,000,000 1,000,000 0 Сол A-13 89,900 179,800 Х Сол A-14 674,100 674,100 0 Сол A-15 130,400 130,400 Х Сол A-16 110,500 221,000 0 Сол A-17 221,000 221,000 0 Сол A-18 38,700 77,400 0 Сол A жал­пы                       4,804,000 B-1 2,154,800 2,154,800 0 Ал­ма­ты қа­ла­сын­да­ғы Ми­цу­би­си Кор­по­ра­ци­я­сы офи­сі B-2 8,563,900 8,563,900 0 Сол B-3 939,300 939,300 Х Сол B-4 121,600 2,918,400 0 Сол B-5 127,100 4,067,200 0 Сол B-6 63,500 2,540,000 0 Сол B-7 180,300 1,442,400 0 Сол B-8 2,414,500 2,414,500 0 Сол B-9 14,400 1,612,800 Х Сол B-10 700 56,000 Х Сол B-11 400 76,800 Х Сол B-12 137,000 274,000 Х Сол B-13 1,000 200,000 Х Сол B-14 3,253,200 3,253,200 Х Сол B жал­пы                       30,513,300 C-1 692,800 1,385,600 0 Ал­ма­ты қа­ла­сын­да­ғы Ми­цу­би­си Кор­по­ра­ци­я­сы офи­сі C-2 22,100 88,400 Х Сол C-3 2,200 110,000 Х Сол C-4 59,300 118,600 Х Сол C-5 210,900 210,900 0 Сол C-6 88,400 88,400 0 Сол C-7 154,700 154,700 0 Сол C-8 103,900 103,900 Х Сол C-9 139,900 139,900 0 Сол C-10 9,400 18,800 Х Сол C-11 4000 8000 Х Сол C-12 5,500 5,500 Х Сол C-13 66,300 66,300 0 Сол C-жал­пы                       2,499,000 D-1 1,010,000 3,030,000 0 Ал­ма­ты қа­ла­сын­да­ғы Ми­цу­би­си Кор­по­ра­ци­я­сы офи­сі D-2 67,400 202,200 0 Сол D-3 116,000 348,000 Х Сол D-4 88,400 265,200 0 Сол D-5 276,300 276,300 Х Сол D-жал­пы                       4,121,700 E-1 3,094,000 3,094,000 Х Сол E-2 884,000 1,768,000 Х Сол E-жал­пы                       4,862,000 Барлығы: 46,800,000 Қарастырылған жабдықтарды жеткізудің болжамды тізімі
Тармақша 1
1) А/Р күнінен жүкті жіберу: жапон портынан 6 айға жуық
Тармақша 2
2) Алматыға жеткізуге дейін жүкті тиеуге болжамды уақыт: 2 айға жуық
Тармақша 3
3) Орналастыруға және операцияларға оқытуға арналған қажетті кезең: 21 күнге жуық Ескерту: О: қол жетімді (ағылшын тілі) Х: қол жетпейтін Нарахико Коамота Халықаралық экономикалық қатынастың бас директорының орынбасары Мицубиси Корпорациясының бас әкімдігі Осы мәтін А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешенін жетілдіру жөніндегі жоба бойынша Жапон мемлекетінің мәдени гранты бойынша жабдықтар ерекшеліктерінің ресми емес аудармасы екендігін куәландырамын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры
Басқа 31
1 Қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 1182 қаулысымен мақұлданған қазақстан тарапының Нота жобасының 6-тармағының д) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi жобаны iске асыруға қажеттi грантпен жабылатыннан басқа шығыстарды төлеу жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды. Осыған сәйкес жабдықтарды жеткiзуге байланысты (аэропорттан ұйымға дейiнгi жол ақысына арналған көлiк шығыстары) қосымша шығыстар "A.B. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының бюджеттен тыс қаражатының есебiнен жүзеге асырылатын болады. Көрсетiлген шығыстардың болжамды құны 200,0 мың теңгенi құрайды. Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры