Инструкция об упрощенном режиме налогообложения субъектов игорного бизнеса Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойын бизнесі субъектілеріне салық салудың жеңілдетілген режимі туралы нұсқау Осы нұсқау Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығы 138-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрленген және ол ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың патент негізінде салықтарды төлеудің тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ойын бизнесiне патент - ойын бизнесi саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды (резидент еместердi қоса) және жеке тұлғалар үшiн жеңiлдетiлген салық режимiн белгiлейтiн құжат.
Тармақ 2
2. Қосылған құнға салықты, ойын бизнесіне акциз бен табыс салығын біріктіретін бекітілген жиынтық салық патент құнына енеді.
Тармақ 3
3. Патент негізінде ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар үшiн осы Нұсқаудың 1.2. тармақтарында аталғаннан басқа, салықтарды, алымдарды, төлемдердi және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерді төлеудің қолданылып жүрген тәртiбi сақталады.
Тармақ 4
4. Осы Нұсқауда мынандай негiзгi ұғымдар қолданылады: ойын бизнесi - кiрiс алу үшiн мақсаты құмарлық ойындар мен бәс тiгудi ұйымдастыру және өткiзу болып табылатын кәсiпкерлік қызмет; ойын үйi - құмарлық ойындар өткiзiлетiн және (немесе) бәс тiгуге ставкалар қабылданатын орын: казино, тотализатор, букмекер кеңсесi, ойын автоматтары залы мен өзге де ойын үйлерi (орындары); бәс тiгу - тәуекелге негiзделген және екi немесе бiрнеше жеке тұлғаның да, заңды тұлғаның да арасында жасалған ұтыс туралы келiсiм, ол ұтыс болатыны не болмайтыны белгiсiз жағдайға байланысты; ойын столы - ұтыстың кез келген түрi бар құмарлық ойынды өткiзуге арналған ойын үйiнде арнайы жабдық, оған ойын үйi өзінің өкiлдерi арқылы тарап ретінде немесе ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы ретінде қатысады; ақшалай ұтысы бар ойын автоматы - ойын үйінде орналастырылған және ақшалай ұтысы бар құмарлық ойындарды, аталған ойындарға ойын үйі өкілдерінің қатысуынсыз өткізу үшін пайдаланылатын арнайы жабдық (механикалық, электрлендірілген, электронды және өзге де техникалық жабдық); касса - ставкалардың жалпы сомасы ескерiлетiн және төлеуге жататын ұтыс сомасы айқындалатын, ойын үйiндегi (тотализатордағы немесе букмекер мекемесiндегi) арнайы жабдықталған орын.
Тарау 2. 2. Төлеушiлер
2. Төлеушiлер
Тармақ 5
5. Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды (резидент еместердi қоса) және жеке тұлғалар ойын бизнесiне патент негiзiнде салық төлеушiлер болып табылады.
Тарау 3. 3. Ойын бизнесiне бекiтiлген жиынтық салықты есептеу базасы
3. Ойын бизнесiне бекiтiлген жиынтық салықты есептеу базасы
Тармақ 6
6. Ойын бизнесiнiң мынадай объектiлерiнiң саны ойын бизнесiне бекiтiлген жиынтық салық үшiн есептеу базасы болып табылады: ойын үйi өздерiнiң өкiлдерi арқылы тарап ретiнде қатысатын құмарлық ойын өткiзуге арналған ойын столдарының; ойын үйі өздерiнiң өкілдері арқылы ұйымдастырушы және (немесе) бақылаушы ретiнде қатысатын құмарлық ойын өткiзуге арналған ойын столдарының; ақшалай ұтысы бар ойын автоматтарының; тотализаторлар кассаларының; букмекер мекемелерi кассаларының.
Тармақ 7
7. Ойын бизнесi объектiлерiнiң әрбiр түрiнiң жалпы саны ойын жабдығының есебiн тiркеу кәртiшкесiн мiндеттi түрде бере отырып салық төлеушiнiң тiркелу орны бойынша салық органдарында мiндетi түрде тiркелуге жатады (2-қосымша).
Тармақ 8
8. Ойын жабдығын есепке алудың тiркеу кәртiшкесiн алу үшiн салық төлеушi салық органына белгiленген нысанда өтiнiш бередi (1-қосымша). Егер салық салу объектiлерi бiрнеше жерде (ойын залдарында, букмекер мекемелерiнде) орналасқан болса, өтiнiште олардың мекен-жайы, жиынтығында жалпы өтiнiш берiлетiн санға сәйкес келуге тиiс түрлерi мен саны көрсетiледi.
Тармақ 9
9. Ойын жабдығын есепке алудың тiркеу кәртiшкесiнiң түпнұсқасы салық төлеушіде, көшiрмелерi объектiлердiң орналасқан жерi бойынша ойын үйлерiнде сақталуы тиiс.
Тармақ 10
10. Салық төлеушi ойын үйiндегi ойын бизнесi объектiлерiнiң әр түрiнiң жалпы саны өзгерген жағдайда сол оқиғаны олар белгiленген немесе табылған күннен бастап 5 күн iшiнде салық органында тiркеуге тиiс. Мұның өзiнде сол ойын үйiнiң жұмысы тоқтамайды.
Тармақ 11
11. Салық органдары ойын бизнесi объектiлерiнiң жалпы санының өзгергенi туралы салық төлеушiден жазбаша өтiнiш алған сәттен бастап 5 күн iшiнде ойын жабдығын есепке алудың тiркеу кәртiшкесiн беруге мiндетті.
Тарау 4. 4. Ойын бизнесiнiң салық салу объектiлерiне бекiтiлген жиынтық салықтың мөлшерi
4. Ойын бизнесiнiң салық салу объектiлерiне бекiтiлген жиынтық салықтың мөлшерi
Тармақ 12
12. Ойын бизнесiнiң әрбiр объектiсiне белгiленген жиынтық мөлшерi "Республикалық бюджет туралы" заң тиiстi жылға белгiлейтiн айлық есептi көрсеткiшке есе мөлшерiнде белгiленедi. Патент құнының мөлшерi жылына мыналарды құрайды: ойын үйi тарап ретiнде қатысатын, құмарлық ойындарды өткiзуге арналған әрбiр ойын столы үшiн 800-ден 1200-ге дейiнгi айлық есептi көрсеткiш; ойын үйi өздерiнiң өкiлдерi арқылы ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы ретiнде қатысатын, құмарлық ойындарды өткiзуге арналған әрбiр ойын столы үшiн 50-ден 100-ге дейiнгi айлық есептi көрсеткiш; ақшалай ұтысы бар әрбiр ойын автоматы үшiн 30-дан 50-ге дейiнгi айлық есептi көрсеткiш; тотализатордың әрбiр кассасы үшiн 500-ден 700-ге дейiнгi айлық есептi көрсеткiш; букмекер мекемесiнiң әрбiр кассасы үшiн 100-ден 300-ге дейiнгi айлық есептi көрсеткiш. Ойын бизнесiнiң бiр объектiсiнен бекiтiлген жиынтық салықтың нақты мөлшерiн салық органының басшысы бекiтедi. Мұның өзiнде бiр қала iшiндегi салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн бекiтiлген жиынтық салықтың жеке мөлшерiн енгiзуге тыйым салынады.
Тармақ 13
13. Бекiтiлген жиынтық салықтың есептелген сомасы былай бөлiнедi: ҚҚС - бекiтiлген жиынтық салықтан 20 %; Ойын бизнесiне акциз - ҚҚС алынып тасталғаннан кейiн бекiтiлген жиынтық салықтан 20 %. Табыс салығы - ҚҚС алынып тасталғаннан кейiн бекiтілген жиынтық салық пен ойын бизнесiне акциздiң қосындысы. 5. Ойын бизнесiне бекiтiлген жиынтық салықты есептеудiң тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi
Тармақ 14
14. Бюджетке енгiзуге жататын салық сомасын салық төлеушi ойын бизнесiнiң тiркелген объектiлерiнiң саны мен салық ставкаларын басшылыққа алып өз бетiмен белгiлейдi. Есептi әрбiр ойын бизнесi объектiсiне, тiркелген ойын бизнесi объектiлерiнiң санына және бекiтiлген жиынтық салық мөлшерiне байланысты, салық органы белгілейдi. Салық төлеушiлер есептi ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 15-не дейiн ойын бизнесi объектiлерi мен олардың тұрған жерiн көрсете отырып өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына тапсырады (3-қосымша). Бекiтiлген жиынтық салықты төлеу ай сайын, жылдық сомадан тең үлеспен, есептi айдың 20-на дейiн жүргiзiледi. Мысал: Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi ойын үйi аумағында құмарлық ойындарды өткiзу үшiн 15 ойын столын ұстайды, оған ойын үйi өзінің өкiлдерi арқылы тарап ретiнде және ақшалай ұтысы бар 20 ойын автоматы ретiнде қатысады. Аумақтық салық органы қаржы органдарымен келiсiм бойынша ойын бизнесi объектiлерiне мынандай ставкалар белгілеген: - ойын үйi өзiнiң өкілдерi арқылы тарап ретiнде қатысатын құмарлық ойындарды өткiзуге арналған ойын столына жылына 800 айлық есептi көрсеткiш; - ақшалай ұтысы бар ойын автоматтарына жылына 30 айлық есептi көрсеткiш. Сөйтiп, бюджетке төлеуге жататын салық сомасы мынандай болады: Ойын столдары бойынша салық сомасы мынандай болады: АЕК х 800 х 15= Н 1; Ойын автоматтары бойынша салық сомасы мынандай болады: АЕК х 30 х 20 = Н 2. Бюджетке төлеуге жататын белгiленген жиынтық салықтың ай iшiндегi жалпы сомасы мынаны құрайды: (Н 1 + Н 2): 12. *) Бұл жерде АЕК - салықты төлеу кезiндегi айлық есептi көрсеткiш.
Тармақ 15
15. Ойын бизнесiнiң жаңа объектiсi ағымдағы айдың 15-не дейiн жұмысқа қосылған кезде бекiтiлген жиынтық салық ағымдағы толық ай үшiн, 15-нен кейiн - ағымдағы айдың жартысы үшiн есептеледi.
Тармақ 16
16. Ойын бизнесi объектiсi күнтiзбелiк ай iшiнде шығып қалғанда төленген салықты қайта есептеу жүргiзiлмейдi.
Тарау 6. 6. Патент берудiң тәртiбi
6. Патент берудiң тәртiбi
Тармақ 17
17. Ойын бизнесiне патент, егер осы Нұсқаудың 7, 8 тармақтарында көзделген шарттар орындалса, салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша бiр ай мерзiмнен бастап бiр салық жылына дейiн берiледi. Патент нысанын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгілейдi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында бiрыңғай болып табылады.
Тармақ 18
18. Егер салық төлеушi айналысамын деп ниет бiлдiрген қызмет Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 12 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ заң күшi бар Жарлығына сәйкес лицензияланатын болса, онда аталған Жарлықтың 7-бабының 1-тармағына сәйкес лицензия алғаннан кейін осындай қызметпен айналысуға Патент беріледі.
Тармақ 19
19. Салық төлеушiлер ойын бизнесiн жүзеге асырған кезде ойын бизнесiне жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтің басқа түрлерi бойынша кiрiстер мен шығыстарды бiрiктiре алмайды. Аталған салық төлеушiлер қызметтiң бұл түрiнiң кiрiстерi мен шығыстарының есебiн жеке жүргiзуге және олар бойынша салықтар мен мiндеттi төлемдердi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес төлеуге мiндетті.
Тармақ 20
20. Патент алу үшiн салық төлеушi тiркелген жерi бойынша аумақтық салық органына ұйымның атауы, басшының тегi, аты, әкесiнiң аты, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТТН), тұрған жерi, банк мекемелерiнде ашылған банк шоттары көрсетiлген, тiркеу үшiн өтiнiш тапсырады.
Тармақ 21
21. Салық органдары берiлген Патенттердi арнайы Есеп кiтапшаларында есепке алуға мiндеттi. Есеп кiтапшалары тiгiлген, нөмiрленген және мөрмен бекiтiлген болуы тиiс. Кiтапшада мынадай негiзгi мәлiметтер көрсетiледi: ұйым басшысының тегi, аты және әкесiнiң аты немесе ұйымның атауы, оның тұрақты тұратын жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТТН), ойын бизнесiнiң әрбiр түрiнiң саны, банк мекемелерiнде ашылған банк шоттарының нөмiрлерi, қызмет түрi, Патенттiң күшiнде болу мерзiмi, нөмiрi, салық органына берiлген күнi.
Тармақ 22
22. Ойын бизнесi объектiсi кiргенде немесе шыққанда Патент керi шақырылмайды, ал кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру орны өзгерген жағдайда Патентке өзгерiстер енгiзiледi.
Тармақ 23
23. Патентке қатаң есептегi құжат ережесi қолданылады. Патент ешкiмге берiлмейдi, оны басқа адамға беруге тыйым салынады.
Тармақ 24
24. Патент жоғалған жағдайда салық органы оған Патенттiң дубликатын бередi.
Тарау 7. 7. Салық төлеушiлердiң жауапкершiлiгi
7. Салық төлеушiлердiң жауапкершiлiгi
Тармақ 25
25. Осы Нұсқаудың талаптарын бұзғаны үшiн салық төлеушiлер Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 заң күшi бар Жарлығына және "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Қазақ КСР Кодексiне сәйкес жауап бередi.
Тармақ 26
26. Егер ойын үйiнiң қызметi лицензиялауға жататын болса, бiрақ ол лицензиясыз жүзеге асырылса, онда лицензиясыз қызметтен алынған кiрiс толық көлемiнде бюджетке алуға жатады. 27. Салық салудың тiркелмеген объектiлерi болған жағдайда (егер сол сәтте салық комитетiне тiркеу туралы өтiнiш берiлмесе) немесе салық төлеушi салық төлеудiң мерзiмiн сақтамағанда олар ойын бизнесiне Патенттi керi шақырып алу үшiн негiз болып табылады. 1 Қосымша _________________ бойынша Салық органының Салық органына төлеушіден мөртабаны (таңбасы) _________________________ 199 ___ ж. "__" _______ (атауы, СТТН, мекен-жайы) алынды Құмар ойындар бизнесі объектілерін есепке алған тіркеу карточкасын беру туралы өтініш Құмар ойындар бизнесі объектілерін есепке алған тіркеу карточкасының тізбеге сәйкес келісіп беруіңізді сұраймын: ______________________________________________________________________ N№ ! Объект түрі ! Саны ! Салық сомасы ! Тұрған жері р/н ! ! ! ! (объектілердің ! ! ! ! мекен-жайы) ____!______________!______________!______________!____________________ Жиынтығы: ______________________________________________________________________ Біз осы өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен растығы үшін заң алдында жауап береміз. Басшы ____________________ (қолы) Бас бухгалтер _________________ (қолы) 199 ___ ж. "__" ____________ 2 Қосымша Ойын жабдықтарын есепке алуды тіркеу карточкасы _____________________________________ берілді ____________________________________________________________________Х (төлеушінің атауы, СТТН, мекен-жайы) көрсетілген төлеуші _________________________________________________ ________________________ бойынша Салық органында іс жүзінде тіркелді. Құмар ойындар бизнесінің объектілер саны мынадай: ___________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ М.О. Салық органының басшысы _______________________ (аты-жөні, қолы) 3 Қосымша _________________ бойынша Салық органының Салық органына төлеушіден мөртабаны (таңбасы) _________________________ 199 ___ ж. "__" _______ (атауы, СТТН, мекен-жайы) алынды Белгіленген жиынтық салық Есебі __________________ үшін (кезең) _______________________________________________________________________ N№ ! Объект түрі ! Саны !Салық ставкасы! Салық сомасы !Тұрған жері р/н ! ! ! ! !(объектілердің ! ! ! ! !мекен-жайы) ____!______________!______!______________!______________!______________ ____!______________!______!______________!______________!______________ ____!______________!______!______________!______________!______________ Біз осы өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен растығы үшін заң алдында жауап береміз. Басшы ____________________ (қолы) М.О. Бас бухгалтер _____________ (қолы) ____________________________ (орынд. аты-жөні, телефоны) 4 Қосымша Құмар ойындар бизнесін жүзеге асыруға Патент _________________________________________________________ берілді (ойын атауы) СТТН ____________________________________________________ Мекен-жайы ______________________________________________ Қолданылу мерзімі _______________________________ дейін Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылатын орны: _________________________________________________________ Патентті ___________________________________ бойынша салық органы берді. М.О. Салық органының басшысы __________